Жаза түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 17:59, дипломная работа

Описание работы

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Жаза - мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен корғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен кауіпсіздігін ңылмыстық қастандықтан қорғайды.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................3-5
І-тарау. Қазақстан Республикасындағы жазаның түсінігі және оның мақсаттары.
1.1. Жазаның түсінігі..........................................................6-9
1.2.Жазаның мақсаттары.................................................10-17
ІІ-тарау. Қазақстан Республикасында Жазаның жүйесі және олардың түрлері.
2.1. Жазаның жүйесінің ұғымы және маңызы...............18-23
2.2. Жазаның түрлері......................................................24-30
ІІІ-тарау. Жаза тағайындалуы.
3.1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.........................31-36
3.2. Қылмыстың жауапкершілікпен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән жайлары.......................................................37-44
3.3.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылы 24 маусымдағы №2 қаулысы пленумның 1994ж. 23 желтоқсандағы № 4 қаулысымен енгізілген өзгерістері.................................. 45-53
Қорытынды...........................................................................54-55

Работа содержит 1 файл

жаза тусінігі курсовая.doc

— 284.00 Кб (Скачать)

 

МАЗМҰНЫ.

  Кіріспе.........................................................................................3-5

 

 І-тарау. Қазақстан Республикасындағы жазаның түсінігі және оның мақсаттары.

1.1. Жазаның түсінігі..........................................................6-9

1.2.Жазаның мақсаттары.................................................10-17

ІІ-тарау. Қазақстан Республикасында Жазаның  жүйесі және олардың түрлері.

2.1. Жазаның жүйесінің ұғымы және маңызы...............18-23

2.2. Жазаның түрлері......................................................24-30

 

ІІІ-тарау. Жаза тағайындалуы.

    3.1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.........................31-36

    3.2. Қылмыстың жауапкершілікпен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән жайлары.......................................................37-44

    3.3.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылы 24 маусымдағы №2 қаулысы пленумның 1994ж. 23 желтоқсандағы № 4 қаулысымен енгізілген өзгерістері.................................. 45-53

 

Қорытынды...........................................................................54-55

 

Пайдаланылған әдебиеттер................................................56-57

 

Кіріспе.

   Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Жаза - мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен корғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен кауіпсіздігін ңылмыстық қастандықтан қорғайды.  

    Ол қылмыстық жауаптылықты жүзеге асырудың басты формасы және қылмыскерліктің алдын алу шараларының бірі болып табылады.

   Біздің елімізде жаңа ҚК-тің қабылдануына байланысты осы маңызды заңның баптарына түсініктеме беру кажеттігі туындап отыр. Ол осы заңның кейбір баптарын дұрыс түсініп, оны іс жүзінде қолдану үшін қажет. ҚК-те жазаның жаңа түрлері қарастырылған, олар: қоғамдық жұмысқа тарту, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, қамауға алу. Бұл жазаларды қолдану бас бостандығынан айыру сияқты жазалардың азаюына, ал өмір бойы бас бостандығынан айыру - өлім жазасын қолдануды азайтуға сеп болады. Бас бостандығынан айыру жазасының онша тиімді жаза емес екендігін ескерсек, бұл біздің мемлекетіміздің қылмыстық жазаға қатысты саясатындағы дұрыс бағыт.    Әртүрлі жазаны дұрыс қолдану үшін ҚК-тің 39-бабында көрсетілген жазалардың әрбір түрінің мазмұнын, негіздемесін және қолдану ретін түсіну кажет.

  Жаза тағайындау — мемлекеттік органның маңызды да жауапты міндеті, себебі жаза тағайындау арқылы ғана қылмыс жасаған адамның әрекетіне қорытынды баға беріледі. Жаза тағайындау барысында заң нормалары бұзылса, ол ауыр зардапқа әкеп соғады. Мысалы, шектен тыс катаң жаза берілсе, сотталған адамда ыза-кек туады. Ал өте жеңіл жазаланған адам жазаға онша мән бермейді.  Бұл екі жағдайда  да қылмыс қайта жасалынуы мүмкін, себебі әділқазылық принципі сақталмағандықтан, жаза  өз мақсатына жетпейді.

   Жаза тағайындағанда сот ҚК-тің 52-62, 80-баптарында қарастырылған жаза тағайындау тәртібін, сондай-ақ қылмыстық заң принциптерін (заңдылықты, қылмыстық қудалау шараларын үнемдеу, жазаны жеке адамға сәйкес даралау, т.б.) басшылыққа алуға тиіс. Бұл жағдайда сот ҚК-тің 38-бабында белгіленген жазалардың мақсатын негізге алады.

   Жазаға байланысты осы және басқа да мәселелер ұсынылып отырған оқу құралында қарастырылған. Мемлекеттің қылмысқа қарсы күрестегі қолданылатын шаралары сан түрлі мемлекет қолданатыны осы шаралар ішіндегі ең негізгісі де, ең ықпалдысы да –жаза, яғни жазалау шарасы болып табылады. Қылмыстық–құқықтық нормалардың бұлылмауы мемлекет мәжбүрлеу арқылы жүзеге асырады. Себебі басқа құқық нормаларға қарағанда қылмыстық құқықтағы тыйым салынған нормалар жиірек бұзылады және оның мемлекет, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтардың мүддесіне тизізетін залалы басқа құқық салаларының нормаларының бұзылуына қарағанда ана ғұрылым мол.

   Жаза –мемлекеттің мәжбүрлі шарасы. Ол қылмыс жасаған тұлғаға тек ерекше мемлекеттік орган, сот арқылы осы жөнінде шығарылған үкім негізінде ғана қолданылады. Ал, үкім Қазақстан Республикасы атынан шығарылады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды қызмет иесінің атынан немесе басқа да билік басқару органдарының атынан қолданылады.

    Жаза – бұл мемлекеттік жазалаудың заңдарда орнаған түрі. Қылмыстық  Кодекстің 38 – бабында жазаның түрлері толық қамтылған. Қылмыс жасаған тұлғаға сот жазаның аталған бапта көрсетілген басқа түрлерін қолдана алмайды.

   Заң тұрғысынан алып қарағанда, жаза қылмыстың құқықтық салдары болып табылады. Қылмыспен жаза - өзара тығыз байланысқан құқықтық ұғымдар. Мемлекеттік мәжбүрлеудің шарасы ретінде – қылмыс болып табылатын құқық бұзушылыққа ғана қолданылады.

   Жазаның өзіне тән міндетті қасиеті – жазалау. Жазаны –жазалаудың күшпен  қолданылатын, мәжбүрлейтін жағы, яғни сотталған тұлғаны заңда көзделгендей құқықтарымен бостандықтарынан айыратын немесе оларды шектейтін жағы деп түсіну керек. Жаза қылмыскерге қашанда белгілі бір айырылу, қайғы –қасірет шектіреді. Олар тән азабы, рухани сипатта, қаражаттқа қатысты немесе басқа да сипатта болуы мүмкін. Мысалы, бостандығынан айырылған, қамауға алынған кезде  сотталушы тұлға жеке басының бір қатар құқығынан айырылады. Ең алдымен, ол бостандығынан айырылады оның өзінің отбасымен, достарымен, туған –туысқандарымен қарым –қатынасы үзіледі. Мүлкі тәркіленгенде немесе айыппұл салынғанда, сотталушының қаражатының жағдайы нашарлап кетеді. Ал жазаның белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру сияқты шарасы –лауазым, мамандық таңдау пайдалану құқығын шектеуге ұсынылады. Жазаның жазалаушы элементтері оның қорқыныш тудыру (үрейлендіру) сияқты қасиетін алға тартады.

    Жаза жүйесі деп қылмыстық заңмен белгіленгей, салыстырмалы ауырлығы ескерілд оЂырып, белгілі тәртіппен орналастырылған жаза түрлерінің соттар ҭшін міндетті және толық тізімі айтылады. ҚазақсЂан Республикасының 1997 жылғы  Қылмыстық Кодексінде жаза жүйесі39 –баптың бірінші бөлігінде орнықтырылған.

 

 

 

 

 

 

 

 І-тарау. Қазақстан Республикасындағы жазаның түсінігі және оның мақсаттары.

1.1. Жазаның түсінігі.

    Қылмыскерге тек қылмыстық жазалау шараларын, оның ішінде ауыр, қатал жаза қолдану арқылы ғана қылмыскерлікті біржола жеңе алмайтындығымызды тарих дәлелдеді. Ал, қылмыскерліктің алдын алу, одан сақтандыру шараларының бұл күресте көмегі көп екендігі сөзсіз.

Қылмыскерлікпен күресте мемлекет басқа да шараларды қолданады. Мұндай шаралардың бірі — жаза.

   Қылмыстық заң нормаларын сақтауды мемлекет мәжбүрлеу арқылы қамтамасыз етеді, себебі бұл нормалардың бұзылуы заңның басқа салаларындағы нормалардың бұзылуына қарағанда мемлекет мүддесіне, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтар мүддесіне үлкен зиян келтіреді.

Жаза қолданудағы  мақсат – адам мен азаматтың құқығын, бостандығын, заңды мүдделерін, бейбіт өмір мен адамзат қауіпсіздігін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты және Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығын, сондай-ақ қоғам мен мемлекеттің заң қорғайтын мүдделерін қара ниет қастандықтан қорғау.

    Қазақстан аумағында бұрын күшінде болған қылмыстық заңда (1998 жылдың 1 қаңтарына дейін 1922 және 1926 жылдарғы РСФСР Қылмыстық кодексі, одан кейін 1959 жылғы Қаз ССР ҚК-і) жазаға анықтама берілмеген. Сондықтан да жаңа ҚК қабылданғанға дейінгі қылмыстық — заң әдебиеттерінде жазаға берілген әртүрлілі анықтамаларды кездестіруге болады. Олардың бір – бірінен онша айырмашылығы жоқ, оларда жаза дегеніміз — қылмыстық заң негізінде қылмыс жасаған адамға қатысты сот қолданған мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы деген  мазмұн бар.

   Республиканың Қылмыстық кодексі жаза түсінігіне мынадай анықтама береді: Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша дайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен бостандықтарынан осы Кодекспен көзделген айыру немесе оларды шектеу болып табылады. (38-бап).

   Бұл анықтамадан жаза белгілерінің жиынтығы шығады. Оны қылмыс жасаған адамға мемлекеттік ерекше орган – сот ғана үкім негізінде қолдана алады.

    Үкім тек Қазақстан Республикасының атынан шығарылады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды адамның атынан немесе қандай да бір мемлекеттік органның атынан қабылданады.

Занды күшіне енген  сот үкімі барлық мекемелер, кәсіпорындар мен ұйымдар үшін міндетті болып табылады, ол Қазақстанның барлық аумағында орындалуға тиісті.

   Үкімде тағайындалған жаза қатаң дара сипатта болады, ол тек қылмыс жасаған адамға ғана қатысты және басқа адамдарға (сотталғанның туған-туыстарына) таралмайды.

   Жазаның орындалуы мемлекет күшімен жүзеге асырылады. Қоғамдық ықпал жасау шараларының жазадан айырмашылығы сол – олардың артында мемлекеттік күш емес, қоғамдық пікір тұрады.

   Қоғамдық ықпал ету шараларын мемлекеттік органдар емес, қоғамдық ұйымдар қолданады. Жаза – мемлекеттік мәжбүрлеудің заңмен белгіленген шарасы. ҚК-тің 38-бабында жаза түрлері түгелдей келтірілген. Қылмыс жасаған адамға сот жазаның бұлардан басқа түрін  қолдана  алмайды.

  Қылмыс пен жаза - өзара тығыз байланысты құқықтық түсінік. Мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы ретінде жаза тек қылмыс  үшін  қолданылады.

  Жазаға тән ерекшелік — міндетті түрде жазалаудың болуы. Жазалау дегеніміз жазаның мәжбүрлеу, зорлау  сипаты. Олар күш   көрсету, моральдық, материалдық және басқадай ықпал ету арқылы жүзеге асырылады.

Мысалы: бас  бостандығынан айырғанда, қамауға алғанда сотталған адамның көптеген құқықтарына шек қойылады, ол бостандығынан айырылады, оның отбасымен, дос – туыстарымен байланысы үзіледі. Мүлкін тәркілегенде, айыппүл алғанда ол материалдық шығын көреді. Белгілі бір қызметке тұру немесе қызметпен айналысу құқынан айыру сияқты жаза шарасы адамның қызмет, көсіп тандау құқына шектеу салады.  

   Жазаның жазалау сияқты элементінде қорқыту сипаты бар. Тағайындалған жазаның ауыр-жеңілдігі жасалған қылмыстың сипатына және қаншалықты ауыр екендігіне, айыпкердің жеке басына және басқа мән-жайларға байланысты.

  Жазалау жазаға тән ерекшелік бола тұрса да Қылмыстық кодексте ол жаза мақсаты ретінде қаралмайды (ҚК-тің 38-бабының 2 бөлігі). Бұрынғы ҚК-терде де жазалау жазаның мақсаты ретінде қарастырылмаған.

Дегенмен, бірқатар ғалымдар жазалауды жаза мақсаты  ретінде қарастырған. Атап айтқанда, Н.А.Беляев былай деп жазды: «Жазаның мақсаты жазалау, ол дегеніміз жасаған  қылмысы үшін айыпкерді күйзелту, бостандығынан айыру» (1). И.И Карпец (2) пен А.Н.Тарбагаевтың (3) еңбектерінде де осындай пікірлер айтылған.

   Мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы болып табылатын жазада соттылық сияқты өзіне тән сипат бар, ол кейін құқықтық және моральдық тұрғыдан өзінің теріс зардабын тигізеді. Мысалы, егер адам жаңадан қылмыс жасаса, оның бұрынғы қылмысы үшін соттылығы қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын мән-жай болып табылады.

   Бұрын қасақана қылмыс жасағаны үшін соттылығы бар адамның жаңадан қасақана қылмыс жасауы қылмыстың қайталануы деп танылады (ҚК-тің 13-бабы). Қайталанудың болуы тағайындалған жазаның түріне және мөлшеріне, сондай-ақ бас бостандығынан айыру жазасын тағайындағанда колонияның нысанына әсер етеді (ҚК-тің 48-бабы).

Мемлекеттік мәжбүрлеу шараларының басқа түрлерінен жазаның айырмашылығы сол — қылмыс жасаған адамға және оның әрекетіне сот тек құқық тұрғысынан ғана емес, сонымен қатар моральдық тұрғыдан теріс баға береді.

   Сондықтан да жаза тағайындау дегеніміз қылмыс жасаған адамға мемлекет атынан берілген теріс баға.

   Сонымен қылмыстық жаза – қылмыстық заңмен белгіленген мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы, оны қылмыс жасап айыпты болған адамға қатысты сот өз үкімімен қолданады, онда жазалау сипаты болады және осы қылмысты жасаған адамның айыбы мемлекет атынан бетке басылады (теріс баға беріледі).

 

1.2. Жазаның мақсаттары

   Әрбір мемлекеттік мәжбүрлеу шарасының өз міндеті, өзіне тән мақсаты болады. Жазаның мақсаты дегеніміз тікелей жаза тағайындау, оны қолдану және іске асыру арқылы мемлекет қол жеткізуге ұмтылатын   әлеуметтік нәтиже.

  Жазаның нақты мақсаты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңдарының алдында тұрған жалпы міндеттерден туындайды (ҚК-тің 2-бабы).

  Жазаның мақсатын анықтаудың, бәрінен бұрын, соттың заң қолдану қызметінде маңызы зор. Нақты адамға катысты жазаның түрін, мөлшерін анықтай отырып сот жазаның заңда белгіленген мақсаттарын басшылыққа алуға тиіс. Бұл талапты елемеу – заңсыз, дәлелсіз жаза тағайындауға, әділетті емес үкім шығаруға әкеп соғуы мүмкін.

  Жазаның мақсатына заң тұрғысынан анықтама беру — жаза қолданудың тиімділігін ғылыми зерттеу үшін де қажет. Мысалы, бірінші рет жасалған қылмыстардың жалпы санының көбеюі, не азаюы жалпы қылмыстың алдын алудағы мақсаттың көрсеткіші бола алады. Ал қайталанған қылмыстың деңгейі — арнайы алдын алу шаралары үшін және сотталғанды түзеу үшін сондай көрсеткіш болады.

  Жазаның мақсаты ҚК-тің 38-бабында былай көрсетілген: «Жаза әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру, сондай-ақ сотталған адамды түзеу және сотталған адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру мақсатында қолданылады».

Яғни, жазаның  мақсаты:

а)  әлеуметтік әділеттілікгі қалпына келтіру;

б)  сотталғанды  түзеу;

в) сотталған  тарапынан жаңа қылмыстың жасалуын болдырмау (арнайы, жеке сақтаңдырудың мақсаты);

г) басқа адамдар  тарапынан қылмысты болдырмау (жалпы  сақтаңдырудың мақсаты).

Информация о работе Жаза түсінігі