Қосылған құн салығы

Автор: Пользователь скрыл имя, 14 Октября 2011 в 19:13, реферат

Описание работы

Қосылған құн салығы – жанама салық түрі, қосылған құнның мемлекеттік бюджетке аударылатын бөлігі, бюджеттің маңызды көздерінің бірі. Кәсіпорын, бір жағынан, сатылған өнімдерден қосымша құн салығын алушы болса, екінші жағынан, жабдықтаушылардан өндіріс құралдарын сатып алушы ретінде Қосылған құн салығын төлеуші болып табылады.

Работа содержит 1 файл

Қосылған құн салығы.docx

— 71.73 Кб (Скачать)

Қосылған  құн салығы – жанама салық түрі, қосылған құнның мемлекеттік бюджетке аударылатын бөлігі, бюджеттің маңызды көздерінің бірі. Кәсіпорын, бір жағынан, сатылған өнімдерден қосымша құн салығын алушы болса, екінші жағынан, жабдықтаушылардан өндіріс құралдарын сатып алушы ретінде Қосылған құн салығын төлеуші болып табылады. Қосылған құн салығын төлеушілер салық кодексінде белгіленеді. Мемлекеттік бюджетке төленетін Қосылған құн салығының көлемі өндірушінің сатқан тауары үшін есептелген салық пен жабдықтаушыларға шикізат, материалдар, отын мен энергия, т.б. өнімдер үшін төленген Қосылған құн салығының айырмасы негізінде есептеледі, яғни салық төлеушілер Қосылған құн салығын тауарларды өндіруге (жұмыстарды орындауға, қызмет көрсетуге) жұмсалған материалдық шығынды шегере отырып есептейді. Салық салынатын айналым бойынша бюджетке төленуге тиіс Қосылған құн салығының сомасы, салық кодексіне сәйкес, салық салынатын айналым бойынша есептелген Қосылған құн салығының сомасы мен шегерімге жатқызылған салық сомасы арасындағы айырма ретінде анықталады. Соңғы кездері Қазақстанның экономикалық даму үдерісін қамтамасыз ету мақсатында Қосылған құн салығының мөлшерін азайту шаралары іске асырылуда. 2004 жылдың 1 қаңтарынан бастап салық төлеушілер Қосылған құн салығын 15% мөлшерінде төлейтін болды.

Жер салығы – тұрақты не уақытша пайдалануға берілген жер телімі (жер үлесі) үшін заң жүзінде бюджетке төленетін міндетті ақшалай төлемдер. Жер салығының негізгі мақсаты — экономикалық тәсілмен жер қорын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және бюджетке түсім түсіру арқылы жер қорын сақтау, жердің құнарлылығын, сапасын жақсарту шараларын қаржыландыру. Жер салығын салу нысаны жер телімі (жер үлесі) болып табылады. Қазақстанда елді мекендердің ортақ пайдаланудағы жер телімдеріне; ортақ пайдаланудағы мемлекеттік автомобиль жолдары алып жатқан жер телімдеріне; Үкімет шешімі бойынша консервацияланған нысандар орналасқан жер телімдеріне, т.б. ;ер салығы салынбайды.

