Қылмыстық кваликациялаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны

Автор: Пользователь скрыл имя, 28 Ноября 2011 в 17:59, доклад

Описание работы

Қылмыстық құқықтың негізгі міндеттерінің бірі қылмыс болып табылатын қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді анықтау, оларға жазаның түрі мен көлемін белгілеу болып табылады. Бірақ қылмыстық құқық осы міндеттерді іске асырып ғана қоймай, қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесін, кінәні ауырлататын немесе жеңілдететін жағдайларды, жаза тағайындау және жазадан босату кезінде ескерілуге тиісті қажеттіліктерді тағы басқа анықтаумен айналысады. Қылмыстық заң нормаларын практикада, яғни сот тергеу қызметінде қолдану тәртібі туралы сөз қозғағанда және оны сот іске асырғанда қылмыстық квалификациялау туралы мәселе орын алады.

Работа содержит 1 файл

Қылмыстық кваликациялаудың ұғымы.doc

— 96.50 Кб (Скачать)

          Қылмыстық құқық  басты мақсаты ретінде қылмыс жасаған адамдардың іс-әрекеттерін  бағалап, оған жауаптылық белгілеуді көздей отырып , осы мақсатқа жету үшін  қажетті мәселерді осы құқық  саласының  мазмұнында қарастырылады. Ал қылмыстық  квалификациялау қылмыстық құқықтық  ережелерді ескере отырып  қылмысты іс-әрекетке баға беруді немесе заң нормасын өмірге  негізуді білдіретін қылмыстық құқықтың жеке мәселесі  ретінде бағаланады.Демек  қылмысты квалификациялау пәнінде  қылмыстық құқық  анықтаған, зерттеген дайын  ұғымдар қолданылады.

          Қылмыстық құқық  қылмыс деп танылатын әрекеттерге  құқықтық талдау жүргізуімен  айналысқанмен , оның кейбір практикалық мәселерін  көрсетумен айналыспайды, яғни заң  бабтарын сот- тергеу қызметінде квалификация жасау ережелеріне сүйене отырып қолдануды толық ашып бермейді.Қылмысты квалификациялау курсы жеке ғылым саласын білдірмейді , ол қылмыстық құқық ғылымының құрамында қарастырылады.

    Қылмыстық құқық ғылымы қылмыс және жаза категорияларын қарастыра  отырып, жекелеген қылмыстардың өзіне ұқсас қылмыстардан айырмашылығын , ол қылмыстардың кейбір жағдайларда  бағалану  тәртібін, кінәні ауырлататын құрамдары тәрізді мәселерді қамтиды.  Себебі бұл мәселер қылмыстық құрамдарды әр түрлі жағдайларды қолданып талдау, бұл қылмыстық құқықтық құрамына жататын квалификациялау  курсының негізгі мағынасы және міндеті қылмысты іс әрекеттерге құқықтық баға беріп, заң бабтарын қолданғанда ескеру және білу керек болып табылатын   негізгі қағидалармен , ережелермен, талаптармен таныстыруға  бағытталған.

          Қылмысты квалификациялаудың қағидалары ретінде қылмысты әрекетке қатысты заң бабтарын қолданғанда  ескертуге жататын және орын алғанда  сақтауға тиісті ережелер алынады. Бұл  қағидалар бұзылғанда қылмысты квалификациялау қате деп танылады. Олардың қатарына мыналар жатады:

    --бір  қылмыс болып  табылатын іс-әрекетті  бірнеше қылмыс ретінде бағаламау.

    --қылмысты  квалификациялаудың  толық, әрі  дұрыс болуы.

    -- Қ.К Жалпы бөлімінде қарастырылған іс әрекеттер қылмыста орын алғанда сілтеме жасалынуы.

    --маңызы  ауыр емес қылмысты әрекеттерді  , қауіптілігі жоғары әрекеттер  сіңіретін жағдайларды қолдану.

          Қылмысты іс-әрекетте Қ.К. Жалпы бөлімінде қарастырылған  жағдайлар кездессе, онда Жалпы бөлімнің бабтарына және тиісті бөлімдеріне сілтеме жасай отырып  квалификайия жүргізіледі. Жалпы бөлімнің  нормаларына сілтеме жасау, ол іс-әрекетке баға берудің бір көрінісі  болып саналады, ал құқықтық  сауаты бар адамға қылмыс уақиғасы туралы жалпы түсінік бере алады.Мысалы тергеу құжаттарында 175 бап және 24 бабтың 3 бөлімі көрсетіліп тұрса, онда ұрлық жасауға оқталу үшін  жауаптылық жүріп жатқанын аңғартады. Қылмысты квалификациялау туралы тергеу әрекеттерінде Қ.К Жалпы бөлімінің барлық бабтары емес, тек қылмысқа дайындалу және қылмыс жасауға оқталу және қылмысқа қатысушылардың түрлерін қарастыратын бабтарға сілтеме жасалады.

          Қылмысты квалификациялау  –құқық нормаларын қолдануды жүзінде  көрсетіп, қылмыстық құқықтың сапасын, оның жетістіктері мен кемшіліктерін ашуға жағдай жасайды.

    Қылмысты  квалификациялаудың ғылыми негіздері  қылмыстық құқықтық  мәселе болып  табылатынын жоғарыда ескерттік.Қылмысты квалификациялаудың жалпы тоериясы мәселесінің қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімде қарастырылуына, оның ішінде қылмыстық заң тақырыбында белгіленуіне де келісу қиын . Қылмысты квалификациялау мәселесінде Қ.К. Ерекше  бөліміндегі қылмыстық құрамдарды меңгермей отырып, ол туралы сөз қозғай алмайды. Қылмысты квалификациялаудың ұғымы мен міндеттері қылмыстық құқықтың түсінігі тақырыбында жеке сұрақ ретінде қарастырылып келеді. Ал қылмысты іс-әрекеттерді бағалау , оларға заң нормаларын қолдану, яғни квалификация мәселесі қылмыстық құқықтың бүкіл бойында Жалпы бөлімінде  де , Ерекше бөлімінде де кездесіп отырады.Қылмысты іс әрекетерді заң нормаларын отырып квалификациялау, сапасы бойынша қылмыстық құқықтық қағидаларды, негізгі ережелерді ескеруді талап  ететіндіктен, ол осы сала бойынша алған білімді қорытушы роль атқарады.Квалификация жүргізудің жылдамдығы, яғни құқықтық  баға беру мерзімі, ол тергеушінің , судьяның қылмыстық құқық және оны қолдану бағытындағы білімінің көлеміне, тереңдігіне байланысты.

          Қылмыстық құқықтық нормалар қоғамның дамуына , қоғамның даму түоінің ауысуына қарай өзгеруі  мүмкін. Бұл құқықтың нақты қоғамдағы жағдайды бейнелейтіндігіне байланысты. Өйткені , әрбір құқық саласы қоғамдық қатынастарды реттеумен айналысатындықтан, ал қылмыстық құқық ол қоғамдық  қатынастарды  қорғауды міндет тұратындықтан  олар қоғамнан қалып қоймауды мақсат етеді. Мысалы, Қазақстан Республикасының экономикалық жүйесі нарықтық қатынастарға ауысуына байланысты , жаңа қатынастар туындап , сол заманға сәйкестендірілген қылмыстық заң дайындалды. Демек , құқық және оның нормалары қоғамның өзгеруіне немесе дамуына қарай өзгеріп отырады. Ал қылмысты квалификациялау мәселесі мұндай өзгерістерге  тәуелді болып саналмайды.  Қандай қылмыстық құқық өмір сүрсе де қылмысты квалификациялау туралы жалпы ережелер сақтала береді. Қылмысты квалификациялаудың жалпы теориясының өзгеруі немесе дамуы, ол қылмыстық құқық ғылымына байланысты және соған тәуелді болып  табылады.

