Құрастырмалы құрылыс құралымдарын құрастыру

Автор: Пользователь скрыл имя, 29 Ноября 2011 в 18:47, курсовая работа

Описание работы

Бірқабатты өнеркәсіптік үймереттер халық шаруашылығының әр саласындағы кең тараған инженерлік құрылыстардың ерекше түрі болып табылады.
Салынатын өндіріс орындарының ерекшелігіне қарай құрастыру жұмыстарының көлемін, орындау тәсілдерін және жұмыс кезеңінде қолданылатын құрастырушы механизмдері мен құралдарды анықтап отыратын жан-жақты көлемдік-жоспарлы және құралымдық шешімдері болады.
Өнеркәсіптік бірқабатты үймереттердің қаңқалары құрамалы темірбетоннан немесе аралас темірбетонды бағаналар мен жабын тақталарынан, кранастылық арқалықтардан, металды итарқалардан және байланыс жаппаларынан тұрғызылады.

Содержание

Кіріспе
Құрастырылатын үймереттердің сипаттамасы...............................................4
1.1 Үймереттің көлемдік-жоспарлық шешімі.................................................4
1.2 Үймереттің құрылымдық шешімі..............................................................4
Құрастыру жұмысының еңбек сыйымдылығы мен көлемін анықтау..........8
Алымдардың өлшемін және құрастыру әдісін таңдау.................................11
Құрастыру аспаптары мен еңбек құралдарын таңдау..................................12
Көтергіш крандардың қажетті жұмыстық параметрлерін анықтау, маркасын, типтерін және құрастыратын крандардың құралын таңдау...............................................................................................................14
Техникалық-экономикалық көрсеткіштерге сүйене отырып құрастыру, кранның тиімді құрамын таңдау....................................................................21
6.1 Құрастыру жұмыстарының ұзақтығын анықтау....................................21
6.2 Құрастыру жұмыстарының еңбек сыйымдылығын анықтау................27
6.3 Құрастыру жұмыстарының өзіндік құнын анықтау..............................28
Құрама құралымдарды құрастыру үшін таңдап алынған крандардың жүріс үлгісін дәлелдеу...............................................................................................32
Кешенді бригада құрамының есебі................................................................33
Тасымалдау құралының қажетті санының есебі..........................................34
Құрылыс құралымдарын құрастыруға арналған нұсқаулар........................35
Құрастыру жұмысының мерзімдік жоспарын және жұмысшылардың ауысу графигін жасау......................................................................................36
Құрастыру жұмыстарын қысқы мерзімде жүргізу шаралары.....................38
Құрастыру жұмыстарын өндіру кезіндегі қауіпсіздік сақтау шаралары..........................................................................................................39
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Работа содержит 1 файл

Курсовая ТСП-2.doc

— 912.50 Кб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 

     «ҚӨТ және Ұ»  кафедрасы 
 
 
 
 
 

«Құрылыс өндірісінің технологиясы-2» пәні бойынша курстық жобаға 

ТҮСІНІКТЕМЕ ЖАЗБА

Тақырыбы: «Құрастырмалы құрылыс құралымдарын құрастыру»

           
 

                                                               

              

                                                                          Тексерген:

   «____»_____________2009ж. 

      _______________________

   қолы

____________

              (баға)

                                                                              Дайындаған: С-06-1тобының ст.

          

             «____»_____________2009ж. 

   _______________________

   қолы 

Қарағанды 2009

Мазмұны 

     Кіріспе

  1. Құрастырылатын үймереттердің сипаттамасы...............................................4
  2.      1.1 Үймереттің көлемдік-жоспарлық шешімі.................................................4
  3.      1.2 Үймереттің құрылымдық шешімі..............................................................4
  4. Құрастыру жұмысының еңбек сыйымдылығы мен көлемін анықтау..........8
  5. Алымдардың өлшемін және құрастыру әдісін таңдау.................................11
  6. Құрастыру аспаптары мен еңбек құралдарын таңдау..................................12
  7. Көтергіш крандардың қажетті жұмыстық параметрлерін анықтау, маркасын, типтерін және құрастыратын крандардың құралын таңдау...............................................................................................................14
  8. Техникалық-экономикалық көрсеткіштерге сүйене отырып құрастыру, кранның тиімді құрамын таңдау....................................................................21

    6.1 Құрастыру  жұмыстарының ұзақтығын анықтау....................................21

    6.2 Құрастыру жұмыстарының еңбек сыйымдылығын анықтау................27

    6.3 Құрастыру  жұмыстарының өзіндік құнын анықтау..............................28

