Тасымалдау шарты

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Апреля 2013 в 08:12, реферат

Описание работы

Көлiк – бұл жоғары дәрежелi техногендiкпен, техникалық жабдықталумен, қоғам мен мемлекеттiң тiршiлiк әрекетiн қам-тамасыз ету үшiн стратегиялық маңызбен сипатталатын салалардың бiрi. Сол себептi тасымалдау қатынастары дәстүрлi түрде көлiк құқығы аясында қарастырылады және ол техникалық сипаттағы нормалардың көптiгiмен сипатталады.
Сонымен қатар, сақтандыру қатынастары мен есептiк несиелiк қатынастарындағыдай, азаматтық құқықтық реттеу аясына көлiк қызметiнiң, мiндеттемелiк (тауарлы-ақша) қасиетi бар қатынастар тобы жатқызылған. Ертеректе олар екi жақты қасиетке, яғни азаматтық-құқықтықпен қатар, қазiргi терминологиямен айтатын болсақ, жария-құқықтық қасиетке ие екенi мойындалғанын атап өту қажет.

Работа содержит 1 файл

тасымалдау шарты реферат.doc

— 216.00 Кб (Скачать)

Тасымалдаудың барлық түрлерi бойынша жолаушы көлiк қызметтерiн  көрсететiн тасымалдаушының кез  келген мекеме-сiне тасымал басталғанға дейiн билеттi тапсыруға және тасымал үшiн төленген соманы қайта алуға құқылы. Тасымалдаушымен қайтарылмайтын соманың мөлшерлерi және оларды қайтару тәртiбi көлiк жарғыларымен (тасымалдау ережелерiмен) анықта-латын болады. Темiр жол тасымалдары бойынша қайтарылатын сомалардың мөлшерi ТЖУЖ-дiң 105-бабының “и” тармағында көрсетiлген. Егер пайдаланылмаған темiр жол билеттерi темiр жол станциясының кассасына поезд жөнелтiлгенге дейiн 24 сағат бұрын қайтарылса, онда жолдың толық құны қайта алынуы мүмкiн, ал поездың жөнелтiлуiне 24 сағаттан кем, бiрақ 6 сағатқа дейiнгi уақытта қайтарылса билет құнын және плацкарт құнының 50%-ын алуға болады. Егер билет поездың жөнелуiне 6 сағаттан кем уақыт iшiнде қайтарылса тек билет құны қай-тарылады, бұл кезде плацкарт құны қайтарылуға жатпайды.

Егер кәсiпорындардың, мекемелердiң, ұйымдардың тапсы-рыстары  бойынша алынған жол жүру құжаттары  поезд жөнел-тiлгенге дейiнгi 7 тәулiктен кем, бiрақ 3 тәулiктен кешiктiрiлмей қайтарылса плацкарт құнының 50%-ы ұсталады, егер олар поезд жөнелтiлгенге дейiнгi үш тәулiктен кешiктiрiлiп қайтарылса плацкарт құны толығымен ұсталып қалады.

Ұжымдық жол жүру билеттерiн  қайтару кезiнде өзгеше мерзiмдер мен ұстап қалуды белгiлеу, ең алдымен, тасымал-даушының бұл жағдайларда  ұжымдық тапсырыстан бас тарту салдарынан анағұрлым көп шығынға ұшырауымен байланысты, өйткенi дәл сол орындарға билеттердi қайта өткiзуге мүмкiндiк болмай қалуы мүмкiн. Дегенмен, жол жүруден бас тарту барлық жағдайларда билет алған тұлғаның құқығы ретiнде қарасты-рылады, және қандай да бiр жауапкершiлiк санкциясын қолдану туралы сөз болмауға тиiс.

Жол жүру билетi алынған  поезға (қала маңына қатынай-тыннан басқа) үш сағатқа, ал ауруына немесе оқыс жағдай салдарынан – поезд жөнелтiлген сәттен бастап үш тәулiкке кешiккен кезде жолаушы сол жол жүру құжатының күшiн плац-карт құнын қайта төлеу арқылы басқа поезға қайта жаңартуға құқылы. Сонымен қатар жолаушы плацкарт құнын шегерiп тастап, жол жүру құнын қайта алуға құқылы.

Жол жүру бойында (темiр  жол тасымалы кезiнде) жүрiсiн тоқтатқан  кезде жолаушы жүрмеген қашықтығының жол құнын плацкарт құнын шегерiп тастап қайта алуға құқылы.

Жол жүру барысындағы  уақытта жолаушыға бос орындар  болған кезде жоғары категориялы  вагоннан орын алуға құқық берiледi.

Жолаушы өзiмен бiрге  қол жүгiн (теңдеме жүктi) алып жүруге құқылы. Әуе көлiгiнде, қалалық және қала маңына қа-тынайтын автобустармен тасымалдағанда салмағы 20 кг аспай-тын қол жүгiн және теңдеме жүктi тегiн алып жүру белгiленедi. Темiр жол, теңiз, iшкi су көлiгiнде, сондай-ақ халықаралық автобустарда салмағы 35 кг аспайтын қол жүгiн және теңдеме жүктi тегiн алып жүру белгiленедi. Тасымалдаушылар өз шешiмi бойынша көлiктiң барлық түрлерiнде тегiн тасымалданатын теңдеме жүктiң салмағын ұлғайтуға құқылы. Темiр жол тасы-малы кезiнде жолаушы жол жүру құжаты бойынша, ұсақ заттар-ды есептемегенде, салмағы 36 кг болатын теңдеме жүктi тегiн алып жүру үшiн тапсыруға құқылы, белгiленген тарифтер бойынша алып жүру ақысын төлей отырып ол салмағы 100 кг-нан аспайтын теңдеме жүктi алып жүре алады.

Тасымалдауды  жалғастырудан тасымалдаушы бас тартқанда ол жолаушыны баратын жерiне өз есебiнен жеткiзуге немесе шартты бұзу салдарынан жолаушыға келтiрген барлық шығын-дарды өтеуге мiндеттi.

Егер темiр жол тасымалы кезiнде жолаушыға сатып алынған  билетке сәйкес орын берiлмесе, онда темiр жол жолаушыға оның келiсiмiмен басқа вагоннан орын тауып беруге мiндеттi, ал вагонның категориясы жоғарырақ болса, ол үшiн қосымша ақы алынбайды. Жолаушыға өзi сатып алған жол жүру құжатының құнынан төмен тұратын орын берiлгенде, оған жол жүру құнының айырмашылығы да қайтарылуға тиiс.

Теңдеме жүктi тасымалдау жөнiндегi мiндеттеме – тасымал-даушының жолаушы көрсеткен бағытта теңдеме  жүктi алып жүру мен оны тасымалдауға қабылдаған сәттен бастап сатып алушыға  бергенге дейiн оның сақталуын қамтамасыз ету мiндет-темесi болып табылады. Жолаушылар мен теңдеме жүктi авто-мобиль көлiгiмен тасымалдаған кезде теңдеме жүк әдетте оны автобустың теңдеме жүк бөлiмшесiнде орналастыру үшiн қабылданады. Дәл осылай теңдеме жүк су, әуе көлiгiмен де тасымалданады. Жолаушы мен теңдеме жүктi әртүрлi көлiкпен тасымалдау да жоққа шығарылмайды. Темiр жол тасымалдауы кезiнде теңдеме жүктi тасымалдауға қабылдауға және оны сол немесе теңдеме жүк вагоны бар тиiстi бағыттағы келесi поезбен жiберуге мiндеттi. Егер жолаушының мәлiмдеуi болса, онда теңдеме жүк жол жүру құжатында көрсетiлмеген басқа бағыт бойынша жөнелтiлуi мүмкiн. Көлiктiң барлық түрлерiнде теңдеме жүктi тасымалдауға алуды куәландыратын теңдеме жүк түбiртегi берiлетiн болады. Жолаушы теңдеме жүктi тапсыру ке-зiнде тарифке сәйкес алымды төлей отырып оның құндылығын жария ете алады.

Жолаушыдан теңдеме  жүк ретiнде тасымалдауға өзiнiң  көле-мi, буып түйiлуi мен қасиеттерi бойынша еш қиындықсыз тең-деме жүк  вагонына тиелiп орналастырыла алатын және басқа жолаушылардың теңдеме жүктерiне зиян келтiрмейтiн заттар мен нәрселер қабылданады.