          Сонымен қылмысты квалификациялаудың қылмыстық құқықпен байланысы, одан айырмашылығы  және қылмыстық  құқықтағы алатын орны осындай.

    Қылмысты  квалификациялау сатылары 

    Жасалған  қылмысты әрекеттерге қылмыстық- құқықтық баға беру, бірнеше сатылардан құралатын  және ұзақ уақытты қамтитын құқытық  құбылыс болып табылады. Қылмысты квалификациялауға байланысты қылмыстық  құқық нормаларын қолданып, оны қылмыстық  іс туралы құжаттарда  көрсету- қылмыстық құқықты іс жүзінде қолдануды немесе өмірге енгізуді білдіреді.Демек, қылмыстық іс жүргізудің әрбір сатысында мысалы, қылмыстық іс қозғау , айып тағу, прокурорлық қадағалау, істі сотта қарау және үкім шығару кездерінде қылмысты квалификациялауға қатысты мәселелер шешіліп отырады. Қылмыстық іске байланысты атқарылатын құқық қорғау органдары жасалған қылмысқа заң тұрғысынан баға беруден басқа, дәлелдемелердіжинауға, қылмыстық уақиғасын толық ашуға , жаза белгілеуге қатысты қызметтерді де  атқарады. Сондықтан, қылмыстық іс жүргізу сатыларымен қылмысты квалификациялаудың сатылары деген ұғымдар өзара ұқсас деп түсінуге болмайды. Қылмыстық іс жүргізу сатылары деген әлдеқайда кең ұғым болып табылады, тек қылмыстық іс жүргізудің барлық сатыларында қылмысты квалификациялауға қатысты мәселер туындап отыруы мүмкін . Қылмыс уақиғасы толық белгілі болғанда квалификацияны дұрыс беру-қылмыстық істі жүргізіп отырған қызметкердің біліміне байланысты.

          Қылмыстық істі жүргізу  немесе қылмыс бойынша қызмет атқаратын құқықы қорғау органдарының тізбектелген жұмыстарына қарай қылмысты квалификациялау субьектілеріне алдын ала тергеу , прокуратура және сот органдары жатады. Ал қылмыстық іс бойынша нақты атқаратын қызметінің  түріне қарай бөлгенде анықтаушылар , тергеушілер, прокурорлар және соттар деп бөлуге болады.

          Қылмыс уақиғасы бойынша кінәлі адамның әрекеттеріне квалификация жүргізу –тергеу құжаттарында сезікті немесе айыпкер ретінде  тану туралы қаулыларда және айыптау  қорытындысында көрініс табады.Сот  органдары қылмыстық іс бойынша қылмыстық құқытық екі қызметін іске асырады: заң жүзінде қылмысты дұрыс бағалау және  қылмыскерге жауаптылықтың түрі мен көлемін белгілеу. Соттар тергеу органдарының қылмыс уақиғасын ашу деңгейіне қарай квалификациялау жүргізіп , бұл туралы өз құжаттарында негіздеп, түсіндереді.Қылмысты  квалификациялау –бұл жасалған қылмыстық әрекетке қылмыстық заң нормаларын ның ішінен дәл келетін бапты қолдану деген түсінік бергенмен , оны іске асыру алдын –ала дайындықтың болуын және қажетті ережелерді сақтауды талап ететін қүрделі қызмет болып табылады.Ал қылмыстың тек зардабын немесе обьектісін ғана ескеріп квалификация жасағанда қылмыс құрамының бір немесе  екі құрам элементіне қарай бағалау жүргізілген болып шығады.

