Құқықттық мемлекет және азаматтық қоғам

Автор: Пользователь скрыл имя, 08 Декабря 2011 в 09:17, курсовая работа

Описание работы

Курстық жұмыстың зерттеу пәні. Мемлекет және құқық теориясының пәні - өте күрделі ұғым. Осы пәнді толық зерттеу үшін төмендегі сұрақтарға аса көңіл бөлу қажет:
мемлекет және құқықтың мәні.
кез келген типті және кез келген жүйедегі мемлекет және құқықтың жалпы сипаттары.
мемлекет және құқық пайда болуының жалпы заңдылықтары.
мемлекет және құқықтың типтері мен формалары (нысандары).
мемлекет және құқықтың дамуы мен қызмет етуінің жалпы заңдылықтары, принциптері, механизмдері.
мемлекет және құқықтың бір-бірімен және басқа қоғамдық құбылыстарымен байланыс етудің жалпы заңдылықтары.

Содержание

Кіріспе
І. Мемлекет және азамат құқығы
1.1 Мемлекет түсінігі
1.2 Мемлекеттің түрлері.
ІІ Құқықттық мемлекет және азаматтық қоғам
2.1 Азаматтық құкық туралы ұғым
2.2 Азаматтық құқық туралы түсінік және оның қайнар көздері
2.3 Азаматтық – құқықтық мәмілелері.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Құқық теориясы курсовая.doc

— 365.50 Кб (Скачать)

      - билікті,  заң  шығару,  атқару  және  сот  органдарына   бөлу  мақсатын  теріс  пайдалануға  жол  бермеу;

      -  федерализм ,  көлденең  бөлінген  билікті  тағы да жоғарыдан   төмен  бөлу  арқылы  бөліктіру;

      -  заңның  үстемдігі;

      -  мемлекет пен  жеке  адамның   екі  жаққа   бірдей  жауапкершілігі.

      Жоғарыда  көрсетілгендерден  басқа,  әртүрлі  деңгейде  жағдайлар  жасайтын  принциптерді  бөліп  айтуға болады.  Оған:  қоғамдағы  жоғарғы  деңгейдегі  құқықтық сана   және  құқықтық  мәдениет,  азаматтық  қоғамның  болуы  және барлық  құқық  субъектілерінің  жағынан заңдардың  орындалуына  бақылау  жүргізуді   ұйымдастыру  кіреді.

   Қазақстан  Республикасы  Президенті  Нұрсұлтан  Назарбаевтің  Қазақстан  халқына 2005жылғы жолдауында  құқықтық  мемлекетті  құрудың   алғышарттарын анықтай отырып  былай деді:  Сондықтан да  алдағы  уақытша менің күш жігерім:

  • мемлекетті  нығайтуға,  Қазақстанды  осы заманғы  демократиялық  және  құқықтық  мемлекет  ретінде  дамытуға;
  • еліміздегі  және   өңірдегі  бекем  тұрақтылықты  қамтамасыз  етуге,  өңірлік  және  халықаралық  ынтымақтастықтарды  дамытуға;
  • жаһандану  талаптарына  сәйкес  экономиканы  серпінді  дамытуға  және шикізаттық  емес  сектлрларды ілгерілетуге  баса  ден қоя  отырып,  жаңа  технологияларды  дамытуға;
  • білім  беруді,  кәсіптік   даярлық пен  әлеуметтік  саланы  XXI ғасырдың  деңгейіне  көтеруге;
  • діни негіздегі  жатсынбаушылық  пен  конфессиялар  аралық  келісімді   қамтамасыз  етуге;
  • сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  күреске;
  • ланкестікке,  есірткі  саудасына  қарсы  жаһандық  күреске  бағытталады  деді.

   Сонымен  бірге  еліміздің  жаңғыруының  әрі  қарай  жеделдетудің   2010 жылға  дейінгі   кезеңге  арналған  нақтылы  бағдарлама  ұсынылды.онда  Қазақстанды  демократиялаудың  жаңа  кезеңіне  байланысты  саяси  реформалардың  жалпы ұлттық  бағдарламасын  ұсынып,  “Қазақстанды  батыс  демократиясының  дәстүрлері  мен  қағидаларына  және Оңтүстік  Шығыс  Азияның іргелі мемлекеттерінің  тәжірибесіне, біздің  көпұлтшыл  және  көпдінді  халқымыздың  дәстүрлеріне  сәйкес одан  әрі  демократияландыру”  көзделген.

   Қолданып  жүрген  1995 жылғы  Конституцияның  әлемдегі  демократиялық  қоғамның негізгі  міндеттеріне  сәйкес  келетіндігі  дәлелденді.  Биліктің  заң  шығарушы  тармағының  саяси  беделін  күшейту  көзделді.

