Тасымалдау шарты

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 08:12, реферат

Описание работы

Көлiк – бұл жоғары дәрежелi техногендiкпен, техникалық жабдықталумен, қоғам мен мемлекеттiң тiршiлiк әрекетiн қам-тамасыз ету үшiн стратегиялық маңызбен сипатталатын салалардың бiрi. Сол себептi тасымалдау қатынастары дәстүрлi түрде көлiк құқығы аясында қарастырылады және ол техникалық сипаттағы нормалардың көптiгiмен сипатталады.
Сонымен қатар, сақтандыру қатынастары мен есептiк несиелiк қатынастарындағыдай, азаматтық құқықтық реттеу аясына көлiк қызметiнiң, мiндеттемелiк (тауарлы-ақша) қасиетi бар қатынастар тобы жатқызылған. Ертеректе олар екi жақты қасиетке, яғни азаматтық-құқықтықпен қатар, қазiргi терминологиямен айтатын болсақ, жария-құқықтық қасиетке ие екенi мойындалғанын атап өту қажет.

Работа содержит 1 файл

тасымалдау шарты реферат.doc

— 216.00 Кб (Скачать)

Заңнамамен (ҚР АК 699-бап) жүк жөнелтушiнiң (басқа тұлғаның) жүкке билiк ету құқығы көзделген. Жүк жөнелтушi немесе жүкке билiк ету құжатының иесi тасымалдаушыға тасымалдауды тоқтатуды немесе жүктi қайтаруды талап ете алады не басқа да өкiм бере алады. Бұл жағдайда тасымалдаушы жасалған тасымалға ақы төлеудi, сондай-ақ жасалған өкiмге байланысты келтiрген шығындарды өтеуiн талап етуге құқылы. Жүк баратын жерiне жеткеннен кейiн жүк алушыға жүктi берген кезде жүк жөнелтушi аталған құқықтардан айырылады. Темiр жол тасымалдаулары кезiнде жүктердi жаңа адреске жолдау мүмкiндiгi көзделедi. Жаңа адреске жолдау дегенiмiз жүк алушыны немесе тасымалдауға қабылданған жүктiң баратын станциясын өзгерту. Темiр жол жаңа адреске жолдауды жүк жөнелтушiнiң немесе жүк алушының мәлiмдемесi бойынша жүзеге асырады, мәлiмдемесi бойынша өзгерiс жүзеге асырылған ұйым бастапқы адресат алдында сол өзгерiстiң салдары үшiн жауапты болады және ол жүк жөнелтушi, бастапқы және соңғы жүк алушылар арасында есеп айырысуды реттеуге мiндеттi.

Теңiз тасымалдау шарты  бойынша, егер тиелген жүктiң басқа  да шығындарын өтемесе, ал жүк жөнелтушi немесе кеме жалдаушы кеме кеткенге дейiн тасымал төлемiн толық енгiзбесе не қосымша қамтамасыз етудi жүзеге асырмаса, тасымалдаушы шарттан бас тарта алады. Бұл жағдайда жүк жөнелтушi тасымалдаушыға толық фрахтының (тасымал төлемiнiң) екiден бiрiн ал, бос тұрып қалу орын алған жағдайда бос тұрғаны үшiн ақы төлеуге және тасымалдаушының өзге де шығындарын өтеуге тиiс. Бұл жағдайда жүктi қайта түсiру де жүк жөнелтушiнiң немесе кеме жалдаушының есебiнен жүзеге асырылады. (Теңiз саудасы туралы заңның 90-бабы). Аталған заңның 89-бабында екi тараптың жүктi теңiзде тасымалдау шартын орындаудан бас тарту негiздерi көзделген 91-бапта жүктi теңiзде тасымалдау шартынан жүк жөнелтушiнiң бас тарту негiздерi мен жағдайлары көзделген.

Тасымалдаушының келiсiмiндегi – өзiне тапсырылған жүктi белгiленген мерзiмде жеткiзiп беру. Жүктердi темiр жолмен тасымалдау шарты бойынша жүктi жеткiзiп беру мерзiмдегi басқа шарттардағыдай ерiктi түрде белгiленбейдi, ол орталықтан анықталады, өйткенi тасымалдаушының жүктi жеткiзiп беру бойынша өз мiндетiн орындауы тек тараптардың еркiне ғана емес, сонымен қатар тасымалдау жүзеге асырылатын жағдай-ларға да байланысты (жолдың өткiзу қабiлеттiлiгiне, поездар қозғалысының белгiленген жылдамдығына, жолдағы аялдамалардың саны мен уақытына және т.б.). Егер жеткiзу мерзiмi өткенге дейiн жүк темiр жолдың құралдарымен баратын станцияда түсiрiлiп қойса немесе жүк тиелген вагон, контейнер жүк алушының құралдарымен түсiрiлуге берiлсе жүк мерзiмiнде жеткiзiлдi деп есептеледi. Жүктердi тасымалдаудың басқа түрлерi бойынша мерзiм заңнамамен белгiленбеуi де мүмкiн, мұндай жағдайларда тараптар оны шартта көздеуге құқылы. Егер жүктi жеткiзу мерзiмi заңнамада және шартта анықталмаса жеткiзу қисынды. Егер жүктi жеткiзу мерзiмi заңнамада және шартта анықталмаса, жеткiзу қисынды мерзiмде жүргiзiлуге тиiс (ҚР АК 698-бап).

Егер вагондарды, контейнерлердi түсiруге беру түсiрушiлер-дiң  бос болмауы салдарынан немесе жүк  алушыға немесе оның атынан әрекет етiп жатқан көлiк-экспедициялық  кәсiпорынға тәуелдi басқа да себептер бойынша кiдiртiлiп жатса және бұған  қатысты жалпы нысандағы акт рәсiмделiп қойса, жүк мерзiмiнде жеткiзiлдi деп есептеледi егер ол баратын станцияға жеткiзудiң белгiленген мерзiмi өткенге дейiн келсе. Жүктiң келгендiгi туралы темiр жол жүк алушыны жүк келген күннен кейiнгi 12 сағат-тан кем емес мерзiм iшiнде хабарландыруға мiндеттi. Сондай-ақ, жүк алушы вагондарды, контейнерлердi жүк алушының құралдарымен түсiруге беру уақыты туралы оларды бергенге дейiн екi сағаттан кем емес уақыт iшiнде хабарландырылады. Кейбiр жағдайларда темiр жол жүк алушыны хабарландыруды шарт бойынша жүргiзедi. Темiр жол жүк алушыны жүктiң келгендiгi туралы хабарландырмаған жағдайда жүк алушыға вагондар мен контейнерлердiң тұрып қалғандығы үшiн жауапкершiлiк жүктел-мейдi және ол жүктiң келгендiгi туралы хабарландыру жiберiлгенге дейiн жүктердi сақтау үшiн алынатын алымды төлеуден босатылады.

Тасымалдаушы тасымалдау құжатында көрсетiлген жүк алушыға  жүктi беруге мiндеттi, ал соңғысы өз кезегiнде, тиiстi тасымал бойынша  тиесiлi төлемдердi төлеуге мiндеттi.

Жүк алушы оны алу  барысында бұл туралы жол ведомостiне қол қояды. Жүктi жүк алушының өкiлеттi тұлғасына да беруге болады.

Егер алушының атына  жеткiзуi шартпен, келiсiм-шартпен көзделмеген, сондай-ақ атауы темiр жол накладнойына сәйкес келмейтiн жүк келсе, жүк  алушы оны жауапты түрде сақтауға алуға мiндеттi.

Жүк ортақ пайдалану орындарында  алынған кезде жүк алушы өз атына келген жүктi қабылдауға және станциядан алып кетуге мiндеттi. Жүктiң  сапасы бүлiну немесе зақымдану салдарынан оны пайдалану мүмкiндiгi толығымен  немесе iшiнара жоғалтылатындай өзгерiске ұшыраған кезде ғана жүк алушы жүктi қабылдаудан бас тартуға құқылы. Баратын станцияға кел-ген жүктер 24 сағат iшiнде тегiн сақталады. Бұл мерзiмнiң ерекшелiгi оның басталуы жүк немесе контейнер темiр жолдың құралдарымен түсiрiлген күннiң немесе жүк жүк алушының құралдарымен түсiрiлуге берiлген күннiң 24 сағатына туралана-тындығында. Егер жүк аталған мерзiмнен артық сақталатын болса онда темiр жол еркiн тарифтер бойынша алым алады. Тасымалдаушы жеңуге болмайтын күш жағдайларының орын алды нәтижесiнде жүктi жеткiзуге немесе жүктi сақтаудың шектi мерзiмдерi iшiнде оны құжатта көрсетiлген жүк алушыға беруге мүмкiндiгi болмаған кезде темiр жол жүкке қатысты жүк жө-нелтушiнiң нұсқауы бойынша шара қолданады. Жүк жөнелтушi мұндай нұсқауды өзiне хабарландыру келген күннен бастап бiр тәулiк iшiнде беруге мiндеттi.

Әдетте жүк темiр жолмен оның жай-күйiн тексерусiз берi-ледi. Жтекiзiлетiн  станцияда жүктiң жай-күйiн, салмағы  мен санын тексеруге заңнамада  көзделген негiздер болған кезде  ғана жол берiледi. Яғни бұл жерде болжамды түрде жүктiң жеткiлiксiз болу, бүлiну, жойылу жағдайлары туралы сөз болып отыр. Мысалы, жүк бұзылған вагонда, контейнерде немесе пломбасы зақымданған вагонмен, контейнермен не жол бойындағы стан-циялардың пломбаларымен келсе, жүк ашық жылжымалы составта немесе пломбасыз жабық вагондарда жетiспеушiлiк, бүлiну немесе зақымдану белгiлерiмен келсе. Егер тез бүлiнетiн жүк жеткiзу мерзiмiн немесе тоңазытқыш вагондардың темпера-тура режимiн сақтамаумен келсе онда жүктi бүлiндi деп бол-жауға негiз пайда болады. Темiр жол жүктi ортақ пайдалану орындарында түсiрген кезде, жүк алушының тарапынан бола-шақта болуы мүмкiн талаптардың алдын алудың белгiлi бiр шарасы ретiнде, жүктiң санын тексеру қолданылады. Бұл жағ-дайда тексеру жүктi қабылдау мен берудi еске түсiредi. Өйткенi сол сәттен бастап жүк алушы, тасымалдаушыға тәуелдi емес негiздер бойынша жүктiң түсiрiлу жерiнде жойылу немесе бүлiну қаупiмен, жүктi шығару үшiн өзiне тәуелдi барлық шараларды қолдануға тиiс. Жүктiң салмағы өлшеу кезiнде кемiген, бiрақ айырмашылық қалыпты азаю нормасынан және таза салмағын анықтауда шектi (жол берiлетiн) айырмашылықтан аспайтын кезде жүктiң салмағы тасымалдау құжаттарында көрсетiлген салмаққа сәйкес деп есептеледi. Артық салмақ анықталған кез-де, таза салмақты анықтауда жол берiлетiн айырмашылық про-центi есепке алынады.

Жүктiң салмағын оны беру кезiнде  тексеру әдiсi осы жүктi тиеу кезiнде  қолданылған әдiспен жүзеге асырылады. Яғни, салмағын шартты түрде анықтау  мүмкiн болады. Алайда, егер жүк баратын  станцияда темiр жол мен жүк алушыда таразы болмаса, онда бос тиеу немесе үйiндi түрiнде тасымалданатын жүктер салмағын тексерместен берiледi.

Жүктi тексеру темiр жолдың мiндетi болып табылмайтын жағдайларда  ол жүктiң салмағын, орындардың санын, оның жай-күйiн анықтауға шарттық негiзде қатыса алады. Онда еркiн тарифтер бойынша алым алынады.

Жүктi беру сәтiнде немесе оның жол  жүруiнде кемiстiктi, бүлiну немесе зақымдануын  анықтаудан келесi қадамы болып (коммерциялық актiмен белгiленген) жүктiң iс жүзiндегi кемiс-тiгi, бүлiну немесе зақымдануының мөлшерiн анықтау табылады. Егер сараптама жүргiзу қажеттiлiгi туындаса темiр жол өз бастамасы бойынша немесе жүк алушының талап етуi бойынша сарапшыны немесе тиiстi маманды шақырады. Жүк алушы жүктi дер кезiнде түсiрмеген немесе алып кетпеген жағдайда тасымал-даушы (темiр жол) белгiлi бiр шараларды қолдануға құқылы. Темiр жол бөлiмi бастығының шешiмi бойынша түсiрiлген жүктердi сақтау үшiн алынатын ақы ұлғаюы мүмкiн. Баламалы түрде жүк алушыға жүк жөнелтушiге байланысты себептер бойынша вагондарды кiрiс жолына өткiзуге күтуде темiр жолдың кiрiс жолдарында немесе станция жолдарында белгiленген мерзiмдерден асыра 24 сағаттан артық кiдiртiлген вагондардың, контейнерлердiң тұрып қалуы үшiн айыппұл төленуi немесе вагондарды пайдаланғаны үшiн ақы екi есе мөлшерiне дейiн ұлғайтылуы мүмкiн.

Жүк алушы босатылған вагондарды (контейнерлердi) темiр жолға тапсыруға мiндеттi. Тараптар арасында вагондарды қабыл-дау  тапсырумен байланысты мiндеттер бөлiнедi. Вагондардың iшкi және сыртқы беттерi тазартылуға тиiс, жылжымайтын ин-вентарлық бекiту құралдары (соның iшiнде турникет) дұрыс техникалық жағдайға келтiрiлуге тиiс. Бұл жүктi түсiрудi жүзеге асыратын ұйымға жүктеледi. Вагондарды тазалау мен реквизит-тердi алып тастау жүк алушының мiндетi болып табылатын жағ-дайларда темiр жол тиiстi түрде тазартылмаған вагондарды қа-былдамауға құқылы.

§ 2. Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдау шарты  және тасымалдау шартының басқа да түрлерi

 

Жолаушы тасымалдау шарты  бойынша тасымалдаушы жолау-шыны баратын  мекенiне, ал жолаушы теңдеме жүктi тапсырған жағдайда теңдеме жүктi де апаратын мекенге жеткiзудi және оны теңдеме жүктi алуға құқық  берiлген адамға беруге мiндеттенедi; жолаушы  жолына, ал теңдеме жүгiн тапсырған кезде – теңдеме жүгiн алып баруға ақы төлеуге мiндеттенедi. Жолаушы тасымалдау шарты – екi жақты, ақылы және жүктердi тасымалдау шартына қарағанда консенсуалды.

Жолаушылар мен теңдеме  жүктi тасымалдау шартының нысаны жазбаша, ол тиiсiнше жол жүру билетiмен және теңдеме жүк түбiртегiмен рәсiмделедi. Аталған құжаттарда шарттар негiзiнен бiржолғы болып табылады, яғни белгiлi бiр көлiкпен бiр рет жол жүру мақсатында бекiтiледi. Жолаушыларды қала-лық және қала маңы көлiгiмен тасымалдау туралы сөз болғанда белгiлi бiр (әдетте бiр айлық) мерзiмге бекiтiлетiн тасымалдау шарттары да қолданылады, бұл мерзiм iшiнде тасымалдаушы ұйым жолаушыны тасымалдауға мiндеттенедi. Мұндай шарттар жеке сипатқа ие болуы мүмкiн, мысалы, тасымалдаушы жеңiлдiк жағдайларымен тұлғалардың белгiлi бiр категориясын тасымал-дауды жүзеге асырғанда. Бiржолғы жолаушылар билетi жеке адамға да, сондай-ақ адамдар тобын тасымалдауға берiлуi мүм-кiн, осындай жолмен бекiтiлген тасымалдау шарты жеке сипатқа ие емес, бiрақ тасымалдау басталғаннан кейiн ол тек билет бойынша жол жүрудi бастаған тұлғаға, тұлғалар тобына қатысты ғана жарамды болады. Жол жүру барысында жол жүру би-леттерiн басқаға беруге, қайта сатуға тиым салынады. Ал, әуе тасымалдауы кезiнде шарт жеке сипатқа ие, билеттi басқа тұлғаға қайта сату мен беруге тиым салынады. Қайта сату немесе беру фактiсi анықталған жағдайда билеттiң күшi жойылады және оның бағасы қайтарылмайды. Шарт бекiту (билет беру) жолаушының жеке басын куәландыратын құжат негiзiнде жүзеге асады.

Әрбiр жолаушы жол жүру билетiн иеленуге мiндеттi, тасы-малдаушы оның сатылуын жолаушы көрсеткен мекенге жеткенге дейiн қамтамасыз етуге мiндеттi (егер сол немесе басқа мекен-мен байланыс болған кезде ғана). Егер жолаушы жол жүру құжаттарын жоғалтса немесе бүлдiрсе, онда олар қайта қалпына келтiрiлмейдi, оларға төленген ақша да қайтарылуға жатпайды.

Жолаушыларды темiр жолмен тасымалдау үшiн пайдала-нылатын поезд түрi маңызды болып табылады. Мәселен, жыл-дамдығына қарай шапшаң жедел  және жолаушы поездары (тиiсiнше тасымалдаулар) ажыратылады. Поездар жол жүру қашықтығына қарай алысқа қатынайтын, жергiлiктi және қала маңына қатынайтын болып бөлiнедi. Жоғары сапалы қызмет көрсетулер көзделетiн поездар фирмалық болып бөлiнедi. Сондай-ақ жолаушы орналасатын вагонның, орынның түрi де маңызға ие. Су көлiгiмен тасымалдау кезiнде берiлетiн каютаның класы (не палуба орындарында тасымалдау көзделуi мүмкiн) маңыздылыққа ие. Жолаушыларды әуемен тасымалдау кезiнде жолаушы орналасатын салонның класына (қызмет көрсету деңгейiне) қарай градация көзделуi мүмкiн.

Тараптардың құқықтары мен мiндеттерi жалпы түрде Аза-маттық кодексте анықталады, ал толығырақ олар ҚР-ң  “Көлiк туралы” Заңында көрсетiлген, көлiктiң жекелеген түрлерiмен  жолаушыларды тасымалдау бойынша олар жолаушыларды тасы-малдаудың сол немесе өзге бiр түрiн реттейтiн нормативтiк ак-тiлерде нақтыланады, бiрақ негiзгi тұстары бойынша олардың нормалары аталған заңның нормаларымен сәйкес келедi.

Тасымалдау  шартының жария сипаты жолаушыны  тасымал-дау шарты үшiн айрықша  нақтыланады. Оған кез келген көлiк түрiне және жолаушылар тасымалы үшiн ашық болатын кез келген бағыт бойынша билет алу құқығы берiледi. Бекiтiлген шарт бойынша жолаушы көлiк құралында билiкке сәйкес орын-ды иеленуге құқылы. Бұл көлiк құралындағы орын категория-сына да, нақты орынға да қатысты.

Жолаушылардың қажеттiлiктерiн  қамтамасыз ету үшiн тасы-малдаудың  тiкелей жағдайларының өзi ғана емес, сонымен қатар қажеттi инфрақұрылымның, тиiстi қосымша сервистiк болуы  маңызды болып табылады.

Жолаушылар мен теңдеме жүктi тасымалдаумен байланысты операцияларды орындау үшiн ашық болатын станциялар осы операциялардың орындалуын қамтамасыз ететiн талаптарға сай болуға тиiс. Тасымалдаудың мөлшерiне қарай вокзалдарда теңде-ме жүктi қабылдау мен беру бөлмелерi, қол жүгiн сақтау каме-ралары, күту залдары, анықтама бюролары, транзиттiк жолау-шылардың, ана мен баланың демалу бөлмелерi; ресторандар мен буфеттер, жолаушыларға мәдени-тұрмыстық және санитарлы-гигиеналық қызмет көрсететiн үй-жайлар (почта, телеграф, радиожелiлер, шаштараздар, дәрiгерлiк көмек пунктерi және т.б.) жабдықталады. Жолаушыларға ыңғайлы болу үшiн және олар-дың жол жүру, түсу және өту қауiпсiздiгiн арттыру үшiн станцияларда төбесi жабылған, павильондары бар платформалар, өту тоннельдерi немесе көпiрлер салынады. Вокзал маңындағы алаңдар жақсы жабдықталуға және жаяу жүретiндер мен қала көлiгiнiң ыңғайлы және қауiпсiз қозғалысының талаптарына сай болуға тиiс.

Жолаушы билеттi өзiнiң жол жүруi үшiн, сондай-ақ өзiмен бiрге 7 жасқа  дейiнгi, ал халықаралық тасымал кезiнде 5 жасқа дейiнгi, бiр баланы (жеке орын берiлмейтiн) тегiн алып жүруге пайдалана алады. Яғни, мұндай жағдайларда тасымалдаудың жеке шартын бекiту талап етiлмейдi. Мұндай мүмкiндiк жолау-шыға көлiктiң таксимен жүзеге асырылатын тасымалдан басқа барлық түрiмен тасымалдау кезiнде берiлдi.

Жолаушыға iшкi тасымалдар кезiнде 7-ден 15 жасқа дейiнгi және халықаралық  тасымалдар кезiнде 5-тен 12 жасқа дейiнгi балаларға қатысты шартты билет  құнын 50% мөлшерiнде төлеумен жеңiлдiк  жағдайларында бекiтуге құқық берiледi. Бұл жағдайда кәмелетке толмаған бала ересек адаммен бiрге немесе бөлек жол жүретiндiгi маңызды болып табылмайды.

Тасымалдау әртүрлi мемлекеттердiң  бiрнеше тасымалдаушы-ларымен жүзеге асырылатын және оған солармен бiрге  Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы қатысатын кезде бұл жеңiлдiк (құқық) тек Қазақстан Республикасының тасы-малдаушысы жүзеге асыратын тасымал жолының бөлiгiнде ғана берiлетiн болады.

Жолаушы көлiктiң барлық түрлерiмен тасымалдау кезiнде жүрiс  барысындағы аялдамада билет  күшiн 10 тәулiктен аспайтын мерзiмге, қалалық  және қала маңына қатынайтыннан басқа, көлiктiң барлық түрлерiнде ұзартуға құқылы. Жүрiс барысындағы аялдама  кезiнде билеттiң әрекет ету күшi тасы-малдаушымен ұзартылуы мүмкiн. Мәселен, темiр жолмен тасы-малдау шарты бойынша жолаушы ауруына байланысты жол жүру барысында аялдаған кезде емдеу мекемесiнiң анықтама қағазын көрсеткенде билет күшiн ауыру уақытына ұзартуға құқылы. Жолаушыға поезда орын берiлмеген жағдайда билет күшi жолау-шыға орын берiлетiн келесi поезд жөнелтiлгенге дейiн ұзар-тылады.

Информация о работе Тасымалдау шарты