          Қылмысты квалификациялау кезінде қолданылатын ойлау процесінің өзі де қойылатын талаптарға  сай жүргізілуі қажет , яғни кінәлінің әрекеті қылмыс  деген қауіпті құбылыстың қай түріне жататындығын анықтау  қажет болып табылады.Ал қылмысты квалификациялауда  анализ –талдау тәсілін қолдану тиімді болып  табылады.  Қылмысты квалификациялау жұмысының бастапқы кезеңінде жасалған әрбір қылмыс «уақиға »  ретінде бағаланады. Уақиға деп бағалану себебі біріншіден , жасалған іс -әрекеттің , туындаған зардаптың қылмыстылығы әлі анық болмауына байланысты.Қоғамдық құбылыстар ретінде , әдетте қоғам мүшелері бар жерде сол қоғамның өмір сүріп отырғанын немесе оның дамуына әсер ете алатын, сонымен қатар қоғамның өсуіне де дағдарысына да әсер ететін болмыстар алынады. Құқұқ бұзушылық бар деп танылса , онда келесі сатыда құқық бұзушылықтың қай түрі орын алғанын анықтау қажет болады. Құқық бұзушылықтар  бір –бірінен іс -әрекеттің қоғамға қауіптілік дәежесіне және қоғамға қауіптілік сипатына қарай ажыратылады.Келесі сатыда жасалған іс-әрекетті қылмыс деп тану үшін Қ.К.9 бабындағы қылмыстың жалпы белгілерінің бар жоқтығына көңіл аудару керек . Дәлірек  айтқандаіс- әрекетте қоғамға қауіптілік , яғни заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға бағытталу және абайсыздық немесе  қасақаналық түріндегі кінәнің  бар екендігін анықтау қажет. Ал қылмыстық  белгілері квалификацияны нақтылау кезінде , яғни Қ.К белгілі бір бабына жатқызу кезінде , соңғы сатыда қолданылады. Келесі сатыда  қылмыстың қандай тобына немесе Қ.К қай тарауындағы қылмысқа жататындығын анықтау қажет. Бұл міндетке жету үшін кінәлінің саналы ойынан туындаған іс- әрекетінің бағыты ескеріледі және осы тәсіл арқылы қылмыстың топтық обьектісі  анықталады. Топтық обьектіні анықтау үшін кінәлінің қылмыстық ойының бағыты, осының нәтижесінде жүзеге асырылатын іс -әрекеттің мақсаты ескеріледі.Әкімшілік құқықы бұзущылықпен  қылмыс өзара ұқсас болғанда ,құрамның құрылымына қарай ажыратылуы жиі кездеседі. Әкімшілік заңда формальды түрде құқық  бұзушылық деп танылғын әрекеттер қылмыстық заңда материалдық құрам ретінде кездесетін жағдайлар көп. Ал осындай әрекеттер ауыр зардаптарға соқтырғанда іс -әрекеттің қауіптілігі артуына , нақты зардаптың көрініс алуына байланысты қылмыс деп анықталады.Екінші нұсқа бойынша , яғни көлікті пайдалану немесе онымен жол жүру ережелерін бұзбай-ақ ауыр зардаптарға соқтырған әрекеттер болғанда, көлік қозғалысының қауіпсіздігі бұзылған жоқ , сондықтан мұндай жағдайларды көлік қылмысы ретінде квалификациялауға болмайды. Себебі , көлік жүргізушіде көлік қозғалысының  қауіпсіздігі  бұзылған жоқ. Мұндай уақиғаларда көлік жүргізушіде кінәнің абайсыздық нысаны анықталса, онда Қ.К101 –баппен абайсызда қаза келтіру қылмысы деп бағаланар еді.Осы тәсілдес тәсілмен қылмыстың қай тарауға жататын қылмыс екендігін анықтағаннан кеійн , қылмысты квалификациялаудың соңғы сатысына қатысты міндетті шешу керек.  Ол үшін ең алдымен жасалған қылмыспен заңдағ қылмыс түрінің тікелей обьектілерінің сәйкестігін анықтау керек. Өйткені , қылмыстық заңның бір  тарауының және кәмелетке толмағандардың заңды мүдделері ,т.б.  Мұндай топтық обьектілердің бір тарауда қарастырылуы себебін кейінгі  бөлімдерде, қылмысты обьектісі бойынша квалификацилауды қарастырғанда тоқталамыз.