Теңдеме жүктi жеткiзу мерзiмi баратын жерiне дейiн теңдеме жүк  бiрге жөнелтiлген көлiк құралының  жүру уақытымен анық-талады. Егер теңдеме  жүк жол бойында қайта тиеу маршруты бойынша жөнелтiлсе, онда оны жеткiзу мерзiмi қайта тиеуге кеткен уақыт шығынын ескере отырып жол жүру уақытымен анықталады. Темiр жол тасымалы бойынша әрбiр қайта тиеуге бiр тәулiктен қосылады. Егер теңдеме жүк оны жеткiзу мерзiмi аяқталғаннан кейiн 7 тәулiк iшiнде баратын жерiне келмесе, он-да жолаушы теңдеме жүктi жоғалтылды деп есептеуге және оның құнын талап етуге құқылы ТЖУЖ-ға сәйкес темiр жол тасы-малдауы кезiнде 60 күн iшiнде талап етiлмеген теңдеме жүк iске асырылу үшiн жергiлiктi сауда ұйымдарына берiлуге жатады. Жолаушылардың ұмытып кеткен және тауып алынған заттары да iске асырылуға жатады.

Кеме жалдау (чартер) шарты бойынша бiр тарап (кемемен жалданушы) басқа тарапқа (кеме жалдаушы) жолаушыларды, теңдеме  жүктi және жүктердi тасымалдау үшiн  бiр немесе бiрнеше көлiк құралын толық немесе оның сыйымдылығының бiр бөлiгiн бiр немесе бiрнеше рейске ақы төлеттiрiп беруге мiндеттенедi.

Чартер шартының жүктердi жолаушыларды немесе теңдеме жүктi тасымалдау шартынан жалпы ерекшелiгi оның сөзсiз консенсуалды екендiгiнде. Өз кезегiнде бұл тасымалдау көле-мiнiң айырмашылығымен байланысты, өйткенi чартер шарты, әдетте, клиенттiң көлiк құралы сыйымдылығының барлық неме-се көп бөлiгiн алуын көздейдi, соған байланысты тасымалдаушы көлiк құралының сиымдылығы толтырылмаған кезде елеулi шығындар қаупiнсiз тасымалдауды жоспарлай алады.

Бұрын әуе кемелерiн  жалдау шарттары басымды маңызға  ие болатын. Оларды тiкелей бекiту мен  орындау Азаматтық кодекс пен  өзге де заңнама нормаларынан басқа, жоғарыда аталған, халықаралық және Қазақстан Республикасының iшкi әуе жол-дарында тұрақты емес авиа тасымалдауларды жүзеге асырудың Ережелерiмен реттеледi.

Республиканың батыс  аймақтарында экономикалық қызмет-тiң  жандануына байланысты теңiз тасымалдары  аясында да чартер қатынастары зор  маңызға ие бола бастады. Қазақстан Республикасының “Сауда мақсатында теңiзде жүзу туралы” За-ңы кеменi экипажымен жалдау шарттарын (тайм-чартер), кеменi субжалдау (субтайм-чартер) шарттарын, кеменiң экипажы, жалдау шарттарын (бербоут-чартер) көздейдi. Олардың мазмұны чартер шарттарында жалға алу элементтерi басым екенiн түсiнуге мүм-кiндiк бередi. Бiрақ, тасымалдау тiкелей жүзеге асырылатын тасымалдау шарттары бойынша субъектiлердiң құқықтары (мiн-деттерi) да аса зор маңызға ие екенiн ескеру қажет.

Халықаралық жеке құқықтың коллизиялық нормаларын қолдануға байланысты бiзде шетелдiк заңнама актiлерi және сонымен қатар халықаралық көлiк келiсiмдерi де қолданылады. Чартер халықаралық тасымалдар кезiнде жиi қолданылады және ол аталған актiлермен реттеле алады.

Чартерлiк тасымалдаулардың тағы бiр ерекшелiк белгiсi – олардың тұрақты емес (кестеден тыс) сипатында. Осының салдарынан чартерлiк тасымалдаулар жоспарлы тасымалдар үшiн арналған көлiк құралдарын пайдаланумен, сондай-ақ тұрақты тасымалдар үшiн арналған жолдарды, әуе трассаларын пайда-ланумен олар орындалуға тиiс болса да жүзеге аспайтындығы алдын ала белгiлi болып табылады.

