Құқықттық мемлекет және азаматтық қоғам

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 09:17, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың зерттеу пәні. Мемлекет және құқық теориясының пәні - өте күрделі ұғым. Осы пәнді толық зерттеу үшін төмендегі сұрақтарға аса көңіл бөлу қажет:
мемлекет және құқықтың мәні.
кез келген типті және кез келген жүйедегі мемлекет және құқықтың жалпы сипаттары.
мемлекет және құқық пайда болуының жалпы заңдылықтары.
мемлекет және құқықтың типтері мен формалары (нысандары).
мемлекет және құқықтың дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары, принциптері, механизмдері.
мемлекет және құқықтың бір-бірімен және басқа қоғамдық құбылыстарымен байланыс етудің жалпы заңдылықтары.

Содержание

Кіріспе
І. Мемлекет және азамат құқығы
1.1 Мемлекет түсінігі
1.2 Мемлекеттің түрлері.
ІІ Құқықттық мемлекет және азаматтық қоғам
2.1 Азаматтық құкық туралы ұғым
2.2 Азаматтық құқық туралы түсінік және оның қайнар көздері
2.3 Азаматтық – құқықтық мәмілелері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Құқық теориясы курсовая.doc

— 365.50 Кб (Скачать)

   Протекторат – екі мемлекеттің одағы, ол келісімге  негізделген, соған сай көбірек  күші бар мемлекет, күші аз мемлекетке көмек беріп қолдауға міндеттенеді, яғни экономикалық және мәдени, қарулы қорғау, сыртқы істерде өкілеттік сияқты көмектер көрсетеді.

   Унии - әртүрлі сипаттағы мемлекеттердің бірігуі. Униидің түрлеріне жататындар:

  • федерациялар
  • конфедерациялар
  • империялар – күш арқылы құрылған күрделі мемлекеттер
  • фузии – мемлекеттердің қайта бірігуі (кәзіргі Германия);
  • инкориорация – бір мемлекетті басқа бір мемлекетке қосу арқылы құрылған мемлекеттер (мысалы, ССРО-ға балтық жағалауындағы мемлекеттерді 1940 жылы күшпен біріктіру (қосу)).

   Мемлекеттік құрлыс нысаны –мемлекеттің ішкі құрылымдары, оны аумақтық-саяси бөлудің жолы, мемлекеттің барлық органдарының, оның бөліктерінің органдарымен белгілі қарым-қатнасы.[6]

Мемлекеттік құрлыс нысандарының екі негізгі  түрі бар:

  1. Унитарлық мемлекет – мемлекет, оның аумағында біреу ғана мемлекеттік билік органы және басқару органдары, конституция, заңдар және сот жүйесі әрекет етеді. Унитарлық мемлекеттің тұрғындарының бірақ азаматтығы болады.

   Унитарлық мемлекет орталықтану деңгейіне  байланысты орталықтанған және орталықтанған  емес болып бөлінеді. Бірінші оқыйғада жергілікті органдардың билігінде орталықпен тағайындалған шенеуніктер тұрады. Екінші жағдайда, жергілікті сайланған органдар билігінің региондағы мәселелерді шешуге дербестігі бар.

   Унитарлық мемлекет ұлттық болуы мүмкін (Франция, Эстония, Япония, Қазақстан Республикасы) және көпұлтты (Қытай, Афганстан).

  1. Федеративтік мемлекет – бұл мемлекет, бірнеше мемлекеттерден құралады не мемлекеттік құрылымдар, соның аумағында әрекеттегі феодальдық және республикалық билік органдары.

   Федерацияның  айырмашылығын мына белгілер көрсетеді:

  • әдеттегідей екі жүйенің болуы заң шығаратын, атқаратын және сот биліктері – федеральды және федерация субъектілері;
  • федерация мен федерация субъектілерінің өкілеттілігінің бөлінуі;
  • федерация субъектілерінің белгілі деңгейдегі саяси дербестігі;
  • екі канальды салық жүйесі;
  • екі азаматтық.

