Жаза түсінігі

Автор: Пользователь скрыл имя, 05 Декабря 2012 в 17:59, дипломная работа

Описание работы

Заңдылық пен құқық тәртібіне байланысты практикалық міндеттерді шешуде мемлекетіміздің құқықтық жүйесінің бір тармағы болып табылатын қылмыстық заңның рөлі едәуір, ол заң бұзушылықтың қылмыс сияқты аса қауіпті түрімен күресуге бағытталған. Жаза - мемлекет қолындағы маңызды құрал, ол арқылы мемлекет адамды, оның құқын, бостандығын, заңды мүддесін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіпті және қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, конституциялық құрылысты, еліміздің аумақтық бүтіндігін, қоғам мен мемлекеттің заңмен корғалатын мүдделерін, адамзаттың бейбіт өмірі мен кауіпсіздігін ңылмыстық қастандықтан қорғайды.

Содержание

Кіріспе.........................................................................................3-5
І-тарау. Қазақстан Республикасындағы жазаның түсінігі және оның мақсаттары.
1.1. Жазаның түсінігі..........................................................6-9
1.2.Жазаның мақсаттары.................................................10-17
ІІ-тарау. Қазақстан Республикасында Жазаның жүйесі және олардың түрлері.
2.1. Жазаның жүйесінің ұғымы және маңызы...............18-23
2.2. Жазаның түрлері......................................................24-30
ІІІ-тарау. Жаза тағайындалуы.
3.1. Жаза тағайындаудың жалпы негіздері.........................31-36
3.2. Қылмыстың жауапкершілікпен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән жайлары.......................................................37-44
3.3.Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты Пленумының 1993 жылы 24 маусымдағы №2 қаулысы пленумның 1994ж. 23 желтоқсандағы № 4 қаулысымен енгізілген өзгерістері.................................. 45-53
Қорытынды...........................................................................54-55

Работа содержит 1 файл

жаза тусінігі курсовая.doc

— 284.00 Кб (Скачать)

Заңда көрсетілген жеңілдететін мән-жайларды соттың ескермеуіне болмайды. Мысалы, айыпкердің кәмелеттік жасқа толмағанын сот есепке алуға міндетті, себебі ол ҚК-тің 53-бабы 1 бөлігінің «б» тармағында жеңілдететін мән-жай деп танылған.

ҚК-тың Ерекше бөлімінің нормаларында қылмыс белгісі  ретінде қарастырылған мән-жайларды жеңілдететін деп есепке алуға заң тыйым салған. Мысалы,  ҚК-тің 99-бабы (қажетті корғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру) бойынша жаза тағайындаған кезде сот жеңілдететін мән-жай ретінде ҚК-тің 53-бабы 1 бөлігінің «3» тармағына сілтеме жасай алмайды, себебі қажетті қорғаныс шегінен шығу ҚК-тің 99-бабында көзделген қылмыс құрамының кажетті белгісі болып табылады. Осы белгіні есепке алып, ҚК-тің 99-бабының санкциясы салыстырмалы түрде онша қатаң емес жаза қарастырған. Соңдықтан да жаза тағайындаған кезде бұл мән-жайды қайтадан есепке алуға тыйым салынған, «д» және «к» тармақтарында көрсетілген мән-жайларға, басқа жеңілдететін жайларға қарағанда, заң ерекше мән берген. ҚК-тің 53-бабының 4 бөлігінде былай деп көрсетілген: ҚК-тің 53-бабының бірінші бөлігінің осы аталған тармақтарында көзделген жеңілдетуші мән-жайлар болып, ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде, жазаның мерзімі немесе мөлшері ҚК-тің Ерекше бөліміндегі, айыпкер сотталатын тиісті бапта көзделген жазаның неғұрлым қатаң түрінің ең жоғарғы мерзімінің немесе мөлшерінің төрттен үшінен аспауға тиіс. Мысалы, ҚК-тің 99-бабы бойынша сотталғанда жаза бір жарым жыл бас бостандығынан айырудан аспауға тиіс.

 

3.3. Жаза тағайындалғанда соттардың заңдарды дұрыс қолдануы туралы.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сот  Пленумының 1993-жылғы 24-мауымдағы №2 қаулысы Пленумының1994-жылғы 23-желтоқсандағы №4 қакулысымен енгізілген өзгерістермен бірге.

  1. Қазақстан  Республикасы Конституциясының барлық адам заң мен сот алдында тең, адамды соттан басқа ешкім деқылмыстық жазаға тарта алмайды деген қағидаларын басшылыққа ала отырып, қылмыстың түрі мен ауырлығына айыптының қызметтегі және қоғамдағы орнына қарамастан, соттар әрбір қылмысты істі қарағанда, қылмыстық және іс жүргізу туралы талаптарының бұлжымай орындалуына жете назар аударуға тиіс. Заңның  бұзылуын ештеңе де ақтай алмайды.
  2. Заң талаптарына сәйкес соттар жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды анықтап, кінәліге жаза тағайындаған кезде үкімде оларды ескеруге  және көрсетуге міндетті.
  3. Соттар сотталушының жеке басының мәліметтерін жан-жақты, олық және объективті түрде тексеру керек, сбебі бұл мәліметтердің жазаның түрі мен мөлшерін  белгілеу үшін елеулі мәні бар. Атап айтқанда, сотталушының денсаулығын отбасы жағдайын, еңбекке қабілеттілігі мен оған деген көз қарасын, білімі, сотталғандығы туралы мәліметтерді анықтау керек.
  4. Бұрын жасаған қылмысы сот үкіменде анықталғаны және сол қылмысы үшін сотталмағандығы жойылмаған немесе одан арылмаған, болмаса бұрын жасалған қылмыстын кейінгісі іс бойынша оған негізді түрде айып етіп тағайындалғандығын сот анықтаған жағдайда ғана, бұрын қылмыс жасаған адамның қылмыс жасағандығы заңға сәйкес қылмысқ тән белгі немесе жауаптылықты ауырлататын жағдай ретінде қаралуы мүмкін екендігін сотттарға түсіндіру керек.
  5. Үкімнің баяндайтын бөлігінде жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларды атап айтқанда: сотталушыны жазадан құтқарудың дәлелін, үкімнің кйінге қалдырылуы туралы мәселенің шешмдері, шартты жазаның қолданудың заңда көрсетілгендегіден неғұрлым жеңіл жаза тағайындау, сондай-ақ жазаның қай түрімен мөлшерін сотттың таңдап алғандығының дәлелдерін көрсету керек екендігін белгілейтін ҚІЖК-інің 300-бабының талаптарын соттар  қатаң орындауға міндетті.
  6. Жасаған әрекетінде қылмыстың белгілері бар, бірақ онысы қоғамға елеулі қауып тозбайтын адамдарға келсе, онда соттар қылмыстық жаза қолданбай-ақ олардың түзелі және қайта тәрбиелеу мүмкіндігі жөніндгі мәселені қарап, ондай адамдарды ҚК-тің 45-бабының 3-бөлігіне сай қылмыстық жауаптылықтан босататын негіз бар болса босатуы керек.
  7. Соттар бас бостандығынан айырмай-ақ түзеу жұмыстары жазасын тағайындаған кезде, жазаның бұл түрін дұрыс қолдану үшін елеулі мәні бар жағдайларды (еңбекке қабілеттілігін, отбасы жағдайын, қолындағы балаларын, еңбекке қатыстылығын, айыптының жұмыс істемеу себептерін т.б.) мұқият анықтап алуы керек. Сотгалушының түзеу жұмыстарын өтеуге кедергі болатын мәліметтері анықталған жағдайда, сот мұндай адамға жазаның басқа түрін тағайындауы керек.
  8. Түзеу жұмыстарьшан жалтару деп, мәселен, орынсыз себептермен жұмысты тастап кетуді, жұмысқа ішіп келуді тануға болатындығын түсіндіру керек.
  9. Шартты жазаның, әдетте, жеңіл қылмыс жасаған, бұрын сотталмаған адамдарға қолданылатындығын соттар ескеруге тиіс. Шартты жаза ауыр қылмыс жасауға қатыскандардың кейбіріне, егер олар негізгі қылмыскер болған сонымен қатар қылмыс жасаған кездегі жайлар мен оның жеке басының берілген мәлімет сотталушыны көпшілікке оқшаулауға негіз бола алмайтын жағдайда ғана қолданылады.
  10. Алғаш рет үш жылға дейін бас бостандығынан айыруға кесілген адамдарға жаза тағайындағанда, міндетті түрде еңбекке қатыстыра отырып, шартты түрде соттауға немесе үкімді орындауды кейінге қалдыруға, ҚК-тің баптарында көрсетілген негіз болған жағдайда, сот қылмыстық жазаның мұндай түрлерін тағайындай алады, бірақ көрсетілген аптарды бір мезгідде қолдануға кақысы жоқ.
  11. Егер айыптының ісінің мән-жайлары мен жеке басын еекере отырып бас бостандығынан айыруға қатысы жоқ жаза тағайындауға негіз бар болса және қылмыстық заң санкциясында мұндай жазаның түрлері бас бостандьиынан айырудың шартты түрде еңбекке катыстыруды міндеттеу түрін, үкімді орындауды кейінге қалдыруды қолдану түрін заңның санкциясында көрсетілген жазалау, әйтеуір бір негіздер бойынша бұл адамға қоддану мүмкін емес болғанда ғана тағайындай алады. Оның дәлелдері үкімде көрсетілуі тиіс.
  12. Заңға сәйкес бас бостандығынан айырылған және бір мезгілде қосымша жаза берілген адам жөніндегі үкімнің орындалуы толығымен немесе негізгі жаза жағынан кейінге қалдырылуы мүмкін, бірақ үкімнің қорытынды бөлімінде бұл міндетті түрде көрсетіледі. Егер сот қосымша жазаны орындауды кейінге қалдырмаса, онда бұл үкім заңды күшіне енісімен орындала бастайды.
  13. Шартты    жазаны қолданғанда немесе үкімді орындауды кейінге қалдырғанда төрағалық етуші сотталған адамға, оның заңды өкілдеріне жазаның мән-мағынасын түсіндіреді, сынау мерзімі кезеңінде, яки кейінге қалдырылған мерзімінде жүргенде заң талаптарын бұзудың соңы неге апарып соқтыратынын ескертеді.
  14. Кейінге қалдырылған мерзім біткеннен кейін сотталған адамның еңбекке немесе оқуға қатысьша, кейінге қалдырылған мерзім ішіндегі оның тәртібіне, үкімнің жүктеген  міндеттерін  орындағанына  қарап, сот сотталушыны жазадан босату жөнінде немесе оны үкім белгілеген бас бостандығынан айыру жазасын өтеуге жіберу жөнінде ұйғарым шығарады.
  15. Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес, өлім жазасы ерекше жағдайда тағайындалатыны ескеріліп, жазаның мұндай мөлшері оны тағайындаудың қажетгілігіне жауапты ауырлататын төтенше жағдайлар негіз болғанда және аса ауыр қылмыс жасаған адам айрықша қауіпті болғанда ғана қолданылады. Өлім жазасын қолдану барлық жағдаңда жасалған қылмыстың анықгалған мән-жайларына және сотталушыны мейлінше толық сипаттайтын мәліметерге сүйене отырып, үкімде дәлелденген болуы керек.
  16. Соттардың қосымша жаза тағайындау мәселелеріне баса назар аударғаны жөн, өйткені негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу, оны даралап көрсету принципін дәйекті түрде жүзеге асыруға, жазаның мақсатына жетуге көмектеседі.
  17. Қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша шаралар қолдану немесе қолданбау мүмкіндігі айтылған болса, онда соттардың оны тағайындау туралы мәселені қарап, қабылданған шешімнің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсетуге тиіс. Ал қосымша жаза қолданылмаған жағдайда үкімнің қорытынды бөлімінде ондай шешімнің қабыддануына сілтеме жасалмайды.
  18. Сотталушыны айыпты деп таныған қылмыстық заң баптарнның жазалау шараларында жер аудару, жерінен куу, мүлкін теркілеу, айып салу секілді қосьшша шаралар көрсетілген жағдайда ғана соттардың мұндай жазаны тағайындау алатындығына назар аударылсын.
  19. Мүлікті тәркілеген кезде оның мөлшеріің үкімде нақты көрсетілуін соттар есінен шығармауы тиіс, алтәркілеу сотталған адамның жеке басына тиесілі мүлікке немесе үкім шығарылған кездегі жалпы ортақ меңшіктегі оның үлесіне ғана жүргізілуі ғана мүмкін,
  20. Лауазымы бойынша міндетті жұмысын атқаруы немесе белгілі бір қызметпен айалысуына (қолы басамауына) байланысты қылмыс жасаған жағдайда ҚК-тің 26-бабына сәйкес сот жасаған қылмыстың сипатын ескеріп сотталушының белгілі бір лауазымды орында отыруы немесе нақтылы қызметпен айналысуы құқығынан айыру жөнінде мәселені қарауға міндетті.
  21. ҚК-тің 39-бабында көрсетілген жағдайлардың жоқтығына қарамай қосымша жазаның тағайындалуы міндетті бола тұра қолданылмауын, үкімде жер аудару, жерін куу яки белгілі бір лауазымды қызметте болу немесе ақтылы қызметпен айналысу құқығынан айыру сияқты қосымша жазалар тағайындау мерзімінің көрсетілмеуін қосымша жазаның тек қана қылмыстардың жифнтығы бойынша тағайындалуынсондай-ақ өтелмеген қосымша жазаның (немесе оның бөлігінің) заң бойынша тағайындалған жаңа жазаға қосылмауын қосымша жазаны дұрыс қолданбай деп ұғыну керек, ал бұл үкімді бұзуға негіз бола алады.
  22. Соттар әкімшілік жаза шараларын қолданудың тәртібі мен қылмыстың белгілері бар әрекет жасаған адамдарды қылмыстық жауаптылықтан босатуға және әкімшілік жауапқа тартуға негіз беретін заң талаптарын сақтауға тиіс.
  23. Қылмыс жасалған кезге дейін 16-ға толмағандарды әкімшілік жолмен жауапқа тартуға болмайтындыіын ескере отырып, қылмыстық белгілері бар әрекет жасаған, сол үшін заң бойынша бір жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе одан да жеңіл жаза белгіленген кәмелетке толмағандар жөнінде әрбір нақты жағдайға байланысты істі және оның жеке басының мән-жайларын ескеріп, соттарға, қылмыстық істі қысқарту және заңда көрсетілгеніндей (ҚК-тің 49-6-бабы) тәрбиелік шара қолдану туралы мәселені қарау ұсынылсын.
  24. Сотқа келіп түскен заң бойынша бір жылға дейін бас бостандығынан айыру немесе одан гөрі жеңілірек жаза белгіленген қылмыстық іс бойынша ҚК-тің 45-бабының 3-бөлігі бірінші тармағын қолдануға негіз болған жағдайда, іс соттың тәртіптеуші мәжілісіне енгізіледі. Адам қылмыстық жауаптылықған босатылғанда, сот қылмыстық істі қысқарту туралы дәлелді ұйғарым шығарады, ал ұйғарым заңды күшіне енгенде, судья кінәлі адамға әкімшілік жаза белгілейді.
  25. Соттардың мынаны есте түтқаны жөн: белгілі бір қылмыс үшін заңда көрсетілген жазаның төменгі шегінен де төмен жаза немесе заңда көрсетілгендегіден (ҚК-тің 39-бабы) жеңілірекгеу жаза тағайындау ерекше іс жағдайында және кінәлі адамның жеке басын сипаттайтын деректер анықгалғанда ғана қолданылуы мүмкін
  26. Соттардың мынаны есте тұтқаны жөн: адамның бірнеше қылмыс жасауы — әсіресе қасақана жасауы, әдетге, қылмыстың және айыпкердің жеке басының да, әрекетінің де қоғам үшін аса кауіпті екендігін көрсетеді. Осыған байланысты ҚК-тің 37, 38-баптарының талаптарын бұлжытпай орындау ондай адамдарға занды, дәлелді және әділ жаза тағайындаудың маңызды шарттарының бірі болып табылады.
  27. Қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындағанда, соттар заңда көрсетілген жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру немесе тағайындалған жазаларды түгелдей ия болмаса ішінара қосу принциптерін үкімде дәлелдеуі керек.
  28. Заңның мәні бойынша, сот қылмыстың жиынтығына кіретін әр қылмыс үшін бір тектес және әр тектес жаза түрлерін тағайыңдағанда, жеңілірек жазаны ауырырақ жазаға сіңіру жолымен жинақгап   бір-ақ тағайындауға қақылы.
  29. Соттар мынаны ескеруге міндетті: ҚК-тің 37-бабының 3-бөлігін қолданған жағдайда, қылмыс жиынтығы бойынша тағайындалған қорытынды жаза алғашқы үкім бойынша тағайындалған жазадан төмен болмау керек, өйткені мұндай жағдайда жазаларды сіңірткен немесе қоскан кезде сот алғашқы үкімнің өтелінбей калған жағын емес, сол үкім бойынша тағайындалған барлық жазалардың мөлшерін басшылыққа алу керек.
  30. Егер іс бойынша үкім шығарып қойғаннан кейін сотталған адамның тағы басқа да қылмыстар үшін айыпты екені, оның біреуі шығарғанға дейін, ал басқалары үкім шығарғаннан кейін жасалғаны анықталса, екінші үкім бойынша жаза ҚК-тің 37-және 38-баптарын қолдана отырып тағайындалады.
  31. Бірнеше үкім бойынша жаза тағайыңдалғанда, соттар бұрынғы үкім бойынша тағайындалған жазаның өтелмеген бөлігінің мөлшері мен түрін белгілеуге және көрсетуге тиіс, жазаның өтелмеген бөлігі ҚК-тің 38-бабының негізінде жаңа үкім бойынша тағайындалған жазаға түгелдей немесе ішінара қосылуы керек.
  32. Бұрынғы үкім бойынша тағайындаған жазаның өтелмеген бөлігін ішінара қосып үкімдердің жиынтығын қолданғанда, егер жазаның осы түрі үшін белгіленген қорытынды жазаның ең жоғарғы шегіңде белгіленбесе, сот үкімде осыңдай шешімнің кабылданғанын дәлелдеу керек.
  33. ҚК-нің 38-бабының 1 жөне 2-беліктерінің мәніне сай бұрынғы үкім бойынша тағайындалған өтелмеген қосымша жаза түгелдей немесе ішінара қорытынды негізгі жазаға қосылады, болмаса түгелдей ішінара жаңа үкім бойынша тағайындалған дәл сондай қосымша жазамен бірітеді, бұл қосымша жаза қосымша жазаның дәл осы түрі үшін белгіленген мерзім шегінде тағайындалады. Әр түрлі косымша жазалар өз алдына бөлек орындалады.
  34. Егер сотталған адам үкімді орындауды кейінге қалдырған кезде басқа қылмыс жасап қойса, сот жаңа қылмыс жасағаны үшін тағайындаған жазаға ҚК-тің 38-бабына сүйене отырып, бұрынғы үкім бойынша өтелмеген бас бостандығынан айыру жазасын қосып береді.
  35. Ауыр қылмыс жасап кінәлі деп танылған адам жөнінде үкім шығарғанда, сот әлгі адамды әскери немесе арнаулы лауазымынан айырудың, сонымен қатар сотталған адамды СССР Жоғарғы Кеңесінің Президиумы, Одақтық және автономиялық республикалардың Жоғарғы Кеңесінің Президиумы немесе СССР Министрлер Кеңесі берген орден, медаль болмаса құрметті, әскери немесе басқа атағынан айыру туралы ұсыныс жасаудың орындылығы туралы мәселені талқылап алу керек.
  36. Істі кассация және кадағалау ретінде карағанда, соттар үкім шығарған кездегі жазаны тағайындаудың жалпы негіздерін сақтауын, тандап алған жазаның қылмыстың ауырлығына және сотталған адамның жеке басына сәйкестігін, қылмысты іс жүргізу заңының үкімдегі жаза туралы шешімді және істің ескерілген нақты мән-жайларын жазу тәртібін реттейтін нормаларын ұстануды тексеруге тиіс.
  37. Сотталған адамның немесе оның қорғанушысының арызы бойынша істі қарап отырғанда және анықтау, алдын ала тергеу немесе сот тергеуі толық емес және біржақты болғаны үшін үкімді бұза отырып, кассация сатысындағы соттың сотталған адамның жағдайын нашарлатып жіберетін нұсқауларды өзінің ұйғарымында көрсетуге қақысы жоқ.
  38. Егер бірінші сатыдағы сот қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындаған кезде жазаларды сіңірту принципін қолданса, кассация (қадағалау) сатысындағы соттың - тіпті бұл сатыдағы соттар жиынтыққа кіретін бір немесе бірнеше қылмыс үшін жазаны жеңілдеткенде де, жазаларды қосу ережелерін қолдануға кақысы жоқ.
  39. Қылмыскер екі немесе одан көбірек қылмыс жасап, олары қылмыстық заңның бір бабына жатқызылса, бірақ бірінші сатыдағы сот қылмыстардың бірқатарына заң жүзінде дұрыс баға беріп, ал басқа қылмыстарға одан гөрі ауыр қылмыс туралы заңның бабын дұрыс қолданбай, оларды қателесіп екі бапқа жатқызып қойған жағдайда, кассация сатысындағы сот әлгі қылмыстық әрекеттерді бұл баптан алып, ауыр еместеу қылмыс туралы бапқа жатқызу арқылы өзінің өкілетті мөлшерінде үкім бойынша белгіленген жазаның мөлшерінен аспай, осы бап бойынша бірінші сатыдағы сот белгілеген жазадан қатаңдау жаза белгілеуге қақы бар.
  40. Егер қылмыстың сипатын заңның қосымша жазаны міндетті түрде қолдану керек дейтін бабына өзгерткенде де, қосымша жаза бойынша белгіленбесе, кассация (қадағалау) сатысындағы соттың ондай жазаны белгілеуге құқы жоқ.
  41. Кассация немесе қадағалау сатысындағы соттың міндетті түрде еңбекке қатыстыру арқылы шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасының орнына үкімнің орындалуын кейінге қалдыруға және сондай-ақ үкімнің орындалуын кейінге қалдыру арқылы бас бостандығынан айыру жазасын шартты жазаға ауыстыруға қақысы бар.
  42. Соттар мынаны есте тұту керек: үкім шығарғанда сотталған адамға ерекше қатаң жаза тағайындалғанын білдіретін, іс бойынша анықталған мән-жайлар ғана жазаны жеңілдетуге немесе сотталған адамды жазаны ары карай өтей беруден босатуға негіз бола алады.
  43. Кассация сатысындағы соттар бірінші сатыдағы соттардың жаза тағайындауға байланысты жіберген қателерін істі кассация ретінде қарағанда жойып жіберу үшін заңда көрсетілген барлық шараларды қолдануға тиіс.
  44. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттының Қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы және әскер алқасы, облысық және Алматы қалалық соты, Қазақстан Республикасының территориясында орналасқан әскерлер сотты бірінші сатыдағы соттардың қылмысты жаза мөлшерін тағайындау практикасын үнемі зерттеп, қорытып, жіберген қателерді жоюдың шараларын дер кезінде қолданып отыру керек.
  45. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соттының 1979 жылғы 12-қазаңдағы Пленумының «Республика Соттарының қылмыстық жазалау шараларын тағайындау тәжірибесі туралы» №2 және 1989 жылғы 29-қырқүйектегі Пленумының «Қазақ ССР Соттарының бас бостандығынан айыру түрінді жаза тағайындай тәжірибесі туралы» №8 қаулылар күшін жойды деп танылсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды

Күнделікті  өміріміз жұмысқа қарсы күресте  қылмыскерлерге қылмыстық жаза шараларын, соның ішінде олардың қатал түрлерін қолданып қоюумен ғана көзделген  мақсатқа жету мүмкінеместігін дәлелдеп келеді. Бұл күресте қылмысты ескерту шараларының, сондай –ақ, қылмыстың алдын алу шараларынның да көзделген нәтижеге жетүдегі үлесі қомақты болып отыр. Мемлекеттің қылмысқа қарсы күрестегі қолданылатын шаралары сан түрлі мемлекет қолданатыны осы шаралар ішіндегі ең негізгісі де, ең ықпалдысы да –жаза, яғни жазалау шарасы болып табылады. Қылмыстық–құқықтық нормалардың бұлылмауы мемлекет мәжбүрлеу арқылы жүзеге асырады. Себебі басқа құқық нормаларға қарағанда қылмыстық құқықтағы тыйым салынған нормалар жиірек бұзылады және оның мемлекет, қоғам мүддесіне немесе жеке азаматтардың мүддесіне тизізетін залалы басқа құқық салаларының нормаларының бұзылуына қарағанда ана ғұрылым мол.

Жаза –мемлекеттің мәжбүрлі шарасы. Ол қылмыс жасаған  тұлғаға тек ерекше мемлекеттік  орган, сот арқылы осы жөнінде шығарылған үкім негізінде ғана қолданылады. Ал, үкім Қазақстан Республикасы атынан шығарылады. Мемлекеттік мәжбүрлеудің басқа шаралары лауазымды қызмет иесінің атынан немесе басқа да билік басқару органдарының атынан қолданылады. Жаза адаммен азаматтың құқықтарын, бостандықтарын, заңды мүдделерін, адамзаттың қауіпсіздігімен бейбітшілікті, меншікті, ұйымдардың құқықтарымен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіппен қауіпсіздікті қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының Конситутциялық құрылысымен аумақтық тұтастығын, сонымен қатар, қоғаммен мемлекеттік заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол суғушылықтан қорғауға бағытталған. Қазақстан аумағында күші болған бұрынғы қылмыстық заңнамада (1998 жылғы 1 –қаңтарға дейінгі күші болған қылмыстық құқықтық актілерге; РСФСР - дің 1922 және 1926 кодекстерінде; Қазақ ССР –інің 1959 жылғы кодексінде) жаза анықтамасы берілмеген болатын. Сол себепті жаңа қылмыстық кодекс қабылданғанға дейін жарық көрген қылмыстық –құқық әдебиеттерінде жаза туралы әр түрлі әдебиметтер айтылып келді. Республикамыздың қылмыстық кодексі жазаға төмендегідей анықтама береді: «Жаза дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлек шарасы жаза қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және осы адамда көзделгендей құқықтары мен бостандықтарынан айырумен оларды шектеу болып табылады. ( ҚР Қылмыстық Кодексінің 38 –бабы).

Жаза жүйесі деп қылмыстық заңмен белгіленген, салыстырмалы ауырлығы ескеріле отырып, белгілі тәртіппен орналастырылған  жаза түрлерінің соттар үшін міндетті және толық тізімі айтылады. Қазақстан Республикасының 1997 жылғы  Қылмыстық Кодексінде жаза жүйесі 39 –баптың бірінші бөлігінде орнықтырылған. Заң тұрғысынан алып қарағанда, жаза қылмыстың құқықтық салдары болып табылады. Қылмыспен жаза -өзара тығыз байланысқан құқықтық ұғымдар. Мемлекеттік мәжбүрлеудің шарасы ретінде –қылмыс болып табылатын құқық бұзушылыққа ғана қолданылады. Жазалау тұрғыдан айтқанда оның жазаның өзіне тән міндетті белгісі екендігін айта отырып, жазалау қылмыстық кодексте жазаның мақсаты ретінде қарастырылмайтын ескеру қажет.

Жазаның мемлекеттік  мәжбүрлеудің  ерекше шарасы ретінде  өзіне тән сипатты белгісі  бар. Ол –жағымсыз құқықтық салдарға ұшырататын –  «соттылық». Егерде тұлға  қайтадан қылмыс жасаса, оның алғашқы  жасаған қылмысы үшін сотталғаны қылмыстық жауаптылықты ауырлатушы жағдай болып саналады. Жазаның өзіне тән міндетті қасиеті –жазалау. Жазаны –жазалаудың күшпен  қолданылатын, мәжбүрлейтін жағы, яғни сотталған тұлғаны заңда көзделгендей құқықтарымен бостандықтарынан айыратын немесе оларды шектейтін жағы деп түсіну керек. Жаза адамдардың әділеттік сезімі ал кейбір кездерде, қылмыскердің жасаған жауыздығына қарсы наразылық сезімінде қанағаттандыру үшін қолданады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер.

  1. Қазақстан Республикасының Конститутциясы Алматы, 1995ж.
  2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексі Алматы, 1997ж.
  3. Оқулық А. Ағыбаев Қылмыстық құқық Алматы Жеті жарғы, 1998ж. Жалпы және Ерекше бөлім.
  4. Словарь по уголовному праву А.В. Наумов Москва, 1997г.
  5. «Уголовное право» Особ. часть А.Н. Рогора, Москва,1996г.
  6. «Уголовное право» Особ. часть Москва, 1998г.
  7. «Уголовное право» Общая часть Москва, 1996г.
  8. Общая часть уголовного право А.Ф. Истомин Москва, 1997г.
  9. «Уголовное право» РК общая часть Алматы 1998г.
  10. Поленов Г.Ф. «Схема по уголовному праву РК» Алматы 1998г.
  11. Закон РК «О порядке и условиях содержания под стражей и подозреваемых и обвиняемых в совершений преступлений» Алматы 1999г.
  12. Поленов Г.Ф. «Назнечение наказания» Алматы 1998г.
  13. Кочой С.М. «Ответственность за корыстные преступления против собствености» Масква 1998г.
  14. Уголовно –правовые меры  борьбы с преступлениями, связанными с наркотиками Алматы 1998г.
  15. Сергиевский в «Квалификация преступлений» Алматы 1997г.
  16. Чукмаитов Д.С. « Применение уголовного наказания  в целях предупреждения рецидивных преступлений» Алматы 1997г.
  17. Уголовный Кодекс РК –толкование и коментарий Вып. -2 Алматы 1998г.
  18. Абдиров М.М. «Уголовно –правовые меры борьбы с преступлениями, связанными с наркотиками» Алматы 1998г.
  19. Борчашвили И.Ш., Рахимжанова Г.К. Коментарии к Уголовному Кодексу РК Караганда 1999г.

 

  1. Қылмыстық құқықтың Жалпы бөлімі бойынша тапсырмалар жинағы. Алматы, 1999ж.
  2. Е. Алауханов, С. Рахметов «Жаза Практикалық оқу құралы». Алматы, 1999ж.
  3. Рахметов С.М. Қылмыс құрамы. Алматы 1999ж.
  4. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты пленумының 1993 жылғы 24-маусымдағы №2 қаулысы Пленумының 1994 жылғы 23 –желтоқсандағы №4 қаулысымен енгізілген өзгерістер мен бірге.
  5. Қазақстан Республикасының атынан шығарылған сот үкімі.

 

 

 

 

 




Информация о работе Жаза түсінігі