Халықаралық және iшкi чартерлiк  тасымалдауларды жүзеге асыру су жолдары мен әуе кеңiстiгiн пайдалану  талаптарын сақтауды талап етедi. Чартерлiк  авиатасымалдаулар шет мемле-кеттердiң құзiреттi органдарының, ал iшкi чартерлiк тасымал-даулар кезiнде Қазақстан Республикасының әуе кеңiстiгiн пайда-лануға бақылауды жүзеге асыратын органдардың рұқсатын алу-ды талап етедi.

Чартерлiк тасымалдаулар  тасымалдау шарттарының айқын көрсетiлген жеке мазмұнымен ерекшеленетiн болады. Дегенмен де оларды бекiту кезiнде көлiк аясындағы қатынастарды реттей-тiн заңнаманың мiндеттi талаптарын сақтау да қажеттi болып табылады.

ҚР Азаматтық кодексiнде (695-бап) жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау жеке қарастырылған. Бұл шарт тұтыну шарттарына жатады, онда тасымалдау қатынастарына бiр жағы-нан өз теңдеме жүгiн бiр уақытта өзiмен бiрге алып жүре алатын жолаушылар түседi. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымал-дау шарты жүктердiң де тасымалын қамти алады.

Бұл қатынастарға тасымалдаушы жағынан шарттық қаты-настарға заңнама  және тиiстi тасымалдауларға берiлген лицензия (патент) негiзiнде түсетiн  коммерциялық ұйымдар (кәсiпкерлер) түседi. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау негiзiнен коммуналды шаруашылық аясына жататын болғандықтан, ол, соның iшiнде, жолаушыларды қала көлiгiмен тасымалдау, көбi-несе жергiлiктi өкiлдi органдардың актiлерiмен реттеледi. Жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау оларды жолаушылармен аумақтық монополияға қарсы органдар бекiткен тарифтер бойынша төлеу арқылы жүзеге асырылады.

Азаматтық кодекстiң аталған  бабында жалпы пайдаланыс-тағы көлiкпен тасымалдау шарты жария болып  табылатындығы нақты көрсетiлген. Жоғарыда бiз Қазақстан Республикасының  “Көлiк туралы” Заңына сәйкес жариялылық жалпы ереже бойынша тасымалдаудың басқа да шарттарына тән екенiн айтқанбыз, онда тасымалдаушының тасымалдауға жүгiнгеннiң кез келгенiмен шарт бекiту мiндетiнен ерекшелiктер көлiк заңнамасымен көзделуi мүмкiн екенi көрсетiлген. Өз кезегiнде бiз арнайы көлiк заңнамасын қарастыра отырып онда тасымал-даушының сол немесе өзге бiр тасымалдау шартын бекiтудiң мiндеттi немесе мiндеттi емес екендiгiн нақтылайтынын бай-қаймыз. Бiз сол немесе өзге бiр жағдайда анықтаушы факторлар ретiнде тасымалдау мiндеттемесiнiң мәнiсi, сондай-ақ тасы-малдау жүзеге асырылатын iс жүзiндегi жағдайлар бола алатын-дығы туралы қорытынды жасай аламыз. Бiрақ, тасымалдаудың тұтыну сипаты оны сөзсiз жариялылыққа мәжбүр етедi және жалпы пайдаланыстағы көлiкпен тасымалдау шарты туралы нормаларды қолдануға себепшi болады.

Көлiк шарттарының  тағы бiр түрi болып көлiк ұйымдары арасындағы шарттар табылады. Олар әртүрлi көлiк ұйымдары-ның әрекеттерiн  үйлестiрудi қамтамасыз етуге есептелген, сон-дай-ақ олар аралас тасымалдаулар кезiнде жүк жөнелтушiлердiң құқықтарының сақталуына мүмкiндiк бередi.

Мұндай шарттарға торапты  келiсiмдер, жүктердi орталық-тандыра  кiргiзу (шығару) шарттары және т.б. жатады. Оларды бекiту тәртiбi көлiк туралы заңды  актiлермен анықталады.

