Өкілдіктің ұғымы мен маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 17 Февраля 2012 в 15:06, реферат

Описание работы

Өкілдік институтының түсінігі мен мағынасы. Азаматтық айналымда өкілеттілік институты кең қолданылады. Оған қажеттілік өкіл өзінің құқықтары мен міндеттемелерін орындай алмаған жағдайда ғана туындамайды (ауыр-сырқаттан, іс сапардан, жұмыс бастылығымен, т.б) Өкілдік қызметтерге өкілдің арнайы білімі мен тәжірибесін қолдануға, уақыты мен қаражатын үнемдеу үшін келеді. Көптеген заңды тұлғалардың қызметі өкілет көмегінсіз дәрменсіз болар еді. Өкілеттілік көмегімен тек мүліктік емес, кейбір жеке мүліктік емес құқықтар да жүзеге асырылады.

Содержание

КІРІСПЕ .......................................................................................................3
1. Өкілдіктің ұғымы мен маңызы ..............................................................5
1.1. Өкілдіктің қолдану аясы .....................................................................7
1.2. Өкілдіктің түрлері............................................................................... 13
2. Сенімхат ..................................................................................................17
2.1. Қолданыс мерзімі мен формасы.........................................................19
2.2. Сенімхатты тоқтату .............................................................................21
ҚОРЫТЫНДЫ ............................................................................................22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ............................

Работа содержит 1 файл

азаматтық құқық.doc

— 209.00 Кб (Скачать)

         Тараптар соттың істі олардың жоқ кезінде қарау  туралы жазбаша нысанда және азаматтық іс жүргізу құқығының диспозитивтік қағидасының іс-әрекетінен туындайтын шешімнің көшірмесін өздеріне жіберуді сұрауға құқылы.

   АІЖК-нің 194-ші бабының 1-ші бөлігінде іске қатысушы тұлғалардың түсініктемелері көзделген. Сот талап қоюшының және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның, жауапкердің және оның тарапынан қатысатын үшінші тұлғаның, сондай-ақ іске қатысушы басқа да адамдардың түсініктемелерін олардың ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде тыңдайды. Прокурор, мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері, сотқа басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға жүгінген азаматтар бірінші болып түсініктемелер береді. Іске қатысушы адамдар бір-біріне сұрақтарды ана тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде қоюға құқылы. Іске қатысушы тұлғалардың бірі сот ісінің тілін меңгермейтін жағдайда, судья аудармашыны міндетті түрде қатыстыру керек. Тараптар, іске қатысушы тұлғалар мен үшінші тұлғалар түсініктемелерін бере отырып, өздерінің талаптары мен қарсылықтарын анықтап және толықтырады. Көрсетілген тұлғалардың түсініктемелері ауызша немесе жазбаша болуы мүмкін (АІЖК-нің 194-ші бабының 1-ші бөлігі).

   Басқа тұлғаның мүддесіне және оның атынан (өкілдік берушінің) өзіне берілген өкілеттігі шегінде процессуалдық әрекеттер жасайтын тұлға істі қарау сатысында түсініктемелер бергенде, дәлелдемелерді ұсынғанда, сот ісінің тілін меңгермеген жағдайда аудармашы қамтамасыз етіледі.

   Сот жарыссөздері іске қатысушы адамдар  мен өкілдердің сөздерінен тұрады. Алдымен талап қоюшы және оның өкілі, ал содан соң жауапкер мен оның өкілі сөз сөйлейді. Басталып кеткен процесте даудың нысаны бойынша дербес талаптар қойған үшінші тұлға мен оның өкілі тараптар мен олардың өкілдерінен кейін сөз сөйлейді. Прокурор, мемлекеттік органдардың және жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, ұйымдардың өкілдері және басқа адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін сотқа жүгінген азаматтар сот жарыссөздерінде соңынан сөз сөйлейді (АІЖК-нің 211-ші бабы). Сонымен қатар сот жарыссөзі болып жатқан кезде кейде тараптар сот ісінің тілін меңгермейтін жағдайлар кездесіп жатады. Мысалы, азаматтық іс қазақ тілінде жүргізіліп жатыр дейміз. Талап қоюшы қазақ тілінде еркін меңгереді, жауапкер қазақ тілінде еркін сөйлей аламайды ол тек орыс тілінде еркін сөйлей алатындығы байқалады. Даудың нысаны бойынша дербес талаптар қойған үшінші тұлға мен оның өкілі татар тілінде еркін сөйлей алатындығы байқалады. Яғни мұндай жағдайда судья іске аудармашыны қатыстырған кезде, оның бірнеше тілінде меңгермейтіндігі байқалатын болса, онда іске бірнеше аудармашының қатыстырылуы керектігін қамтамасыз ету керек болады. Яғни бұл істің тез әрі объективті шешілуіне көмегін тигізеді.

