Құқықттық мемлекет және азаматтық қоғам

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 09:17, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың зерттеу пәні. Мемлекет және құқық теориясының пәні - өте күрделі ұғым. Осы пәнді толық зерттеу үшін төмендегі сұрақтарға аса көңіл бөлу қажет:
мемлекет және құқықтың мәні.
кез келген типті және кез келген жүйедегі мемлекет және құқықтың жалпы сипаттары.
мемлекет және құқық пайда болуының жалпы заңдылықтары.
мемлекет және құқықтың типтері мен формалары (нысандары).
мемлекет және құқықтың дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары, принциптері, механизмдері.
мемлекет және құқықтың бір-бірімен және басқа қоғамдық құбылыстарымен байланыс етудің жалпы заңдылықтары.

Содержание

Кіріспе
І. Мемлекет және азамат құқығы
1.1 Мемлекет түсінігі
1.2 Мемлекеттің түрлері.
ІІ Құқықттық мемлекет және азаматтық қоғам
2.1 Азаматтық құкық туралы ұғым
2.2 Азаматтық құқық туралы түсінік және оның қайнар көздері
2.3 Азаматтық – құқықтық мәмілелері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Құқық теориясы курсовая.doc

— 365.50 Кб (Скачать)

   Аннотация.

          

        ЮМ-11-1к1_  тобының студенті   Жұнысбекова Назира Раушанқызы  курстық жұмысы

        Тақырыбы:   Азамат және мемлекет.

        Курстық  жұмыста мемлекет және азамат құқығы, мемлекет түсінігі, мемлекеттің түрлері, құқықттық мемлекет және азаматтық қоғам, азаматтық құкық туралы ұғым, азаматтық құқық туралы түсінік және оның қайнар көздері, азаматтық – құқықтық мәмілелері туралы  мәселелері толық  қаралған. 
 

           Жұмыстың   көлемі:      ______________   бет.

           Кестелердің   саны:       ______________   бет.

           Ұсыныстардың  саны:   __________________бет.

           Пайдаланған  дерек  көздері   тізім:  _______  

           Студенттің    __________________________

                                                             ( қолы )      
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Белгілер  мен  қысқартулар 

   ТМД – Тәуелсіздік мемлекет достығы 

   ҚМ  – Құқықтық мемлекет  

   МҚТ  - Мемлекет және құқық теориясы. 

   НҚА – нормативтік құқықтық актілер. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Нормативтік  сілтемелер. 

       Осы  курстық  жұмыс  келесі  құжаттарға  сілтеме  жасалған.

   1. Қазақстан  Республикасының   Конституциясы.-Алматы.1993ж.

   2. Қазақстан  Республикасының Конституциясы.-Алматы. 1995 жыл  30  тамыз.

   3.  Қазақстан Республикасының Конституциясы  түсіндірме  сөздігі.-Алматы.// Жеті Жарғы// 1996ж.

   4.  Қазақстан  Республикасының «Нормативтік  құқықтық актілері туралы»  

     заңы.1998ж.24 наурыз

   5. Ведомости  Верховного  Совета  Республики  Казахстан.-1991

   6. Собрание  законодательства  КазАССР.-Алматы.-1969

   7. Права человека.Сборник международных документов.-Москва..МГУ.-1986

   8. Вестник  Конституционного  Совета  Республики  Казахстан.-Алматы.1998.

   9. Қазақ КСР Жоғарғы  Кеңесінің   Жаршысы.1998.

   10. Қазақстан  Республикасы Президенті  мен Қазақстан  Республикасы Министрлер  Кабинетінің  актілер жинағы.1994. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