Жер салығының  мөлшері салық салынған жердің сапасына, құнарлылығына және оның орналасуына  байланысты дифференциалды түрде жердің бір шаршы метріне, немесе бір  гектарына есептеліп бекітіледі. Салықтың базалық мөлшері республика заңымен бекітіледі. Ауыл шаруашылығы  мақсатындағы жерлерге, өнеркәсіп және да басқа өндіріс саласындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары бір гектарға шаққанда бонитет балына бара-бар сарапталып бекітіледі. Бонитет балы 50-ден 100-ге дейін және 100-ден жоғарғы мөлшермен сарапталады. Елді мекендердің жерлеріне салынатын базалық салық мөлшері алаңның бір шаршы метріне бекітіледі. Жергілікті өкілетті органдар өзінің шешімдерімен жер телімдеріне бекітілген базалық мөлшерді төмендете алады. Бірыңғай жер салығын төлеушілер, мемл. бюджет есебінен қаржыландырылатын ұйымдар, салық режимінің екінші үлгісі бойынша салық салу жүзеге асырылатын жер қойнауын пайдаланушылар, уәкілетті органның қылмыстық жазаларды атқару саласындағы түзеу мекемелерінің мемлекеттік кәсіпорындары, Ұлы Отан соғысына қатысушылар және соларға теңестірілген адамдар, мүгедектер, сондай-ақ, бала кезінен мүгедектердің ата-анасының біреуі, діни бірлестіктер жер салығын төлеуден босатылуы мүмкін. Қазақстанда бірыңғай жер салығын 1999 жылдан бастап шаруа (фермер) қожалықтары төлейді. Бірыңғай жер салығын есептеу үшін жер телімінің бағалау құнын білу керек. Мұны анықтау Қазақстан Республикасының “Жер туралы” заңында (2001) белгіленген тәртіппен жүргізіледі. Бірыңғай жер салығын есептеу жер телімін бағалау құнына 0,1 пайызды ставканы қолдану жолымен жүргізіледі.

Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы

Жер учаскесін  өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға (жалға) алған жеке және заңды тұлғалар төлемақы төлеушілер болып табылады.  

  • Шарттардың талаптары, сондай-ақ осы Кодексте белгіленген жер салығын есептеудің тәртібі өзгерген жағдайларда - жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органдар, ал арнайы экономикалық аймақтардың аумақтарында жергілікті атқарушы органдар немесе арнайы экономикалық аймақтардың әкімшіліктері төлемақы сомасының есеп-қисаптарын қайта қарайды.
  • Салық кезеңінде төленуге жататын төлемақы мөлшері есеп-қисаптарда көрсетілген төлемақы ставкаларына және салық кезеңінде жер учаскесін пайдалану кезеңін негізге ала отырып айқындалады.
  • Төлемақы мөлшері Салық Кодексіне сәйкес осы жер учаскесі бойынша есептелген жер салығы сомаларының мөлшерінен кем белгіленбейді. 

Салық есептілігін ұсыну және төлеу тәртібі

Дара  кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғаларды қоспағанда, төлемақы төлеушілер жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша салық органдарына ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын табыс етеді табыс етеді. Төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын есепті салық кезеңінің (851.00 үлгі бойынша 851.01 қосымшасымен) 20 ақпанынан кешіктірмей табыс етеді.

Салық кезеңі басталғаннан кейін өтемін төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын шарт жасалған айдан кейінгі айдың 20-cынан кешіктірмей табыс етеді.

  • ·         Бірінші салық кезеңінде ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабымен бірге жер қатынастары жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігімен жасалған өтемін төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарттың нотариат куәландырған көшірмесі табыс етіледі.
  • ·         Уақытша жер пайдалану туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған соң немесе салық кезеңі басталғаннан кейін жергілікті атқарушы орган немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі оны бұзған кезде, ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей табыс етіледі.
  • ·         Төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемақы сомаларын бюджетке ағымдағы жылдың 25 ақпанынан, 25 мамырынан, 20 ақпаннан және 20 мамыр, 20 тамыз және 20 қазаннан кешіктірмей тең үлестермен төлейді.
  • ·         Мемлекет жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға төлемақы төлеудің жоғарыда санамаланған мерзімдерінен кейін берген жағдайларда, төлемақы төлеудің келесі (кезекті) мерзімі төлемақыны бюджетке енгізудің алғашқы мерзімі болып табылады.
  • ·         Мемлекет жер учаскелерін өтемін төлеп уақытша жер пайдалануға төлемақы төлеудің соңғы мерзімінен кейін берген жағдайларда, жер учаскесі берілген айдан кейінгі айдың 20-сы бюджетке төлеу мерзімі болып есептеледі.
  • ·         Өтемін төлеп уақытша жер пайдалану шартының мерзімі біткен соң немесе салық кезеңі басталғаннан кейін ол бұзылған жағдайда, қалған мерзім үшін бюджетке енгізілуге жататын төлемақы сомасы, шарттың қолданылу мерзімі аяқталған күннен бастап күнтізбелік он бес күннен кешіктірілмей төленеді.
  • ·         Төлемақы сомасы жер учаскелерінің орналасқан жері бойынша бюджетке төленеді.

