Қылмыстық іске барған жасөспірім

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2012 в 20:05, курсовая работа

Описание работы

Өзектілігі: Қазіргі кезде көптеген жасөспірімдер өздерінің дамуында жағымсыз жағдайларға, отбасы дамуында және қоғам бақылауынан тыс қалуына байланысты, жағымсыз микроортаның әсер етуі, әсіресе антиқоғамдық жүріс-тұрыстық тәжірибесі бар адамдардың әсер етуіне байланысты қылмыс жолына түсіп жатыр.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................
1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау..............................................................
1.2 Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының себептері және оған әсер ететін жағдайлар.....................................................................................
1.3 Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау.............................................................................................
2. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеті.....................................................
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары..........................................................
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы......................................................................................................................
Қорытынды.............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................
Қосымша

Работа содержит 1 файл

Қылмыстық іске барған жасөспірім.doc

— 521.00 Кб (Скачать)

Көптеген зерттеулерде құқық бұзушы – жасөспірімдердің танымдық және қоғамдық қызығушылығының төмен деңгейде дамуы мінезделенетінін белгілеп көрсеткен. Бұндай жасөспірімдердің идеалдарының қалыптасуына құрдастары, негізінен жастары жоғары антиәлеуметтік мінез-құлық тәжірибесі бар адамдар әсер етеді. Бұл жасөспірімдердің көпшілігінде мынадай жеке адамдық қасиеттер басым: жалқаулық, жігерсіздік, жауапкершіліксіздік, конформизм, агрессия және т.б.

 

Эксперименттік зерттеу мәліметтерін сандық өңдеудің келесі кезеңінде сауалнама нәтижелерін талдауда біз зерттеу үшін маңызды факторларға ғана тоқталамыз.

 

 Кесте - 5. Зерттелінушілер түсінігі бойынша жасөспірімдерді құқық ережелерін бұзуға әкелетін факторлар

 

Бақылау  тобы

Зерттеу тобы

1.

 

2.

 

3.

 

4.

 

5.

6.

 

7.

8.

Кездейсоқ, яғни бос уақытты  қызықты өткізу мақсатында.

Топтағы лидер ықпалынан.

 

Бірге жүрген жолдастарға  еліктеу жағдайда.

Ата-ана жылылығы жетпеуінен.

Үйден қашып кеткен жағдайда

 

Дос-жолдастардан кем қалмау.

 

Өз тобымыздың ережесін орындау қажет.

Толыққанды өмір сүру үшін.

Бізді кемсітушілерден  кек алу жағдайында.

Өз өмірімізге көңіл  толмайды.

Өзімізге көңіл аударту  үшін.


 

Эксперименттік зерттеуге қатысқан жасөспірімдердің қылмысқа бару немесе құқық ережелерін бұзу туралы түсініктерін зерттей келе олардың  ең маңыздыларын топтастыруға болады:

1. Қылмыс – құқықтық норманы бұзу.

2. Моральдық норманы бұзу.

3. Қылмыс бұл зиян келтіру.

4. Зәбір шегушінің құқығын бұзу.

5. Қылмыс – заңды бұзу.

6. Қылмыстың артынан жазалау болу керек.

7. Қылмыс – кінәлі іс.

8. Қылмыс жағымсыз қылық.

9. Қылмыс шешім таба алмаған жағдайда атқарылатын іс.

10.Қылмыс топтың ықпалымен, әсерімен атқарылатын іс.

Эксперименттік зерттеу мәліметтерін өңдеудің келесі кезеңінде эксперименттік зерттеуге қатысқан  екі топ өкілдерінің пайымдауынша  адамзат қоғамында жасалынатын қылмыс түрлерінің ауырлығы мен адамзатқа келтіретін зияны туралы көзқарастары айқындалды. Бұл үшін қоғамда ең көп тараған қылмыс түрлерінің жүйесі жасалынып, еркін сауалнаманың қорытындысы бойынша, біз жасөспірімдердің қылмыс түрінің ауырлығы туралы түсініктерін рангілеуді ұсындық.

 

Кесте - 6. Жасөспірімдердің қылмыс түрінің ауырлығы туралы түсініктері

 

 Қылмыс түрлері

Зерттеу тобы

Бақылау тобы

1

Адам өлтіру

1

1

2

Зорлық–зомбылық жасау

4

6

3

Ұрлық

6

4

4

Терроризм

3

2

6

Тонау

5

6

7

Бұзақылық

8

7

8

Алаяқтық

7

8

9

Коррупция

2

3


 

Кестеден көріп отырғанымыздай жасөспірімдердің қылмыс түрінің ауырлығы туралы түсініктерінде айтарлықтай  айырмашылықтар байқалмайды. Бұл жайт қылмыс жасаған жасөспірімнің кейде отбасының жоқтығы, оның бұзылуы әлде жанұялық қатынастың шиеленісуі т.б. себептермен көптеген зерттелінушілерде құқық ережелерінің маңыздылығының төмендеуі байқалады.    Жасөспірім кезеңде балалар мен ата-аналар арасында көптеген шиеленістер болады. Олар жасөспірімдердің өз ата-аналарының білдірген қарсылықтарын, пікірлерін, тыйымдарын жағымсыз қабылдап өздерін еркін сезінуге ұмтылады және осы кезеңде ескерте кетерліктей жасөспірімдер өз құрбы-жолдастарының қарым-қатынасын қажет етеді. Осы кезеңде оған деген қарым-қатынасы жоғары қажеттілікте және олардың ортасында өзін бекітуге ұмтылады. Сонымен бірге құрбы-жолдастарының пікіріне көп мән береді.

Біз жұмыстың теориялық  бөлімінде талдаған психологиялық әдебиеттермен зерттеулерде «қылмысқа барған» жасөспірімді жеке тұлғалық әлеуметтенудің төменгі деңгейімен мінездемелейді және оны тәрбиелеудегі үш сфераның жетіспеуінің салдарынан болатынын айтып өткенбіз. Бұл жанұяның, мектептің және ұйымның, өндірістің дұрыс тәрбие бермеуі, екінші жағынан, үлкен әсер тигізуші – бұл қоршаған орта, яғни жағымсыз топтың ықпалының зор екенін айқындайды.

Қылмыс жасаған жасөспірімнің өз өмірінің бақылауын жоғалту біртіндеп мүмкіндігінің шектелуіне және өзінің жағдайына ықпал ету жағдайлардағы мінез-құлықтың деформациясына әкеледі. Бұл тұжырымдардың дәлелі ретінде біз жеке индивидуалды әңгімелесуді, сондай-ақ аяқталмаған сөйлем әдісінің нәтижелерін алуымызға болады.

Эксперименттік  зерттеу мәліметтерін өңдеудің келесі кезеңі зерттеу болжамын дәлелдеуге бағытталады. Біз эксприменттік және бақылау тобы жасөспірімдерінің тұлғалық құндылықтары жүйесінің арасында елеулі айырмашылықтардың бар екендігі туралы зерттеу болжамын дәлелдеу үшін  жүргізілген зерттеу әдістемелерінің шкалалық мәліметтері арасындағы айырмашылықты, біз Стьюдент критерийі арқылы анықтадық.

Стьюдент критерийі тәуелді және тәуелсіз топтарға арналған жеке есептеу тәсілдерін ұсынады. Стьюдент критерийінде сандық шамалармен жұмыс жасалынады. Тәуелсіз таңдау тобы көрсеткіштері – бұл әртүрлі екі топтан алынған мәліметтер. Стьюдент критерийі екі таңдау тобы көрсеткіштерінің ортаңғы мәндерінің арасында айырмашылықтың болуы немесе болмауы жөніндегі гипотезаны анықтауға бағытталған. Стьюдент критерийі бойынша орта мәннің айырмашылығын есептеуде мына формула қолданылады:

 

t

        М1 және М2 - әр таңдау тобының орта мәндері

S12  және S22 - әр таңдау тобының стандартты ауытқуы

n1 және n2 - әр таңдау тобының элементтерінің саны

 

Бұл үшін біз  алдымен зерттеу болжамын қалыптастырамыз.

Н0 эксперименттік және бақылау тобының жасөспірімдерінің тұлғалық құндылықтары жүйесінің арасында елеулі айырмашылық жоқ.

Н1- эксперименттік және бақылау тобының жасөспірімдерінің тұлғалық құндылықтары жүйесінің арасында елеулі айырмашылық бар.

 

Кесте - 7. Зерттелінушілердің құндылықтық бағдарлар жүйесінің айырмашылығын анықтау мәліметтері

 

Зерттеу тобы

Бақылау тобы

р/с

Х-М

(Х-М)

р/с

Х-М

(Х-М)

1

5,32

10,64

1

2,6

5,2

2

0,68

1,36

2

8,6

17,2

3

11,68

23,36

3

3,6

7,2

4

2,32

4,64

4

14,6

29,2

5

3,32

6,64

5

20,6

41,2

6

8,32

16,64

6

13,6

27,2

7

7,68

15,36

7

8,6

17,2

8

12,32

24,64

8

0,6

1,2

9

9,32

18,64

9

1,4

2,8

10

1,32

2,64

10

7,4

14,8

11

3,32

6,64

11

10,6

21,2

12

4,68

9,36

12

15,4

30,8

13

3,32

6,64

13

12,6

25,2

14

6,68

13,36

14

13,4

26,8

15

2,32

4,64

15

6,6

13,2

16

2,32

4,64

16

1,4

2,8

17

11,32

22,64

17

8,4

16,8

18

8,32

16,64

18

9,6

19,2

19

8,32

16,64

19

5,6

11,2

20

5,68

11,36

20

8,6

17,2

Σ

 

219

Σ

 

347


 

M1 = 5,32                                                                                     M2 =2,6

n1 = 20                                                                                            n2 =20

S1 =219/ 20-1=9,95                               S1 =347/ 20-1=16,35

 

t = 5.32 –  = 4,29             t эмп  = 4,29

Енді шеткі мәндер кестесі бойынша критерийдің n1=20 және n2=20 үшін t критикалық мәнін табамыз. f = 20 + 20 – 2 = 38

t крит =                     

t эмп > t крит   жағдайы негізінде  Н0 шеттетіп, Н1 толық сеніммен қабылдаймыз.

 

Демек, эксперименттік және бақылау тобы жасөспірімдерінің тұлғалық құндылықтары жүйесінің арасында елеулі айырмашылық бар деген қорытынды жасаймыз.

Сонымен, біз бостандықтан айыру жағдайындағы қылмыс жасаған  жасөспірім тұлғалардың мағыналық сферасының күрделі өзгеруіне әкелетінін, олардың мінез-құлықты реттеудің жоғарғы құндылықтық деңгейінен бастап бағдарлау деңгейіне дейін болатыны туралы зерттеу көзқарасымызды негіздеуге мүмкіндік алдық.

Қоғамдағы жасөспірімдер арасында қылмыстың көбеюі - құқықтық сананың жеке тұлға бойында қалыптасуында белгілі бір жағдайлардың әсерінен бұзылуы, оған себебін тигізетін қарым-қатынас болуы мүмкін. Бұндай жағдайларда адам қылмыс жасауы да мүмкін. Міне осындайларды болдырмау үшін жасөспірімдердің құқықтық санасының қалыптасуындағы психологиялық ерекшеліктерді ескерген жөн.   

 

Эксперименттік  бөлім бойынша тұжырым

 

Қылмыс жасаған жасөспірімдерге жүргізілген эксперименттік зерттеу нәтижесінде, қылмыс үшін жазасын бас бостандығынан айыру арқылы өтеу кезінде құндылықтар жүйесінің негізі ретінде тұлғалық мағыналық сферасына жағымсыз әсері айқындалды. Бұл әсіресе, жасөспірімнің үйренген өмірлік ортасынан алшақтауы және жаңа әлеуметтік жағдайға бейімделу қажеттілігі, бостандықтағыдай өзінің қажеттіліктері мен құндылықтарын жүзеге асыруға  мүмкіндіктің шектеулілігімен сипатталады.

Бұл жайттар өз кезегінде  олардың болашақ өмірінің бейнесін жағымды қалыптастыруға кедергі  келтіретін маңызды психологиялық  мәселелер болып саналады. Себебі, жазасын өтеп жатқан жасөспірімдердің болашақ өмірінің бейнесін, мағынасын қалыптастыратын тұлғаның құндылықтар иерархиясы бостандықтан айыру жағдайында күрделі өзгерістерге түседі. Бұл кезеңдегі ең маңыздысы - жеке индивидуалды, әлеуметтен тыс тіршілік етуді қамтамасыз ететін құндылықтар бірінші реттік маңызға ие болады.

Сондай-ақ жасөспірімдер  өзінің болашақ өмір жолы туралы түсінігінің  бұзылуы және олардың көбісі үшін дәл қазіргі қалыптасқан жағдайлар  олардың  болашақ туралы толыққанды бейне қалыптастыруы үшін  тікелей кедергі жасайды. Бұл жайттар эксперименттік зерттеу мәліметтерімен дәлелдене түсті. Бақылау тобымен салыстырғанда оларда өмірдің мағыналық көрсеткіштерінің ситуациялық төмендеуін аңғаруға болады.

Біздің ойымызша қылмыскер  жасөспірім тұлғасының құндылықтық- мағыналық сферасын түзету мақсатында психологиялық әсер ету тұлғаның мағыналық құрлымдарын сақтау принципіне және тұлғаны маңызды іс-әрекет принципіне қосуға негізделуі қажет. Себебі, көптеген жасөспірімдерде  құндылықтың мағыналы компоненті ғана емес, сондай-ақ әрекеттік (мағыналық бағдарлар, локус бақылау, өзінің болашақ өмірін жоспарлау) құрылымдар да ауытқуларға ұшыраған. Мұндағы психологтың басты міндеті - оларға  позитивті бейне құруға және болашаққа үміттенуге көмектесу мен қатар олардың тұлғалық өзін-өзі жүзеге асыруына барынша тиімді жағдай жасау.

Сондай-ақ, қылмыскер  жасөспірім тұлғасының мағыналық сферасының болашақ бейнесін қалыптастыру  жолдарын коррекциялау үшін бірқатар мазмұнды психологиялық жұмыстар бағытын  құруға болады: оларға бойындағы құндылықтар иерархиясы түзеу мекемесінің дәл қазіргі арнайы жағдайларында қалыптасқанын және бостандықтағы өмірге адекватты емес болғандықтан мақсатқа бағытталған түзеуді талап ететінін түсіндіру; жасөспірімдерге болашаққа мақсат құру процесін белсендендіруге, болашақ үшін маңызды құндылықтардың мағынасына терең  үңілуге көмектесу; жасөспірімдерге өзінің өміріне қатысты оның кезеңдері мен жеке оқиғаларға тұтас жағымды бағдарларды құруға күш салу; оларға әр адам өзінің тіршілігінің мағынасын табу керектігін және бұл мағынаны жүзеге асыруға болашақта тікелей жауапты екені туралы  саналы бағдар қалыптастыру.

Бұл бағыттағы жұмыстардың  табыстылығы, яғни қылмыс жасаған жасөспірім тұлғасының құндылықтары иерархиясының  өзгеруі, әлеуметтік құндылықтармен және  болашақ мағыналық бағдармен үйлесімді болуымен шарттастырылған. Бұл орайда  осы мекеме психологының жоғарыда көрсетілген шараларды жүзеге сәтті асыруы жасөспірім тұлғасының еңбекпен түзеу мекемесі жағдайына  алғашқы бейімделу кезеңінде ғана емес, оның бостандыққа шығар алдындағы кезеңінде де болашақ өмір бейнесін қалыптастыруы мен тұлғалық құндылықтарын  мағыналандыру ұтымды болып табылады.

 Қорыта келгенде, зерттеудің мақсаты мен міндетін жүзеге асыру барысында жүргізілген зерттеуде алынған болжам толығымен расталып, бітіру жұмысы өз мақсатына жетті деп айтуға болады.   

Информация о работе Қылмыстық іске барған жасөспірім