  1. Құрама құралымдарды құрастыру үшін таңдап алынған крандардың жүріс үлгісін дәлелдеу...............................................................................................32
  2. Кешенді бригада құрамының есебі................................................................33
  3. Тасымалдау құралының қажетті санының есебі..........................................34
  4. Құрылыс құралымдарын құрастыруға арналған нұсқаулар........................35
  5. Құрастыру жұмысының мерзімдік жоспарын және жұмысшылардың ауысу графигін жасау......................................................................................36
  6. Құрастыру жұмыстарын қысқы мерзімде жүргізу шаралары.....................38
  7. Құрастыру жұмыстарын өндіру кезіндегі қауіпсіздік сақтау шаралары..........................................................................................................39

     Қорытынды

     Қолданылған әдебиеттер тізімі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Кіріспе 

      Бірқабатты  өнеркәсіптік үймереттер халық шаруашылығының әр саласындағы кең тараған инженерлік құрылыстардың ерекше түрі болып  табылады.

      Салынатын өндіріс орындарының ерекшелігіне қарай құрастыру жұмыстарының көлемін, орындау тәсілдерін және жұмыс кезеңінде қолданылатын құрастырушы механизмдері мен құралдарды анықтап отыратын жан-жақты көлемдік-жоспарлы және құралымдық шешімдері болады.

      Өнеркәсіптік  бірқабатты үймереттердің қаңқалары  құрамалы темірбетоннан немесе аралас темірбетонды бағаналар мен жабын тақталарынан, кранастылық арқалықтардан, металды итарқалардан және байланыс жаппаларынан тұрғызылады.

      Үймереттер  жүк көтергіш қондырғылармен қамтамасыз ету жағдайына байланысты кранды және крансыз болып бөлінеді.

      Бірқабатты крансыз үймереттер екі бағытқа айтарлықтай созылған бір типті ұяшықтар мен құралымдардан тұрады. Әдетте мұндай үймереттердің қаңқасының салмағы 18 тонналық құрастырмалы темірбетон құралымдарынан жасалады. Әсіресе, металл төсеніштерді пайдаланғанда 24 метрлік жаппа металл құралымдарынан жасалады.

      Көпірлі крандармен жабдықталған бірыңғай бірқабатты өнеркәсіптік үймереттер де осы сияқты бір типті қуыс ұяшықтардан, құралымдардан  және басқа да бөліктерден тұрады. 

     Бірқабатты  өнеркәсіптік үймереттер белгілі бір технологиялық жүйемен салынады, бұл жүйе технологиялық жабдықтарды күні бұрын құрастыруды қамтамасыз ету үшін салынған объектілердің көлемдік-жоспарлық және құралымдық шешімдеріне және орналастырылатын цехтарды пайдалануға берудің кезегіне қарай белгіленеді.

      Бірқабатты  өнеркәсіптік үймереттердің құрамалы құрылымдарын құрастыру мамандандырылған тасқындар арқылы жүргізіліп, олардың әрқайсысына тасымал және құрастыру машиналар жинақтары және тиісті құрастырушы жабдықтар беріледі.    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

1 Құрастырылатын үймереттердің сипаттамасы  

    1. Үймереттің  көлемдік-жоспарлық шешімі
 

     Курстық жобаның тапсырмасы бойынша 1 қабатты өндіріс ғимараты берілген. Пландағы қимасы – тіктөртбұрыш. Ғимараттың негізгі сипаттамасы – КО-18-7,2СК. Ғимараттың өлшемдері: ені – 36 метр, ұзындығы – 60 метр. Қабат биіктігі – 7,2 метр.

     Қасбет  жақсартылған түрлі-түсті цемент негізіндегі  декоративті сылақпен әрленеді. Ішкі әрлеу жұмыстары бөлменің сипатына байланысты жүргізіледі.

     Ұстындар  адымы: шеткі – 6 метр, ортаңғы – 6 метр. Крандардың жүк көтергіштігі – 10 тонна. Зауытқа дейінгі қашықтық – 23 км. Құрылыс ауданы – Петропавлск. Құрылыстың басталу уақыты – мамыр айы. 

    1. Үймереттің  құрылымдық шешімі
 

      Өнеркәсіптік  үймерет құрамалы темірбетон құралымдарынан тұрады.

      Ұстындар  – тұтас темірбетонды. Ұстындар өлшемі: - шеткі және ортаңғы  0,4х0,4х8,1, -фахверк 0,3х0,4х7,9.

