Азаматтық құқтағы мәміле және оның маңызы

Автор: Пользователь скрыл имя, 31 Марта 2012 в 18:41, дипломная работа

Описание работы

Бұл диплом жұмысында мәміленің күнделікті қарым-қатынастар барысындағы маңыздылығына талдау жасалып, мәміленің шарттарына, түрлеріне және ерекшеліктеріне кеңінен тоқталып, талдап қорытынды жасалады.

Содержание

КІРІСПЕ....................................................................................................................4

1 АЗАМАТТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ МӘМІЛЕ ТҮСІНІГІ.................................6

1.1 Мәміленің түсінігі және түрлері......................................................................6

1.2 Жарамды және жарамсыз мәмілелер.............................................................10

1.3 Сыртқы экономикалық мәмілелер және оларды жасау тәртібі...................14



2 АЗАМАТТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАР МӘМІЛЕНІҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЫСАНЫ РЕТІНДЕ.............................................................................................25

2.1 Шарт ұғымы және оның маңызы...................................................................25

2.2 Азаматтық – құқықтық шарттардың түрлері................................................27

2.3 Шарттарды жасасу тәртібі..............................................................................37



3 ҚАЗІРГІ АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ ШАРТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТАБИҒАТЫ...........................................................................................................50



ҚОРЫТЫНДЫ.................................................................................................... 55



ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ................................................... 57

Работа содержит 1 файл

Азаматтық-құқықтық қатынастрадағы мәмлелер.doc

— 345.50 Кб (Скачать)

9. Егер Қазақстан Республикасы рати­фикациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, сыртқы экономика­лық мәмілелерді жүзеге асыру кезінде мәлім­деуші келісімшарт талаптарында Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесі мемлекеттік органда­рының өнімнің түпкі пайдаланылуын тексеруге қол жет­кізуін қамтамасыз етуді көздеуге міндетті.

10. Уәкілетті орган өнім шығарылған елдің құзыретті органы берген рұқсаттың дұрыстығын айқындауға құқылы.

10-бап. Тұтастай қамтитын бақылау

1. Тұтастай қамтитын бақылау талап­тарын қамтамасыз ету мақсатында, егер сыртқы экономикалық қызметке қаты­сушыларға (мәлімдеушілерге) осы өнім және зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері шет мемлекеттің не шетелдік­тердің немесе шетелдік заңды тұлғалардың жаппай қырып-жоятын қару мен жеткізу құралдарын жасау мақсатта­ры үшін пайда­ланылатыны анық белгілі болса, оларға бұл өніммен, зияткерлік шығарма­шылық қыз­мет нәтижелерімен сыртқы экономи­калық мәмілелер жасасуға немесе оларға өзге де кез келген түрде қатысуға тыйым салынады.

2. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) Қазақстан Республикасының лицензиялау туралы заң­намасында белгіленген тәртіппен осы Заң­ның 8-бабының қолданылу аясына жатпай­тын өніммен, зияткерлік шығарма­шылық қызмет нәтижелерімен сыртқы экономи­калық мәмілелерді жүзеге асыру үшін уәкі­летті мемлекеттік органның лицензиясын:

1) оларды Қазақстан Республика­сының экспорттық бақылау жүйесінің уәкілетті органы немесе өзге де мемлекет­тік органы аталған өнім мен зияткерлік шығармашылық қызмет нәтижелері осы баптың бірінші тармағында көрсетілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін екендігі туралы хабардар еткен;

2) олардың  аталған өнім мен зият­керлік шығармашылық қызмет нәти­желері осы баптың бірінші тармағында көрсе­тілген мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін деп пайымдауларына негіз болған жағдайларда алуға міндетті.

11-бап. Ұйымдардағы фирмаішілік экспорттық бақылау жүйесі

Осы Заңда және Қазақстан Республи­касының өзге де нормативтік құқықтық актілерінде белгіленген экспорттық бақы­лау ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету үшін жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін жасау кезінде пайдаланылуы мүмкін өнімге қа­тыс­ты сыртқы экономикалық қызметті жү­зеге асыру кезінде экспорттық бақылау ере­желерін орындауды қамтамасыз ету, аталған салада құқық бұзушылықты бол­ғызбау үшін сыртқы экономикалық қыз­метке қатысу­шылар (мәлімдеушілер) фир­маішілік  экспорттық бақылау жүйелерін құрады.

