Қылмыстық іске барған жасөспірім

Автор: Пользователь скрыл имя, 02 Декабря 2012 в 20:05, курсовая работа

Описание работы

Өзектілігі: Қазіргі кезде көптеген жасөспірімдер өздерінің дамуында жағымсыз жағдайларға, отбасы дамуында және қоғам бақылауынан тыс қалуына байланысты, жағымсыз микроортаның әсер етуі, әсіресе антиқоғамдық жүріс-тұрыстық тәжірибесі бар адамдардың әсер етуіне байланысты қылмыс жолына түсіп жатыр.

Содержание

КІРІСПЕ................................................................................................................
1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1.1 Қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық психологиясының ерекшелігін анықтау..............................................................
1.2 Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының себептері және оған әсер ететін жағдайлар.....................................................................................
1.3 Қылмысқа барған жасөспірімдердің болашақ өмір бейнесінің қалыптасуын анықтау.............................................................................................
2. ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ БӨЛІМІ
2.1 Зерттеудің мақсаты, болжамы мен міндеті.....................................................
2.2 Зерттеу әдістемелерінің сипаттамалары..........................................................
2.3 Зерттеу мәліметтерінің сандық өңдеуі мен сапалық талдауы......................................................................................................................
Қорытынды.............................................................................................................
Қолданылған әдебиеттер тізімі............................................................................
Қосымша

Работа содержит 1 файл

Қылмыстық іске барған жасөспірім.doc

— 521.00 Кб (Скачать)

    Алғашқы екі-үш ай–бұл алғашқы адаптация кезеңі деп аталады.Ол сотталғандардың психологиялық күйінің кернеуімен ерекшеленеді. Келесі кезеңде сотталғандардың құндылығы қайта бағдарланып, микроортаның құндылықтарын, нормаларын қабылдап, жаңа жағдайға мінез-құлық стратегиясы мен  тактикасын құрады. Барлық жаза өтеушілер өзіндік бағаны қайтаруды армандайды. Түрмеде, колонияда адам белсенді іс-әрекетпен өз жағдайын жақсарта алмайды.

    Жазасын өтеуші адамның бүкіл өмірі түзету мекемесінің режимінің типімен анықталады. Түзету мекемесінің әкімшілігі жағында күштеп әсер етуге құқығы бар. Түзету мекемесінің режиміндегі жазасын өтеуші жасөспірімнің өмірлік режимі күнделікті қатаң тәртіпте болады, ол жаза өтеудің құралы, түзету, қайта тәрбиелеу амалдары болып табылады. Түзету мекемесінің режимі жазасын өтеуші жасөспірімнің мінез-құлқында жағымды дағдыларды қалыптастыруға көмектеседі.

    Түзету мекемесі іс-әрекетінің психологиялық негіздерін қарастыруда олардың іс-әрекетінің екі негізгі міндетін бөліп көрсетуге болады: біріншісі, құқықтық жазаны орындау,екіншісі, сотталған тұлғаны –қайта түзеу- қоғамға қажетті бейімделгіш мінез-құлықтың қасиеттерін қалыптастыру болып табылады.

    Түзету мекемесінің негізгі тәрбиелік іс-әрекетінің ерекшелігі- жауапқа тартылғандарды тәрбиелеу кезіндегі қиындықтардың болуы. Тұлғаны қайта тәрбиелеу үшін түзету мекемесіндегі қызметкерлер әр сотталған адамның  тұлғалық ерекшеліктерін білу керек. Бұл міндет қиын әрі көп көлемді болып келеді. Оны орындау арнайы психологиялық білімді, тұлға құрамындағы бағдарды, мінез-құлық динамикасын, әсер ету амалдарын талап етеді. Түзету мекемесінде әсер ету жүйелері жеке индивидуалды бағыттылықсыз алдына қойылған міндеттерді орындай алмайды. Жеке индивидуалды тәрбиелік  жұмыстың табыстылығы тәрбиешінің педагогикалық- психологиялық  компитенттілігіне байланысты. Түзету мекемесінің тәрбиелік жұмысының негізгі мәселелеріне шолу жасайтын болсақ, ондағы тұлға туралы мәліметтерді алу көзі түзету мекемесінің зерттеу әдістері болып табылады.

