Тасымалдау шарты

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 08:12, реферат

Описание работы

Көлiк – бұл жоғары дәрежелi техногендiкпен, техникалық жабдықталумен, қоғам мен мемлекеттiң тiршiлiк әрекетiн қам-тамасыз ету үшiн стратегиялық маңызбен сипатталатын салалардың бiрi. Сол себептi тасымалдау қатынастары дәстүрлi түрде көлiк құқығы аясында қарастырылады және ол техникалық сипаттағы нормалардың көптiгiмен сипатталады.
Сонымен қатар, сақтандыру қатынастары мен есептiк несиелiк қатынастарындағыдай, азаматтық құқықтық реттеу аясына көлiк қызметiнiң, мiндеттемелiк (тауарлы-ақша) қасиетi бар қатынастар тобы жатқызылған. Ертеректе олар екi жақты қасиетке, яғни азаматтық-құқықтықпен қатар, қазiргi терминологиямен айтатын болсақ, жария-құқықтық қасиетке ие екенi мойындалғанын атап өту қажет.

Работа содержит 1 файл

тасымалдау шарты реферат.doc

— 216.00 Кб (Скачать)

Орталықтандырыла белгiленген тарифтер жүктердi, жо-лаушылар мен  қол жүгiн қоғамдық көлiкпен тасымалдау кезiнде қолданылады. Бұрын орталықтандырыла белгiленген бағалар темiр жол  тасымалдаулары үшiн де көзделген  болатын. Ендi Қазақстан Республикасының “Темiр жол көлiгi туралы” Заңының 12-бабына сәйкес тасымалдаушының қызметiне бағалар, соның iшiнде тариф (тасымалдау ақысы) тасымалдаушымен белгiленедi. Заңнамаға сәйкес бұл бағалар реттелiнiп тұрады.

Қазақстан Республикасының “Көлiк туралы” Заңы тасымалдаушы мен клиенттiң өзара қарым-қатынасының жалпы негiздерiн анықтайды. Жүктердi жолаушылар мен көтерме жүгiн тасымалдау кезiнде және көлiк-экспедициялық қызметтердi жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы сертификаты бар көлiк құралдарын ғана қолдануға мiндеттi. Мұндай талап тасымалдау шарты бойынша мiндеттемелердi тиiстi түрде орындаудың маңызды алғышарттарының бiрi болып табылатыны сөзсiз клиент пен үшiншi тұлғаларға келтiрiлген зиянды, соның iшiнде ақшалай эквиваленттегi уақыт шығынын, өтеу көзделедi. Жолаушының өлiмiне немесе оның денсаулығын жарақаттауға алып келген зиянды өтеу ерекше орында тұрады. Жолаушы тасымалдауын жүзеге асыру кезiнде жолаушының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету, оған қызмет көрсетудiң қажеттi ыңғайлылығы мен жағдайларды қалыптастыру, ал жолаушы көтерме жүктi тапсырған жағдайда – оны уақытында тасымалдау мен сақтау талап етiледi.

Тасымалдау  процесi барысында қозғалыс қауiпсiздiгi қамтамасыз етiлуге тиiс. Клиенттiң көлiк  қызметi нарығында көлiк таңдау еркiндiгi шектелмеуге тиiс. Тасымалдаушы жөнелтiлетiн жүктiң өз сертификатына сәйкестiгiн куәландыратын құжаттарды алуға, әлеуметтiк маңызды және қорғаныс тасымалдарын жү-зеге асыруға мемлекеттiк және жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың талаптарын сақтауға мiндеттi. (Егер осындай тасымалдаудың бағалары көлiк шығындарын өтемесе, онда тиiстi компенсациялық дотация жүзеге асырылуға тиiс). Реттелетiн тасымалдаулардан басқа, тасымалдаушы баға қалыптастыру ережелерiне сәйкес тасымалдаудың бағаларын еркiн белгiлеуге құқылы.