   Сот шешімге қол қойылғаннан кейін  сот отырысы залына қайтып келіп, сот шешімін жариялайды. Мұнан соң шешімге шағымданудың тәртібі мен мерзімдері түсіндіріледі. Шешім шығарылған кезде судья іске қатысушы адамдарға және өкілдерге шешіммен қашан танысуға және оның көшірмесін алуға болатынын жариялауға міндетті (АІЖК-нің 216-шы бап). Шешімді жариялаған кезде, сот отырысындағы іске қатысушы тұлғалар немесе олардың өкілдері сот ісінің тілін меңгермейтін болса, онда оларға соттың шешімі түсінікті болу үшін, аудармашының көмегімен соттың шешімі аударылып берілуі керек.

   Сот өкілдері, егер тиісті түрде құзыреттері қарар бөлімінде рәсімделсе, сот шешімдеріне өзінің туған тілінде немесе еркін меңгеретін тілде шағым беруге құқылы. Заңды өкілдер процесте өздерінің өкіл берушілерінің барлық құқықтарына ие. Сондықтан, олар сенімхатсыз да сот шешіміне шағымдана алады (АІЖК-нің 63 бабы).[9]

   Сонымен қатар кейде іске қатысушы тұлғалардың  атынан өкілдер шағым бере алатынын білеміз. Практикада көбінесе өкілдер  іс тез шешілу үшін іске қатысушы тұлғалардың туған тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде емес, өздерінің туған тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде сотқа шағымды іске қатысушы тұлғалардың атынан беріп жатады. Мұнда іске қатысушы тұлғалар әрқашан да сот ісінде болып жатқан туралы мәліметтерді тек өкілдері арқылы білуі мүмкін. Бұл әрине іске қатысушы тұлғаларға ыңғайсыз болып келеді. Біздің ойымызша егер де өкіл іске қатысушы тұлғалардың мүдделерін олардың туған тілінде немесе еркін меңгеретін тілінде қорғай алмайтын болса, онда тек олардың келісімімен ғана өзінің туған тілінде немесе өзі еркін меңгеретін тілінде сотта шағым немесе наразылық келтіре алады деп өзгерту керек. 
 

                                       1.2. Өкілдіктің түрлері

Заңды өкілдер:

      Әрекетке  қабілетсіз азаматтардың, әрекет қабілетіне толық ие емес немесе әрекетке қабілеті шектеулі деп танылған адамдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін сотта өздерінің өкілеттіктерін куәландыратын құжаттарды сотқа көрсететін ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары нмесе қорғаншылары қорғайды.

      Хабар-ошарсыз  кеткен деп белгіленген тәртіппен  танылған азамат қатысуға тиісті іс бойынша, оның өкіңлі ретінде хабар-ошарсыз  кеткен адамның мүлкіне қамқорлықты  жүзеге асыратын адам қатысады.

      Қайтыс  болған немесе қайтыс болды деп белгіленген тәртіппен жарияланған адамның мұрагері қатысуға тиісті іс бойынша, егер мұраны әлші ешкім қабылдамаса, мұрагердің өкілі ретінде мұралық мүлікті  қорғау мен басқару үшін тағайындалған сақтаушы немесе қамқоршы қатысады.

      Заңды өкілдер заңда көзделген шектеулермен өкілдік етушілердің атынан жасау  құқығы өкілдік берушіге тиесілі  барлық іс жүргізу әрекеттерін жасайды. Заңды өкілдер істі сотта жүргізуді  басқа өкілге тапсыра алады.

Коммерциялық  өкілдік:

      Кәсіпкерлер шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші адам (коммерциялық өкіл) өкілдің өкілеттілігі көрсетілген жазбаша шерт негізінде де әрекет жасайды.

      Коммерциялық  өкіл соныме бір мезгілде өзінің қатсуымен  жасалатын шарттың түрлі тараптарының мүдделерін білдіре алады. Бұл орайда ол өзіне берілген тапсырмаларды кәдімгі кәсіркердің іждағаттылғымен орындауға міндетті.

