Шаруашылық серіктестік

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2013 в 09:52, курсовая работа

Описание работы

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін, серіктестіктердің құрылу тәртібін, қызметін, қайта ұйымдастырылуЗаң Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне сәйкес жауапкершілігі шектеулі және қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктердің құқықтық ережелерін, оларға қатысушы мен таратылуын белгілейді.

Содержание

І-ТАРАУ Серіктестік туралы жалпы сипаттамасы және оның ұғымы, түрлері………………………………………………………………………..............5
1.1. Шаруашылық серіктестік ережелері, құрылтай құжаттары, құқықтары мен міндеттері……………...…..........................................................................................5
1.2.Толық серіктестік …………………………………………………...................11
1.3. Сенім (коммандиттік) серіктестігі………………………………....................14

ІІ-ТАРАУ Жауапкершілігі шектеулі серіктестік…………………...…................17

2.1. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық қабілеті...…...................17
2.2. Жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері…………………………………………………………….......................22
2.3. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру мен тарату…………..……………………………,……………………….......................22
2.4. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік…………………………................48

ІІІ-ТАРАУ Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік)…….....…............49
3.1.Жай серіктестік ұғымы……...………………………………………................49
3.2. Бірлескен қызмет туралы шарттың мазмұны……………...………...............51

ҚОРЫТЫНДЫ………………………………………………….............…...........54

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР...……………………...............................56

Работа содержит 1 файл

Дип.-Шаруашылық-серіктестіктердің-қызметін-құқықтық-реттеу.doc

— 465.50 Кб (Скачать)

 

3.1.Жай серіктестік  ұғымы

 

Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты) бойынша тараптар табыс табу немесе заңға қайшы келмейтін өзге де мақсатқа қол жеткізу үшін бірлескен әрекет жасауға міндетгенеді (АК-ньщ 228-бабының 1-тармағы).  ҚР АК-ның ерекшеліктерінің бірі сол — бірлескен қызмет туралы тарау жалпы бөлімде орналасқан, ал ТМД-ның барлық басқа елдерінің АК-тарында ол ерекше бөлімнің "Міндеттемелік құқық" тарауында берілген. Мұның себебі - ҚР АК-сын жасаушылардың ойынша бірлескен қызмет туралы шартган міңдеттемелік құқық қатынастары емес, заттық қатынастар туындайды. Сондықтан да бұл шарт туралы нормалардың ортақ меншік туралы тараудан кейін орналасуы қисынды.

Қатынастар тегін бүлай  түсіну АК-ның шарттан міндеттемелік, заттық, авторлық немесе өзге қүқық қатынастары туындауы мүмкін деген новелласымен етене байланысты (379-бап). АК-ның 12-тарауы "Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серікгесгік") деп, ал 28-бап — "Жай серіктестік" деп аталады. 228-бапта жай серікхесгік бірлескен қызмет туралы шарт негізінде құрылады делінген. Бірлескен қызмет туралы шарт жене жай серіктестік үғымдары өзара байланысты үғымдар. Бүл ұғымдар 228-бапта әртүрлі жиынтықта берілген (ол, заң түрғысынан алғаңда кейде дөл емес өрі тексерілмеген). Мысалы, бір жағдайда бірлескен қызмет туралы шартпен (жай серіктесгікпен) жиынтықта, басқа жағдайда — бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктесгіктщ шарты), ал үшінші жағдайда — жай серіктесгік бірлескен қызмет туралы шарт неіізінде қүрылады деп баяңдалған. Бұл термиңдердің дәл түсініктемесін мынадан табамыз. Бірлескен қызмет туралы шарт пен жай серіктесгік шарты — бір машалы термиңдер. Бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік шарты) негізінде жай серіктестік қүрылады. Ал, АК-ның 12-тарауын "Бірлескен қызмет (жай серіктестік)" деп атау керек еді.

Тағы да айта кететін  бір жағдай - АК-да бірде "бірлескен  қызмет туралы шарт", бірде "бірлескен  шаруашылық қызметі туралы шарт"делінген. Бірінші термин дәлірек келеді. Әрине, бірлескен қызмет ту-ралы шарттың  қатысушылары, өдетге, шаруашылық қызметімен айналысады, бірақ, кейде, ол қызмет басқа сипатга да болуы мүмкін (мәдени, қайырымдылық, т.б.). Бұған жол беруге болады, себебі шартгарда ақылы да, ақысыз да сипат болуы мүмкін. Осыдан барып АК-ның соңғы редакциясында, негізінен, — "бірлескен қызмет" термині қолданылады. Бірлескен шаруашылық қызметі жайында тек консорциумға қатысты айтылады (223-бап). Біздің ойымызша, кәсіпкерлік қызмет үшін құрылатын коммерциялық серіктестікті табыс алуды мақсат тұтпаған, заңға қайшы келмейтін басқа мақсатқа бағытталған (мысалы, тұрғын үйді сатып алуға) коммерциялық емес серіктестіктен бөліп қараған дұрыс. Бап "жай серіктестік" деп аталғандықтан жай жөне шаруашылық серіктестіктерінің арақатынасы туралы мәселе туындайды. Басты айырмашылық АК-ның 228-бабының 1-тармағында бекімін тапқан: жай серіктестік занды түлға болып табылмайды. Шаруашылық серіктестігі — коммерциялық ұйым болып табылатын занды тұлғаладың бір түрі.

Әсіресе жай серіктестік  пен толық серіктестік арасында ұқсастық көп, себебі екі жағдайда да серіктесіж құрған азаматтар, оның борышы бойынша өздерінің барлық мүліктерімен жауап береді. Бұлардың айырмашылығы соңда, бірінші жағдайда азаматгар заңды тұлға құрмай-ақ қызметпен айналысады, екінші жағдайда — занды тұлға құрады. Екінші жағдайда заңцы тұлға құқықтың азаматтық айналымдағы өзінше дербес субъектісі ретінде туындайды. Жай серіктестік құрғанда құқықтың жаңа дербес субъекгісі туыңдамайды, ал қатысушылары ары қарай қатыса береді.

Сол, заңды тұлға құрмайтын  қызметке азаматтардың кәсіпкерлік қызметі негізделеді. Мысалы, Жеке кәсіпкерлік туралы занда жеке кәсіпкерлік субъектілеріне занды тұлға құрмаған және занды тұлға нышандары жоқ кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады делінген (Заңның 1-бабының 2-тармағы).

Мұнай туралы (25-бап) және жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы (42-бап) Жарлықтарда бұрын (ҚР-дың 1999 жылғы 11 тамыздағы №467-1 Заңымен өзгертулер енгізілгенге дейін) бірлескен қызмет туралы контракт жайыңда айтылған болатын (заңцы тұлға құрып және құрмай). Бұл жерде әңгіме бір контракт жайында деп ойлап қалуға болады. Ал, шындығында, шарттардың біріне бірі мүлде Революцияға дейінгі әдебиетте осы принцип бойынша сауда жене азаматтық серіктестіктер арасы бөлінген. (Шершеневич Г.Ф. Учебник русского гражданского права. М. 1993. 389 б.). Бірлескен қызмет туралы шартты құрылтайшы шарттан ажырату керек, оның негізінде АК-ның 41-бабымен реттелетін заңды тұлға құрылады, ұқсамайтын екі түрін қолдану көзделген: АК-ның 41-, 58- және 87-баптарының ережелері бойьшша шаруашылық серіктесітігін құру туралы құрылтай шарты мен АК-ның 12-бабының ережелері бойьшша бірлескен қызмет туралы шарт.

Бірлескен қызмет туралы шартгы аралас шартган ажырату керек, әсіресе мердігерлік шартьшан, қызмет көрсету, жалдау шартгарынан, т.б. ғимаратгар, құрлыстар тұрғызғанда, әдетте, тапсырыс беруші мен мердігер арасыңда құрылыстық шарт жасалады. Егер мердігер объектіні соғып ғана қоймай, оның меншік иесі болғысы келсе, өзара бірлескен қызмет туралы шарт жасасады, аган бір тарап жарна ретіңде құрылыс-монтаж жұмыстарьш, ал басқа тарап материалдық-техникалық қамтамасыз етуді енгізеді. Ал, практикада мемлекеттік органдар бірлескен қызмет туралы шартгың көмегімен өздері орналасқан ғимараттар мен жайларды коммерциялық ұйымдарға жалға берген фактысын жасыруға тырысады. АК-ның 160-бабына сәйкес мұндай шарт көз адцау болып табылады, ол заңсыз деп саналады. АК-ның 228-бабыңда үшінші жақ алдындағы ортақ жауапкершілік туралы диспозитивтік норма бекімін тапқан. Жай серікстестікке қатысушылар ортақ жауапкершіліктен бас тарта алады, бірақ бұл жағдайда несие беруші алдында кімнің қандай тәртіпте жауап беретіндігі анықталуға тиіс. Егер мүңцай шартта көзделмеген болса, онда жай серіктесгікгің мүддесі үшін несие берушімен шарт жасасқан адам несие беруші алдыңда жауап береді. Серіктестіктің қатысушылары арасыңца шығынды бөлу АК-ның 231-бабының ережелері бойынша жүргізіледі.

Жай серіктестіктің консорциум сияқты түрі АК-да айрықша реттеледі. Консорциум — бірлескен шаруашьшық қызмет туралы шарт негізінде занды  түлғалар нақты шаруашылық міндеттерін шешу үшін белгілі бір ресурстарды біріктіріп, күш-жігерді үйлестірегін ерікіі түрдегі тең құқықты уақытша одақ (бірлестік) (АК-ның 233-бабының 1-тармағы) Консорциум дегеніміз заңцы тұлғалар бірлестігінің бір формасы. Заңды тұлғалар бірлескен коммерциялық (бірнеше шаруашылық серіктестігі шаруашылық серіктестігі формасында коммерциялық бірлестік құрады) жөне коммерциялық емес — қауымдастық (одақ) формасында болады. Бұл, бірақ, занды тұлғалар болып саналатын бірлестіктерге қатысты.

Консорциум заңды тұлға емес. Ол — шарттық бірлестік, консор-циумның қатысушыларының арасындағы барлық қатьшасты бірлескен қызмет туралы шарт пен консорциум мүлкіне ортақ үлесті меншік жайындағы нормалар анықтайды.

Консорциум — жай  серіктестіктің бір түрі, оның қатысушылары занды тұлғалар. Соңдықтан да жай серіктестік жайындағы барлық ережелерді консорциумға толықтай қолдануға болады.

Консорциум — уақытша  бірлестік Ол, не белгілі бір мерзімге, не қандай да бір мақсатқа жету үшін құрылады. Кейде мақсат айқын баяндалмайды (мысалы, темекі фабрикасын түрғызу және ары қарай пайдалану), бұл ретте консорциум мерзімсіз болады.

Бірлескен қызмет туралы шарт консорциумға қатысты алғанда "консорциалдық келісім" деп  аталады. Консорциалдық келісім  оның қызметінің барлық мәселелерін, қатысушылар арасындағы қатынастарды, консорциумды басқару жүйесін анықтайды.

Каспий теңізінің қазақстандық секторында мұнай барлау үшін құрылған жөне бірқатар ірі мүнай компаниялары (Бритиш петролеум, Бритиш газ, Аджип, Шелл, Тоталь, Эксон) мен "Қазақстанкаспий-шельф" мұнай компаниясын біріктірген "Қазақстан-каспийшельф" консорциумы заңды тұлғалар бірлестігінің бұл құқықтық формасының мүмкіңдіктері жайында ұғым бере алатын консорциумның жарқын мысалы бола алады. Ал, консорциумның операторы (яғни, мүнай барлау жүмысының басшысы) — қазақстандық компания.

 

3.2. Бірлескен  қызмет туралы шарттың мазмұны

 

Оның қатысушыларының  құқықтары мен міндеттері шарттың  мазмұнын құрайды. Қатысушылардың міндеттеріне мыналар жатады: мүліктік жарналар енгізу; серіктестіктің ортақ ісін жүргізуге қатысу.

Жай серікгестіктің қатысушыларының  құқықтары мыналар: серік-тестіктің  ортақ істерін басқаруға және жүргізуге қатысу құқығы; ақпаратқа  құқық; жай серіктестік қызметіне  қатысуға құқықты басқаға беру құқылы және қатысудан бас тарту құқығы; ортақ мүлікке қатысты туындайтын, оның ішінде табыстан үлес алуға құқық.

Өз мақсаттарына жету үшін бірлескен қызмет туралы шарттың  қатысушылары ақшалай немесе басқа  заттай не өз еңбегімен жарна енгізеді.

АК-ның 230-бабыңда серіктестіктің қатысушыларының жарналары туралы сөз болады. Жай серіктестіктің шаруашылық серіктестігінен айырмашылығы да осывда. Занды тұлға болып табылатын шаруашылық серіктестігінің қатысушьшары салымдарын серіктестіктің жарғылық қорына қосады (59-бап).

Өндірістік кооператив мүшелерінің жарналары аталуы жағынан жақыңдау, олар кооператив мүшелерінің мүліктік жарналары (пайлар) деп аталады (96-бапты қара). Кооперативте еңбекке қатысу міндетті болып табылады, ал жай серіктестікте жарналарды еңбекке қатысу арқылы қосуға жол берілген.

Бірақ бұл сырттай  ғана үқсастық. Жай серіктестік мүлкінің құқықтық режимі бір жағынан, және занды  тұлға мүлкі, екінші жағынан, әртүрлі  болып келеді. Шаруашылық серіктестіктері  мен кооперативтер, занды тұлға  ретінде барлық мүліктің, оның ішінде қатысушылар салымдарының меншік иелері болып табылады. Жай серіктесгікте, оған қатысушьгаар мүліктің меншік иелері болып қалады, мүлік оларға ортақ үлесті меншік: құқығында таесілі. Бұл, қатысушылар мүліктің өздері қосқан үлесінің ғана меншік иесі дегенді білдірмейді, себебі жарна ақшалай да, еңбек салымымен де енгізілуі мүмкін. 230-бапта ақша және басқа мүлік жайында сөз болады. АК-ның 115-бабына сәйкес мүлікке заттар, ақша, соның ішіңце шетел валютасы, құнды қағаздар, жұмыс, қызмет, шығармашылық интеллектуалдық қызметтің объекгіге айналған нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымды дараландырудың өзге де құралдары, мүліктік құқықтар мен басқа да мүлік жатады26. Бұл нормаға түсініктеме беру тәртібінде еңбек салымына кәсіби білімді, дағды мен шеберлікті, сондай-ақ іскерлік беделді, іскерлік байланысты жатқызуға болады (РФ АК-ның 1042-бабы)2

Қатысушылардың әрқайсының салымдарын ақшалай бағалағанда  тараптардың өзара келісімі керек. Әркімнің үлесінің мөлшері шарт бойьшша салым мөлшеріне қарай анықталады.

Ортақ мүлікке салымдар қосудың мөлшері мен тәртібі бойынша қатысушылар келісімін бірлескен қызмет туралы шарттың елеулі талабы деп тану қажет (АК-ның 393-бабы).

Шарттың қатысушыларының  ортақ іс жүргізуі серіктестік қатысушыларының міндеті де, құқығы да. Жалпы ереже бойынша, бірлескен қызмет туралы шартқа қатысушылардың ортақ істер жүргізуі олардың ортақ келісімі бойынша жүзеге асырылады (229-бап).

Шығындар мен заладды  шарттың барлық қатысушылары жабады, ол жалпы ереже. 231-бап ортақ шығындар мен болатын залалдарды жабу тәртібін анықтауды қатысушылардың өздерінің қүзырына қалдырған. Бірлескен қызмет туралы шартта мұндай тәртіп көзделмеген жағдайда ғана 231-бапта көзделген төртіп күшіне кіреді.

Бұл жердегі басты  принцип мынау: ортақ шығьшдар мен  залалдар шартқа қатысушылардың ортақ мүлкі есебінен өтеледі, ал жетпей қалған сомалар осы мүліктегі олардың үлестеріне қарай бөлінеді. Бұл принцип ортақ меншік туралы нормаларда да қодданылады (АК-ның 215-бабы). Ресейдің заң әдебиетгерінде бұл нормаға сын айтылуда. Мұндай салымда мүліктік сипат та жоқ, тұтыну қүны да жоқ, ал олардың ақшалай бағасы — далбаса. Сондықтан тек іскерлік бедел мен серіктестік ісіне жеке қатысуды ғана қалдыру керек деген ұсыныс бар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

 

Қорыта келе осы бітіру жұмысым серіктестіктердің жалпы сипаттамасы және оның ұғымы, түрлері шаруашылық серіктестік туралы жалпы ережелері, шаруашылық серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, серіктестіктерді қайта құру және тарату, толық серіктестік, сенім (коммандиттік) серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің құқықтық қабілеті, жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылардың құқықтары мен міндеттері, жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді құру, қайта ұйымдастыру мен тарату, қосымша жауапкершілігі бар серіктестік, бірлескен қызмет туралы шарт (жай серіктестік), жай серіктестік ұғымы, бірлескен қызмет туралы шарттың мазмұндарына арналған.     

Бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтай құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлестерге бөлінген серіктестік жауапкершілігі шектеулі серіктестік деп танылады; жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысушылар оның міндеттемелері бойынша жауап бермейді және серіктестіктің қызметіне байланысты зияндарға өздерінің қосқан салымдарының құны шегінде тәуекел етеді. Бұл ережеден ерекше жағдайлар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде және осы Заңда көзделуі мүмкін. Егер серіктестіктің құрылтай құжаттарында оның белгілі бір мерзімге немесе нақты бір мақсатқа қол жеткізу үшін құрылатыны көзделмесе, жауапкершілігі шектеулі серіктестік белгіленбеген мерзімге құрылған болып есептеледі. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік заңды тұлға болып табылады.  
Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауап береді.Серіктестік өз қатысушыларының міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Серіктестіктің жарғылық капиталға салымдарын толық енгізбеген қатысушылары оның міндеттемелері бойынша әрбір қатысушының салым енгізбеген бөлігінің құны шегінде ортақ жауапты болады.    Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиталға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда здері енгізген салымдардың еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады. Қатысушылар жауапкершілігінің шекті мөлшері жарғыда көзделеді. Қатысушылардың бірі банкрот болған жағдайда қосымша жауапкершілігі бар серіктестік міндеттемелері бойынша оның жауапкершілігі, егер құрылтай құжаттарында жауапкершілікті бөлудің өзгеше тәртібі көзделмесе, қалған қатысушылар арасында олардың салымдарына бара-бар бөлінеді. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің серіктестік атауын, сондай- ақ "жауапкершілігі шектеулі серіктестік" деген сөздерді немесе "ЖШС" деген аббревиатураны қамтуға тиіс фирмалық атауы болады. Қосымша жауапкершілігі бар серіктестіктің фирмалық атауында тиісінше "қосымша жауапкершілігі бар серіктестік" деген сҚздер немесе "ҚЖС" деген аббревиатура болуға тиіс. Серіктестік осындай фирмалық атауымен мемлекеттік тіркеуге жатады. Серіктестіктің фирмалық атаудың қысқарған нысанын және оның шет тілдердегі баламаларын пайдалануға да құқығы бар. Шетелдің қатысуымен құрылатын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің фирмалық атауында оның құрылтайшыларының қай мемлекеттікі екені қосып көрсетілуі мүмкін. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің орналасқан жері деп оның тұрақты жұмыс істейтін органының орналасқан жері танылады. Жауапкершілігі шектеулі серіктестік өзінің орналасқан жерін ауыстырған жағдайда серіктестік заңды тұлғалардың мемлекеттік тізіліміне қажетті өзгерістер енгізу үшін бұл жөнінде оның мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырған органға және серіктестіктің жаңадан орналасқан жері бойынша заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуін жүзеге асырушы органға хабарлауға міндетті.

Информация о работе Шаруашылық серіктестік