   Сот  жүесі  мен азаматарды  құқықтық  қорғау  реформасы  бойынша,  сот  жүйесін  жетілдіру көзделіп,  мынадай  нақты  мәселелерге  көңіл  аударылады:

  • сот  өндірісін  оңайлату,  оның  объективтілігін  сондай – ақ  со  актілерінің тұрақтылығы мен уақтылы орындалуын  қамтамасыз  ету;
  • сот  өндірісі  шеңберінде  және  сот  шешімдерін  атқару  кезеңінде  азаматар  құқығына  берілетін  кепілдіктерді  күшейту;
  • сот  корпусының  тәуелсіздігін  қамтамасыз  ету  заң  шеңберіндегі  әділетті  шешімнің  кепіліне  айналуға   тиіс;
  • судьялардың  біліктілігін арттыру,  мұның  өзі  Қазақстаның  сот  жүйесін  XXI ғасырдағы  шаруашылық  инвестициялық  және  сауда  проблемаларына  сәйкес  келтіруге  мүмкіндік  береді;
  • қылмыстық  сот  өндірісі  мен сот шешімдері шеңберіндеадвокаттардың ролінарттыруды  қамтамасыз  ету;
  • қылмыстық сот  өндірісі  тәжірибесіне алқа  билер  соты  институтын  енгізу  қажет.

   Адвокаттың  қоғам  институттарын  дамыту құқықтық  мемлекетті  құрудың  алғышарттарының  біоі  болғандықтан  көңіл  аударылып,  Қазақстан  азаматарының  құқықтары  мен  бостандықтарының, сөз  бостандығының,  бірлестіктерге  кіру  мен  саяси  ерік – жігерді  білдірудің  кепілдіктерін  одан  әрі  дамыта  беру  көзделді. 

   Құқықтық  мемлекет дегеніміз жеке адам және қоғам мүддесін корғайтын, заң үстемдігі мен құқық принциптеріне негізделген мемлекет. Құқықтық мемлекетті қалыптастыру ісі қоғамды демократияландыруға, құқықтық тәртіптің және заңдылық принциптерінің сақталуына негізделеді.

   Құқықтық мемлекет – басқаша түсіндірсек ол жеке тұлға мен қоғамның құқықтары мен бостандықтарының құқықтық қорғалуын өзінің негізгі мақсаты етіп қойған мемлекетті айтады. Бұл мемлекет өз мақсатын орындауда төмендегідей қағидаттарға сүйенеді:

   а) құқыктың басымдылығы;

   б) адам мен азаматтың құқықтық қорғалуы;

   в) мемлекеттік биліктің бөлінуі;

   г) заң үстемдігі;

   д) құқық пен заңның тұтастығы;

   е) мемлекет пен жеке тұлғаның өзара жауаптылығы;

   ж) азаматтық коғамның орнауы;

   з) қоғамның құқықтық мәдениетінің жоғары болып, оның құқықтық санасы деңгейінің биікке көтерілуі;

   и) соттардың тәуелсіздігі;

   к) антимонополиялық құрылымдардың тұрақты  түрде қызмет істеуі.

   Құқықтық  мемлекетте барлық субъектілер өз әрекеттері бойынша жауапты және құқықтық тендікті сақтай отырып құрылуы тиіс. Сондықтан күкықтық мемлекетте субъектілердің әрекет ету қағидаттары төмендегідей болады:

   а) "Заңда тікелей көрсетілген  әрекеттерге ғана рұқсат берілген" қағидат мемлекеттік органдар мен  лауазымды тұлғаларға ғана қатысты  болып келеді.

   б) Құқық субъектілерінің қайсысына болсын атап-атап көрсеткенде азаматтар, занды тұлғалар мен басқалай да шаруашылық субъектілеріне қатысты "заңмен тікелей тыйым салынбағанның бәріне рүқсат етілген" қағидаты басшылыққа алынады.

   Адам  және азамат қүқықтары мен бостандықтарьш ең толық түрде қамтамасыз етудің тиісті жағдайларын жасау, сондай-ақ билікті асыра пайаалануға, оның диктатураға, деспотияға өзгеріп кетуіне жол бермеу үшін мемлекеттің билікті дәйекті түрде құқық аркылы шектеп отыруы – құқықтық мемлекеттің мақсаты болып табылады.

   "Азаматтық  коғам" ұғымын өткен замандардың  ұлы ойшылдары Аристотель, Цицерон,  Г.Гроций, Т.Гоббс, Дж.Локк, Гегель, К.Маркс  және т.б. тұжырымдаған болатын.