      Коммерциялық  өкіл келісілген сыйақыны және өзі  тапсырмаларды орындаған кезде  жұмсаған шығындарын, егер өздерінің  арасындағы келісімде өзгеше көзделмесе, шарт тараптарынан тең мөлшерде төлеуді талап етуге құқылы.

      Коммерциялық  өзіне белгілі болған сауда мәмілері туралы мәліметтерді өзіне берілген тапсырманы орындағаннан кейін де құпия  сақтауға міндетті.

      Кәсіпкерлік қызметтің жекелеген салаларындағы коммерциялық өкілдіктің ерекшеліктері заңмен белгіленген.

   Өкілдіктің  түрлері:

   1. Өкілдіктің  субъектілерінің құрамы  үш адамнан-өкілдік  беруші, өкіл  және үшінші жақтан  тұрады. Өкілдік беруші өкілге  іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады. Азаматтық құқықтың кез келген субъектілер, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады. Өкілеттікті жүзеге асыру кезінде екі бірдей құқықтық қатынас жүзеге асырылады: өкілдік беруші мен өкіл арасындағы ішкіқұқықтық қатынас, өкіл мен үшінші жақ арасындағы сыртқы құқықтық қатынас. Алайда екінші құқықтық қатынаста өкіл іс-әрекетке өз атынан түспейді.

   Ал  азаматтық  құқық субъектілерінің  бәрі бірдей өкіл бола алмайды. Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез-келген тұлға, яғни азаматтар мен заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттігі толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқықтық қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс. Азаматтық Іс жүргізу кодексі сотта өкіл бола алмайтын тұлғалар тобын белгілейді. Олар: судьялар, тергеушілер, прокурорлар, істі қарауға қатысы бар лауазымды тұлғамен туыстық қатынасы бар тұлғалар.

   Өкіл  беруші кез-келген азаматтық құқық  субъектісі бола алады. Өкілеттік берушінің  әрекет қабілеттігі тек ерікті түрдегі  өкілдік үшін қажет.

   Үшінші  жақ - азамат немесе заңды тұлға. Өкілдік  онымен әрекетке түсуі нәтижесінде  өкілдік берушінің азаматтық  құқық қатнастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.

    9-ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі. Астана, 2009ж. 

   2. Өкілдік шартсыз  болуы мүмкін. Азаматтық кодекстің әрекет қабілетсіз азаматтар атынан заңды өкіл болу шартын қарастыратын 164-бабынан басқа АІК-де соттағы заңды өкіл туралы  ереже қарастырылған. АІК 38-бабында әрекет қабілетсіз азаматтардың, толық әрекет қабілеттігі жоқ азаматтардың, әрекет қабілеттігі шектеулі деп танылған азаматтардың құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін сотта олардың ата-аналары, асырап алушылары, қамқоршылары мен қорғаншылары сотта өздерінің өкілетті құжаттарын көрсете отырып қорғай алады. Қазақстан Республикасының "Неке және отбасы туралы” Заңының 111 – бабына сәйкес қамқоршылар мен қорғаншылар заң жүзінде қамқоршылыққа алынғандардың өкілдері болып табылады және барлық қажетті мәмілелерді олардың атынан және олардың мүдделерін көздеп жасайды.

   Қамқоршылар өздерінің  қамқоршылығындағы адамдардың өз бетінше жасауға құқығы жоқ мәмілелерді жасауға келісім береді, қамқоршылығындағылардың өз құқықтарын жүзеге асыруына және міндеттерін атқаруына жәрдем көрсетеді, сондай-ақ оларды үшінші бір тұлғалардың тарапынан ықтимал қиянаттардан қорғайды.

   3. Өкілдіктің  құқығы мен міндетінен туындайтын  қандайда бір әрекеттер өкілдік  беруші үшін жасалады. Өкілдің  барлық әрекеттері  өкіл беруші  үшін заңды салдарлар туғызады.

   4. Өкіл өкілеттік  негізінде  әрекет етеді. Өкілеттік  бұл - өкілдің жасай алатын  әрекеттер шеңбері, құқықтық қатынастардағы өкілдің мәміле негізінде белгіленген мүмкіндіктерінің шектері.Өкілдіктің түріне қарай өкілеттік әртүрлі тәсілдермен қалыптасады. Ерікті өкілдікте өкілеттік екі жақтың келісімімен жүзеге асырылатын әрекеттер сипаты шарт немесе сенімхат мәтінінде көрсетіледі.

   Өкілдік негізі бір тұлғаның (өкілдік беруші, сенім  беруші) екінші тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті  бөлісуі жатыр. Мұндай өкілеттік  болмаған және өкілдік қатнасын асыра  пайдаланған екінші жақтың өкілдік  беруші тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады. Бірақ Азаматтық кодекстің 165-бабына сәйкес өкілдігі жоқ басқа бір адамның атынан немесе өкілеттігін асыра пайдаланып жасаған мәмілесі өкілдік беруші кейін осы мәмілені кейіннен мақұлдаған ретте ғана үшін азаматтық құқықтар мен міндеттерді туғызады, өзгертеді және тоқтатады. Әрі өкілдік берушінің берушінің кейіннен мақұлдауы мәмілені оны жасаған кезінен бастап жарамды етеді.

   Өкілеттік туындауының  негізі – заң фактісі  болып  табылады. Заңда мынандай өкілдіктің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде көрсетілген өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің еркі; заңда көрсетілген фактілер; мәселен ата-ана өздерінің балаларының заңды өкілдері бола алады, әрі олардың құқықтары мен міндеттерін кез келген жеке және заңды тұлғалар алдында қорғай алады, сондай-ақ балалары үшін сотта арнайы өкіл болып қатыса алады (АК-тің 164-бабы); уәкілетті органның актісі-тұлғалар өкіл болып қатысуға рұқсат беретін акт. Мысалы өкілеттік міндетті атқаруды талап ететін лауазымға тағайындау өкілеттік сондай-ақ өкілдің (бөлшек сауда жүйесіндегі сатушы, кассир және т.с.с.) әрекет жасайтын жағдайынан да көрінуі мүмкін (АК-тің 163-бабының 1-тармағы).

   Өкілдік заңды  және ерікті деп бөлінеді. Заңды  өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды. Мысалы, Теңіз жолы сауда кодексі бойыншакеме капитаны қызмет бабында жасалған мәмілеге байланысты кеме иесінің және жүк иесінің өкілі болып табылады, жолшыбай не барған жерінде кеме иесінің немесе жүк иесінің өкілдері болмаса, жағдайға байланысты талап қою мәселесін өзі шеше береді, кейбір мәмілелерге билік етеді (ТЖСК-нің 50-бабы) Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп атайды. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілдік тауып қана қоймай, оның өкілеттігін де айқындайды (мысалы, тапсырма шарты).

   Заңды өкілділік  сот шешіміне немесе әкімшілік  актіге негізделеді. Азаматтық хал актілерін  тіркеу органында тіркелген туу  куәліктері негізінде ата-аналар өз балаларының өкілі бола алады. Балаларды асырап алу жағдайында дәл солай тіркеу жүргізіледі және асырап алушыларды ата-ана ретінде жасылуына және жаңа туу туралы куәліктің берілуіне жергілікті атқарушы органның әкімшілік шешім-актісі негіз бола алады.

   Азаматтық кодекске сәйкес әрекет қабілеті жоқ азаматтарға, әрекет қабілеті шектеулі азаматтарға, жасөспірімдерге, психикалық ауыратын азаматтарға қамқоршы, ішімдікке салынған азаматтар мен нашақорларға сот қорғаншы тағайындайды. Бұл өкілдердің өкілеттігі заңмен анықталады, сондықтан олар заңды өкілдер деп аталады.

   Өкілетсіз екінші бір тұлғаныңмүддесі үшін әрекет еткен тұлға өкіл болып  табылмайды. Өкілетсіз әрекетке АК 165-бабы өкілеттікті  асыра пайдаланушыларды да жатқызады.  Өкілеттікті асыра пайдалануға  сенімхатта көрсетілмеген мәмілелерді жүзеге асыру жатқызылады. Мысалы, пәтерді мәміле бойынша жалға алу керек болса, өкіл оны сатып-алуға келісімге отырады. Өкіл асара пайдаланған өкілеттіктің салдарын өкілдік беруші қолдаса, онда әрекет негізінде туындаған құқықтар мен міндеттер осы әрекет жасалған уақыттан бастап өкіл берушіге тиісті болады. Егер өкіл беруші әрекетті қолдамаса, оның ішінде өкілеттікті асыра пайдалану негізінде жасалған мәмілелерді дұрыс деп таппаса, онда үшінші жақ алдында жауапкершілікті өкіл ретінде қатынасқа түскен адам алады.

Информация о работе Өкілдіктің ұғымы мен маңызы