          Қылмыстың тікелей  обьектілерінң сәйкестігі анықталғаннан  кейін құрамның обьективтік , субьективтік жақтарының және субьектісі белгілерінің дәлдігі  анықталып, құрам элементтері түгел дәл келгенде ғана қылмысты квалификациялау сатысы аяқталады.

    Бірақ бұл сатыдағы квалификацияны түпкілікті өзгермейтін бағалау деп тануға болмайды. Себебі, қылмыстың уақиғасына қатысты жаң мән-жайлардың ашылуына  байланысты берілген квалификация ауыр немесе жеңілірек қылмыс түріне өзгеруі мүмкін . Сонымен қатар қылмыстық іске дұрыс квалификация берілмегенде , ол бойынша қылмыстық –құқықтық қатынасқа қатысушы кінәлі адамда , жәбірленушіде тағы басқа наразылық болғанда қылмыстық іс облыстық  немесе Жоғарғы Соттың қылмыстық істер бойынша алқасында, қадағалау алқасында қаралып, қайта квалификация жүргізілуі мүмкін.  
 
 
 
 
 
 

Аяқталмаған қылмыстардың жалпы сипаттамасы және квалификация тәртібі 

          Аяқталмаған қылмыстардың қатарына қылмыстық құқық қылмысқа даярлану мен оқталуды жатқызады. Қылмыстық  заңның Ерекше бөліміндегі баптардың  диспозицияларында тек аяқталған  қылмыстардың белгілері келтірілген . Аяқталмаған қылмыстардың ерекшелігін білдіретінбелгілердің қатарына мыналар жатады:

  1. Аяқталмаған қылмыстар тек қасақана, оның ішінде тікелей қасақана әрекеттермен жасалады. Жанама қасақаналықпен қылмысқа оқталу немесе даярлану әрекеттері адамның қылмыстың орындалуын білдіретін немесе зардапқа деген психикалық қатынасында  кездеспейді.
  2. Аяқталмаған қылмыстарды кінәнің рекіне тәуелсіз себептерге байланысты қылмыстың аяғына дейін жеткізілмеуі адамның қылмысты әрекеттік жасауын өз еркімен түпкілікті тоқтатуына немесе туындауы мүмкін зардапты дер кезінде өзінің алдын-алуына байланысты болса, онда қылмысты аяғынадейін жеткізуден бас тарту ретінде бағаланады және өзге әрекеттерінде басқа қылмыстың белгілері болмаса қылмыстық жауаптылықтан босатылады,
  3. Аяқталмаған қылмысты құрайтын әрекеттер қоғамға қауіпті деп бағаланады, себебі қылмысқа дайындалу немесе оқталу әрекеттерінде адамды қауіпті ой-ниет орын алады және ол аяғына дейін жеткізілуі мақсатын көздейді, сонымен қатар заңмен қорғалатын мақсатқа жету үшін осындай мүдделерге қарсы бағытталған әрекеттердің алғашқы  сатысы көрініс  алады.

    Аяқталған қылмыстармен аяқталмаған қылмыстардың басты айырмашылығы , ол аяқталмаған  қылмысты әрекеттерде қылмыстық  құқықта бейнеленген қылмыс құрамы белгілерінің толық болмауы болып  табыладыАяқталмаған қылмыстардың ерекшелігінің бірі, ол әдетте заңмен қорғалатын обьектілерге зардап келмеуі немее зардап келген де кінәлінің ойындағыдай емес, одан төмен деңгейде болып табылады. Мұндай зардаптар келгенде немесе қорғалуға жататын обьектілерге нұқсан  келтірілгенде іс-әрекеттің аяқталмаған қылмыс ретінде  бағалану себебі ,ол қылмысты квалификациялау ережесінде кінәнің  қасақаналығының бағыты қолданылатынына  байланысты.

Информация о работе Қылмыстық кваликациялаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны