Сыйғы тарту шарты

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2011 в 18:31, реферат

Описание работы

Кіріспе
Шарт - азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы екі немесе одан да көп адамның келісімі. Сондықтан да шарт тиісті шарттық міндеттемелік құқық қатынастары туындауына негіз болатын заңды факті болып табылады.
Шарт ретінде тараптардың құқықтары мен міндеттері жазылып тиісінше рәсімделген құжатты да түсінуге болады.
Шарт пен мәміле ұғымдарының арақатынасы да ерекше: кез келген шарт мәміле болатын болса, ал мәміле әр кезде де шарт бола бермейді. Оларды, егер екі жақты немесе көп жақты келісімдер жайлы әңгіме болғанда бір мағынада қарастыруға болады. Мәміле сонымен бірге заң бойынша өсиет қалдыру жағдайларында бір жақты да бола алады. Егер де шарт заңды факті деп танылса, ал міндеттеме азаматтық құқық қатынасы деп есептеледі. Құқық қатынасы ретіндегі міндеттеме шарттан, сондай-ақ АК-тің 7-бабында көрсетілген басқа да негіздерден туындауы мүмкін.
Шарттағы тараптар азаматтар, ұйымдар бола алады.
Сыртқы сауда қатынастарында шарттардың мынадай түрлері таралған: халықаралық, монополиялық, консигнациялық, комиссиялық, т.б. Аралас шарттар, яғни бір өзінде шарттың бірнеше типтерінің элементтері үйлесім табатын түрлері де кездеседі.
Шарт – сату-сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады.

Работа содержит 1 файл

РЕФЕРАТ СЫЙҒА ТАРТУ ШАРТЫ.docx

— 40.52 Кб (Скачать)

Жоспар

І. Кіріспе

ІІ. Негізгі бөлім

2.1. Сыйға тарту шарты түсінігі және оның мәні.

2.2. Сыйға тарту шартының нысаны мен элементтері.

2.3. Сый алушының сый алудан бас тартуы.

2.4. Қозғалмайтын мүлікті сыйға тарту шарты.

2.5. Сыйға тартуды шектеу.

ІІІ. Қорытынды

ІV. Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе

   Шарт -  азаматтық құқықтар мен міндеттерді белгілеу, өзгерту және тоқтату туралы екі немесе одан да көп адамның келісімі. Сондықтан да шарт тиісті шарттық міндеттемелік құқық қатынастары туындауына негіз болатын заңды факті болып табылады.

   Шарт  ретінде тараптардың құқықтары  мен міндеттері жазылып тиісінше рәсімделген құжатты да түсінуге болады.

   Шарт  пен мәміле ұғымдарының арақатынасы  да ерекше: кез келген шарт мәміле болатын  болса, ал мәміле әр кезде де шарт бола бермейді. Оларды, егер екі жақты  немесе көп жақты келісімдер жайлы  әңгіме болғанда бір мағынада қарастыруға  болады. Мәміле сонымен бірге заң  бойынша өсиет қалдыру жағдайларында  бір жақты да бола алады. Егер де шарт заңды факті деп танылса, ал міндеттеме азаматтық құқық қатынасы деп есептеледі. Құқық қатынасы ретіндегі  міндеттеме шарттан, сондай-ақ АК-тің 7-бабында көрсетілген басқа да негіздерден туындауы мүмкін.

   Шарттағы  тараптар азаматтар, ұйымдар бола алады.

   Сыртқы  сауда қатынастарында шарттардың мынадай  түрлері таралған: халықаралық, монополиялық, консигнациялық, комиссиялық, т.б. Аралас шарттар, яғни бір өзінде шарттың  бірнеше типтерінің элементтері  үйлесім табатын түрлері де кездеседі.

   Шарт  – сату-сатып алу, айырбас, рента, мүлікті жалға беру, сақтау және т.б. қатынастар негізінде жүзеге асырылады.

     
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   2.1. Сыйға тарту шарты  түсінігі және  оның мәні.

   Сыйға тарту шарты бойынша бір тарап (сыйға тартушы) басқа тараптың (сыйды  алушының) меншігіне затты немесе өзіне немесе үшінші адамға мүліктік құқықты (талапты) тегін береді немесе  беруге міндеттенеді, не оны өзінің немесе үшінші тұлғаның алдындағы мүліктік міндеттен босатады немесе босатуға міндеттенеді.

   Қайтарымсыздылық  — сыйға тарту шартының ең негізгі белгісі болып табылады. Затты немесе құқықты қарсы беру не қарсы міндеттеме болған кезде шарт сыйға тарту шарты деп танылмайды. Сыйға тарту (кей кездері) белгілі жағдайларда азаматтар мен заңды тұлғалардың мүліктік аймағындағы қажеттіліктерін қанағаттандыру қызметін атқарады. Сыйға тарту шарты — мүлікке билік жүргізудің заңды амалы. Ол мүлікті ерікті беру актісін бекітеді және меншік құқығының ауысуын реттейді. Осы арқылы сый алушының айналадағыларға қатысты мүдделері камтамасыз етіледі және ол өзше берілген құқықты заңсыз араласудан қорғау қабілетіне ие болады. Енді түпкілікті және біржола заттың иесінің ауысуы болады. Сондықтан, сыйға тарту шарты мерзімсіз болып табылады.

   Сый тартушы  сый алушының арасындағы қатынастары (не себептен сыйлағаны) әртүрлі болуы мүмкін, оларды анықтаудың сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану кезінде маңызы болады. Қазіргі жағдайда сыйға беру маңызды әлеуметтік функцияларды атқарады. Ұйымдар мен азаматтардың сандары өсе түсті, олар басқа тұлғаларға көмек ретінде олардың өмір сүруі үшін аса қажетті заттарды қайтарымсыз береді. Мысалы: азық-түлік, киім-кешек, білім беру, денсаулық сақтау ұйымдарына қолдау берілуде, кей-кездері сыйға тарту шет ел элементінің қатысуымен де жүргізіледі.

   Қоғамды әрі қарай адамгершілік тұрғысына  тарту барысында сыйға тарту  қатынастары басқа да азаматтық-құқықтың қатынастар қатарынан нақты орын алады.

   ҚР  АҚ бір уақтылы кәсіпкерлік сипаттағы  қатынастарды реттегеннен сыйға  тарту шарты осы кодекс реттеу көзқарасынан үйренішсіз болып көрінеді. Сөзсіз, ақша-мүліктік қатынастарында қайтарымсыздыққа орын жоқ болып  көрінеді.

   Ал, егер сауда саттық құқықтық нормаларынан бөлек азаматтық құқыққа тоқталсақ, онда сыйға тарту шарты басқа  шарттық құқықтық қатынастарын арасында да салмақтылау көрінер еді.

    Шартта азаматтық-құқықтың ықпалы бар  екені айқын еді, егер қазіргі  шет ел және құқық жүйесіндегі  шартты салауға жүгінетін болсақ, сыйға тарту шарты басқа шарттармен сатып алу-сату, айырбас және т.б. коммутативті шарт табылады. Мұндай шарттың мәнісі бойынша шартты кезде әр тараптың пайдасы мен шығыны мүмкін.

   Қолданыстағы (күшіндегі) азаматтық заңнамаға  сәйкес сыйға тарту шарты реалды немесе консенсуалды шарт болуы мүмкін. Бұл едәуір өзгеріс осы қоғамдық қатынастарды реттеу барысын да пайда  болған.

   Кеңес Одағы уақытындағы азаматтық  заңда сыйға тарту шарты тек қана реалды болуы мүмкін еді Сыйға тарту шартына қатысушылары өздерінің еріктері бойынша реалды немесе консенсуалды мінез беруі жалпы алғаңда қазіргі заман талабына сай келеді.

   Мүлік шартты жасасу сәтінде берілетін  болса, онда сыйға тарту шарты  реалды болып келеді. Ал басқа жағдайда, егер мүлік болашақта берілетін  болса, (шартта осыған қатысты талап  бекітілсе) онда ол консенсуалды болып  табылады. Әлдекімге затты немесе мүлікті құқықты тегін беруге уәде ету не әлдекімді мүліктік міндеттен босату уәдесі егер ол уәде тиісті (жазбаша) нысанда жасалса және алдағы уақытта нақты тұлғаға затты немесе құқықты тегін беру не оны мүліктік міндеттен босатуға айқын ниет білдірген болса, сыйға тарту шарты (болашақта сыйға тарту уәдесі) болып саналады және уәде берушіні босатпай тастайды.

   Сыйға тарту шартының қайтарымсыздығы  жоғарыда атап кеткендей оған қарсы  берілетін заттың немесе құқықтың болмауында көрініс табады. Ал егер мүлікке  ақы төленетін болса және ол бірнеше  мәрте өз құнынан аз төленетін  болса да бұл шартты сыйға тарту  деп қарастыруға болмайды.