1. Жеке ісінің және басқа құжаттармен танысуы;

2. Объективті қосылған бақылау;

3. Зерттеулі әңгіме (сұрақ әдісі);

4. Медициналық зерттеу мәліметтерін талдау;

5. Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері туралы мәліметтерді талдау;

6. Әр түрлі тәрбиелік әсердің нәтижелерін талдау.

Сонымен, қорыта келгенде, біз қылмысқа барған жасөспірімдердің делинквентті мінез-құлық ерекшелігін қарастыра отырып, мынадай қорытындыға келеміз. Қылмысқа барған жасөспірімнің делинквенттілігі – бұл заңның немесе қоғамдық нормалардың бұзылуында жүзеге асырылатын әрекеттердің кең ауқымы үшін нақты емес түсінік болып табылады.Жалпы қылмысқа барған жасөспірімдерді А.Я. Колодная, А.Б. Сахарова, В.Н. Кудрявцев, В.Л. Василев және т.б. осы секілді  көптеген авторлар қарастырып, өз үлестерін қосқан болатын.

 

        1.2. Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының

         себептерi және оған әсер ететiн жағдайлар

 

Қылмысқа барған жасөспірімдердің арасында әртүрлі қылмыстың терең тамырлануы кімді болса да, алаңдатпай қоймайды. Құқықтық мемлекетке қадам басқан шақта қоғамға саналы адам қалыптастыру мемлекетіміздің басты міндеттерінің бірі болатын болса, ол міндетті іске асыруға басты мақсат жасөспірімді жаңа рухта, жаңа көзқараста тәрбиелеуден айқын көрінеді.

Бесіктен белі шықпай жатып, әрбір оғаш қадамына селт етпей сергек  қараған жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке баруына байланысты себеп не? Кім кінәлі? Қоршаған  орта ма? Әлде мектеп пе? Әлде жүре  түзеліп кетер деп  қылмыстық әрекеттер істеген баласының әрекетіне немқұрайлы  қарайтын  ата-ана ма?

Болашақ өмірі мен тағдырын  бейтарап  қалдырмайтын  кез-келген  адамның осы сұраққа жауап іздеуі белгілі.

Қылмысқа барған жасөспірімдердiң есейе келе, өздерiнiң жасаған қылмыстық әрекеттері үшiн үлкен өкінішпен қарау жағдайы көп болып тұрады. Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық әрекеті өмірде болып жатқан нақты жағдайларына тікелей байланысты емес. Ол белгілі бір ортаға кездейсоқ немесе жоспарланған түрде тамырлануы. Жасөспірімдердің қылмыстық әрекеттерді көбінесе қалада жасауы, әлеуметтік тұрғыдан көптеген себептермен түсіндіріледі. Жасөспірімнің өзіне, қоғамда пайдалы іспен айналыспауынан уақыттың көптігі, ауылдық клубтың жабылуы, күні бойғы бос сандалыс, көше кезулер, қылмыстық әрекеттің алғы шарты  бола алады. Осындай толып жатқан себептер жасөспірімнің таңғажайып оқиға жасауға ұмтылуына, керемет көрінуге, болашақта істейтін қылмыстық әрекетқе жоспар құруына немесе топтасып қылмыс істеуге жол ашады. Көбінесе жасөспірімдер бойынан, санасынан мықты орын алған қиялы ойша жетіліп арманын іске асыратын не асыруға асығатын жасөспірімдер айналасындағыларды таң қалдыратындай етiп істеуге талпынады.