Тасымалдаудың барлық түрлерi бойынша клиенттiң құқықтық жағдайы  оған оның және тасымалдаушының арасында бекiтiлген шартты орындауды талап  ету, тасымалдау сапасы деңгейiнiң сертификатына  сәйкестiгiн даулау, келтiрiлген зиянды, соның iшiнде ақша эквивалентiндегi уақыт шығынын, өтеудi талап ету мүмкiндiктерiн (құқықтарын) берумен сипатталады. Клиенттiң өзi де тасымалдаушымен бекiткен шарт жағдайларын сақтауға мiндеттi. Ол сондай-ақ жүктiң өз сертификатына сәйкестiгiн куәландыратын құжатты тасымалдаушыға беруге, тасымалдау ережелерiн орындауға, жүктер мен көтерме жүктi тасымалдауға дайын күйiнде беруге тиiс.

Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi

Тараптардың құқықтары  мен мiндеттерiн (жүктердi тасымалдау шартын мысалға келтiре отырып) қарастырайық. Жүктердi тасымалдау шартын орындау кезiнде тасымалдаушы тиiстi жүктi тасымалдау үшiн жарамды күйдегi көлiк құралын беруге мiндеттi. Яғни, тасымалдаушы қандай да бiр жағдайда, қажеттi көлiк құралының түрiн өзi анықтайды. Ол жүк пен қыл-қыбырдың қалдықтарынан таза, реквизиттерi алынған күйiнде, қажет болған жағдайларда жуылған, дезинфекцияланған күйiнде бермедi. Жүк жөнелтушi жүктi жөнелтпеуге (тасымалдауға) бiрқатар талаптарды сақтай отырып бередi. Олардың бiр бөлiгi жалпы сипатқа ие және тасымалдаудың барлық жағдайларында қолданылады. Жалпы талаптар жүктiң саны мен атауына, оның салмағын, салатын ыдысы мен буып түюiн анықтауға таралады. Сондай-ақ олар маркировка мен бағалығын хабарлауға қатысты. Арнайы талаптар тасымалдауға қабылданатын жүктiң ерекше сипатымен немесе қайсыбiр талаптар қойылатын көлiк түрiне байланысты. Мәселен, жарылған, тез жанатын, радиактивтi, улы және басқа да қауiптi жүктердi жөнелтетiн және алатын жүк жөнелтушiлер мен жүк алушылар және темiр жолдар, олардың қауiпсiз тасымалданатына кепiл болуға, бұл жүктердi тасымалдау кезiнде авариялық жағдайлар мен олардың салдарын, олар пайда болған жағдайда, жоюға қажет құралдар мен мобильдi бөлiмшелердi иеленуге мiндеттi.

Қазақстанда темiр жолмен тасымалдау кеңiнен қолданылатындықтан оларға қатысты жүктердi тасымалдауға беру мен қабылдау кезiнде туындайтын тараптардың құқықтары мен мiндеттерiн қарастырып өтейiк.

Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi көлiк құралының дайын екендiгi туралы алдын ала ескертедi. Мысалы, жүк жөнелтушiнiң құралдарымен тиеу үшiн вагондар мен контейнерлердiң берiлу уақыты туралы станция жұмысшысы жүк жөнелтушiнi вагондар берiлгенге дейiн екi сағаттан кем емес мерзiмде хабарландыруға тиiс. Мұнай жүктерiн құятын мұнай битумы үшiн цистерналар мен бункерлiк жартылай вагондарды дайындау жол есебiнен шарт бойынша темiр жолмен немесе жүк жөнелтушiмен жүзеге асырылады, ал мамандандырылған (жалпы тармақтағы парк цистерналарынан басқа) жалға алынған, өз цистерналарын – жүк жөнелтушiнiң өзi дайындайды.

Жылжымалы составтың  жарамдылығын анықтау және коммерциялық мағынада тиiстi жүктi тасымалдауға дайындауды жүзеге асыру:

- вагондар – жүк  жөнелтушiмен, егер тиеу оның  немесе темiр жолдың құралдарымен  жүзеге асырылса, егер тиеу темiр  жолдың құралдарымен жүзеге асырылса;   

- контейнерлер, цистерналар  мен бункерлiк жартылай вагондар – жүк жөнелтушiмен. Темiр жол кiрiс жолға тиелген вагондарды өткiзу кезiнде жүктердiң белгiлi бiр түрiн тиеуге олардың техникалық жарамдылығын қосарланған операциялар тәртiбiмен анықтайды.