12-бап.  Өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын тексеру

1. Өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пай­даланылуын тексеруді Қазақстан Рес­пуб­ликасының заңнамасына және Қазақ­стан Республикасы ратификация­лаған халықаралық шарттарға сәйкес уәкілетті орган Қазақстан Республика­сының экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарымен бірлесе отырып, мына негіздер бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асырады және тағайындайды:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сыртқы экономикалық қызметке қатысу­шылардың (мәлімдеушілердің) Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасының талаптарын бұзуы туралы куәландыратын мәліметтерді алу;

2) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың (мәлімдеушілердің) жаппай қырып-жоятын қаруды, жеткізу құралдарын және қару-жарақ пен әскери техниканың өзге де түрлерін таратпау жөніндегі Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтамауы.

2. Тексеру уәкілетті орган берген тексеруді тағайындау туралы актінің негізінде жүргізіледі.

Тексеруді тағайындау туралы акт уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тексеру актілерін тіркейтін арнайы журналында тіркелуге тиіс.

Тексеруді тағайындау туралы акт Қа­зақ­стан Республикасының заңнама­сында белгіленген тәртіппен құқықтық статис­тика және арнайы есепке алу саласындағы статистикалық қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органда (бұдан әрі – құқықтық статистика жөніндегі орган) міндетті түрде тіркеледі.

3. Тексеруді жүргізудің басталуы тексе­руші лауазымды тұлғаның (тұлға­лардың) қызметтік куәлігін міндетті түрде көрсете отырып,  тексерілетін сыртқы эконо­мика­лық қызметке қатысушыға (мәлімдеушіге) тексерудің тағайындалуы туралы актіні тапсырған кезден бастап есептеледі. 

Тексеруді өнімді тиеп жіберу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген лауазымды тұлға (тұлғалар) ғана жүргізеді.

Өнімді тиеу алдындағы кезеңде және (немесе) оның түпкілікті пайдаланылуын тексеруді тағайындау туралы бір актінің негізінде бір ғана тексеру жүргізілуі мүмкін. 

4. Тексеруді жүргізу мерзімі күнтіз­белік отыз күннен аспауға тиіс, арнайы зерттеулер, сынаулар, сараптамалар жүргізу қажет болған кездегі ерекше жағдайларда, сондай-ақ тексеру көлемінің едәуір болуы­на байланысты уәкілетті органның бас­шысы (не оны алмасты­ратын адам) тексеру жүргізу мерзімін ұзартуы мүмкін, бірақ ол күнтізбелік отыз күннен аспауға тиіс.

Тексеру мерзімін ұзартқан жағдайда уәкілетті орган тексерудің ұзартылғаны ту­ралы құқықтық статистика жөніндегі орган­да тіркей отырып, міндетті түрде қосымша акті ресімдейді, онда  тексеру­дің тағайындалғаны  туралы алдыңғы актінің тіркелген нөмірі мен күні және оның ұзартылу себептері көрсетіледі. 

5. Тексеруді тағайындау туралы акт сырт­қы экономикалық қызметтің бір қаты­сушысына (мәлімдеушісіне) ресім­деледі.

6. Тексеру аяқталғаннан кейін оны жүзеге асырған уәкілетті органның лауа­зымды адамы Қазақстан Республика­сының экспорттық бақылау туралы заң­намасының сақталуы мәніне тексеру нә­ти­желері туралы екі данада акт жасайды.

7. Сыртқы экономикалық қызметтің тексерілетін қатысушысына (мәлімдеу­шісіне) тексеру нәтижелері туралы актінің тапсырылған күні тексеру мерзімінің аяқталуы болып есептеледі.

Тексеру нәтижелері туралы акт тексеруді тағайындау туралы актіде көрсетілген тексерудің аяқталу мерзімінен кешіктірілмей тапсырылады.

13-бап. Сыртқы экономикалық мәмілелердің есебі

1. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) экспорт­тық бақылау мақсаттары үшін өніммен сыртқы экономикалық мәмілелердің есебін жүргізуге міндетті.

2. Өніммен, зияткерлік шығарма­шылық қызмет нәтижелерімен сыртқы эко­номикалық мәмілелерге қатысты құ­жат­тар, егер Қазақстан Республи­касының заңнамасында неғұрлым ұзақ сақтау мер­зімі белгіленбесе, бес жыл бойы сақталуға тиіс.

3. Экспорттық бақылау мақсаттары үшін сыртқы экономикалық мәмілелер есебінің ережелері мен нысанын уәкілетті орган айқындайды.

14-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылауға байланысты халықаралық санкцияларға қатысуы

Қазақстан Республикасының бір мем­лекетке немесе бірқатар мемлекеттерге қатысты экспорттық бақылауға байланыс­ты халықаралық санкцияларға қатысуы және бұл санкциялардың қолданысқа енгізілуі Біріккен Ұлттар Ұйымы немесе басқа да халықаралық ұйымдар шешім­дерінің негізінде Қазақстан Республи­касының заңнамасымен айқындалады. Жекелеген жағдайларда мұндай санк­цияларды Қазақстан Республикасы біржақты қолдана алады.

15-бап.  Өнімнің экспортын, импортын, транзитін және Қазақстан  Республикасының кеден аумағынан тыс жерде өңделуін шектеу

1. Шет мемлекеттер Қазақстан Рес­пуб­­ликасы алдында алған міндет­темелерін бұзған жағдайда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табы­латын халықаралық ұйымдар­дың шешім­дері бойынша өнімнің экспор­тына, импор­тына, транзитіне және Қа­зақ­стан Респуб­ликасының кеден аума­ғынан тыс жерде өңделуіне Қазақстан Республикасының шектеулер енгізуге,  оларға эмбарго белгі­леуге  дейін құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасының Үкі­меті ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының халық­аралық шарттарын орындау мүдделерін негізге ала отырып, өнімнің экспортына, импортына, транзитіне және Қазақстан Республикасы­ның кеден ау­мағынан тыс жерде өңделуіне шектеулер енгізілетін мем­лекеттердің тізбесін белгі­лейді және жекелеген мемле­кеттер мен ұйымдарға қа­тысты санкция туралы ақпа­ратты сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) назарына жыл сайын жариялап отырады.

16-бап. Экспорттық бақылау саласындағы ақпаратты беру жөніндегі міндеттеме

1. Уәкілетті орган Қазақстан Респуб­ликасының экспорттық бақылау жүйесі­нің мемлекеттік органдарынан және шет мемлекеттердің органдарынан, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан (мәлімдеушілерден) экспорттық бақылау саласына жататын қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.

2. Қазақстан  Республикасының экс­порт­тық бақылау жүйесінің мемлекеттік орган­дары уәкілетті органнан, Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің басқа да мемлекеттік органда­рынан және шет мемлекеттердің органда­рынан, сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан (мәлімдеушілерден)  экспорттық бақылау саласына қатысты қажетті құжаттар мен ақпаратты сұратуға және алуға құқылы.

3. Экспорттық бақылау саласындағы сыртқы экономикалық қызметке қаты­сушылар (мәлімдеушілер) ұсынған құжат­тар мен ақпарат тек қана экспорттық бақылау мақсатында пайдаланылады.

4. Мемлекеттік құпияларды, коммер­циялық және өзге де заңмен қорғалатын құпияны құрайтын құжаттар мен ақпарат, сондай-ақ экспорттық бақылау сала­сын­дағы сыртқы экономикалық қызметке қатысушыларға (мәлімдеушілерге) қатысты құпия ақпаратты Қазақстан Республи­касының экспорттық бақылау жүйесінің уәкі­летті органы мен мемлекеттік орган­дарының лауазымды тұлғаларының қызметтік емес мақсаттар үшін жария етуіне, қолдануына болмай­ды, сондай-ақ Қазақстан Республи­касының заңдарында көзделген жағдай­ларды қоспағанда, оны мемлекеттік органдарға және үшінші тұлғаларға беруге болмайды.

5. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар (мәлімдеушілер) уәкілетті органның және Қазақстан Республикасы­ның экспорттық бақылау жүйесінің мемлекеттік органдарының талабы бойынша аталған органдардың осы Заңда көзделген міндеттер мен функцияларды орындауы үшін қажетті құжаттар мен ақпаратты ұсынуға міндетті.  

17-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау саласындағы халықаралық ынтымақтастығының мақсаттары мен нысандары

1. Қазақстан Республикасы экспорт­тық бақылау және жаппай қырып-жоятын қа­руды таратпау режимдерін күшейту са­ла­сында шет мемлекеттермен және халық­аралық ұйымдармен ынты­мақтастық жасайды.

2. Қазақстан Республикасының экс­порттық бақылау саласындағы халық­аралық ынтымақтастығы:

1) жаппай қырып-жоятын қаруды, жет­кізу құралдарын, сондай-ақ оларды жа­сау технологияларын таратуды болғыз­бау жөнінде шет мемлекеттермен бірге күш-жігерді және өзара іс-қимылды үйлестіру;

2) халықаралық қатынастардың тұрақты және қауіпсіз жүйесін қалыптас­тыруға жәрдемдесу;

3) Қазақстан Республикасының экономикасын әлемдік экономикаға тең құқықты және өзара тиімді негізде ықпал­дастыру үшін қолайлы жағдайлар жасау;

4) Қазақстан Республикасының өнім­мен, зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелерімен, оның ішінде зияткерлік шы­ғармашылық қызмет нәтижелеріне құқық­тармен халықаралық алмасуға қаты­суын жан­дандыру, сыртқы экономикалық қызмет­ке қатысушы­лардың (мәлімдеу­ші­лердің) жо­ғары технологиялардың әлемдік нарық­тарына енуі үшін мүмкіндіктерді ұлғайту;

5) экспорттық бақылаудың халық­ара­лық және мемлекетішілік тетіктерін жетіл­діру, Қазақстан Республикасының экс­порттық бақылау туралы заңнамасын бұзу фактілерін және оларды бұзған тұлғаларды анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

3. Қазақстан Республикасының экс­порттық бақылау саласындағы халық­аралық ынтымақтастығы Қазақстан Рес­публикасының халықаралық экспорттық бақылау режимдеріне және халықаралық форумдарға қатысуы, шет мемлекет­термен және халықаралық ұйымдармен келіссөз­дер мен консультациялар жүргізу, өзара ақпарат алмасу, сондай-ақ аталған салада екіжақты және көпжақты негізде бірлескен бағдарламалар мен өзге де іс-шараларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады.

4. Қазақстан Республикасының мем-лекеттік органдары экспорттық бақылау саласында халықаралық ұйымдармен, шет елдердің мемлекеттік органдарымен, сон­дай-ақ шетелдік үкіметтік емес ұйымдар­мен Қазақстан Республикасының заңнама­сында белгіленген тәртіппен өз құзыреті шегінде өзара іс-қимылды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы экспорттық бақылаудың мемлекетішілік тетіктерінің тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесуді мақсат ететін отандық ұйымдар мен шетелдік үкіметтік емес ұйымдар арасындағы келісімшарттарды дамытуға және ақпарат алмасуға жәрдемдеседі.

18-бап. Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық

Қазақстан Республикасының экспорт­тық бақылау туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.

19-бап.  Қазақстан Республикасының экспорттық бақылау жүйесінің  уәкілетті органы мен мемлекеттік органдары лауазымды тұлғаларының  шешімдеріне және әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)  шағым жасау

Қазақстан Республикасының экс­порт­тық бақылау жүйесінің уәкілетті органы мен мемлекеттік органдары лауазымды тұлғаларының экспорттық бақылауды жүзеге асыру кезіндегі ше­шімдері мен әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) Қазақстан Республикасының заңнама­сына сәйкес шағым жасалуы мүмкін.

20-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу тәртібі

 

Информация о работе Азаматтық құқтағы мәміле және оның маңызы