   Заңнамада басқа адамның ауыртпалығы бар  мүлікті беруге болмайды деп көрсетілмеген. Сонда да М.В.Елисеевтің пікірі онша нақты емес. Оның ойынша, берілетін  мүлікке сыйға берушінің өзінің де құқықтарының ауыртпалығын орнатып  сыйға тарту шартын жасауға болады.

   Біріншіден, мүлікті бергенге дейін оған иесінің  ауыртпалығы болмайды. Бұл жерде  несие беруші мен борышкер бір  түллі болып қалуына байланысты міндеттеменің тоқтатылу ережесі  бойынша қолдануға болады. Екіншіден, сый әдейі өз ауыртпалық орната отырып, осы арқылы сыйға тарту шартының қайтарымсыздығы талабын бұзады. Бұл айтылған елдеріміз мүлікке  бұрынғы ие құқықтарының ауыртпалығы алу мүмкіндігін мүлдем жоймайды. Бірақ бұл ауыртпалықтар шарт негізінде емес, заң негізінде болу керек және шектелген мөлшерде, жағдайда ғана қолданылады. Мысалы: ортақ меншік режиміндегі, кондиминумдегі, меншік иелерінің, занды сервигутпен байланысты ауыртпалықтарынан құтыла алмайсыз. Бірінші екі жағдайда ауыртпалық өзара болып келеді. Үшіншіде сый алушының жер учаскесі қасында орналасқан сый берушінің жер учаскісіне қызмет етуі мүмкін. Сый алушыға басқа да мүліктік міндеттер жүктелуі мүмкін. Сыйды берген соң сый беруші оны жалпыға пайдалы мақсатта қолданылуын міндеттеуі мүмкін.                  Сыйға тарту шарты біржақты шарт болып танылады және негізгі құқықтар сый алушы тарабында болады. Сый беруші шарт бойынша негізгі міндеттерді жүзеге асырады.

2.2.Сыйға тарту шартының нысаны мен элементтері.

   Сыйға тарту шартының азаматтық айналымдағы  ерекшеліктеріне қарай заң шығарушы шарт нысанына арнайы талаптар қояды. Егер нақты сыйға тарту шарты  жасалса, жалпы ереже бойынша  ауызша нысанда жасалады, бұл жағдайда Қазақстан Республикасының Азаматтық  кодексінің 151, 152-баптарының нормалары  қолданылады.

   Заң кейбір нақты сыйға тарту шартын жазбаша түрде жасауды талап  етеді. Жазбаша нысаны жасау, егер сыйға  тартушы заңды тұлға болып  және сый мөлшері он айлық есептік  көрсеткіштен асатын болса талап  етіледі. Мұндай талап заңды тұлғаның балансындағы мүліктің тіркелу ережелерімен байланысты. Егер мүлік заң негізінде қайтарымсыз берілсе онда тиісінше дәлелдемелерде болу керек (чек немесе құжаттардың болмауы анық) ал кері жағдайда заңды тұлға органдарды (материалды жауапты тұлғалар) жетіспеушілік үшін жауапты болады. Бірақ бұл міндетті талап емес, сыйға тартудың жазбаша нысанын сақтамаған жағдайда шарт жасалғаны басқа да жазбаша жасалған құжаттармен дәлелденуі мүмкін. Сыйға тартуды заңды тұлғалармен еңбек қатынастарында тұратын жұмысшыларды материалдық нысанындағы көтермелеуден ажырата білу керек, бірақ та мұндай қатыстар еңбек заңымен реттелмеген бөлігінде сыйға тарту нормаларымен реттелуі мүмкін.

   Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің нормаларында дәл көрсетілмегендігіне  қарамастан, егер сыйға тарту шартын мемлекеттік тіркеу талап етсе, ол жазбаша жасалады. Өйткені қозғалмайтын мүлікке құқықты тіркеу үшін осы  мүлікке құқықты беретін құжаттар керек (Қозғалмайтын мүлік және онымен жасалатын мәмілелерді" мемлекеттік  тіркеу туралы Қазақстан Республикасының  Президентінің Заң күші бар Жарлығының 14-бабы 2-тармағы 25 желтоқсан, 1995).

   Алдағы  уақытта сыйға тартуға уәде беру —консенсуалды шарт болып табылады және әрқашан жазбаша түрде жасалады Осы шарттың заң талап ететін жай жазбаша нысанының сақталмауы оның жарамсыздығына әкеп соғады (Қазақстан  Республикасының Азаматтық кодексінің 508-бабы 2-тармағы).