Олардың әртүрлі іспен  шұғылданбауы немесе жан-жағындағы  қоршаған ортасының, айналасындағы  достарының немесе біреудің қорқытуы, үрейлетуінің итермелеуі арқылы қасақана қылмыс жасауға түсіп кетуi көп болып  жатады. Осыған орай қазiргi кезде бiздiң жасөспірімдеріміз рухани азып тозбау үшiн қазақ отбасындағы мәдени құндылықтар дамуының мазмұнына аса  маңызды көңiл аудару керек. Бүгiнгi таңдағы экономикалық әлеуметтiк жағдайлар отбасы жағдайына үлкен ықпал етiп отыр. Қоғамдағы жұмыссыздық, күн көрiс көзiнiң төмендеуi отбасы тәрбиесiнiң әлсiреуiне әкелiп отыр.

Жанұядағы тәрбие жұмыстарынан кеткен қателіктер, кемшіліктер, жинақталып келіп қоғамдық тәрбиедегі қателіктерімен байланысып, жасөспірімдердің тәртібін одан әрі шиленістіре береді. Жасөспірімнің қылмыс жасауын болдырмау үшiн қазақ отбасына тән өзiндiк ерекшелiктерiнiң маңызы зор: отбасы мүшелерi арасындағы iзгiлiк қатынастар; үлкенге деген құрмет; кiшiге деген iлтипат; жасөспірімнің тұлғалық дамуына олардың жас ерекшелiктерiне байланысты қатынас; әулеттегi жақсы дәстүрдi үлгi ету арқылы бала қасиетiн аша бiлу; күнделiктi тұрмыс-тiршiлiкке бейiмдеу және т.б.

Қылмыс жасаған жасөспірімдер  ісі  жөніндегі комиссия мен милиция орындарында тәрбиені дұрыс жүргізбейтін жанұяны дер кезінде анықтап, тәртіпке шақырмаушылық көптеп кездесіп жатыр. Қылмысқа барған жасөспірімдерді қайта тәрбиелеу процесін ұйымдастыруда психологтар жасөспірімдердің психологиялық ерекшеліктерін ескере білулері қажет. Себебі, қандай да бір психолог ықпалдар жасамасын, олар жасөспірімнің ішкі жан дүниесімен сабақтасып жатуы тиіс.

Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыс жасаулары, көбінесе олардың  ересектерге еліктеуiмен анықталады да, жалпы қылмыстың өсіп отырғанын осымен байланыстырамыз.

Қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке қадам басуына басты себеп әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсер етуі. Адамның қоғамдық белсенділігі оқуға, спортқа, көркем өнерге деген қызығушылықтарын күннен-күнге арттырады. Ал осындай қоғамдық жұмыспен айналыспайтын жасөспірімдер қылмыстық істерге жақын жүреді. Қоғамнан, ондағы қайнаған қызу өмірден шеттеп қалу, қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысқа баруының бірден-бір себебі болып табылады.

Қылмысқа барған жасөспірімдер қылмысының сан-салалығы олардың күнделікті қылмысынан өз көрінісін табуда. Қазіргі кезде әлеуметтік-психолог және құқық қорғау органдарының зерттеулері бойынша, жасөспірімдердің мүліктік қылмысқа баруы 7,8  пайызды, ал жеке адамның затын ұрлау 49,4 пайызды, мемлекет және қоғам мүлкін ұрлау 1,7 пайызды, тонау мен шабуыл 11,2 пайызды көрсетіп, қылмыс санының көбеюіне әсер етіп отыр [13, 21-23б.].

Қылмысқа барған жасөспірімдерге топ құру, топ болып әрекет ету тән. Осындай жасөспірімдер ересек кiсiлермен салыстырғанда жалғыз өзі қылмыс жасауға өте сирек баратындығы практикалық тұрғыдан дәлелденген. Бұдан олардың өз-өзіне сенбеуі ғана емес, сонымен қатар олардың достық жөніндегі түсініктері теріс бағытқа ие болуына қарамастан, осындай достыққа ұмтылуын да байқауға болады.

