Қылмыстық құқықтағы кінәні дәлелдеу мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Марта 2013 в 17:52, реферат

Описание работы

Қылмыстық заң-қылмыс құрамдарын анықтаудың заңды моделі ретінде қолданылатындықтан,осы заңда қарастырылған барлық қылмыстардың құрам белгілерін анықтауға негіз береді.Соның бірі кінә мәселесіне тек қылмыстық-құқықтық тұрғыдан ғана емес,әлеуметтік-саяси жағынан да мағына беріліп адамды жауапкершілікке тартуда кінәліліктің сақталуын талап етеді.Кінәліліктің құқықтық мәселе ретінде әлеуметтік-саяси рөлін,оның конституцияда тікелей көрсетілуімен түсінуге болады

Работа содержит 1 файл

Қылмыстық құқықтағы кінәні дәлелдеу мәселелері..docx

— 36.50 Кб (Скачать)

                      Қылмыстық құқықтағы кінәні дәлелдеу мәселелері.

               Әрбір адам баласының осынау жер –жаһанда теңдесі жоқ құндылық екендігі ал,әрбір адам өмірінің қайталанбас құбылыс екендігі даусыз.Осы ретте,сот төрелігін жүзеге асыру барысында туындайтын әрбір адам тағдырын таразылаудың,сотқа берілген әрбір адамның ақ-қарасын анықтаудың қиындығы жөнінде аз айтылып жүрген жоқ.Қылмысқа қатысты деген адамдардың әрбірінің әрекетін жіліктеп,оларды сарапқа салып,ақиқат шешімге келу сотқа оңай болмайды.Бұл дегенің тек қана ақылға,санаға түсетін салмақ емес,ар мен ұжданға,жүрек пен жүйкеге түсетін салмақ болып табылады.

               Конституция бойынша Қазақстан  демократиялық,зайырлы,құқықтық және  әлеуметтік мемлекет.Мемлекетіміз үшін адам және оның өмірі,құқықтары мен бостандықтары-ең жоғары құндылық болып табылады.Еліміздегі адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен қорғаудағы сот рөлінің айрықша екендігін және бұзылған құқықты сот арқылы қорғау ең тиімді екендігіне қазіргі таңда ешкім шүбә келтіре қоймас.Баға жетпес байлық-адамның өмірін қорғау мен бағалауды көздеп,ізгілікке бет алған қоғамда қылмыстың да,жазаның да өрісі тарылып,заң ізгіленіп,өмір нұрлана түсуі шарт.Мұндай қоғамда жұртшылықтың тұрмысы мен санасы жоғарылай түсіп,адам баласының жаратылысына тән сапалық қасиеті арта береді.Қоғамымызда туындайтын дау-дамайлар мен келіспеушіліктерді шешуді,азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын,азаматтық қоғам мен мемлекеттің мүдделерін қорғауды қамтамасыз етуді мақсат еткен сот төрелігі ең бір сенімді және өркениетті жолмен шешетін жүйе ретінде тек қана судьялардың тәуелсіздігі принципіне сүйеніп қана қоймайды,сонымен қатар,соттағы ерекше іс жүргізу тәртібіне бағынуы арқылы танылады.Сондықтан,жалпы әлем мойындаған сот төрелігін іске асыру белгілерінің бірі ретінде мемлекет аумағында қабылданған,іс жүргізу заңдылығы мен оның қолдану тәртібін қатаң сақтауды қамтамасыз ету соттың басты міндеті.Бұл сот тәртібінің ерекше маңыздылығы соншалық,ондағы көптеген принциптердің конституциялық мәртебелері бар және олар адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық құқықтық актілерде бекітілген. [1]

                    «Қазақтар қандай жазықты қылмыс істеген һәм қылмысты болған кім екенін білу түгіл,оқиғаның қалайша болғанын да түгел естіп біледі.Оны естіп отырып билік айтатын билер расын білмегендіктен лақпайды.Рас жазықты адам мен өтірік жаланы билер жақсы біледі.Жұртқа һәм елдің ақсақалдарына мәлім хабар бойынша билер нағыз айыпкерді біліп хүкім салады»-деп айтпакшы Ахмет Байтұрсынов атамыз.