   Қалыптасу принципіне байланысты федерацияның екі  түрі бар: әкімшілік, онда аумақты бөлу негізіне тұрғындардың жиі орналасуы, жердің рельефі, пайдалы қазбалардың  қоры тағы басқа аумақтық-экономикалық белгілер алынған (АҚШ, Мексика); ұлттық, аумақтық бөлудің негізіне жатқан тұрғындардың ұлттық құрамы (Югославия). 

   Басқару нысаны – жоғарғы мемлекеттік  билікті және оның құру тәртібінің жолы.

   Биліктің  бір адамға не ұжымдық сайлау органына берілуіне байланысты екі негізгі басқару нысанын бөледі: монархияға және республикаға.

   Монархия (грек. Monarchia – жалғыз билеу) басқару  нысаны, онда жоғарғы мемлекеттік  билік бір адамның қолына мемлекет басшысына шоғырланған – монархтың  және мұрагерлікке жатады. [7]

   Монархияның белгісіне жататындар:

  • билік әдеттегідей мұрагерлік арқылы әкесінен баласына өтеді;
  • басқару мерзімі шактелмеген (шексіз);
  • монарх тұрғындардан тәуелсіз. Монархияның екі түрі бар абсолюттік және конституциялық. 

   Абсолюттік  монархия – бұл басқару нысаны жоғарғы деңгейдегі орталықтануымен сипатталады, яғни монарх жалғыз өзі ғана заңдар қабылдайды, үкіметті басқарып, сот жұмысын тексереді.

   Абсолютті монархияның негізгі белгілеріне  жататындар:

  • тежелмеген, ешкімге есеп бермейтін монарх билігі;
  • өкілетті органдардың жоқтығы.

   Абсолютті монархияның бір түрі теократтық монархия – басқару нысаны, онда мемлекет басшысы зайырлы және діни билікті көрсетеді (мысалы, Ватикан).

   Конституциялық  монархия – басқару нысаны, онда ерекше құқықтық акт – Конституция  – монарх пен сайланатын орган парламенттің арасына жоғарғы билікті бөледі.

   Конституциялық  монархия парламентарлық және дуалистік  болып бөлінеді.

   Парламентарлық  монархия – басқару нысаны, онда монархтың билігі тежелген. Заң шығару билігі толығымен парламентке көшкен, атқарушы-үкіметке, ол өзінің қызыметі үшін парламент алдында жауапты. Монарх өкілеттік функцияны орындайды, сонымен қатар, формальді түрде үкіметтің құрамын бекітеді және парламент қабылдаған заңдарға қол қояды (Ұлыбритания, Бельгия, Дания).

   Дуалистикалық монархия – басқару нысаны, онда монарх пен парламент арасындағы мемлекеттік билік формальды – заңдылық сипатта. Атқарушы билік монархқа, ал заң шығару – парламентке жатады, дегенмен парламент шындығында монархқа бағынады (Маркко, Иордания).

   Республика  – басқару нысаны, онда билік белгілі уақытқа сайланған билік органына жатады.[8]

   Республиканың белгісіне жататындар:

  • биліктің сайлануы;
  • тездігі (билікте болудың уақытының тежеулігі);
  • сайшылардан тәуелділігі.

   Үкіметтің кімнен қалыптасқанына оның кімге есеп беретіндігіне байланысты – парламенттік, президенттік және аралас республика болып айырылады.  

   Парламенттік  республика – басқару нысаны, онда үстемділік парламентке жатады; үкімет парламентпен қалыптастырылады және оған есеп береді. Парламенттік республикаға премьер-министр қызыметі тән, себебі ол бір мезгілде үкіметтің басқарушысының және сайлауда жеңген партияның басқарушысының функциясын орындайды. Парламент сенбеушілік ватумын шығарып үкіметті және оның мүшелерін отставкаға жібереді. Парламенттік республикада президенттің билігі өті төмен, дегенмен оған белгілі жұмыстар тапсырылған, бірақ оларды іске асыру үшін үкіметтің келісімін алуы қажет, ал оның шығарған нормативті актілері заң күшіне сонда ғана кіреді, егер оны парламент бекітіп, үкімет қолдаса ғана (Италия, Австрия, ФРГ).

   Президенттік  республика – басқару нысаны, онда президенттің нақты билік өкілеттігі бар.

   Президенттік  республиканың екі түрлі үлгісі бар. Бір жағдайда президент мемлекет және үкімет басшысы болуға өкілеттігі бар (АҚШ, Мексика). Президент үкіметті қалыптастырады, ол оған есеп беруші, парламент қабылдаған заңдарға вето қояды.

   Президент әскердің бас қолбасшысы және әскери не төтенше жағдайды жариялауға құқығы бар. Дегенмен президент парламентті  тарата алмайды, ал парламент президентті  жұмыстан алшақтануға, биліктен кешіруге болады тек импичмент арқылы және билікті теріс пайдаланса, қылмыс жасаса ғана.

   Басқа үлгі бойынша президент мемлекеттің  басшасы, бірақ үкіметтің басшысы  емес.[9]

   Аралас  республика парламенттік және президенттік республиканың белгілерін үйлестіреді. Мысалы, Ресей президенті формальді түрде үкімет басшысы емес, дегенмен де оның функцияларын орындайды: елдің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, кадр мәселелерін шешеді, Мемлекеттік Думаның келісімімен премьер-министрді тағайындайды және оның отставкаға кетуін шешеді, үкіметтің отырыстарында төрағалық етеді. Екінші жағынан, мемлекет басшысы ретінде өкілеттік функцияларды орындайды, Мемлекеттік Думаның сайлауын тағайындайды, оны таратуға құқығы бар, заң шығару инициативасымен пайдалануға құқығы бар, федеральдық заңдарға қол қояды және жариялайды, жарлықтарды шығаруға, халықаралық келісімдерге қол қояды.

   Саяси режим – бұл мемлекет нысанының  элементі, мемлекеттік билікті іске асырушы әдістердің, жолдардың және құралдардың жиынтығын сипаттаушы.

   Саяси режим мемлекет құрлысының көбірек  динамикалық бөлігін құрайды. Осы  кейіптегі мемлекеттің аясындағы  болып жатқан әлеуметтік-саяси және экономикалық өзгерістер, ең алдымен  оның режимінде көрінеді, ал ол өз жағынан  басқару нысанына және мемлекеттік құрылыс нысанына әсер етеді.

   Сол не басқа елдердегі бар режимдердің  сипаты туралы куә болатын әртүрлі  факторлар:

  • мемлекеттік билік, басқару және сот органдарының қалыптасуындағы жолдары мен тәртіптері;
  • мемлекеттің әртүрлі органдарының арасындағы құзіретті бөлу тәртібі және олардың арасындағы ара-қатынастарының сипаты.
  • Азаматтардың құқығы мен бостандығының анық деңгейі.
  • Қоғам өміріндегі құқықтың ролі.
  • Әскердің, полицияның және барлаудың орны мен ролі;
  • Мемлекетті басқарудағы азаматтардың анық қатнасу деңгейі;
  • Қоғамда пайда болатын әлеуметтік және саяси конфликтерді шешу жолдары.

   Мемлекетте  саяси билікті іске асыруға қандай әдістердің пайдалаунуына байланысты бірнеше саяси режимнің түрлері  бар. Көп авиорлар екімүшелікке (двухченную) бөлуді ұсынады: барлық режимдер демократиялық және антидемократиялық болып бөлінеді. Өз жағынан, антидемократиялық режимдер: фашистік, тоталитарлық және авторитарлық болып бөлінеді.

 

    ІІ Құқықттық мемлекет және азаматтық  қоғам 

   Құқықтық  мемлекет  - бұл  бәрін  қамтитын  қоғамның  саяси  ұйымы,  заңның  үстемдігіне  негізделген,  адам  мен  азаматтың   толықаралық  құқығы  мен  бостандығын  қамтамасыз  етуші  және  мемелкеттік  билікті  біртіндеп  тежеу  арқылы   теріс  пайдалануды болдырмау.[10]

   Құқықтық  мемлекет  өзіне  үш  компонентті қосып  алады:

   өзіндік  құқықтық  компонент;  жекешеленген  - құқықтық  компонент  (құқық  және  азаматтардың  бостандығы);  ұйымдастыру – құқытық  компонент.

   Құқықтық  компонент  сондай – ақ  құқықтық  санада  көрінеді, оларда  құқықты  және  заңдарды  бөлу  сипаты  бар  және  соның  негізінде  құқықтық  заңдардың  құқықтық  танымын  құру  көзделген.  Құқықты  айыратын  белгіге  формальды  теңдік,  адалдық  жатады.  Сондықтан,  құқықтық  заңдар  адалдықты  және  теңдікті  басынан  бекітеді, яғни  биліктің  зорлығы артықшылықтың әсері емес.  Құқықтық  мемлекетің,  “заңдылық мемлекетке” қарағандағы айырмашылығы  сонда,  ол  құқықтық  заңдарды  жасайды,  қабылдайды  және  іске  асырады,  яғни  зорлықты,  құқықсыздықт,  адал еместікті іске  асыратын  заңдарды  қабылдамайды.

   Жекелеген – құқықтық  компонент  құқықтық  нысандар   мен  мемлекетпен  азаматтар  арасындағы  құқықтық  сипаттағы  қарым – қатынасты  бекітеді.  Ондай  қарым – қатынастағы  сипат  мемлекет  пен  азаматтар  арасындағы  бір – біріне  деген  қарым – қатынасқа  негізделген.  Мұнда  азаматардың  құқығы  мен  бостандығы  еріктің  жемісі  және  мемлекеттің  көзқарасы  ретінде  қаралмай,  объективті қалыпсатқан  қатынастар  ретінде  қаралып,  оны  сақтау  мемлекттің  міндетіне жатады.

   Ұйымдастыру  құқықтық компонент өзіне  бтліктің  монополизациялауын  алып  тастауға  арналған  факторларды  қосып  алады,  яғни  мемлекеттік  органды  бір  адамның  қолына  шоғырландыруды.  Ондай  факторларға:

   - мемлекттің  органдарының  әрекетін  Конституциялық  белгілеу;

   - билікті  заң  шығарушы,  атқарушы  және  сот  биліктеріне   бөлу;

   - барлық  билік  салаларының   қызметтеріне  Конституциялық  бақылау   қою.[11]

   Құқықтық  мемлекеттердің  айырмашылық  белгілеріне  төменіректе  көңіл  аударатынымызға  мыналарды  жатқызамыз:

  • азаматтық  қоғамның  болуы;
  • заңның  үстемдігі;
  • азаматтырдың  құқығы  мен  бостандығының   шындығы;
  • биліктің  бөлінуі;
  • мемлекет пен  жеке  адамның  бір – біріне  жауапкершілігі;
  • саяси  және  идеологиялық  плюрализм;
  • құқықтық  таным  мен  құқықтық  мәдениеттің  жоғарғы  деңгейі.

   Құқықтық  мемлекет  идеялары  көне  замандағы,  ортар  ғасырдағы  және  қазіргі  кездегі  алдыңғы  қатарлы  оқымыстылдарды  әр  уақытта  толғандырған.  Филоосвтар,  заңгерлер,  тарихшылар  құқықтық  мемлекетің  мәнін, мазмұнын  түсінуге  оның  негізгі  белгілерін  және  мақсатын  білуге  талпынған  және  талпыну  үстінде.

   Құқықтық  мемлекет  идеяларынан  мәнін  және  мазмұнын  ғалымдар мен  әртүрлі  белгіленген.  Біреулері  құқықтық  мемлекттті  қоғамның   белгілі  қабатындағы  байлыққа,  біреудің  еңбегіне  сүйенген  десе,  екіншісі,  мысалы,  белгілі  гуманист Т.Морден  ойынша,  жекеменшік  кезінде  адалдық  туралы  барлық  қоғамның  игілі  туралы  айтуға  болмайды деген.  Дегенмен  барлық  ғалымдардың  ойлары  бір  жерге  торғысып,  құқықтық  мемлекеттің  болуы заңдылыққа,  гуманизмге,  жақсылыққа  және  адалдыққа  жеткізетіндігін  анық  бағдарлаған.

Информация о работе Құқықттық мемлекет және азаматтық қоғам