Азаматтық құқтағы мәміле және оның маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 18:41, дипломная работа

Описание работы

Бұл диплом жұмысында мәміленің күнделікті қарым-қатынастар барысындағы маңыздылығына талдау жасалып, мәміленің шарттарына, түрлеріне және ерекшеліктеріне кеңінен тоқталып, талдап қорытынды жасалады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................4

1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МӘМІЛЕ ТҮСІНІГІ.................................6

1.1 Мәміленің түсінігі және түрлері......................................................................6

1.2 Жарамды және жарамсыз мәмілелер.............................................................10

1.3 Сыртқы экономикалық мәмілелер және оларды жасау тәртібі...................14



2 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАР МӘМІЛЕНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ.............................................................................................25

2.1 Шарт ұғымы және оның маңызы...................................................................25

2.2 Азаматтық – құқықтық шарттардың түрлері................................................27

2.3 Шарттарды жасасу тәртібі..............................................................................37



3 ҚАЗІРГІ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ...........................................................................................................50



ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................... 55



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................... 57

Работа содержит 1 файл

Азаматтық-құқықтық қатынастрадағы мәмлелер.doc

— 345.50 Кб (Скачать)

3) жеткізу құралдары – жаппай қырып-жоятын қаруды жеткізуге қабілетті зымырандар мен ұшқышсыз ұшу аппарат­тары (500 килограмнан кем емес пайдалы жүктемені 300 километрге және одан да ұзақ қашықтыққа жеткізуге қабілетті);

4) зияткерлік шығармашылық қызмет нә­тижелеріне құқықтар – қару-жарақпен, әскери техникамен, екіұдай қолданыла­тын (мақсаттағы) тауарлармен және техно­ло­гиялармен, арнайы жабдықпен және жап­пай қырып-жоятын қаруды жа­сауға арнал­ған технологиямен байла­нысты ғылыми ең­бектерге, электрондық-есептеу машина­ла­рына арналған бағдар­ламаларға, карта­ларға, жоспарларға, эс­киздерге, иллюс­тра­циялар мен үш дең­гейлі шығармаларға ав­тор­лық құ­қықтар, өнертабыстарға, пай­далы модель­дерге, өнеркәсіптік үлгілерге, интег­ралдық микросхема топологияларына құ­қықтар, ашылмаған ақпаратқа, оның ішін­де “ноу-хау” өндірісінің құпияларына құқықтар;

5) импорт – өнімді Қазақстан Рес­публикасының кеден аумағына тұрақты пайдалану және тұтыну үшін әкелу;

6) импорттаушының (түпкі пайдалану­шының) кепілдік    міндеттемесі – им­порт­таушының (түпкі пайдаланушының) өнімді мәлімделген мақсаттарға пайда­лану туралы, оны басқа тұлғаларға бермеу  және оны уәкілетті органның келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы жазбаша сендіруі;

7) кепілдік міндеттеме (түпкі пайда­ла­ну­шының сертификаты) – импорттала­тын өнімді мәлімделген мақсаттарда пайда­лану және оны сатушы елдің келісімінсіз үшінші елдерге кері экспорттауға жол бермеу туралы алушы елдің құзыретті ор­га­ны берген алушы елдің ресми сендіруі;

8) кері импорт – Қазақстан  Респуб­ликасының кеден заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының кеден аума­ғынан бұрын әкетілген қазақстандық өнім­нің өзгеріссіз жағдайда қайта әкелінуі;

9) кері экспорт – Қазақстан Респуб­ли­ка­сының кеден аумағынан тыс жерде өн­дірілген, оның кеден аумағына бұрын әке­лінген өнімді әкету не Қазақстан Рес­пуб­ликасында шығарылған өнімді басқа мем­лекеттің кеден аумағынан үшінші елдерге әкету;

10) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдары  – заңдарда белгіленген құзыреті шегінде экспорттық бақылауды жүзеге асыратын Қазақстан Республика­сының орталық атқарушы органдары;

11) өнім – экспорттық бақылауға жа­та­тын тауарлар, технологиялар, жұмыс­тар, көрсетілетін қызметтер, ақпарат;

12) өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңдеу – Қа­зақ­стан Республикасының кеден заңна­масына сәйкес жүзеге асырылатын, қазақстандық тауарларды өңдеу және  өнімді кейіннен Қазақстан Республика­сының кеден аума­ғына әкелу мақсатында оларды Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерге әкету және пайдалану;

13) өнімнің номенклатурасы (тізімі) – экспорттық бақылауға жататын тауарлар­дың, технологиялардың, жұмыстардың, көр­сетілетін қызметтердің және ақпарат­тың тізбесі;

14) сыртқы экономикалық қызметке қа­ты­сушы (мәлімдеуші) – өнімнің  экспор­тын, кері экспортын, импортын, кері им­пор­тын, транзитін және Қазақстан Рес­публикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуін жүзеге асырушы жеке немесе заңды тұлға;

15) транзит – өнімге кедендік бақы­лау жасай отырып оны Қазақстан Респуб­ликасының кеден аумағы арқылы өткізу;

16) тұтастай қамтитын бақылау – өнімнің номенклатурасына (тізіміне) кірмейтін өнімді бақылау;

17) уәкілетті орган – экспорттық бақылау саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

18) фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесі – экспорттық бақылау ережелерін сақтау мақсатында сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) жүзеге асыратын ұйымдастырушылық, әкімшілік, ақпараттық және өзге де сипаттағы іс-шаралар кешені;

19) экспорт – өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде тұрақты орналастыру немесе тұтыну мақсатында  осы аумақтан әкету;

20) экспорттық бақылау – өнім экс­пор­тының, кері экспортының, импор­тының, кері импортының, транзитінің немесе өнімді Қазақстан Республикасы­ның кеден аумағынан тыс жерде өңдеудің тәртібін Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекет­тік органдары мен фирмаішілік экспорт­тық бақылау жүйесін пайдаланатын сыртқы экономикалық қызметке қатысу­шы­лардың (мәлімдеушілердің) іске асыруы жөніндегі  осы Заңда және Қазақстан Рес­пуб­ликасының экспорттық бақылау сала­сын­дағы өзге де нормативтік құқықтық ак­тілерінде белгіленген шаралар жиынтығы;

21) ядролық және арнайы ядролық емес материалдар – ядролық қаруды таратпау жөніндегі халықаралық режимнің талап­тарына сәйкес осындай деп айқындалған материалдар.

Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы

Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы  Қазақстан Республикасының Конститу­ция­сына негізделеді, осы Заңнан және Қазақ­стан Республикасының өзге де нор­мативтік құқықтық актілерінен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда белгіленгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

Осы Заңның күші осы Заңның 8-ба­бында көрсетілген өнімнің экспортына, кері экспортына, импортына, кері импор­тына, транзитіне және Қазақстан Респуб­ликасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуіне, сондай-ақ Қазақстан Республи­касы экспорттық бақылау жүйесі мемле­кеттік органдарының, сыртқы экономи­калық қызметке қатысушылар­дың (мәлім­деушілердің) қызметіне қолданылады.

Экспорттық бақылаудың негізгі мақсаттары:

1) ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

2) жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау режимін нығайту;

3) халықаралық қатынастардың тұрақ­ты және қауіпсіз жүйесін қалыптастыруға жәрдемдесу;

4) халықаралық қауіпсіздік пен тұрақ­тылықты нығайту, жаппай қырып-жоя­тын қару мен оны жеткізу құралда­рының тара­луын болдырмау болып табылады.

Экспорттық бақылаудың негізгі принциптері:

1) жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін таратпау жөніндегі Қазақстан Республи­касының халықаралық шарттарын сақтау;

2) экспорттық бақылауды жүзеге асыруда саяси мүдделердің басымдылығы;

3) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасы бойынша ақпаратқа қолжетімділік;

4) халықаралық терроризм мен экстремизмді қолдауға жол бермеу;

5) экспорттық бақылау рәсімдері мен ережелерінің жалпыға бірдей танылған халықаралық нормалар мен практикаға сәйкестігі болып табылады.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің экспорттық бақылау саласындағы құзыреті

Қазақстан Республикасының Yкіметі экспорттық бақылау саласында:

1) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді;

2) Қазақстан Республикасында мемлекеттік экспорттық бақылау жүйесін қалыптастырады;

3) өнімнің экспорты мен импортын лицензиялаудың ережелерін бекітеді;

4) импорттаушылардың (түпкі пайда­ланушылардың) кепілдік міндеттемелерін ресімдеу және олардың орындалуын тексеру ережелерін бекітеді;

5) өнімнің транзитіне рұқсат беру ережелерін бекітеді;

6) өнімді Қазақстан Республикасы­ның кеден аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат беру ережелерін бекітеді;

7) сыртқы экономикалық қызметке қа­ты­сушылардың (мәлімдеушілердің) фир­маішілік экспорттық бақылау жүйесі­не қойылатын біліктілік талаптарын бекітеді; 

8) өнімнің номенклатурасын (тізімін) бекітеді.

Уәкілетті органның құзыреті

Уәкілетті орган:

1) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асырады және Қазақстан Республикасы­ның экспорттық бақылау жүйесі мемле­кеттік органдарының қызметін үйлес­тіреді;

2) экспорттық бақылау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;

3) Қазақстан Республикасының экс­порттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, өнімнің номенклатурасын (тізімін) әзірлейді;

4) белгіленген құзыреті шегінде өнім­нің экспортын, кері экспортын, им­портын, кері импортын, транзитін және Қазақстан Республикасының кеден аума­ғынан тыс жерде өңделуін бақылайды;

5) өнімнің экспорты мен импортын лицензиялауды жүзеге асырады;

6) шет мемлекеттермен және халық­аралық ұйымдармен экспорттық бақылау саласындағы шараларды әзірлейді және ынтымақтастықты жүзеге асырады;

7) Қазақстан Республикасының экс­порттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, қажет болған жағдайда өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және оның түпкілікті пайдаланылуын тексеруді жүзеге асырады;

8) кепілдік міндеттеме (түпкі пайда­ланушының сертификатын) береді;

9) өнімнің транзитіне рұқсат береді;

10) мәлімдеушілер мен мүдделі мемлекеттік органдарға тауарларды, тех­нологияларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді, ақпаратты өнімге жатқызу туралы қорытынды береді;

11) өнімді Қазақстан  Республикасы­ның кеден аумағынан тыс жерде өңдеуге рұқсат береді.

Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органдарының құзыреті. Қазақстан Республикасы экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік орган­дары:

1) өнімнің Қазақстан Республика­сы­ның кеден шекарасы арқылы заңсыз өткі­зілуінің алдын алады және жолын кеседі;

2) өз құзыреті шегінде өнімнің экс­порты, кері экспорты, импорты, транзиті және Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуі мәселелерін келіседі.

 Экспорттық бақылауға жататын өнімнің түрлері. Экспорттық бақылануға тиіс өнімнің түрлеріне мыналар жатады:

1) жай қару-жарақ пен әскери техника, ши­­кізат, материалдар, арнайы жабдықтар мен технологиялар, оларды өндіруге байла­ныс­ты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

2) ядролық және арнайы ядролық емес материалдар, жабдықтар, қондыр­ғылар, технологиялар, иондық сәуле шығаратын көздер, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) жабдықтар және тиісті тауарлар мен тех­нологиялар, оларды өндіруге байланысты жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер;

3) экспорттық бақылаудың халық­аралық режимдерінде белгіленетін тізім­дер, тізбелер бойынша химиялық қару жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін химикаттар, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен технологиялар;

4) бактериологиялық (биологиялық) және уытты қару жасау кезінде пайда­ланылуы мүмкін ауру қоздырғыштар, олардың генетикалық жағынан өзгерген нысандары мен генетикалық материал­дың фрагменттері, олардың тізімдерін, тізбелерін экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері белгілейді;

5) зымырандық техника, қозғалтқыш­тар, олардың компоненттері, зымыран­дық техника жасау кезінде қолданылатын жабдық, материалдар мен технологиялар, олардың тізімдерін, тізбелерін экспорттық бақылаудың халықаралық режимдері белгілейді;

6) жаппай қырып-жоятын қару түрлері;

7) ғылыми-техникалық ақпарат, көрсетілетін қызметтер және әскери мақсаттағы өнімге, екіұдай қолданылатын (мақсаттағы) тауарлар мен техноло­гияларға байланысты зияткерлік шығар­машылық қызметтің нәтижелері.

Экспорттық бақылау және оны жүзеге  асыру  тәртібі.

1. Экспорттық бақылау Қазақстан Республикасының заңнамасына, Қа­зақстан Республикасы ратификациялаған жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралда­рын  және қару-жарақ пен әскери техника­ның өзге де түрлерін таратпау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.

 2. Өнімнің экспорты мен импорты лицензиялар негізінде жүзеге асырылады.

 3. Өнімнің экспорты мен импортын лицензиялау Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Қазақстан Республикасынан шығарылатын өнімнің кері экспорты уәкілетті мемлекеттік органның рұқсаты бойынша, кепілдік міндеттеме (түпкі пайдаланушының сертификаты) негізге алына отырып жүзеге асырылады.

5. Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінген өнімнің кері экс­порты өнім шығарылған елдің құзыретті органы­ның рұқсаты бойынша жүзеге асырылады.

6. Қазақстан Республикасының Қару­лы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының немесе басқа мемлекет­тердің Қазақстан Республикасы аум­ағында уақытша орналасқан әскери құра­лымдарының қаруланымында (жарақ­танымында) қолданылып жүрген жарақ­тарды, өнімдерді жөндеу (жаңғырту) мақ­са­тында Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткізу, сондай-ақ өнімді Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңдеу уәкілетті ор­ганның шешімі бойынша жүзеге асы­рылады.

7. Экспорттық бақылауға жататын шикізат не өнеркәсіп өнімі үлгілерінің ең аз мөлшерін көрмелерде көрсету үшін, экспорттық бақылауға жататын, коммер­циялық құндылығы жоқ осы шикізатқа не өнеркәсіп өніміне ықтимал сұранысты анықтау мақсатында зерттеулер (серти­фикаттау) жүргізу үшін өнімді, сондай-ақ  Қазақстан Республикасы ратифика­циялаған халықаралық шарттарды орындау үшін халықаралық ұйымдардың инспек­торлары іріктеп алатын сынамалар үлгілерін Қазақстан Республикасынан әкету лицензиясыз жүзеге асырылады.

8. Өнімнің Қазақстан Республика­сын­ың кеден шекарасы арқылы өткізілуі­не бақылау жасауды Қазақстан Респуб­лика­сының кеден органдары жүзеге асырады.

Информация о работе Азаматтық құқтағы мәміле және оның маңызы