Жаза түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 17:59, дипломная работа

Описание работы

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Жаза - мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен корғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен кауіпсіздігін ңылмыстық қастандықтан қорғайды.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................3-5
І-тарау. Қазақстан Республикасындағы жазаның түсінігі және оның мақсаттары.
1.1. Жазаның түсінігі..........................................................6-9
1.2.Жазаның мақсаттары.................................................10-17
ІІ-тарау. Қазақстан Республикасында Жазаның жүйесі және олардың түрлері.
2.1. Жазаның жүйесінің ұғымы және маңызы...............18-23
2.2. Жазаның түрлері......................................................24-30
ІІІ-тарау. Жаза тағайындалуы.
3.1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.........................31-36
3.2. Қылмыстың жауапкершілікпен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән жайлары.......................................................37-44
3.3.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылы 24 маусымдағы №2 қаулысы пленумның 1994ж. 23 желтоқсандағы № 4 қаулысымен енгізілген өзгерістері.................................. 45-53
Қорытынды...........................................................................54-55

Работа содержит 1 файл

жаза тусінігі курсовая.doc

— 284.00 Кб (Скачать)

Жазаның бұл  түрі жазалар жүйесіндегі жаңалық  болып табылғанмен, біршама бұрынғы  қылмыстық заңдағы бас бостандығынан  айыруға шартты түрде соттап, сотталған адамды міндетті түрде еңбекке тарту жазасына үқсайды (1959 жылғы Каз. ССР ҚК-нің 23—2 бабы, 1993 жылғы 15 қазаңдағы Заң мен кодекстен алынған). Бас бостандығын шектеу ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімінің нормаларының 130 санкциясында жазаның басқа түрлерімен балама ретінде бар, ол 20,6%.

Тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Тәртіптік әскери бөлімде ұстау түріндегі жаза Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің Ерекше

бөліміндегі өскери қызметке карсы қылмыстар үшін жауаптылық белгіленген баптар бойынша тек негізгі жаза ретінде тағайындалады.

Сонымен қатар, егер сот істің мән-жайын және айыпкердің жеке басын ескеріп алдын-ала  үйғарылған бас бостандығынан айыру  жазасын тәртіптік әскери бөлімде  екі жылға дейінгі мерзімде ұстаумен ауыстыру мүмкін деп тапса, осы жаза қолданылуы мүмкін.

Бас бостандығынан айыру. Бас бостандығынан айыру — сотталған адамды арнайы режимі бар, заңда белгіленген арнайы мекемеге орналастыру арқылы оны қоғамнан мәжбүрлеп оқшаулау.

Негізгі жаза ретінде  бас бостандығынан айыру, ҚР ҚК-нің Ерекше бөлімі нормаларының 559 санкциясында көзделген (88,5%).

Кез-келген жаза — белгілі бір субъектіні кандай да бір өмір игілігінен айырады, оған күйзеліс келтіреді.

Өлім  жазасы. Өлім жазасы — ең бір адамды толғандыратын қылмыстық-құқықтық мәселе. Оның төңірегіндегі дауға тек заңгерлер ғана емес, барлық адамдар қатысуда. XX ғасырдың 70-80-жылдары өлім жазасын біртіндеп азайту, келешекге бұл жазадан бас тарту үрдісі дүниежүзілік қауымдастықта анық байқала бастады. 1989 жылғы 15 желтоқсандағы Азаматтық жене саяси құқықтар туралы Халықаралық пакгінің Екінші факультативтік хаттамасындағы өлім жазасынан бас тарту жөніндегі БҮҮ-ның үндеуін көптеген мемлекетгер қабылдады.

 

Жазаның  қосымша түрлері

Қосымша жаза —  негізгі жазамен салыстырғанда  қосалқы сипаттағы жаза, ол тек негізгі жазаны қолдану жазалаудағы мақсатты қамтамасыз ете алмайтын жағдайда қолданылады (5, 220 б.)

Қосымша жазаны қолданғанда  мынадай талаптар сақталуы тиіс:

—  қосымша жазаның  өзінше тағайындалуы мүмкін емес, ол тек  жазаның негізгі түрлерімен бірге тағайындал ады;

—  қосымша жазалар  неғүрлым ауыр қылмыстар жасалғанда, және заңда көрсетілген жағдайларда  негізгі жазаларға біріктіріледі. Заң бойынша қосымша жаза қолданылуы мүмкін емес адамдарға олар тағайындалмайды: мысалы, бас бостандығынан айыруға шартты түрде сотталған адамның мүлкін тәркілеуге болмайды;

—  қосымша жаза негізгі  жазадан қатаң   болуға тиіс емес, олай болған жағдайда негізгі   және қосымша    жазаларды    үйлестіру    принципі ақталмайды;

—  қосымша жазаның  түрі негізгі жаза сияқты болуға тиіс емес, бұл жағдайда жазаның бір түрі, өзінің  заңда рұқсат етілген мерзімі немесе мөлшері жағынан үлғайған болып саналады;

—  басты жазалау   элементтері негізгі жазаның  элементтерімен сәйкес келетін қосымша  жаза тағайындауға болмайды (мысалы, белгілі бір лауазымда істеу құқығынан айыруды белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруға қосымша ретінде). Егер жасалған қылмыс сараланатын заң міндетті түрде қосымша жаза тағайындауды көздесе, мундай жазаны қолданбау ҚК-тің 55-бабында көзделген жағдайларда ғана орын алады (осы қылмыс үшін қарастырылған жазадан жеңілірек жаза тағайын-дағанда).

Арнаулы, әскери немесе құрметті атақтан, сыныптық шеннен, дипломатиялық  дөрежеден, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік награ-далардан айыру. Жазаның бұл түрі соггалған адамға моральдық-психологиялық жағынан әсер етеді, оны бұрынғы қызметі үшін алған, өзі мақтан түтып жүрген ерекше белгілерінен айырады, белгілі бір

жеңілдіктерден, артық құқықтардан  айырады, соттылықтың өзіне қарағанда  үзақ уақыт материалдық залал шегеді. Сонымен катар қосымша жазаның бұл түрі соттылық жойылғаннан кейін де, оның болашақ кәсіби қызметін шектеуі мүмкін. Қысқасы, бұл жаза негізгідеы де күштірек.

Мүлікті тәркілеу. Мүлікті тәркілеу — сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе оның бір бөлігін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу (ҚР ҚК-нің 51-бабының 1 бөлігі).

Қосымша жазалардың ішіндегі ең қатаңы болып табылатын  бұл жаза бас пайда үшін жасалған қылмысқа тағайындалады, егер ҚК-тің  Ерекше бөлімінің айыпкерге қолданылатын санкциясында қарастырылған болса (ҚР ҚК-нің 51-бабының 2 бөлігі). Егер негізгі жаза бас бостандығынан айырумен байланысты болмаса, мүлік тәркілеуді қосымша жаза ретінде пайдалану мүмкіндігіне еш шектеу қойылмаған.

 

Жазаның балама түрлері

Балама жазалар  қатарына айыппүл салу және белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру жатады, ягаи бұл жазаларды тек өзінше ғана қолданбай, ҚР ҚК-нің 40, 41-баптарында көрсетілген жағдайларда, оларды жазаның басқа түрлерімен де бірге қолдануға болады.

Айыппұл салу. Айыппүл  — ҚР ҚК-нің 40-бабында көзделген  шекте, заңмен белгіленген және жаза тағайындау сөтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белгілі  бір мөлшеріне сәйкес келетін    мөлшерде    не    сотталған    адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгілі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалатын ақша өндіріп алу.

Басқаша айтқанда, қылмыстық жаза ретінде айыппүл  салу тағайындалған адам белгілі  бір материалдық шығынға үшырайды.

Белгілі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру. КР ҚК-нің 41-бабына сәйкес белгілі бір лауазымды атқару немесе бегілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру мемлекеттік қызметте, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында белгілі бір лауазымды атқаруға, не белгілі бір кәсіптік немесе өзге де щлзметпен айналысуға тыйым салудан тұрады.

 

ІІІ-тарау. Жаза тағайындалуы.

3.1. Жаза тағайындаудың жалпы  негіздері.

Жаза тағайындау – жасалған қылмыста айыпты деп танылған адамға айыптау үкімін шығарарда қылмыстық ықпал жасаудың нақты шарасын соттың тандауы (1,320 б.)

Жаза тағайындау, яғни айыптау үкімін шығарарда жаза таңдау сот қызметіндегі маңызды, жауапты  сәт. Бұл жайында ҚР Жоғарғы Соты Пленумының 24.06.1993 жылғы «Жаза тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтауы туралы» №3 қаулысында айтылған. Жаза мақсатының жүзеге асырылуы көбіне тағайындалған жазаға байланысты.

Жазаның тағайындалуы әлеуметтік әділеттіліктің қалпына  келуіне, сотталған адамның түзелуіне, сотталғанның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыс жасауын   болдырмауға көмегін тигізеді.

Бұл мақсатқа қол жету үшін жаза дәлелді де әділ болуға тиіс. Қылмыс жасаған адамға, делінген ҚК-тің 52-бабында, оның түзелуі және жаңа қылмыстың алдын алу үшін қажетті және жеткілікті жаза тағайындалуға тиіс.

Соттың жаза тағайындауға осы тұрғыдан қарауы ҚР ҚК-нің 52-бабында келтірілген жаза тағайындаудың жалпы негіздерін (ережесін) қамтамасыз етеді. Бұл бап сот үшін жаза тағайындаудың нақты емес, жалпы ережесін белгілейді, ол бір жағынан соттың заңды қатаң бағдарға алуын көздейді, екінші жағынан жаза тағайындағанда оның өзінше ынта көрсетуіне мүмкіндік береді.

Жаза тағайындау белгілі бір принциптерге негізделеді, олар қылмыстық заңның жалпы құқықтық және салалық арнаулы принциптерінің нақты көрінісі болып табылады. Жаза тағайындаудың негізінде жатқан принциптер мыналар: заңдылық, адамгершілік, жазаның әділеттілігі, жазаның дәледділігі және үкімде оның себебінің міндетті түрде көрсетілуі, жазаны жеке даралау, қылмыстық кудалау шараларын үнемдеу. Бұл принциптер ҚК нормаларында өз көрінісін табады.

Жаза тағайындаудың  жалпы негіздері – заңда белгіленген критерийлер, сүйенетін ережелер, әрбір нақты іс бойынша жаза тағайындағанда сот оларды басшылыққа алады.

Басқа сөзбен айтқанда, қандай қылмыстық іс қаралмасын, айыпкерге  қандай жаза қолданылмасын, сот осы жалпы критерийлерге сүйенуі керек. Жазаның жалпы негіздерін басшылыққа алу кеңестік қылмыс заңцарында алғаш рет 1958 жылғы ССР Одағының және одақтас республикалардың қылмыстық заңдарының негіздерінде көрініс тапты. Мұндай норма Қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық заңдарында  бар.

ҚК-тің 52-бабына сәйкес жаза тағайындаудың жалпы  негіздері мынадай үш критерийден  тұрады. Сот жазаны:

1)  ҚК-тің  Ерекше бөліміндегі сол қылмыс үшін жауаптылық көзделген баптар шегінде;

2)   ҚК-тің  Жалпы бөлімінде қарастырылған жағдайларды ескеріп;

3)  қылмыстың  сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басын, қылмысқа дейінгі және оны жасағаннан кейінгі оның мінез-құлқын, жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларды, сондай-ақ тағайындалған жазаның  сотталған адамның түзелуіне және оның отбасысының немесе оның асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын ескеріп белгілейді.

Жаза тағайындаудың  және қылмыстың қайталануының алдын  алудың тиімділігі қылмыстың жан-жақты, дұрыс бағалануына тікелей байланысты.

Жасаған қылмысы  қоғамға онша қауіп төндірмейтін адамдарға бас бостандығынан  айырумен байланысты емес жаза қодданған  дұрыс, және керісінше, ауыр қылмыс жасаған  адамға сот қатаң жаза тағайындау керек, себебі ондай өрекет жасаған адамның бойын қоғамға жат қылық жайлап алған, одан арылту үшін оны ұзақ уақыт көзден таса қылмай тәрбиелеу қажет.

Қылмыстың қоғамға  қауіптілік сипаты, бөрінен бұрын, қастандық жасалған нысан бойынша анықталады – жасалған қылмыстан қандай қоғамдық қатынастар бұзылады немесе бұзылу қаупі туады, яғни бұл қоғамға қауіптіліктің сапалық сипаттамасы (6, 407 б.). Осы тұрғыдан алғанда қандай да болсын адам өлтірудің ар-ождан мен кадір-қасиетке қастандық жасаудан айырмашылығы бар, денсаулыққа қарсы қылмыстың мүліктік қылмыстан айырмашылығы бар.

Қоғамға қауіптілігі тұрғысынан қылмыс жасаудың себептері де, тәсілдері де, басқа мән-жайлар да маңызды рөл атқарады. Мысалы, аса қатыгездікпен, бұзақылық ниетпен немесе жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатында қасақана адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабының «д», «и», «м» тармақтары) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіруге қарағанда (ҚК-тің 99-бабы) ауыр қылмыс болып табылады.

Қоғамға қауіптілік сипатына қарай қылмыс түрлерінің бір-бірінен айырмашылығы бар. Мысалы, ұрлыққа қарағанда тонау қауіптірек, өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізуден адам өлтіру қауіптірек. Әрине, бұл қылмыстар үшін жазалар да әртүрлілі болуы керек. Қылмыс ауыр болған сайын жаза да қатаң болуы тиіс, және керісінше, кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыстарды жасағаны үшін, басқа мән-жайларды да ескеріп, жазаның жеңілірек түрін қолдану керек.

Сонымен қатар  соттар жасалған қылмыстың тек қоғамға қауіптілік сипатын ғана емес, оның қоғамға қауіптілік дәрежесін де ескеруге тиіс, егер қоғамға қауіптілік сипаты – сапалық көрсеткіш болса, қоғамға қауіптілік дәрежесі – сандық көрсеткіш.

Жаза тағайындаған кезде сот ескеруге тиісті қоғамдық қауіптілік дәрежесі нақты қылмыстың  ауырлығын анықтайды, ол сол қылмыстық әрекеттің жеке ерекшеліктеріне байланысты.

Заң және қылмыстық  заң теориясы қылмыс жасаған адамға тән белгілер жиынтығын екі топқа бөледі: бірінші топты қылмыс субъектісінің белгілері құрайды, екінші топ қылмыскердің жеке басын сипаттайтын белгілерді біріктіреді.

Субъектінің есі дұрыстығы, ең төменгі жасы, арнаулы субъекті туралы мәліметтер қылмыс құрамының міндетті түрдегі белгілері болып табылады, олар әрекеттің қоғамдық қауіптілігін сипаттайтын көрсеткіштер.

ҚР Жоғарғы  сотының практикасында заңның бұл талабына баса назар аударылған. Сотталушының жеке басы туралы мәліметтерді жан-жақты есепке алу қажеттігіне соттар әрқашан да мән береді. Мысалы, ҚР Жоғарғы соты Пленумының 24.06.1993 жылғы «Жаза тағайындағанда соттардың заңдылықты сақтауы туралы» №3 қаулысының 3 бөлігінде сотталушының жеке басына қатысты мөліметтерді соттар толық, жан-жақты және дұрыс зерттеуге тиіс, олар жазаның мөлшері мен түрін анықтауда елеулі маңыз атқарады делінген. Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын, отбасы жағдайын, оның еңбекке қабілеттігін, еңбекке, окуға көзқарасын, соттылығы туралы деректерді анықтау керек (9, 3 б).

Жоғарыда аталғандай, айыпкердің жеке басы деген ұғым сипаты жағынан әртүрлі белгілерді қамтиды. Олардың кейбірінде психологиялық, ал кейбірінде әлеуметтік түбір бар.

Сот айыпкердің қоғамға қауіптілік дәрежесінің жоғары немесе төмен екендігін көрсететін оның әлеуметтік қасиеттерін ашуға тиіс. Жаза тағайындаған кезде сот сотталушының мынадай әлеуметтік ерекшеліктерін ескеруге тиіс: еңбек міндеттемелерін орындауға көзқарасын, нормативтік міңдеттеулер мен этикалық ережелерді сақтауын, тұрмыстағы мінез-құлқын, т.б.

Айыпкердің  жеке басын сипаттайтын мән-жайларды жаза тағайындау кезінде ескермеу жазаның немқұрайды тағайыңдалуына жол береді.

Жаза тағайындаудың  басты негіздеріне істің жауаптылық пен жазаны ауырлататын және жеңілдететін мән-жайларын есепке алу жөніндегі  заң талабы жатады.

ҚР ҚК-нің 53, 54-баптарында көзделген бұл мән-жайларды айыпкер жасаған қылмыстың сипаттамасына да, оның өз жеке басының сипаттамасына да жатқызуға болады, олар сот тағайындайтын жазаның түрі мен мөлшеріне ықпал жасай алады.

Жеңілдететін  мән-жайлардың болуы жасалған қылмыстың, не қылмыскердің жеке басының қауіптілігін азайтады, басқадай барлық тең жағдайларда  жеңіддеу жаза тағайындауға мүмкіндік береді.

Ауырлататын мән-жайлар, ондайлар болмаған жағдайларға қарағанда, ауырырақ жаза тағайындауға себеп болады.

Информация о работе Жаза түсінігі