Жүктердi вагондар мен  автомобильдерге тиеу, сондай-ақ, оларды одан түсiру мыналармен жүзеге асырылады: а) жалпы пайдаланыс орындарында темiр жолмен, жүктердi тиегенi мен түсiргенi үшiн темiр жол жүк жөнелтушiден, жүк алушыдан ер-кiн тарифтер бойынша алым алады; б) жалпы пайдаланыстағы емес орындарда жүк жөнелтушi мен жүк алушымен сондай-ақ, жалпы пайдаланыстан, орындарда қауiптi және тез бұзылатын заттарды, iшкi жануар өнiмдерiн, ауыр (бiр орында 0,5 тоннадан артық) және габариттi емес жүктердi. Құю үйiндi және төгу арқылы мамандандырылған жылжымалы составпен тасымалданатын жүктердi және жүк жөнелтушi мен жүк алушылардың жолсерiктерiнен жөнелтiлетiн жүктердi де. Осылайша, аталған жүктердiң түрлерiн дұрыс тиеумен байланысты тәуекел қауiптерi тiкелей жүк жөнелтушiлер мен жүк алушыларға жүктеледi.

Жүктердi тиеу, бекiту мен  тасымалдау үшiн қажет құрылғылар мен материалдарды жүк жөнелтушi беруге тиiс.Жекелеген тасымалдау құрылғылар (нан және көкөнiс қалқандары) және буып-түю құралдары (тұғырықтар, арқандар, қысқыштар) шарт-тық жағдайларда, тиiстi алымдарды ала отырып, темiр жолмен де берiлуi мүмкiн. Бұл құрылғылар мен материалдарды тиеу кезiнде орнату мен түсiру кезiнде алу, тиеу мен түсiру кiмнiң құралдарымен жүзеге асырылатынына қарай, жүк жөнелтушiмен, жүк алушымен немесе темiр жолмен жүзеге асырылады. Орнатылған қондырғылар туралы жүк жөнелтушi накладнойда көрсетедi, бұл кейiн (дау туындаған жағдайларда) жүк жөнелтушi тараптың тиеу бойынша өз мiндеттемелерiнiң тиiстi түрде орындау дәрежесiн бағалауға мүмкiндiк бередi. Қондырғылардың техникалық жай күйi үшiн жауапкершiлiк (темiр жолмен берiлгендерiнен басқа) жүк жөнелтушiлерге жүктеледi. 

Механизацияланған және механизацияланбаған әдiстермен  жүзеге асатын тиеу белгiленген мерзiмдерде аяқталуға тиiс. Бұл мерзiмдерден  асып кеткен жағдайда тиеу мiндетi жүктелген тарап мерзiмдi өткiзiп алғаны үшiн жауапты болады.

Жоғарыда айтылғандай, жүтердi тасымалдау контейнерлермен  де жүзеге асырылады. Жүктердi тасымалдау үшiн стандарттар талаптарына  сай келетiн және темiр жолдарға, соның iшiнде шетелдiк кәсiпорындарға, ұйымдарға, теңiз және өзен кеме шаруашылықтарына, порттарға тиесiлi контейнерлер қолданылады. Контейнерлерде тасымалдауға тиым салынатын жүктердiң тiзiмi жүктердi тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.

Контейнерлер әмбебап  және арнайы болып бөлiнедi. Әмбебап контейнерлерде әртүрлi жүктердi тасымалдауға болады. Бiрақ, оларда сасық иiстi жүктердi және контейнердiң қабырға-лары мен еденiн, сондай-ақ қара және түстi металдардың жаңқасы мен сынықтарын қатты ластайтын жүктердi тасымалдауға тыйым салынады. Тасымалдауға берiлетiн жеке жүк орындарының салмағы 120 кг-нан аспауға тиiс. Бұл шектеу үй заттарына таралмайды. Арнайы контейнерлер тасымал кезiнде ерекше жағдайларды талап ететiн өнеркәсiптiк және азық-түлiктiк жүктердiң белгiлi бiр түрлерiн (мысалы, черепица, әйнек, қауiптi жүктер және т.б.) тасымалдауға арналады. Жүктердi тасымалдау шартының тараптары (ең алдымен, жүк жөнелтушi, өйткенi контейнерлерге тиеу соның күшiмен жүзеге асырылады) контейнерлердiң неге арналғандығын ескеруге тиiс.