   Анықтама 

       Жаңа  түсініктер    Мазмұны
   1    2    3
   1    Құқық нормалары    Белгіленеген  және мемелекетпен қамтамасыз етілетін баршаға бірдей міндетті формальді  белгіліліктегі құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқығы мен міндеттерін бекітетін тәртіп жолы.
   2    Құқық нормаларының құрылысы    Құқық нормаларының ішкі құрылымы және оның элементтерінің бір-біріне қарым-қатынасы.
   3    Гипотеза     Құқық нормаларының құрамдық бөлігі, оның іске асырылуының жағдайын көрсетуші.
   4    Санкция    Құқық нормаларының  құрылымдық бөлігі, ол диспозицияны іске асыратын субект үшін міндетті түрде болатын құқықтық нәтижені алдын-ала болжайды.
   5    Диспозиция     Құқық нормаларының құрамдық, заңдылық маңызды  сипаттағы құқық субъектісінің тәртіп үлгісін белгілейді.
   6    Абсалютті белгіліліктегі гипотезалар    Ұйғарым нормаларындағы бекітілгендерді іске асыруды талап ететін факторларды, анық және түсінікті етіп көрсететін гипотезалар.
   7    Салыстырмалы  белгіліліктегі гипотезалар    Құқық нормаларының әрекетінің тежелу жағдайын көрсететін нұсқаулары бар гипотезалар.
   8    Белгіленбеген гипотезалар    Құқық нормаларының әрекеттерімен байланысты факторларды көрсетпейтін гипотезалар, бірақ, билік органдарына «қажетті кездерде» құқық нормаларын қолдануға  құқық береді.
   9    Казуальді диспозициялар    Диспозициялар, алдын ала ұйғарылған нақты тыйым  салынатын әрекеттерді атап көрсетіп, құқық нормаларын іске асырудағы  субъектілердің құқықтары мен міндеттерін  көрсетеді, яғни жақтардың ойлары бойынша  жүргізілетін қандай болмасын әрекеттерге орын қалдырмайды.
   10    Абстракты диспозиция    Бұл гипотезалар  белгілі тәртіп кейпін нақтыламай, алдын-ала болжайды.
   11    Салыстырмалы  белгіліктегі санкциялар    Бұл санкциялар жоғарғы және төменгі жазалардың шекарасын көрсетеді. Құқыққолданушы органдар соның қалпында оның дәл мөлшерін белгілейді.
   12    Абсалютті белгіліктегі санкциялар    Бұл санкциялар қатаң түрде белгіленген ықпал  мөлшерін белгілейді.
   13    Альтернативті санкциялар    Жазалаудың  бірнеше түрін ұсынады, яғни құқыққорғау  органдарына қажеттісін қолдануға мүмкіндік беретін санкциялар.
   14    Комулятивті санкциялар    Бұл санкциялар жазалаудың бірнеше түрін қосып  алып, оларды біріктіріп қарау мүмкіндігін  алдан ала біледі.
   15    Реттеуші  нормалар    Бұл нормалар, тікелей құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқығы мен міндеттерін белгілейді.
   16    Күзету  нормалары    Бұл нормалар, реттеу нормаларын бұзғанда пайда болатын  заңды жауапкершілік қатынастарын реттейді.
   17    Императивті нормалар    Бұл нормаларда қайтсе де орындалмайтын ұйғарымдар бар, олар субъектілердің пікірі бойынша өзгертілмейді.
   18    Диспозиттивті нормалар    Бұл нормалар, субъектілерге өздерінің құқықтары  мен міндеттерінің көлемі және сипаты жөніндегі мәселелерді шешуге мүмкіндік  береді.
   19    Құқық жүйесі    Қоғамдық  қатынастар жүйесімен қамтамасыз етілген бір-бірімен бйланыстағы құқықтық институтар мен құқық салаларының жиынтығы.
   20    Көпшілік  құқық    Мемлекеттің мүддесін бекітетін императивтік сипаттағы  заң нормаларының жиынтығы.
   21    Құқық саласы    Қоғамдық  қатынастардың сипатына қарай ұқсас, салыстырмалы тәуелсіздіктегі аяны (ортаны) реттейтін заң нормаларының жиынтығы.
   22    Жекеше  құқық    Жақтардың келісімдеріне негізделген жеке адамдардың қатынастарын күзететін  және реттейтін құқық нормаларының жиынтығы.
   23    Құқықтық  реттеу пәні    Соларға сай, заңды нормалар тобы мен реттелетін сапа жағынан  біржақты, қоғамдық қатынастардың белгілі ортасы.
   24    Құқықтың  реттеу әдістері    Құқықтың  салалық пәнін құрушы қоғамдық қатынастарға билікпен императивті ықпал ету.
   25    Құқықты реттеудің авторитарлық әдістері    Тыйым салуға, міндеттілікке, жазалауға негізделген, қоғамдық қатынастарға қатынасушыларға билікпен императивті ықпал ету.
   26    Құқық институты    Құқық саласына сай келетін және белгілі  қоғамдық қатынастардың түрін реттейтін  заң нормаларының жиынтығы.
   27    Құқықтың  қосымша саласы    Белгілі құқық саласының біржақты институттарының  жүйесі.
   28    Заңдар  жүйесі    әрекеттегі  заңдар мен заңға қосымша актілердің жиынтығы.