Жеке кәсіпкерлер болып табылмайтын жеке тұлғалар үшін:

  • ·         Төлемақы төлеушілер ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын есепті салық кезеңінің 20 ақпанынан кешіктірмей табыс етеді..
  • ·         Салық кезеңі басталғаннан кейін өтемін төлеп уақытша жер пайдалану туралы шарт жасасқан тұлғалар ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабын шарт жасалған айдан кейінгі айдың 20-cынан кешіктірмей табыс етеді.

Уақытша жер пайдалану туралы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған соң немесе салық кезеңі басталғаннан кейін жергілікті атқарушы орган немесе арнайы экономикалық аймақтың әкімшілігі оны бұзған кезде, ағымдағы төлемдер сомаларының есеп-қисабы шарттың қолданылу мерзімі аяқталған (бұзылған) күннен бастап күнтізбелік он күннен кешіктірілмей табыс етіледі.

Төлемақы  ставкалары Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес айқындалады. Бұл ретте осы Салық Кодексін де көзделген ережелерді есептемегенде, төлемақы ставкалары жер салығы ставкаларының мөлшерінен кем белгіленбейді.

Жер салығын төлеушілер

Жер салығын төлеушілер дегеніміз салықсалу нысаны бар жеке тұлғалар:

  • Иелік құқына
  • Тұрақты жер пайдалану құқына
  • Алғашқы өтеусіз уақытша жер пайдалану құқығы

Жер салығын төлеушілерге мыналар жатпайды:

  • Фермерлік шаруашылық ұшін арнайы салық режимі бойынша пайдаланылған жер учаскесіне бірегей жер салығын төлеушілер;
  • Ұлы Отан соғысына қастыушылар мен соларға теңестірілген тұлғалар, мүгедектер, сонымен қатар мүгедектің ата-анасының бірінде:
    • Тұрғын үй қорымен, соның ішіндегі құрылымдар мен ғимараттары бар жер учаскелері;
    • Үйдегі жер учаскесі;
    • Жеке үй шаруашылығына немесе бақташылық қызметке арналған жер учаскелері;
    • Ғараждық жер учаскелері;
  • «Батыр ана», «Алтын алқа» сияқты атағына ие болған көп балалы аналардың тұрғын үй, ондағы басқа да ғимараттар мен үй ішіндегі жер учаскелері бар аналар.

1 кесте - 2002-2005 жылдар арасындағы Шығыс Қазақстан облысы бойынша жер салықтары мен төлемдерінің түсімі, мың теңге

Ауыл шаруашылығы мұқтаждары үшін не осы мақсатқа арналған жер ауыл шаруашылық мақсатындағы жерге жатады.  
         Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлерге салынатын жер салығының базалық ставкалары 1 гектарға есептеліп белгіленеді және топырақтың сапасы бойынша сараланады. Жер салығының базалық ставкасы бойынша сараланады. Жер салығының базалық ставкасы республикасының жерге орналастыру органдары анықтайтын бонитет балы өлшемімен топырақтың табиғи құнарлығына негізделеді және ҚР екі аймағы бойынша сараланады: 
1.Жазық аумақтардағы далалық және қуаң далалық аймақтардың кәдімгі және оңтүстік қара топырақты, күңгірт қызыл, қоңыр және қызыл қоңыр топырақты, сондай-ақ тау бөктеріндегі күңгірт, қызыл қоңыр, сұр топырақты және тау бөктеріндегі қара топырақты жерлеріне бонитет балына бара-бар жер салығының базалық ставкалары белгіленеді
.

Информация о работе Қосылған құн салығы