Жүктердi тасымалдауға беру кезiнде темiр жол құжатының қосымшасында транспорт, стандарт немесе өлшеу жолы бойынша олардың салмағы анықталуға тиiс. Салмақты есептеу жолы-мен, шартты түрде және жылжымалы составтың толық сыюына дейiн тиеу оның жол берiлетiн жүк көтерiмдiлiгiнен асып кетуiне алып келмейтiн жүктердi өлшеу бойынша анықтауға жол бередi. Тиеу жалпы пайдаланыс орындарында жүзеге асырылған кезде темiр жол жүктiң салмағын анықтайды. Тиеу жүк жөнелтушiмен жүзеге асырылатын барлық жағдайларда жүктiң салмағын сол анықтайды. Тиеудi кiм жүзеге асырғанына қарамастан жүктiң салмағын трафарет, стандарт бойынша, есептеу жолымен, өлшеу бойынша немесе шартты түрде анықтау жүк жөнелтушiмен жүзеге асырылады.

Тиеу аяқталғаннан кейiн  вагондар мен контейнерлерге темiр  жолдың пломбаларымен, егер жүк темiр жолмен тиелген болса, мөр басылуға тиiс. Егер жүк жүк жөнелтушiмен, портпен, кеме-жаймен тиелген болса, онда вагонға (контейнерге) жүк жөнелтушiнiң, порттың немесе кеме жайдың пломбасымен мөр қойылады. Кейбiр жүктердi пломбасы, соның iшiнде ақтара тиеу, үйiндi түрiнде тасымалданатындарын, тасымалдауға жол берiледi.

Пломбылау жүк жөнелтушiмен жүзеге асырылатынына  қарамастан, жүк жөнелтушiлердi (жүк  алушыларды) пломбылармен пломбылау қысқыштарымен бекiту құрылғыларымен, оларды шешу құрылғыларымен, плашкалармен, вагондар мен контей-нерлердi пломбылау үшiн сым темiрлермен жабдықтауды ақы үшiн темiр жол жүзеге асырады.

Жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға ұсынған кезде тасымалдаушыға жүктердiң  әр жөнелтiлуiне темiр жол накладнойын, ал Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген қажет жағдайларда өзге де құжаттарды (сертификат, лицензия, мал дәрiгерлiк куәлiк, кеден декларациясы) беруге тиiс.

Накладноймен  қатар жол ведомосi толтырылады, ол нак-ладноймен 50 га жүктi тағайындалған  станцияға дейiн жеткiзгенше бiрге ере жүредi. Жол ведомостiнiң бланкiсi үш парақтан тұрады, олардың барлығында накладнойдың нөмiрiне сәйкес бiрдей нөмiр болады. Бiрiншi парақ жол ведомостiнен тұрады. Екiншi парақ жол накладнойының түбiршiгiнен тұрады, үшiншiсi жүктi тасымалдауға қабылдаудың квитанциясы болып табы-лады. Жүктi тасымалдауға қабылдағанын растау үшiн темiр жол накладнойға күнтiзбелiк мөр басуға және квитанцияны жүк жөнелтушiге беруге мiндеттi.

Жүк жөнелтушi немесе оның атынан әрекет ететiн тұлға накладнойға  енгiзiлген мәлiметтердiң дұрыстығы үшiн, сонымен қатар, өздерi накладнойда көрсеткен мәлiметтердiң қателiгi, нақты болмауы немесе толық болмауының барлық салдары үшiн жауапты болады. Темiр жол бұл мәлiметтердiң дұрыстығын тексеруге, сондай-ақ жүк жөнелтушi көрсеткен жүктiң салмағын таңдамалы өлшеу жолымен тексеруге құқылы.

Заңнамамен тасымалдаушы, жүкке қойылатын барлық талаптар сақталған кезде, жүктердi тасымалдауға қабылдаудан бас тартуға құқылы болатын негiздердiң түпкiлiктi тiзiмi белгiленген. Тасымалдау бұл кезде шарт тараптары үшiн объективтi себептер бойынша мүмкiн болмай қалады. Белгiлi бiр бағыттар бойынша жөнелту үшiн жүктердi тиеуге ерекше жағдайларда темiр жол бағытының ұсынысы негiзiнде Көлiк және коммуникация ми-нистрiнiң нұсқауы бойынша тыйым салынуы мүмкiн. Бұл туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне хабарланады. Стихиялық сипаттағы құбылыстар, апаттар, авариялар, көлiк коммуникацияларын қасақана қоршап тастау орын алғанда, сондай-ақ, карантин жарияланғанда жүктердi тиеу темiр жол бастығының ұйғарымымен уақытша шектелуi немесе тоқтатылуы мүмкiн. Бұл туралы Көлiк және коммуникация министрi хабарландырылады, ол тиеу және темiр жолдардың белгiлi бiр учаскелерiнде поездардың қозғалысы шектелетiн немесе тоқтатылатын мерзiмдi белгiлейдi. Аталған мерзiм темiр жолдардың барлық бастықтарына хабарландырылады. Мұндай жағдайлардың орын алуы тасымалдаушыны тасымалдау бойынша мiндеттемелердi орындалмағаны немесе тиiстi түрде орындалғаны үшiн жауапкершiлiктен босатуға негiз болып табылады. Тиеуге тиым салумен немесе оны шектеумен байланысты аяқталмай қалған тиеу келесi кезеңдерде жүзеге асырылады.

Жүктердi тасымалдағаны  үшiн есе айырысу тәртiбi. Шартқа сәйкес жүк жөнелтушi немесе жүк алушы тасымлдаушы қызме-тiне ақы төлеуге мiндеттi. Тиiстi төлмдердi төлеушiлер қолма-қол ақшамен, чектер негiзiнде қолма-қол ақшасыз есептеу жолымен, төлем тапсырыстары арқылы жүзеге асырады. Белгiлi бiр жүк жөнелтушiлер мен жүк қабылдаушылар үшiн есеп айырысудың өзге тәртiбi көзделуi мүмкiн. Бұл кезде есеп айырысу тәртiбiн Көлiк және коммуникация министрлiгi бекiтуi мүмкiн, ол өз кезегiнде несиелiк және есеп айырысу қатынастарын реттейтiн заңнаманы басшылыққа алады. Әдетте, төлеушiлер тасымалдау төлемдерiн жүк станциядан жөнелтiлгенге дейiн енгiзедi. Тасымалдаушы пайдасына тасымал төлемiнiң жеткiлiксiз бөлiгiн төлету жүк баратын жерге жеткеннен кейiн жүзеге асырылады. Сондай-ақ, артық төленген сомалар да қайтарылуы мүмкiн. Қазақстан Республикасының “Темiр жол көлiгi туралы” Заңының 74-бабының 2-тармағына сәйкес тасымалдаушыға тиесiлi төлемдердi төлеу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн бөтеннiң ақшаларын заңсыз пайдаланғаны үшiн жауапкершiлiк мөлшерiнде Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiнде белгiленген айыппұл алынады. Тасымалдаушыға төлем жүзеге асырылғанға дейiн жүктi жөнелтудi кiдiрту жолымен шұғыл санкциялар қолдану құқығы берiледi.

Жүктi жөнелткенге дейiн  есеп айырысу кезiнде төлемдердi енгiзу мерзiмi тасымалдауға қабылдау күнiмен  анықталады, ал жүк баратын жерге  есеп айырысу кезiнде, тасымалдау құжатын-да көрсетiлген жүктi жүк қабылдаушыға беру күнiмен анықталады. Тасымалдау төлемдерiн кем төлеу және артық төлеу бойынша есеп айырысу мерзiмдерi қайсыбiр тарап есептi көр-сеткен сәттен бастап анықталады.

Информация о работе Тасымалдау шарты