   Қазіргі кезде сыйға тарту шартының пәні болып зат сонымен қатар мүліктік құқықтар да табылады. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 506-6. 2-тармағы). Нақты сыйға тарту затын көрсетпей-ақ өзінің барлық мүлкін сыйға тартуға уәде беру жарамсыз болады. Бұл жағдайда сыйға тарту пәні болмайды.

   Қандай  да бір игілікті қайтарымсыз алу  әрқашан сыйға тарту болып  танылмайды. Рим құқығында қайтарымсыз  пайдалану, процентсіз займ және қайтарымсыз  сақтау сыйға тарту деп қарастырылмаған. Сыйға тарту болып бір нәрсені  уақытша пайдалануға беру немесе ақысыз қызметті жүзеге асыру болып  келмейді, тек сезілетін нәрсені (субстанцияны) беру сыйға тарту  болып бағалануы мүмкін. Айтылған Қазақстан Республикасының азаматтық  құқықтық доктринасында қалыптасқан  сыйға тарту шартының түсінігіне және оның пәніне қарама-қарсы келмейді. Егер де сыйға тарту белгілі бір  міндеттемеден босатса, онда, бұл  әрекетте біз азаматтық-құқықтық міндеттемен  борышты кешіру арқылы тоқтату сияқты Азаматтық кодексінің 373-бабымен  көзделген әрекеттен өзгешелікті  байқай алмаймыз.

   Сыйға тарту шартының нысанасын ол қандай түрге жататындығы әсер етеді. Қазақстан  Республикасының Азаматтық кодексінің 516-бабына сәйкес жалпы пайдалану  мақсатында затты немесе құқықты  сыйға тарту қайырымдылық деп  танылады.

   Әрекет  қабілеттігі жоқ тұлға ешқандай шектеусіз сый алушы ретінде  бола алады, ал сыйды оның атынан қорғаншылары (ата-аналары, асырап алушылары) алады. Қамқоршыларының келісімімен 14 пен 18 жас аралығындағы кәмелетке толмағандар және әрекет қабілеттілігі шектеулі азаматтар сый алады (ал ұсақ сыйларды олар жеке өздері алуға болады).

   Ресей Федерациясының кәмелетке толмағандармен немесе олардың қатысуымен жасалатын  сыйға тарту біздің елге қарағанда  басқаша тұрғыдан жол тапқан. Ол кәмелетке толмағандардың әрекет қабілеттігі  құқықтарын реттейтін батыс елдерінің  заңдылықтарына ұқсас.

   Мысалы, РФ АҚ 26-бабының 2-тармағына және 28-бабының 2-тармағына сәйкес 6 жастан 14 жасқа  дейінгі және 14 жастан 18 жасқа дейінгі  кәмелетке толмағандар өз беттерімен нотариаттық куәландыруды немесе мемлекеттік  тіркеуді талап етпейтін ақысыз (орнына өтем жасаусыз) пайда алуға бағытталған  мәмілелерді жасай алады.

   Осындай шешімдермен келісуге болады, бірақ  балалардың тәрбиесіне, жүйкесіне, моральдық  дамуына зиян келтіруі мүмкін сыйларды табыс етуге тыйым салу керек.

   Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 509-бабына сәйкес, құны он айлық есептік  көрсеткіш мөлшерінен аспайтын әдеттегі сыйлықтарды қоспағанда, емдеу, тәрбиелеу  одардың емдеуіндегі, асырауындағы не тәрбиесіндегі азаматтардың және осы азаматтардың зайыптары мен туыстарынан сый алуға тыйым салады. Құны он айлық есептік көрсеткіштен аспайтын әдеттегі сыйлықтарды қоспағанда, мемлекеттік қызметшілерге олардың лауазымды жағдайына байланысты немесе олардың қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты сыйға тартуға жол бермейді. Сыйға тартуды пара алудан айыра білу керек.

   Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 220-бабына сәйкес сыйға тартушы бірлескен  меншіктің қатысушысы болса онда сыйға тартуға бірлескен меншікке қатысушылардың барлығының келісімімен  ғана жол беріледі. Мүлікке билік  ету жөніндегі мәмілені қатысушылардың қайсысы жасағанына қарамастан бірлескен  меншіктегі мүлікке билік етуге  өзге қатысушылардың келісімі бар деп  есептеледі. (Қазақстан Республикасының  Азаматтық кодексінің 220-6 2-тармағы).

Информация о работе Сыйғы тарту шарты