Қылмыстық кваликациялаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 17:59, доклад

Описание работы

Қылмыстық құқықтың негізгі міндеттерінің бірі қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді анықтау, оларға жазаның түрі мен көлемін белгілеу болып табылады. Бірақ қылмыстық құқық осы міндеттерді іске асырып ғана қоймай, қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесін, кінәні ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайларды, жаза тағайындау және жазадан босату кезінде ескерілуге тиісті қажеттіліктерді тағы басқа анықтаумен айналысады. Қылмыстық заң нормаларын практикада, яғни сот тергеу қызметінде қолдану тәртібі туралы сөз қозғағанда және оны сот іске асырғанда қылмыстық квалификациялау туралы мәселе орын алады.

Работа содержит 1 файл

Қылмыстық кваликациялаудың ұғымы.doc

— 96.50 Кб (Скачать)

          Зардап орын алған  аяқталмаған қылмыстарды квалификациялау  тәртібі әдеттегі қылмысқа оқталу сияқты жүргізіледі, яғни іс-әрекет зардапты қарастыратын қылмыс түрі бойынша емес, қылмыскердің қасақаналығына  кірген қылмыс түрімен  және 24бапқа сілтеме жасау арқылы бағаланады.Ал қылмысқа даярлану немесе оқталу әрекеттерінде қылмыстың обьектісі орын ала ма немесе мұндай әрекеттерде қылмыстың құрамы болып , аяқталмаған қылмыстардың құрамы  бар деп түсінуі керек. Аяқталмаған қылмыстармен қысқартылған құрамдардың арасындағы ұқсастық , ол бұл екеуінде  қылмыстың нақты аяқталу уақытына жетпеуінде . Қылмыстың заң жүзіндегі аяқталу уақыты бойынша қысқартылған құрамдарда аяқталған қылмыстың құрамы  болмайды. Бұл екі ұғымның басты айырмашылығы да осы қылмыстың заң жүзіндегі аяқталу кезеңдерінде  болып табылады.

          Аяқталмаған қылмыстарда  қысқартылған құрамдардағыдай жасалған іс-әрекетті аяқталған қылмыс ретінде бағалауға негіз беретін мұндай белгілер болмайды ,  дайындалу немесе оқталу сияқты аяқталмаған қылмысты  әрекеттерді Ерекше бөлім баптарымен бағаланатын білдіретін белгілер болмайды және қылмыстың обьективтік жағын сипаттайтын әрекеттер орын алған мен де ол аяғына дейін жеткізілмейді. Аяқталмаған қылмысты әрекеттер тек материалдық құрамдар бойынша ғана емес, формальдық құрамдарға жататын қылмыстарда  да кездесе алады. Материалдық қылмыстарға жататын  кінәлі қылмыстың обьективтік жағын құрайтын іс-әрекеттерді жасауға бағытталады, немесе мұндай әрекеттер жасалғанның өзінде кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен қылмыс аяғына жеткізмейді.Себебі Қ.К 26 бабының 2 бөліміне сәйкес , «Қылмысты ақырына дейін жеткізуден өз еркімен бас тартқан адам оның нақты жасаған әрекетінде өзге қылмыс құрамы болған жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа тартылуы тиіс» . Яғни бұл мысалда кісі өлтіру қылмысынан бас тартқан мен , қасақана денсаулыққа зардап келтіру қылмыс орын алған болып шығады.Сондай –ақ кепілге алу , адамды ұрлау сияқты қылмыстық әрекеттерді жасап ,артынан үкімет органдарының  талабына көніп немесе өз еркімен кепілге алған немесе ұрлаған адамын босатқанмен , бірақ кепілге алу ,  адамда ұрлау кезінде жәбірленушінің денсаулығына зардап келтірген қорлаған болса, онда денсаулыққа зардап келтіру немесе қордау қылмыстарының құрамы сақталады және осы қылмыстар бойынша жауаптылықтан босатылмайды.  Ал адамды өлтіру ге бағытталған әрекеттер жасалып , бірақ денсаулыққа зардап келген кезде қылмысты аяғына дейін жеткізбей тұрып, жалғастырудан бас тартқан жағдайда ,  мұндай негізгі қылмыс түрінен басқа жол жөнекей  басқа қылмыстың құрамдары пайда болмайды. Адамның бастапқы кезеңі ретінде денсаулыққа зардап келетін кездер болады. Денсаулыққа зардап келгені үшін мұндай жағдайда қылмыс құрамы бар деуге болмайды.  Адам кісі өлтіру қылмысын білдіретін әрекет ретінде мылтықты көздеп атқанмен ,  оқтың тимей кетуі немесе мылтықтың шүріппесін басқанмен , оның атылмайтын қару екенін білмеуі мүмкін. Яғни қылмысьың обьективтік жағын құрайтын әрекетер жасалған мен кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен қылмыстың  зардабы туындамайды және әрекет орындалған мен тиісті қылмыс зардаптың туындамауы себепті байланысқа болып отыр. Сондықтан бұл жағдай қылмысқа оқталу  ретінде квалификациялануы  тиіс. 

          Формальдық құрылымдарға жататын  қылмыстарға  оқталу қылмыс құрамының обьективтік жағын  білдіретін іс-әрекеттерді  жасауға  бағытталған әрекеттердің кінәлінің  еркіне тәуелсіз себептермен аяғыеа дейін жетпеуін білдіреді.  Демек, формальдық құрамдарға жататын қылмыстарға оқталудан айырмашылығы, материалдық құрамдарға оқталуда обьективтік жақты құрайтын әректтер жасалуы мүмкін болса , ал формальдық құрамға  жататын қылмыстарға оқталуда  қылмыстың обьективтік жағының белгілері  орындалмайды. Тек соны  орындауға бағытталған әрекеттер жасалып, олар аяғына дейін жеткізілмейді .

Информация о работе Қылмыстық кваликациялаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны