Шаруашылық серіктестік

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 09:52, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, серіктестіктердің құрылу тәртібін, қызметін, қайта ұйымдастырылуЗаң Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушы мен таратылуын белгілейді.

Содержание

І-ТАРАУ Серіктестік туралы жалпы сипаттамасы және оның ұғымы, түрлері………………………………………………………………………..............5
1.1. Шаруашылық серіктестік ережелері, құрылтай құжаттары, құқықтары мен міндеттері……………...…..........................................................................................5
1.2.Толық серіктестік …………………………………………………...................11
1.3. Сенім (коммандиттік) серіктестігі………………………………....................14

ІІ-ТАРАУ Жауапкершілігі шектеулі серіктестік…………………...…................17

2.1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық қабілеті...…...................17
2.2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері…………………………………………………………….......................22
2.3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру мен тарату…………..……………………………,……………………….......................22
2.4. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік…………………………................48

ІІІ-ТАРАУ Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік)…….....…............49
3.1.Жай серіктестік ұғымы……...………………………………………................49
3.2. Бірлескен қызмет туралы шарттың мазмұны……………...………...............51

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………….............…...........54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...……………………...............................56

Работа содержит 1 файл

Дип.-Шаруашылық-серіктестіктердің-қызметін-құқықтық-реттеу.doc

— 465.50 Кб (Скачать)

 

Мазмұны

 

КІРІСПЕ…..…………………………………………………….........………….......3

 

І-ТАРАУ Серіктестік туралы жалпы сипаттамасы және оның ұғымы, түрлері………………………………………………………………………..............5

1.1. Шаруашылық серіктестік ережелері, құрылтай құжаттары, құқықтары мен міндеттері……………...…..........................................................................................5

1.2.Толық серіктестік …………………………………………………...................11

1.3. Сенім (коммандиттік) серіктестігі………………………………....................14

 

ІІ-ТАРАУ Жауапкершілігі шектеулі серіктестік…………………...…................17

 

2.1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық қабілеті...…...................17

2.2. Жауапкершілігі шектеулі  серіктестікке қатысушылардың құқықтары  мен міндеттері…………………………………………………………….......................22

2.3. Жауапкершілігі шектеулі  серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру  мен тарату…………..……………………………,……………………….......................22

2.4. Қосымша жауапкершілігі  бар серіктестік…………………………................48

 

ІІІ-ТАРАУ Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік)…….....…............49

3.1.Жай серіктестік  ұғымы……...………………………………………................49

3.2. Бірлескен қызмет  туралы шарттың мазмұны……………...………...............51

 

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………….............…...........54

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...……………………...............................56

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Заң Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, серіктестіктердің құрылу тәртібін, қызметін, қайта ұйымдастырылуЗаң Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушы мен таратылуын белгілейді. Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің ерекшеліктері шетелдік инвестициялар туралы заң актілерімен белгіленуі мүмкін. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын жауапкершiлiгi шектеулi және қосымша жауапкершiлiгi бар серiктестiктердiң ерекшелiктерi банк заңдарымен белгіленуi мүмкiн. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестікке осы Заңның ережелері қолданылады, өйткені осы Заңның 3-бабында өзгеше жағдай көзделмеген.

Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделуі мүмкін. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.1Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады.

Серіктестіктің құрылтайшылары (қатысушылары) осындай баға берілген кезден бастап бес жыл бойы серіктестіктің несие берушілері алдында салым бағасы арттырылған сома шегінде бірлесіп жауап береді.

Серіктестікке салым  ретінде мүлікті пайдалану құқығы берілетін жағдайларда бұл салымның мөлшері құрылтай құжаттарында көрсетілген барлық мерзімге есептелген осы мүлікті пайдалану төлемімен анықталады.

Салымдарды мүліктік емес жеке құқық және өзге де материалдық  емес игілік түрінде, сондай-ақ қатысушылардың серіктестікке қойған талаптарын есептеу жолымен енгізуге жол берілмейді.

Серіктестікті басқаруды  жоғары және атқарушы орган жүзеге асырады. Іс жүзінде кейде заңцы тұлғалардың құратын органдарын арнайы рұқсатсыз белгілі бір топқа жатқызу едәуір қиындық туғызады. Мысалы, бақылау кеңесін және өзге де бақылау органдарын атқару оргаңдарына жатқызу жөніндегі мәселе азаматгық құқық ғылымыңдағы айтарлықтай даулы мәселе болып келеді. Алайда, заң шығарушылар қазіргі уақьпта осы ұстанымға бейім. Әдетте, құрылтайшьшар атқарушы органдарды, олардың түрлерін, құзіреті мен қызмет тәртібін өз қалауы бойынша анықтайды.

Жоғары орган міндетті түрде құрылады, оның мәртебесі заң актілерімен белгіленген.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

І-ТАРАУ Серіктестік туралы жалпы сипаттамасы және оның ұғымы, түрлері

 

    1. Шаруашылық серіктестік ережелері, құрылтай құжаттары, құқықтары мен міндеттері

 

 

     Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделуі мүмкін. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады.  
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді. Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады.

Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда қосымша жауапкершілігі бар серіктестік міндеттемелері бойынша оның жауапкершілігі, егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына бара-бар бөлінеді.

Шаруашылық серіктестік  туралы жалпы ережелер. Жарғылық капиталы

құрылтайшылардың (қатысушылардың) үлесіне (салымдарына) бөлінген коммерциялық ұйым шаруашылық серіктестік деп танылады (АК-ның 58-бабының 1-тармағы). Қазақстан Республикасының заңдары 1998 ж. 10 шілдеге дейін шаруашылық серіктестіктердің мынадай 5 түрін көрсетті: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік және акционерлік қоғам. Олардың ішінен біздің республикамызда жән елемде барынша кең таралғандары — жауапкершілігі шектеулі серіктестік пен акционерлік қоғамдар. Дүние жүзінің көптеген елдерінің (мысалы, Ресей Федерациясында, АҚШ-та, Англияда) заңдарында акционерлік қоғамдар шаруашылық серіктестіктің түрлері болып есептелмейді. Сонымен қатар, Ресей Федерациясьшда жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктерді серіктестіктерге емес, қоғамдарға жатқызады. Коммерциялық ұйымдарды түлғалардың (серіктестіктердің) бірлес-тіктеріне және капиталдардың (қоғамдардың) бірлестіктеріне бөлу бастапқы бөлу болып табылады. Мұның бірінші санатында түлғалық жағдай айтарлықтай маңызды болады. Сондықтан жаңа серіктерді қабылдау жалпы жиналыстың келісім беруін талап етеді. Екінші санатга тұлғалық жағдайдың айтарлықтай маңызы болмайды. Сондықтан қатысушылар құрамының өзгеруін еш нөрсе шектемейді және капитал айтарлықтай еркін ауысатын болады2.

       "Акционерлік  қоғамдардың мәселелері бойынша  Қазақстан Республикасының кейбір  заң акгілеріне өзгертулер мен  толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан  Республикасының 1998 ж. 10 шілдедегі заңы акционерлік қоғамдарды серіктестіктердің қатарьшан шығарып, оларға коммерциялық ұйымның дербес түрі рөлін берді. Тиісінше, АК-ның 2-тарауының 2-параграфының "Шаруашылық серіктестік" деп аталатьш II бөлімінің, "Жалпы ережелеріңдегі" 1-бөлім тармақшасы осы уақыттан бастап акционерлік қоғамдарға таралмайды. Осыған қарамастан, шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдардың құқықтық жаратылысында айырмашылықтардан гөрі ортақ нәрселер әлдеқайда көп болады. Шаруашылық серіктестіктер туралы заңдардың жалпы бөліміндегі нормалардың негізгі бөлігі акционерлік қоғамның құқықтық режиміне барынша сай келеді. Сондықтан акционерлік қоғамды "Шаруашылық серіктестік" ұғымының ауқымьшан шығару қисынсыз және шетелдік заңдарды көшірудің жеткіліксіз дәлелі болады. Ағылшын-американ жүйесі елдеріңдегі компаниялардың (акционерлік қоғамдардың) құқықтары занды тұлғаның мәртебесін алуы арқылы сріктестіктерден өзгешеленіп тұрады. Сондықтан оларда акционерлік қоғамды серіктестіктерден ажыратудың Қазақстанда кездеспейтін маңызды негізі бар.

Шаруашылық серіктестіктің мүлкі оның дербес балансында көрсетіледі. Баланста көрсетілген заттар шаруашылық серіктестікке меншік құқығында тиесілі болады. Олардың құқықтық режимі АК-ның 2-бөлігіңде баянды етілген. Баланста көрсетілген қалған активтер мүліктік құқықтар болғандықтан, серіктестікке меншік құқығында тиесілі болмаса да, шаруашылық серіктестік мүлкінің құрамына кіреді. Меншік иелері мен олардың мүлкін айқын жіктеу заңгерлердің маңызды міндеті болып саналады. Даулы жағдайларда мүліктің меншік иесін анықтау қажет болады. Әрбір меншік иесі өз мүлкінің кездейсоқ жойылып кету қаупін сезеді және тек өз борыштары бойынша және тек өз мүлкімен жауап береді. Іс жүзінде, өкінішке қарай, бұл қағида кейде бұзылып жатады. Мысалы, мемлекет кейде өзі қатысатын коммерциялық ұйымдарды әлде бір іс-әрекеттер жасауға міндеттейтін шешімдер қабылдайды.

