Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 18:17, курсовая работа

Описание работы

Бірақ, қол жеткен табыстармен шектеліп, тоқмейілсуге болмайды, өйткені өз шешімін күтіп тұрған проблемалар әлі де жеткілікті. Қабылданған заңдар қаншама жақсы, дұрыс болса да, онда көрсетілген нормалардың құқықтық қатынастарға түсетін кез келген субъектінің қызметтік қағидатына, жүріс-тұрысының ережесіне айналуларының әзірше кепілі болмай тұр. Құқықтық нұсқаулардың әрбір адам үшін, әр шенеунік, кәсіпкер, лауазымды адам, басшы үшін ішкі нанымға, ішкі заңға айналуы қажет. Өздерінің құқықтары бұзылған жағдайда әр адам сот қорғауына жүгіне алатынын және оның тиімділігіне сенім арта алатынын ұғынуы және білуі тиіс

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………….....3
1 Сот төрелігі – Қазақстан Республикасындағы біртұтас мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде …………………………………… .....6
1.1 Сот билігі ұғымы …………………………………… …………........6
1.2 Қазақстан Республикасындағы сот билігінің қалыптасуы ……...10
1.3 Билік тармағындағы сот жүйесінің рөлі ………………………....12
2 Қазақстан Республикасында сот төрелегін жүзеге асырудың конституциялық қағидалары ………………………………………16
2.1 Сот төрелігінің конституциялық негіздері ……………………….16
2.2 Судьялар тәуелсіздігінің кепілдіктері,оны нығайту мәселелері..17
3 Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі ……………………….23
3.1 Жоғарғы Сот Кеңесі. Әділет біліктілік алқасы .......... ……….......23
3.2 Судьялардың конституциялық – құқықтық мәртебесі ……….......25
3.3 Сот құрамы мен соттың өкілеттілігі ……………………………....27
4 Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері …………......30
4.1 Сот және заң шығарушы биліктер арасындағы өзара қатынастардың болашағы …………………………………………………………....30
4.2 Мемлекеттік биліктің сот және атқарушы тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері …………………………………...31
Қорытынды ……………………………………………………….....33
Қолданылған әдебиеттер тізімі ……………

Работа содержит 1 файл

мухаметнурова.doc

— 233.00 Кб (Скачать)


 

МАЗМҰНЫ

 

Кіріспе …………………………………………………………….....3

1                             Сот төрелігі – Қазақстан Республикасындағы біртұтас мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде …………………………………… .....6

1.1               Сот билігі ұғымы …………………………………… …………........6

1.2               Қазақстан Республикасындағы сот билігінің қалыптасуы ……...10

1.3               Билік тармағындағы сот жүйесінің рөлі ………………………....12

2                             Қазақстан Республикасында сот төрелегін жүзеге асырудың конституциялық қағидалары ………………………………………16

2.1               Сот төрелігінің конституциялық негіздері ……………………….16

2.2               Судьялар тәуелсіздігінің кепілдіктері,оны нығайту мәселелері..17

3               Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі ……………………….23

3.1               Жоғарғы Сот Кеңесі.  Әділет біліктілік алқасы .......... ……….......23

3.2               Судьялардың конституциялық – құқықтық мәртебесі ……….......25

3.3               Сот құрамы мен соттың өкілеттілігі ……………………………....27

4               Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері …………......30

4.1                             Сот және заң шығарушы биліктер арасындағы өзара қатынастардың болашағы …………………………………………………………....30

4.2                             Мемлекеттік биліктің сот және атқарушы тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері …………………………………...31

Қорытынды ……………………………………………………….....33

Қолданылған әдебиеттер тізімі ………………………………........35


КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабында республиканы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде қалыптастыру мақсаттарының бекітілуі – ең алғашқы кезеңдердің бірі деп, күшті, тәуелсіз сот билігін құру міндетін қояды.