Мысалға, А.Ф.Парницевтің мәліметтері  бойынша жасөспірімдер тобында  қызғушылық пен еліктеудің жоғары деңгейі, топ мүшелерінің өз дегеніне көндіруі, көңілкүйдің өзгеруі, қылмыстық акт барысында өзге топ мүшелеріне берілуі байқалады, жасөспірімдердің кез-келген тобында қандай да мөлшер болатыны бәрімізге белгілі. Бұл жағдайда адамдардың, әсіресе, жасөспірімдердің бірдей еместігін, психофизиологиялық-психологиялык қасиеттері тұрғысынан (ерік, ақыл-ой) әр түрлі болуымен түсіндіріледі. Қылмысқа барған жасөспірімдердің психикасының жас балалар мен ерсектердің психикасымен салыстырғанда өзгешелік бар. Бұндай өзгешеліктер импульсивтік, жоғары әсерленгіштік, қызбалыққа тез түсушілік, көңілкүйінің тұрақсыздығы, өз-өзіне сенімсіздік бiлдiруі, өз әрекетінің дұрыстығына жиі күмәндануы болып табылады. Олардың бойындағы психикалық қасиетер мәселен, мақсаттылық пен табандылыққа, тұрақсыздық пен өзiн-өзі сыйламаушылыққа, сенімсіздік пен жабырқаушылыққа жиі алмасып отырады. Жасөспірім бойындағы осы қасиеттер олардың құбылмалылығын көрсетеді. Бұл сияқты құбылмалы,тұрақсыз психикалық қасиеттер-қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмыстық жолға оңай  түсіп кетуіне өз әсерін тигізбей қоймайды. Бұл оның айқын дәлелі. Кез келген жасөспірім өз бетінше әрекет етуге, өзін-өзі дамытуға қабілетті. Ол өзін-өзі ұйымдастырушы жүйе ретінде таныла отырып, дамытудың тек объектісі ғана емес, сонымен бірге субъектісі болып танылады. Көптеген жағдайларда жасөспірімдер сыныптастарының өзіне деген нашар қарым-қатынасын, жақын қабылдап, қатты күйзеліске түсуі де мүмкін. Сыныптастарының қарым-қатынасына қанағаттанбағандықтан, көптеген жасөспірімдер қоғамға жат әрекеттерге барады. Көп жағдайда жасөспірімдердің сабаққа үлгермеушілік қасиеттері олардың қылмыстық әрекеттерге баруының себепшісі бола алады. Осыған байланысты психологиялық проблемалардың маңызды жақтары туындайды. Жекеленген жасөспірімді сыныпта ешкім жақсы көрмейді, ешкім достасқысы келмейді, бұл -психологиялық құбылыстың бiр ерекшелiгi. Достарымен қатынасының болмауы, жасөспірімнің жеке басында көптеген кері әрекеттері бар жағдайлардың көп болуы тәртібінің өзгере бастауынан көрінеді. Жекеленіп қалған, жалғыздық шеккен жасөспірімдер қылмысқа барған жасөспірімдер санын толықтырады. Жекешеленіп, шеттетіліп қалған жасөспірімдер өзіне жақын ортаны тағы да басқа жақтан іздейтіндіктен, қоғамда жолыққан кездейсоқ достарының да өзі сияқты болатындығы белгілі [14,106-109б.б.].

Қылмыстық әрекеттің басты себебі – жасөспірімнің пайдалы iспен айналыспауы десек, жоғарғыда айтып кеткендей, оның бос сандалыстан көп өкінішті жағдайларға ұрындырып жататыны айтпаса да түсінікті. Осы орайда В.М. Бехтеревтiң «Баланы тәй-тәй басып қолына затты мықтап ұстай бастағаннан бастап-ақ үнемі еңбекке үйрету керек» – деген пікірімен келісуге болады. Белгілі іспен айналысатын жасөспірімнің қылмыстық әрекетке тек қана кездейсоқ жолмен баратыны да белгілі. Мектептен тыс уақытта кітап оқу, үйірмеге қатысу, көркем өнерпаздар үйірмесіне қатысу, не болмаса спорттың көптеген түрлерімен айналысу – қазіргі кезде жасөспірімдердің әрекетінен қалып бара жатқан құбылыс, әрине бұл жерде бір жасөспірім өзіне пайдалы іспен айналыспай, бос сандалыспен күй кешеді деген жаңсақ пікірді айтпайды.