                    Кінә-қылмыстың субъективтік жағының міндетті белгісі болып табылады,себебі қылмыстың құрамының өзге элементтері жасалған қылмыс уақиғасында болғанмен қасақаналық немесе абайсыздық түрінде бейнеленетін кінә болмаса,онда қылмыстың субъективтік жағы да жоқ деп танылады.

                  Қылмыстық заң-қылмыс құрамдарын анықтаудың заңды моделі ретінде қолданылатындықтан,осы заңда қарастырылған барлық қылмыстардың құрам белгілерін анықтауға негіз береді.Соның бірі кінә мәселесіне тек қылмыстық-құқықтық тұрғыдан ғана емес,әлеуметтік-саяси жағынан да мағына беріліп адамды жауапкершілікке тартуда кінәліліктің сақталуын талап етеді.Кінәліліктің құқықтық мәселе ретінде әлеуметтік-саяси рөлін,оның конституцияда тікелей көрсетілуімен түсінуге болады.

                   Қазақстан Республикасының Конституциясында кінәлілігі дәлелденбей ешкімнің де жазаға тартылмауы тиіс екендігі және айыпты деп тану,тек соттардың құзіретіне жататындығы көрсетілген.

                   Кінә-жауапкершілік мәселесін қарастыратын қылмыстық құқық тәрізді құқықтардың әділдік және заңдылық қағидаларын сақтауының бір кепілі түрінде бағаланады.Өйткені,адамның кінәсі анықталған жағдайда ғана жауапқа тарту-құқықтық мәжбүрлеудің кез-келген жағдайда емес,белгілі бір заңды негіз,яғни кінәлі болу нәтижесінде тартылуы,ол әлеуметтік құқықтық тұрғыдан қарағанда дұрыс,әділ жұмыс істеуді білдіреді.

                     Кінәлілік қағидасы мен заңдылық қағидасының байланысын,қоғамға қауіпті іс-әрекет жасаған адамның заңның бүкіл мазмұны бойынша емес,оның тек белгілі бір баптары бойынша ғана кінәлі немесе жауапты деп танылуымен анықтауға болады.Әрине заңдылық қағидасы нақты мағынада алғанда заңның дұрыс,толық қолданылуымен және құқық бұзушылықтардың түрлері заңда көрсетілуімен анықталады.Қылмыстық құқық қоғамға қарсы әрекеттердің ең қауіптілерін қамтитындықтан және өзге құқық салаларымен салыстырғанда да жауаптылықтың ауыр түрлерін,көлемін қолданатындықтан кінәлілікті құқықтық қағидаларының бірі ретінде келтіреді.Бұл қағида қылмыстық құқықта  “кінәлі жауаптылық”деп аталады.Немесе мағынасы қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді кінәлі түрде жасаған және кінәсі анықталған адамдарға қылмыстық жауаптылық қолданылатынын білдіреді.Сондықтан кінәсі дәлелденбеген адамдарға қатысты қозғалған қылмыстық істер уақытша тоқтатылады немесе кінәлі деп жауаптылыққа тартылған адамдар кінәсіз екендігі дәлелденгенде жауаптылықтан немесе жазадан босатылады және ол адамдардан мемлекет атынан кешірім сұралады.

                   Кінәлілік қағидасын екінші мағынада “жеке кінәлі жауаптылық”деп түсінуге болады.Себебі,1960 және 1998 жылдардан бастап қолданылған қылмыстық заңдар бойынша қылмыс жасаған адамның өзі ғана жауаптылыққа тартылуға жатады.Қылмыс жасаған адамның жақын адамдары,туыстары қудалауға,құқықтық шектеулерге алынбауы тиіс.Қылмыскер деп танылған адамдардың отбасы мүшелерін,яғни жұбайын немесе зайыбын,баласын,өзге туыстарын қосып қудалау(мысалы,жұмыстан шығару,жұмысқа алмау,сенім көрсетпеу,арнайы лагерьге қамау т.б)ел тарихында кеңес өкіметі өмір сүрген XX ғасырдың 20-50 жылдарында болған.Бұл кезең тарихта Сталиндік репрессия деп аталады.Қылмысты деп танылған адамның отбасын да қосып қудалау “жеке кінәлі жауаптылық”деген қағиданың мемлекеттік-құқықтық тұрғыда мойындалмаған кезінде өмір сүрді.