       

1.1 кесте – Құрастырмалы элементтердің біріктірілген спецификациясы 

Элементтің маркасы және аты Элементтің  өлшемі, мм Эле-менттің салма-ғы, т Элемент-тің  саны, дана Барлық  элемент-тің салма-ғы, т
ені ұзын-дығы биік-тігі
1 2 3 4 5 6 7 8
1 Шеткі қатарлардағы ұстын К72-3  
400
 
400
 
8100
 
3,3
 
22
 
72,6
2 Ортаңғы қатардағы ұстын К72-14  
400
 
400
 
8100
 
3,3
 
11
 
36,3
3 Фахверк ұстындары

2КФ79-2

 
400
 
300
 
7900
 
2,4
 
8
 
19,2
4 Жабын плиталары ПГ-3АтУТ  
2980
 
5970
 
300
 
2,65
 
120
 
318
 
 
 
 
    1. кестенің  жалғасы
 
5 Итарқалар ФСМ18-IV-6HA  
300
 
17940
 
2730
 
9,4
 
22
 
206,8
6 Кранасты арқалық

5К6-2А IV-С

 
5950
 
800
 
800
 
3,5
 
40
 
140
7 Панельдер

ПС66.123,0-6.л-1

ПС66.183,0-6.л-1

 
6580

6580

 
1185

1785

 
300

300

 
3,54

5,33

 
30

104

 
106,2

554,32

 

    Түзілістерді  жинақтау – үймереттер мен ғимараттарды дайын түзілістерлен немесе олардың  зауытта жасалған элементтерінен механикаланған құрастырудың индустриалды кешенді  процесі.

    Түзілістер  жинақтауы жай процестер мен  операциялардан тұратын кешенді  процесс болады, олар өз кезегімен  үш топқа бөлінеді: тасымалдау, дайындау және жинақтаудың өзі.

    Тасымалдау  процесі түзілістерді жеткізу, олардың  элементтері мен бөлшектерін, қосалқы  материалдар мен бекіткіштерді түсіру, жайып немесе үйіп қоюы бойынша операциялардан тұрады. Сонымен жинақтау жұмысына қабылданған әдісіне байланысты құрылыс түзілістерін жинақтау алаңшасына, жинақтау крандарының жұмыс істейтін жеріне, тасымалдау (егерде элементтерді алдын ала жайып қойып жинаса немесе жинақтау көлік құралы үстінен жүргізілсе), объект қасындағы қоймаға немесе ірілендіру алаңшасына жеткізуімен ұйымдастырылуы мүмкін. Түзілістерді қоймалардан немесе ірілендіру алаңшаларынан жинақтау орнына жеткізу тасымалдау процестеріне жатады.

    Дайындау  процесі түзілістердің геометриялық мөлшерін және сапасын және олардың  орнатылатын негіздерін тексеру; түзілістерді ірілендіру және күшейту; түзілістерді көтеруге әзілдеу, төсеніштер.

    Жинақтау  жұмыстарында түзіліс элементтерін түсіру, сүйрету және көтеру үшін, әрі ванттарды тарту және жинақтау механизмдерін жылжыту үшін лебедкелар пайдаланады. Олар электр және қол жетегі бар көтергіш, тартқыш және айналдыратын түрлеріне бөлінеді.

    Лебедканың  пайдалану сапасын сипаттайтын негізгі параметрлері: тарту күші (жүк көтергіштігі), барабанның арқан сыйымдылығы, барабанға арқанды орау жылдамдылығы және өз салмағы.

    Жинақталатын  түзілістерді дәлдеу және уақытша бекіту үшін әр түрлі тетіктер пайдаланады. Оларға сыналар, бекіткіштер, кондукторлар, кергіш-тартқыштар, тіреуіштер, таяныштар жатады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

2 Құрастыру жұмысының еңбек сыйымдылығы мен көлемін анықтау 

      Құрама  құралымдарды құрастыруға жұмсалатын еңбек сыйымдылығы мен машина уақытын анықтау үшін әр жинақталатын элементтердің уақыт мөлшерін анықтау  қажет.

      Құрама  құрылымдарды кешенді құрастыру процестеріне енетіндер: элементтерді көтеруге дайындау; ірілендіріп құрастыру; көтеретін жерге жеткізу; элементтерді қосалқы аспаптар және құралдармен (кейбір жағдайда қатты бекіту элементтерімен) жабдықтау және ілмектеу; көтеру; уақытша бекіту; тексеру және элементтерді жобалық орнына біржола бекіту. Осы барлық дәйекті процесс тізбесі түзіліс элементтерін жинақтағанда жұмысты өндіру жобасында ескертілуі қажет.

      Құрастыру жұмысының құрамына негізгі және қосалқы жұмыстар кіреді. Көбінесе қабылданған негізгі жұмыс өндірісінің әдісіне байланысты қосалқы жұмыстардың құрамы белгіленеді.

Информация о работе Құрастырмалы құрылыс құралымдарын құрастыру