   29    Құқықтық  жүйе    Құқықтың  қарым-қатынасына және әрекеттестігіне, құқықтық танымға, құқықтық тәжірибеге негізделіп өмір сүруі, қоғамның даму заңдылығымен қамтамасыз етілетін құқықтық құбылыстардың нақты-табиғи комплексі.
   30    Халықаралық   құқық    Халықаралық қатынастарға қатысушыладың еркін  көсететін және олардың бір-біріне қатынасын реттейтін заң принцптерінің  және нормаларының жүйесі.
   31    Халықаралық жекеше құқық    азаматтық-құқықтық қарым-қатынастарды шет елдердің адамдарының  қатынасуы мен не заңды тұлғалармен  реттеуші құқық.
   32    Халықаралық көпшілік  құқық    Халықаралық мемлекеттер мен ұйымдардың қатынастарын реттейтін құқық.
   33    Құқықтық  қатынастар    Жекешеленген  ерікті қоғамдық қатынастар, қатысушылардың бір-біріне міндеттілігі, заң нормаларымен белгіленіп, мемлекеттік мәжбұрлеу  мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.
   34    Субъективтік  құқық    Құқық нормаларымен белгіленіп, құқықтық қарым-қатынастарға қатынасушыларға берілген мүмкіндік және қажетті кезде мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етіледі.
   35    Заңды міндеттілік    Құқық нормаларымен алдын-ала белгіленген, құқықтық қатынастарға қатысушыларға  жататын міндетті адамның тәртіптілік  нысаны және мемлекеттік мәжбұрлеумен қамтамасыз етілген.
   36    Құқық субъектісі    Субъективтік  құқық пен міндеттілікті алып жүруге қабілеті бар адамдар және заң бойынша құқықтық қатынастардың  қатысушысы бола алады.
   37    Құқықтық  қатынастардың субъектілері.    Құқық субъектілеріне нақтылы субъективтік құқықтар мен заңды міндеттері барлар жатады.
   38    Құқықтық  қатынастардың міндетті субъектісі    Заңмен  белгіленген міндеттілігі бар адамдар.
   39    Құқықтық  қатынастардың құқығы бар субъектілері    Құқығы  бар, құқықтық қатынастардың қатынасушылары.
   40    Құқықтық  субъектілік    Құқықтық  қатынастар субъектілеріне заңды құқықтар мен міндеттерді алып жүруге мүмкіндік  беретін нормалармен белгіленген  қасиеттер жиынтығы.
   41    Құқықтық  қабілеттілік    Құқықпен  қамтамасыз етілетін, адамның субъективтік заңды құқық пен міндеттілікті алып жүру қабілеттілігі.
   42    Әрекет  қабілеттілігі.    Құқықпен  қамтамасыз етілетін, адамның өз әрекетімен субъективтік заңды құқық пен  міндеттілікті қабылдай алатын қабілеттілігі.
   43    Эмансипация    Кәмелетке жетпеген адамды толық құқықтық қабілеттікте екенін жариялау.
   44    Құқықтық  қатынастардың объектісі    Ерік  берілген адамның мүддесін қанағаттандыруғы қабілеті бар сыртқы дүниенің құбылысы, олар заттар, қызмет жасау, рухани шығармашылықтың  нәтижесі ретінде не  болмаса  жекелеген материалдық емес жақсылық ретінде ,өзінің құқығы мен міндеттері қалпында, сол үшін субъектінің әрекет жасауын көрсетеді.
   45    Құқықтық  қатынастардың пайда болу негіздері    Құқықтық  қатынастардың пайда болуы мен  тоқталуына байланысты заңдардың алғы шарттары мен қажетті жағдайлары.
   46    Заңды факторлар    Құқықтық  қатынастардың пайда болуымен өзгеруімен байланысты заңдардың нақтылы өмірлік  жағдайлары
   47    Заңды маңызы бар оқиға    Адам  баласының еркінен тыс, бірақ  белгілі нәтижелер  туғызатын  факторлар.
   48    Заңды маңыздылығы бар әрекеттер    Заңды құқықтық нәтижемен байланыстыратын  саналы еріктегі әрекеттер (әрекетсіздіктер).
   49    Заңды қылықтар    Құқықтық  нәтижені туғызуға бағытталмаған әрекет, бірақ құқық пен міндеттілік  заң негізінде пайда болады.
   50    Келісімдер     Құқық пен міндеттіліктің пайда болуына, өзгеруіне бағытталған құқыққа сай әрекеттер.
   51    Заңды актілер    Құққытық  қатынастардың пайда болуына, өзгеруіне, күшін жоюына бағытталған мемлекеттік  органдардың шешімдері.
   52    Фактілер  негізіндегі құрылым    Құқықтық  қатынастардың пайда болуына қажетті заңды фактілердің жиынтығы.
   53    Заңды презумциялар    Заңды күші бар фактілердің болуын, жағдайдың  барлығын көрсететін алдын-ала божау.
   54    Легальды  презумциялар    Заң нормаларымен бекітілген жорамалдар.
   55    Заңды фикциялар    Адамның құқықтық жағдайына белгілілік кіргізуге арналған құқық нормаларының орындалуына кедергілік ықпал ететін, алдын-ала дұрыстыққа жатпайтын ережелер (жағдайлар)
 