Шаруашылық серіктестікті  азаматгық құқықтың дербес субъектілері құрады. Заң шығарушылар оларды бір  жағдайларда құрылтайшылар деп, келесі жағдайларда — қатысушылар деп атайды. "Құрылтайшы" және "қатысушы" ұғымдары жақын болғанымен, бірдей ұғымдар емес; олар едәуір дәрежеде біріне-бірі таңылады. Үлес алуға құқығы бар адам қатысушы болып саналады. Тіркеуден өткен соң барлық құрылтайшылар қатысушылар болады. Серіктестік тіркеуден өткен соң одан үлес алу құрылтайшы деп танылуға құқық бермейтіндіктен, қатысушылардың барлығы бірдей құрылтайшы бола алмайды. Заң шығарушылар осы қатысушының шаруашылық серікгестікті құрғанын атап көрсеткісі келгенде, "құрылтайшы" терминін пайдаланады.

Серіктестіктің жарғылық капиталының барлық үлесін бір адам сатып алатын жағдайда жауапкершілігі шектеулі жөне қосымша жауапкершілігі бар серіктестікті бір адам құруы  мүмкін немесе олар бір адамнан тұруы  мүмкін (ЖПІС туралы заңның 1-бабының 3-тармағы, 2-бабының 1-тармағының 1-бөлігі; Шаруашылық серіктестіктер туралы жарлықтың 3-бабының 5-тармағы). Алайда бұл жағдайда да мүліктің меншік иесі, бір ғана қатысушы емес, серіктестіктің өзі болуға тиіс. Толық және сенім серіктестіктерінде қатысушьшардың саны екеуден кем болмауы тиіс (АК-ның 71-бабының 1-тармағы, 72-бабының 1 жөне 4-тармақтары, 76-бабының 1-тармағы; Шаруашьшық серіктестіктер туралы жарлықтың 3-бабының 3-тармағы, 36-бабы)3.

Жалпы ереже бойынша  жеке тұлға, занды тұлға және мемлекет шаруашыпық серіктесгіктің қатысушысы бола алады. Мүнда заң бойынша кейбір шектеулер қойылған. Азаматгар ғана толық серіктестіктердің катысушылары және сенім серіктестігінің толық серіктері бола алады (АК-ның 58-бабьшың 3-тармағы). Бүл шаруашылық серіктестіктерінің осы түрлерінің ерекшелігі болып табылатын олардың толық жауапкершілігі қажеттігіне байланысты. Шаруашылық серіктестік заң құжаттарьшда көзделген жағдайлардан басқа реттерде, өзге шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы бола алады. Мысалы, ЖШС туралы заңның 10-бабының 1-тармағы "жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің бір ғана қатысушы ретінде бір адамнан тұратын басқа шаруашылық серіктестігі бола алмайды" деп белгіледі.

Шаруашылық серіктестіктің құрылтай кұжаттары — құрылтай шарты  жөне жарғы. Егер серіктестікгі бір адам құратын болса, онда құрылтай шарты жасалмайды да, мұндай серіктестік жарғының және заңды тұлғаны құру жөніңдегі жазбаша түрде рәсімделген шешімнің негізінде ерекет етеді (АК-ның 41-бабының 1-тармағының 1-бөлігі). Акционерлерінің саны жүз және одан да асатын акционерлік қоғамды шаруашылық серікгестікке айналдыратьш жағдайда да құрылтай шарты жасалмайды. Акционерлік қоғамнан өсіп шыққан серіктестіктің жарғылық капиталындағы үлесіне құқығын делелдейтін құжат шаруашылық серіктестік қатысушыларының тізілімінен алынған көшірме болып табылады (АК-ның 58-бабының 9-тармағы).4

Шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарын нотариат куәлан-дыруға тиіс (АК-ның 58-бабының 4 және 5-тармақтары). Занды тұлғаларға арналған, АК-ның 41-бабының 4,4—1 және 5-тармақтарыңца аталған жалпы мәліметтерден басқа, шаруашылық серіктестіктің құрылтай құжаттарында әрбір қатысушы үлесінің мөлшері туралы; олардың серіктестіктің жарғылық капиталына салатын салымдарының мөлшері, құрамы, мерзімі жөне тәртібі туралы; серіктестіктің жарғылық капиталына салымдар салу жөніндегі міндеттемелерін бұзғаны үшін қатысушылардың жауапкершілігі туралы, соңцай-ақ заң құжаттарында көзделген өзге де мәліметтер болуы тиіс (АК-ның 58-бабының 6-тармағы). Заңды тұлғаның құрылтай шарты мен жарғысы арасында қайшылықтар туатын жағдайда:

Информация о работе Шаруашылық серіктестік