Дегенмен де, қылмысқа барған жасөспірімдердің әдебиетке қызғушылығы өте төмен дәрежеде екенін көптеген тәжірбиелер дәлелдеген болатын. Әр түрлі заман талабына сай ойын түрлері, ойын автоматтарына жасөспірімдер қызғушылығын арттыруы, жеңіл ақша табу, егер ойын автоматтарынан ұтылса, үйінен ақша ұрлау, не болмаса өзінен кіші балаларды ұру, оларға зорлық, көрсету арқылы жасөспірімдер қалай қылмыс жолына түскенін білмей де қалады. Олар ата–анасын алдап ақша сұрау, үйдегі заттарды ұрлап сатуды кәсіп қылуы мүмкін, ал мұндай әрекеттердің барлығы жасөспірімдердің қылмыс жасауының алғашқы қадамын білдіреді.

Қылмысқа барған жасөспірімдерге қоғамдық өмірде болып жатқан жаңалықтардан бейхабарлығы, не нәрсені болса да білуге ұмтылуы, қызығу-талпынуларының өте төмендігі тән болады. Жалпы қылмысқа барған жасөспірімдерді қоғамдық іс-шараларға тарту арқылы, көркем өнер мен мәдениеттілікке қызығушылығын дамыту арқалы, көптеген пайдалы іспен айналысуға итермелеу арқылы қайта тәрбиелеп, қылмысқа барған жасөспірімдердің қылмысын азайтуға кішкене болса да ықпалын тигізуге болады.

Көп жағдайда тасыған күштері бойына сыймай,  алып–ұшып тұратын жасөспірімдер көбінесе өз маңайына өзіне бейім келетін жасөспірімдерді жинап, топтасып қылмыс істеуге, бұзақылыққа әуес болады. Қылмыстың кіші жасөспірімдік шақтың арасында көбеюі, олардың қылмыстық жауапкершілікке тартылмауынан болады. Қазіргі кезде Республикада кәмелетке жасы толмаған жасөспірімдер қылмысы 18,3 пайызды құрайды. 1991 -1995 жыл аралығындағы статистикалық талдау көрсеткіші бұзақылық, тонау, ұрлау сияқты қылмыс түрлерінің сәл бәсеңдегенін айтса. Ал 1996 жылмен салыстырсақ, екі есе өскендігі айтылады. Ал, қазіргі кезде бұл көрсеткіш жылдан-жылға көбейе түсуде. Осыған байланысты мемлекетіміздің басшысы Н. Ә.Назарбаев Республикамыздың Құқық қорғау органдарының басшылары мен аудандық әкімдерінің қатысуымен өткен кеңесінде: «Біздің елімізді-әлеуметтік экономикалық қайта құру демократиялық мемлекет құруға қадам басқан шақта толқыған криминогендік процестерге соқтығысты. Бұл – шын мәнінде саяси реформа, қоғамдық тұрақтылық пен азаматтың өміріне ерекше қауіп төндіреді деп көрсеткен болатын» [15,117-119б.].

Уақыт тілін сәл шегеріп, 1920-40 жылдары  зерттеген ( П.П. Блонскиий, В.И. Куфаев, П.И. Любинский) авторларға жүгінер болсақ, олар қылмыс жасаған жасөспірімдер - заң жағынан да зерттеуді де қажет ететін басты объект, екенін алғаш рет атап көрсеткен. Бұл авторлардың пікірінше, жасөспірімнің қылмыстық әрекетке қадам басуына басты себеп - әлеуметтік-экономикалық факторлардың әсер етуі деген.

Жасөспірімдік шақ жасөспірімнің  сана сезімінің жан-жақты толысып  дүниеге көзқарасының өзгеріп, үлкен өмірге дайындығының аяқталатын кезеңiмен тығыз байланысты. Жасөспірімдердің өтпелі кезеңі оның өміріне көп өзгерістер әкелері хақ. Сондықтан да осы өтпелі кезеңінде жасөспірімдердің «қиын жасөспірім» болып қалыптасуы болады,ал бұл олардың қылмысқа баруының бірден-бір себебі. Жалпы жасөспірімнің өтпелі кезеңін  бірнеше топқа бөлуге болады: 

1. Талап, тілек.

2. Қызығушылық.

3. Өмірге жоспар мен көзқарастар.

4. Жалпы сипаттама .

Өтпелі кезеңде жасөспірімнің  еліктегіш келетіні, жақсыға ұмтылу, ұқсағысы келетіні, қайталағысы келетіні белгілі. Өтпелі кезеңнің «құйын» сияқты өткінші елестерге толы болуы жасөспірім өміріне қауіп төндірері де сондықтан. Жасөспірімдердің жағымсыз еліктеуінің салдары, қылмыстық әрекеті, қызғушылығының әсерінен «қылмыс» істеуі, көбінесе осы шақта жүзеге асады .

Жасөспірімнің алып-ұшпа саналатын  өтпелі кезеңінде не нәрсеге болсын еліктегіш келетінін жан –жақты зерттеген ғалым Т.М. Якобсон болатын.Ол бұл жаста жасөспірімдердің қылмыстық әрекетке тез еріп кетуі оның еліктеу деңгейімен байланысты деп айтады.

    Ересек қылмыскерлерге қарағанда, қылмыскер жасөспірімдер қоршаған әлеуметтік ортамен тығыз байланыста болады. А.И.Долгова және В.Д. Ерланова секілді ғалымдардың пікірінше, қылмысқа барған жасөспірімдер үшін ортаның рөлі өте зор болады деп көрсеткен [16, 283-285 б.].

    Жасөспірімдердің қылмыстық жолға түсуінің тағы бір себебі, олардың ішімдікке әуес болуы болып табылады. Жалпы ішімдікке әуестік жасөспірімді дұрыс жолдан тайдырып, қылмыстық әрекетке итермелейді. 13-14 жастағы жасөспірімдердің басым көпшілігінің талап - тілектері шектен шығып кеткендігі, олардың ішімдіке құмарлануынан көрінеді. Осыған байланысты А.Вайсберг – қылмыс істеп айыпталған жасөспірімдерді зерттей келе,олардың 41-пайызы, қылмысты мас күйде істеген деген тұжырым жасайды. Осы көрсеткіште қылмысқа барған жасөспірімдер қылмысының күннен-күнге ұлғаюын және олардың қылмыстық әрекеттерге көп жағдайда мас күйінде баратындығын көреміз.

    Жасөспірімдердің құқық бұзушылығы кәмелетке толмағаннан кейін қылмыстың жауапкершілікті баспалдағын аттауға мәжбүр ететіні қылмыстан  белгілі. Жасөспірімдер қолымен іске асқан қылмыстың қандай түрімен күрес жүргізсек те, ол болашақтағы ересектердің жалпы қылмысымен күресуге бағытталған бірден-бір дұрыс жол екені сөзсіз. Кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер қылмысын болдырмай алдын-алу үшін оларға қылмыстық құқықтық шаралармен әсер ету арқылы, оның тиімді нәтижесін күту –жасөспірімдердің өмір жолын дұрыс таңдап, адам болып қалыптасуына өз әсерін тигізсе керек. Қылмысқа барған жасөспірімдер қылмыстық жағдайының салалығын түсіну үшін ең алдымен олардың жас шамасын анықтау басты орын алады.

Информация о работе Қылмыстық іске барған жасөспірім