 

    ЖОСПАР 

   Кіріспе

   І. Мемлекет және азамат құқығы

   1.1 Мемлекет түсінігі

1.2 Мемлекеттің  түрлері.

   ІІ  Құқықттық мемлекет және азаматтық қоғам

   2.1 Азаматтық  құкық туралы ұғым

   2.2 Азаматтық  құқық туралы түсінік және  оның қайнар көздері

    2.3 Азаматтық  – құқықтық мәмілелері.

   Қорытынды

   Пайдаланған әдебиеттер тізімі

 

    Кіріспе  

   Әр  ғылымның немесе оку пәнінің өзіндік зерттейтін, оқытатын пәні болады. Ғылымның немесе оку пәнінің заты – ол зерттейтін мәселелердің жиынтығы.

   Тақырыптың  өзектілігі. Мемлекет және құқық теориясының (МҚТ) пәні – бұл мемлекет пен құқықтьң пайда болуының, дамуының және қызмет атқаруының жалпы заңдылыктары, олардың мәні, кұрылымы, негізгі бөлшектері, принциптері, институттары. Сонымен катар МҚТ қазіргі мемлекеттік құқықтық болмыстарды да қарастырады және жалпы кұқықтық түсініктерді зерттейді.

   Мемлекет  пен құқықты басқа құрылымдардан  бөліп қарауға, сондай-ақ әлеуметтік құбылыстар жүйесіндегі олардың орнын анықтауға, сөйтіп, мемлекет пен құқықтық мәнін терең түсінуге мүмкіндік береді. [1]

   Курстық жұмыстың мақсаты мен міндеті. Мемлекет пен құқық өте тығыз байланысты. Құқықсыз мемлекет өмір де сүре алмайды, қызмет те істей алмайды. Сондыктан мемлекет пен құқықтың пайда болу заңдылықгары да ұқсас. Мемлекет пен құқық теориясының пәнін былай кестелеуге болады.

   Курстық жұмыстың зерттеу пәні. Мемлекет және құқық теориясының пәні - өте күрделі ұғым. Осы пәнді толық зерттеу үшін төмендегі сұрақтарға аса көңіл бөлу қажет:

  1. мемлекет және құқықтың мәні.
  2. кез келген типті және кез келген жүйедегі мемлекет және құқықтың жалпы сипаттары.
  3. мемлекет және құқық пайда болуының жалпы заңдылықтары.
  4. мемлекет және құқықтың типтері мен формалары (нысандары).
  5. мемлекет және құқықтың дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары, принциптері, механизмдері.
  6. мемлекет және құқықтың бір-бірімен және басқа қоғамдық құбылыстарымен байланыс етудің жалпы заңдылықтары.

   Заң ғылымдары арасында мемлекет және құқық теориясы ерекше орын алады. Мемлекет және кұқык теориясының ерекшеліктері мыналардан тұрады:

   –  біріншіден,  қоғамдық ғылым, өйткені  оның пәні мемлекет және құқық, бұлар  қоғамдық құбылыстар болып табылады. Бұл ғылым (мемлекет және құқық теориясы) басқа ғылымдардың біразынан (табиғат зерттеу, техникалык тәрізділерден) осы айырмашылықтары аркылы ерекшеленеді;

   – екіншіден, саясат пен заңдарды зерттейтін ғылым, мұндай зерттеулерде мемлекеттің  саясат пен билікке жататын немесе ғылыммен тікелей байланысты қызметтік іс-әрекеттерін карастырады. Міне, осындай сипатты айырмашылығына байланысты мемлекет және құкық теориясы мемлекеттік-кұқықтық қондырманы тікелей зерттемейтін басқалай да қоғамдық ғылымдардан ерекшеленеді;

   – үшіншіден, ғылым мемлекет пен құқықтың негізгі және жалпылық заңдылыктарын, жалпыламалык сипаттарын зерттейтін жалпытеориялық ғылым болып табылады. Осы айырмашылығы арқылы арнайы заң ғылымдарынан ерекшеленеді;

   – төртіншіден, методологиялық сипатындағы  ғылым. Мемлекеттік-кұқықтық қондырманың жалпы зандылықтарын баяндап түсіндіргенде мемлекеттік-құқықтық құбылыстарды зерттеудің амал-тәсілдерін, жолдарын қарастырып, олардың әдістемелік мәселелерін де шешеді.

   – бесіншіден, заң ғылымдарының бәріне тән тұғырнамалық сипаты бар ғылым. Өйткені барлық заң ғылымы пәндерінің "өне бойын көктей өтетін" құқықтық құбылыстарды зерттейді.

   Сонымен мемлекет және қүқык теориясын –  мемлекет  пен құқықтың негізгі  және жалпы зандылыктарының, олардың  мәні мен тағайынының фактілерге негізделген дамуын қорытындылаған білімдер жүйесі дейміз.

 

    І. Мемлекет және азамат құқығы

   1.1 Мемлекет түсінігі 

   Мемлекеттің түсінігін анықтауда қажетті  еске алатынымыз субъективті факторлар, әртүрлі адамдардың бір құбылыстың өзін бірдей емес қабылдауын және объективті жағдайларды да ескеру. Себебі мемлекет – көпжақты және қыйын құбылыс болғандықтан бұл түсініктің болуы заңды.

   Мысалы  кең мәнінде мемлекет сондай қоғам  не қоғамның саяси ұйымның ерекше нысаны. Қысқа мәнінде “мемлекет” атауы басқару аппаратын, қоғамнан бөлініп шығып оның үстінеде тұрғанын белгілеуге, не ұлттарды, басқа елдің тұрғындары өмір сүріп жатқан аумақтарды белгілеуге ұзақ емес пайдаланылады.[2]

   Мемлекет  өзінің әртүрлі даму кезеңдерінде біржақты емес анықталады.

   Мысалы, Аристотель мемлекетті былай анықтады “как самодоволеющее общение граждан, ни в каком другом общении не нуждающихся и ни от кого другого не зависящих”, яғни қазақшаға аударсақ, мемлекет өзіндік мәні бар азаматтармен араласу, басқа ешқандай араласуды қажет етпейтін және ешкімнен тәуелді емес араласу.

   Никколо Макиавелии, Возрождения дәуірінің  философының есебімен мемлекет –  “общее благо, которое должно получаться от выполнения реальных государственных  интересов”, яғни мемлекет – жалпы  игілік, нақты мемлекеттік мүдделердің  орындалуына байланысты болуы міндетті – деген.

   Ағылшын философы XVI ғасырдағы Томас Гоббстың мемлекетті анықтауы былай: “единое лицо, верховного владыку, суверена, воля которого вследствие договора многих лиц считаеться волей всех,” – жалғыз адам, жоғарғы әміршінің тәуелсіздігінің еркі көп адамдардың келісімімен барлығының еркі болып есептеледі – деген. 

   XVII – XVIII ғасырларда Джон Локк  мемлекетті адамдардың белгілеген  жалпы заңмен біртұтастыққа бірігуі  деген.

   ХХ  ғасырдың аяғында Батыста көбірек  белгілі мемлекеттің жалпыға  бірдей, құрылым негізінде жатқан аумақтар, халық және мемлекеттік билік - деген анықтама болды.

   Ресей заңгерлері мемлекетті ерікті адамдардың қоғам одағы, тек мемлекеттік  органдарға ең жоғарғы мәжбүрлеу  құқық берген – деген, тағы да: “белгілі аумақта тұратын ерікті адамдардың одағы және ерікті жоғарғы билікке күштеумен бағынатын” деген.

   Әртүрлілігіне қарамай, барлық келтірілген анықтамалар  мемлекеттің мәніне жалпы әлеуметтік ыңғайды көрсетеді, оның қалпында, олар қоғамдық мүддені қамтамасыз ететін құрал ретінде көрінеді.

   Марксизм  мемлекеттің түсінігінің анықтамасына таптық ыңғай әкеледі. Таптардың  пайда болуын және олардың арасындағы күрестің болуының міндетті екенін айтып  Ф.Энгельстің пікірінше таптардың  арасындағы тұрақты өсіп келе жатқан антогонизм мемлекеттің араласуын қажет етеді. Сондықтан мемлекет үстем таптың саяси ұйымы ретінде қаралады. Бірінші маңыздылық мемлекеттік биліктің күштеу жағына беріледі – таптық диктатураға. Мемлекетте чиновниктердің әкімшілік аппаратын маңызды деп есептейді. Осы ойдың негіздері В.И.Лениннің ойларында толық көрсетілген, яғни мемлекетті қандай болмасын таптың қолындағы екінші тапқа үстемдік жасау үшін құрылған құрал (машина) деген. (Ленин В.И. Полн.собр.соч. Т.33 с. 24,95).

Информация о работе Құқықттық мемлекет және азаматтық қоғам