                  Қазіргі қылмыстық заң кінәлілік қағидасын,оның негізгі нышандарын 19-бапта келтіреді және осы баптың екінші бөліміне сәйкес,объективті айыптауға,яғни кінәсіз зиян келтіргені үшін қылмыстық жауаптылыққа жол берілмейтіндігін ескертеді.Сондықтан қандай ауыр зардаптар туындаса да,бірақ адамның ол зардаптар үшін кінәсі болмаса,онда қылмысты немесе кінәлі деп танылмайды.

                  Кінәсіз зардап келтірудің түрлері Қылмыстық кодекстің 23-бабында келтіріледі.Зардап келтірудің мұндай түрінде адамның жасаған іс-әрекеті туындаған зардап пен себепті байланыста болуы мүмкін,бірақ ол зардаптарға қасақаналық немесе абайсыздық түріндегі кінәсі болмайды.Демек,жазықсыз зиян келтіруде қылмыс құрамының субъективтік жақтан басқа барлық элементтері болуы мүмкін.

                 Кінәсіз зардап келтірудің келесі жағдайы,ол мұндай зардапты абайсыздықта келтіргені үшін де жауаптылықтың заңда қарастырылмауына немесе зардаптың туындауы мүмкін екендігін көре білуге мүмкіншілігі және міндеттілігі болмауына,сондай-ақ адамның психо-физиологиялық немесе жүйке-психикалық жағдайларында зардапты тоқтата алмауына байланысты субъективтік жақтың белгілері немесе кінә жоқ деп танылуы болып табылады.

                 Қылмыстың субъективтік жағы объективтік жағы объективтік жақ белгілерінің ішкі мазмұнын анықтайтындықтан,яғни іс-әрекетке және зардапқа,өзге де белгілерге қатысты қылмыскердің сезімін және шешімін білдіретіндіктен ,бұл жағдайлар кінә ұғымында ескерілуі тиіс.Сондықтан кінә дегеніміз,қасақаналық немесе абайсыздықпен бейнеленетін адамның өз іс- әрекетіне және оның нәтижесіне деген психикалық болып табылады.Бұл анықтамадағы іс-әрекетке деген психикалық қатынас белгісі,адамның жасаған әрекеті немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіптілігін сезінуімен,одан белгілі бір зардаптар туындауы мүмкіндігін көре білуімен,сондай-ақ қылмыскердің нәтижеге деген психикалық қатынасы қоғамға қауіпті іс- әрекеттердің жасалуын немесе елеулі зардаптардың туындауын тілеу,сондай- ақ саналы түрде жол беру немесе зардаптың пайда болуына мән-мағынасыз,яғни бәрібір деп қарау немесе болдыртпаймын деп жеңіл ойлылықпен есеп жасау,зардаптың болу мүмкіндігін көре білуге мүмкіндігі,міндеттілігі болғанда,бірақ көре білмеуімен анықталады.[2]

                     Көп жағдайларда қылмыс бір ғана қылмыс нысаны арқылы істеледі.Кейбір жағдайларда қылмыс құрамында кінәнің екі нысаны (қасақаналық және абайсыздық ) кездесуі мүмкін.Қасақаналық және абайсыздық қабыстырылған ретте қылмыстық іс-әрекеттің істелуі қасақаналықпен,ал қылмыстың нәтижесінен болар зардап абайсыздықпен сипатталады.Отандық ғалым  А.Ағыбаевтың пікірінше,мұндай қылмыстарда кінәнің бір нысаны іс-әрекетсіздік жөнінде бөлек орын алса,ал екінші бір нысаны іс-әрекетпен туындайтын қылмыстың зардабы жөнінде бөлек орын алады.Яғни,бір қылмыс құрамында кездесетін кінәнің осындай екі бірдей нысанының қабаттасуын кінәнің екі түрімен істелген қылмыс деп атайды.[3]

                     Кінәнің екі нысаны проблемасы қылмыстық құқық ғылымында біртекті болмауын,осы құбылысты терминмен белгілеу бір жүйеге келтірілмегендігінен көруге болады. Мысалы,А.Гарбуза,П.Дагель,А. Пинковский,Е.Қайыржанов кінәнің “аралас”нысаны терминін қолданады.Ш. Рашковская,А.Свинкий,Е.Фролов болса оны кінәнің екі нысаны деп атайды.Б. Куринов,М.Угрехелидзе,И.Филановсий кінәнің “күрделі” нысаны терминін қолданады.

             Жоғарыда аталған терминдердің  түпкі мәні біреу-ол бір қылмыс құрамына кінәнің екі бірдей нысаны-қасақаналық және абайсыздықтың қатар қабаттас болатындығын көрсету болып табылады.Қылмыстық кодекстің 22-бабы кінәнің екі нысанымен жасалған қылмысқа мынадай анықтама береді:егер қасақана қылмыс жасаудың салдарынан заң бойынша неғұрлым қатаң жазаға әкеп соқтыратын және адамның ниетімен қамтылмаған ауыр зардаптар келтірілсе,мұндай зардаптар үшін қылмыстық жауаптылық,егер адам олардың пайда болатынын алдын ала білсе,бірақ осыған жеткілікті негіздерсіз оларды болдырмауға менмендікпен сенген жағдайда немесе егер адам бұл зардаптардың пайда болуы мүмкін екенін алдын ала білмесе,бірақ болжауға тиіс және болжай алатын болған жағдайда ғана пайда болады.Тұтас алғанда мұндай қылмыс қасақана қылмыс деп танылады.Осы заңи анықтамаға сәйкес кінәнің екі бірдей нысаны объективті жағының міндетті белгілері қоғамға қауіпті іс-әрекет,себепті байланыс және қоғамға зиянды зардап болып табылатын материалдық қылмыс құрамдарында ғана орын алады.Қандайда бір нормалар мен ережелерді бұзумен байланысты қылмыс құрамдарында кінәнің екі нысаны болуы мүмкін дейтін ғалымдармен біз келісе алмаймыз,өйткені кінәнің екі нысаны тек қылмыстық құқықтық мағынада ғана қасақаналық пен абайсыздық белгілердің қабысуын білдіреді және оны анықтау қылмысты саралау үшін әсер етеді.Осы себеппен қолданыстағы қылмыстық заңнамаға талдау жасау қоғамға қауіптілік дәрежесі әр түрлі қылмыстарды бір қатарға біріктіру және қою мүмкін емес деген қорытынды жасауға болады.Ал бұл өз алдына қолданыстағы қылмыстық құқықтық заңнаманы әрі қарай жетілдіру қажеттілігі мен орындылығы туралы сұрақтарды қоюға негіз береді.Жалпы алғанда,кінәнің екі нысанымен істелген қылмыстардың субъективтік мазмұнын терең зерттеу объективтік белгілері өзара ұқсас қылмыстарды бір-бірінен дұрыс ажыратуға немесе істелген іс-әрекетті қасақана я болмаса абайсызда істелген қылмыс құрамына дәлме-дәл жатқызуға толық мүмкіндік береді.[4]

              Нақты жағдайларда жасалған кез келген қоғамға қауіпті іс-әрекет,оны басқа да қылмыстардан ерекшелейтін   (объективтік және субъективтік ) белгілерге ие.Кез келген қылмыс құрамының элементі ретінде объект,объективтік жақ,субъект және субъективтік жақ болып табылатыны көпке мәлім.Заң әдебиеттерінде көзделгендей,жасалған іс-әрекетте қылмыс құрамының бір элементінің болмауы,тұтастай қылмыс құрамының жоқ болуына әкеледі,ал бұл қылмыстық жауаптылықтың негізінің жоқ болуын білдіреді.Кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстардың ерекшелігін анықтауда ең алдымен субъективтік деңгейде көрінетін ерекшеліктеріне назар аударады.Сөзсіз,кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыстардың құрамында субъективтік белгілердің ерекшеліктерінің мәнін бағалауға болмайды.Бірақ та қылмыс құрамының элементтері бір-бірімен байланысты және бір-бірімен органикалық тұтастықта болады.Қылмыстық-құқықтық әдебиеттерде қылмыстағы объективтік және субъективтік байланыстарға

ерекше көңіл бөлінеді.Осыған орай В Кудрявцев:”Қылмыстың субъективтік жағы,оның объективтік жағын тудырады,бағыттайды және реттейді”(Кудрявцев В.Н.Объективная сторона преступления.-М.1960).Объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы ғана қылмыстық жауаптылық негізінің заңи мазмұнын құрауы мүмкін.Қылмыс құрамының субъективтік белгілерімен,оның объективтік белгілерімен байланысын келесідей түсіндіруге болады,олар қылмыс сияқты әлеуметтік құбылысты анықтайды,бірақ олардың бірі қылмыстық қол сұғушылықтың сыртқы жағын,адамның санасынан тыс жүретін процестерді сипаттайтын болса,ал екінші жасалған іс-әрекеттің ішкі жағын,адамның санасына байланысты процестерді сипаттайды.

             Осыған сәйкес,біздің көзқарасымыз бойынша кінәнің екі нысанымен жасалған қылмыс құрамының ерекшеліктері туралы сұрақты объект сияқты элементтерге талдау жасаудан бастау орынды.

            Кез келген қылмысты іс-әрекеттің мәнін ашу үшін қылмыстың объектісін анықтаудың маңызы ерекше.

            Қылмыстың объектісін дұрыс анықтау ұқсас қылмыстарды бір- бірінен,қылмысты қылмыс емес әрекеттерден ажыратуға жәрдемдеседі.Өйткені қылмыстық-құқықтық қорғау объектісіне әрқашан да өзінің мәні мен дәрежесіне қарай ерекшеленген маңызды қоғамдық қатынастар жатады.Объект маңызды болса соған сәйкес істелген қылмыс та қауіпті болып саналады,соған орай оны қылмыстық-құқықтық қорғау да қатаң түрде жүзеге асырылады.Қылмыстық құқық бойынша қылмыстың объектісі деп қылмысты қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынастарды айтамыз.Әрбір істелген қылмыс белгілі бір жағдайларда қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіру қаупін туғызады.Сондықтан да қылмыстық құқық ғылымы қорғалатын қоғамдық қатынастарды барлық қылмыстардың жалпы объектісі деп таниды.Қылмыстың заңмен қол сұғушылықтан қорғалатын қатынастардың тізбегі Қылмыстық кодекстің 2-бабында атап көрсетілген.

           ҚР Қылмыстық кодексінің 2-бабына сәйкес,адам мен азаматтың құқықтарын,бостандықтары мен заңды мүдделерін,меншікті,ұйымдардың құқықтары мен мүдделерін,қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті,қоршаған ортаны,Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын,қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау,сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.

         Қылмыстың жалпы объектісі болып  табылатын қоғамдық қатынастардың  өзі тарихи өзгермелі болып  отырады.Оның қатары жаңа құбылыстардың қылмыс болып танылуына байланысты кеңеюі немесе қылмыс болып келген кейбір нормалардың күшін жоюына байланысты тарылуы мүмкін.Мысалы бұрын қылмыс қатарында болмаған алыпсатарлық жаңа заң қорғайтын қоғамдық қатынастарға жатпайды.

Информация о работе Қылмыстық құқықтағы кінәні дәлелдеу мәселелері