   Азаматтық коғамның негізгі идеясы адамның  қоғамдағы басымдылық идеясы, адамның  дербестік идеясы, өз әрекеттерін құқықты құрмет тұта отырып, ең алдымен өнеге мен имандылық қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асыруға қабілетті болу идеясы. Сонымен бірге, азаматтық қоғамның болмысына мемлекет араласпауы тиіс, ал оның араласуы тек құқық бұзушылық болған жағдайда ғана болуы мүмкін.[21]

   Егер  де азаматтық коғамның толық сипаттамасын жасауға талпынар болсақ, онда –  азаматтық қоғам дегеніміз нақты  адамға арнайы бағытталған, оның бойында  құқықтық дәстүрлер мен заңдарға, жалпы ізгілік, имандылық, өнегелік идеяларына (мұраттарына) құрмет сезімін тудыратын, шығармашылық және кәсіпкерлік істер азаттығын (бостандығын) қамтамасыз ететін, ондай істерде сәттілікке жетуге мүмкіндіктер жасайтын, адам мен азамат құқықтарын жүзеге асыруда мемлекет әрекеттерін шектеу мен қадағалаудың тетіктерін (механизмдерін) табиғи түрде байланысты етіп жасайтын азат демократиялық құқықтық қоғам.

   Азаматтық қоғам құрылым ретінде мына жүйелерден тұрады:

   а) әлеуметтік;

   б) экономикалық;

   в) саяси;

   г) рухани-мәдени;

   д)  ақпараттық.

   Бұдан да толығырақ алғанда азаматтық коғамның күрылымы мынадай бөліктерден тұрады:

   1. Мемлекеттік емес, әлеуметтік-экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік).

   2. Мемлекетке тәуелді емес өндірушілер (жекеше фирмалар мен т.б.).

   3. Қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер.

   4. Саяси партиялар мен қозғалыстар.

   5. Тәрбие беру аясы мен мемлекеттік емес білім беру.

   6. Мемлекеттік емес бұқаралық ақпарат құралдары.

   7. Отбасы.

   8. Шіркеу, мешіт, және т.с.с.

   Азаматтық қоғамның белгілері:

   - адам және азаматтың құқықтары мен бостаңдықтарын ең толық түрде қамтамасыз ету;

   - өзін-өзі басқаруы;

   - оны құрайтын құрылымдар мен ондағы түрлі халық топтары арасында болатын бәсекелестік;

   - қоғамдық пікірдің еркін түрде қалыптасуы және көппікірлілік (плюрализм);

   - бүкіл жалпылык хабардар болу және ең алдымен ақпарат алуға адам құқықтарынын іс жүзінде жүзеге асырылуы;

   - адамдардың тіршілік етуін қоғамның үйлестіруі (координация-келісімділік) қағидатына негізделеді (мемлекеттік аппаратта қызмет ету субординация қағидатына қарай құрылған. Бұл қоғамдағы болмыстың ұйымдастырылуынан айырмашылығы);

   - экономиканың көп құрылымдығы (көп укладтығы);

   - биліктің легитимділік пен демократиялық сипатта болуы;

   - құқықтық мемлекет;

   - мемлекеттің адамдарға лайықты  деңгейде өмір сүруіне қажетті  жағдайды қамтамасыз ететін пәрменді әлеуметтік саясатының болуы және т.б.

   Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның қалыптасуы енді ғана басталуда. Сондықтан да көптеген келелі мәселелер туындау үстінде, бұлардың шешімін табу мемлекетке, қоғамға және де нақтылап айтқанда әрбір адамға байланысты.

   1 кесте  

   

   

   

     

   

     

   

     

   

     

   

   

   

     

   

     

   

     

     

     
 
 

   Сонымен қорытып айтқанда азаматтық қоғам  адамның тіршілік ету болмысындағы жағдайларын, тұлғалар мен әлеуметтік топтардың алуан түрлі қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың, формалды (занда көрсетілген) және формалды емес те құрылымдарының жиынтығы.

 

    2 кесте  

   
 
   АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ ТҮРЛЕРІ    
 
 

     

       қауым 

        әлеуметтік құрылымдар (сословие, әлеуметтік топтар, таптар) 

        қоғам  - ел азаматтарының жиынтығы ретінде 

        азаматтардың  әлемдік достастығы

          

   3 кесте 
 

     
        АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМНЫҢ  ҚҰРЫЛЫСЫ

       

       

        саяси  партиялар мен лоббилік ұйымдары (комитеттер, комиссиялар,   кеңестер), заң шығару және мемлекеттік органдар жанындағы 

Информация о работе Құқықттық мемлекет және азаматтық қоғам