Тасымалдауды теңiз көлiгiмен жүзеге асырған кезде көлiк шартының тағы бiр түрi ретiнде – тiркеуге алу шарты бөлiнiп шығады.

§ 3. Тасымалдау шарттары бойынша жауапкершiлiк

 

Жүктердi тасымалдау бойынша мiндеттемелердi бұзғаны  үшiн жауапкершiлiктiң жалпы негiздерi тасымалдаудың басқа да шартта-ры сияқты Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң 701-бабының әрекетiне негiзделедi. Тасымалдау бойынша мiндетте-мелердi орындамаған немесе тиiстi түрде орындамаған кезде басқа да шарттық мiндеттемелердi бұзғаны үшiн тараптар Азаматтық кодекспен, көлiк туралы заңды актiлермен, өзге де заңды актiлермен, сондай-ақ тiкелей жүктердi тасымалдау шартымен тiкелей көзделетiн жауапкершiлiкке тартылады.

Тасымалдау шарттары жөнiндегi жалпы ереже бойынша  заң-ды актiлермен белгiленген жауапкершiлiктi шектеу немесе жоюға бағытталған келiсiмдер де жарамсыз деп танылады.

Тасымалдау шартын бұзғаны  үшiн жауапкершiлiк туралы негiзгi ережелер Қазақстан Республикасының  “Темiр жол көлiгi туралы” Заңында  қалыптастырылған. Аталған заңның 73-бабының 1-тармағында көрсетiлгендей, мiндеттеменi бұзған тарапты жауапқа тарту тек қана құқық бұзылған тараптың талабы бойынша жүзеге асырылады. Осы норманы енгiзу арнайы көлiк заңнамасы мен Азаматтық кодекстiң тағы да бiр тығыз нығая түскендiгiн куәландырады. Тасымалдау шарты бойынша тараптар өзара келiсiм бойынша жауапкершiлiк мөлшерiн ұлғайта алады, сондай-ақ қосымша жауапкершiлiк көздеуi мүмкiн (яғни сол немесе өзге бiр жағдайларда тасымалдау шарты бойынша жауапкершiлiктiң жекелеген негiздерiн және жауапкершiлiк мөлшерiн анықтау).

Тасымалдауды бiрнеше  тасымалдаушылар жүзеге асырған  жағдайда олар жүктi, теңдеме жүктi жоғалтқаны, олардың жет-кiлiксiздiгi, бүлiнуi (зақымдануы), сондай-ақ жеткiзу мерзiмiн өткiзiп  алғаны үшiн жөнелтушi (жүк жөнелтушi), алушы (жүк алушы) алдында ортақ жауапкершiлiкте болады. Егер тасымал-даушы басқа тасымалдаушының, жүк жөнелтушiнiң, жүк алушы-ның, тармақ иесiнiң, экспедитордың кiнәсi бойынша туындаған жауапкершiлiкке тартылса, онда ол кiнәлiлерге регресстiк (керi) талап қоюға құқылы.

74-бапта жауапкершiлiк шарасы ретiнде айып төлеу қолда-нудың белгiлерi анықталған. Темiр жол көлiгiмен тасымалдау шартымен айып төлеу жиi-жиi айыппұл сипатына ие екенiн атап өткен жөн (ертеректе тек ерекше алынатын айып төлеу ғана басым болатын). Айып төлеу мөлшерi Азаматтық кодекспен, арнайы заңнамамен немесе тiкелей тасымалдау шарттарымен анықталады. Тасымалдаушы тиесiлi төлемдердi төлеу мерзiмiн өткiзiп алғаны үшiн,  Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен белгiленгендей, бөтеннiң ақша қаражаттарын заңсыз пайдаланғаны үшiн жауапкершiлiк мөлшерiнде айып төлейдi. Егер тасымалдау шартының тараптарында өзге келiсiм болмаса жалпы азаматтық құқықтағыдай, жүзеге асырылған төлем сома-сынан ең алдымен айып төленедi, ал қалған бөлiгiмен қарыздың негiзгi сомасы өтеледi.

Информация о работе Тасымалдау шарты