Құқықтық нигилизм әлі де орын алып отырған қоғамда, сот билігінің болуы заң үстемдігін, оны орағытып өтудің қандай да болса әрекеттерін болдырмауды қамтамасыз етудің шешуші факторына айналуы тиіс. Сот билігінің нағыз дербестігіне қол жеткізбейінше және соттар азаматтар мен заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын, еркіндіктері мен заңды мүдделерін пәрменді қорғау және қалпына келтірудің  органы болмайынша, елдегі әлеуметтік және экономикалық проблемаларды ойдағыдай шешуге, сыбайлас жемқорлықпен және қылмыстылықпен күресуде табысқа жетуге, қолданыстағы заңдардың тиімділігіне үміт артуға болмайды.

Өзектілігі. Біздің қоғамымыздың алдына қойылған басым мақсаттарға жету жолында сот жүйесінің тәуелсіздігін нығайту – қазіргі міндет және бүгінгі күннің зәрулі қажеттілігі.

Сот билігінің теориялық негіздерін әзірлеу және оларды заңнама мен сот органдарының қызметінде практика жүзінде іске асыру, тек соңғы кездері ғана мамандардың назарларын аудара бастады. Билікті бөлісудің конституциялық қағидаты мен Конституцияда көрсетілген өзге де идеялар тұрғысынан сот билігі институтының тұтас, кешенді талдауын жүргізу біздің республикамызда әлі де жеткілікті және жүйелі түрде қолға алынған жоқ. Тіпті мемлекет және құқық мәселелерінде де сот органдарына тиісті көңіл бөлудің жеткіліксіздігі байқалады, бұл көзқарас мемлекеттік тәжірибеде ондаған жылдар бойы үстемдік құрып келді. Қазақстанда тәуелсіздік жариялауға байланысты ғана осы проблемаға қызу ықылас білдіріле бастады. Соның нәтижесі 1994 жылы қабылданған сот-құқықтық реформаның мемлекеттік бағдарламасын орындау болды. Бағдарламаға сәйкес қалыптастырудың мүлде жаңа тәртібі бойынша бірыңғай сот жүйесі құрылды, сот билігі тармағының  тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған заңнамалық жаңа актілер қабылданды, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу, салық және әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстер қабылданды.

Бірақ, қол жеткен табыстармен шектеліп, тоқмейілсуге болмайды, өйткені өз шешімін күтіп тұрған проблемалар әлі де жеткілікті. Қабылданған заңдар қаншама жақсы, дұрыс болса да, онда көрсетілген нормалардың құқықтық қатынастарға түсетін кез келген субъектінің қызметтік қағидатына, жүріс-тұрысының ережесіне айналуларының әзірше кепілі болмай тұр. Құқықтық нұсқаулардың әрбір адам үшін, әр шенеунік, кәсіпкер, лауазымды адам, басшы үшін ішкі нанымға, ішкі заңға айналуы қажет. Өздерінің құқықтары бұзылған жағдайда әр адам сот қорғауына жүгіне алатынын және оның тиімділігіне сенім арта алатынын ұғынуы және білуі тиіс. Әйтпесе біз ешқандай құқықтық мемлекет құра да алмаймыз және шынайы демократия жөнінде сөз қозғаудың өзі де бекер.

Тақырыптың зерттелу деңгейі.

        Сот билiгi   Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнiң, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етедi. Әркiмге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республиканың Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңды мүдделерге нұқсан келтiретiн немесе оларды шектейтiн кез келген заңсыз шешiмдерi мен iс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепiлдiк берiледi. Ешкiмдi де оның iсiн заңның барлық талаптары мен әдiлеттiлiктi сақтай отырып құзыреттi, тәуелсiз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.  Сот билiгi азаматтық, қылмыстық және заңда белгiленген өзге де сот iсiн жүргiзу нысандары арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасының барлық соттары судьяларының мәртебесi бiрдей болады және бiр-бiрiнен тек өкiлеттiктерiмен ерекшеленедi. Қазақстан Республикасының Конституциясында және осы Конституциялық заңда белгiленген тәртiппен судьяға сот төрелiгiн жүзеге асыру жөнiндегi өкiлеттiктер берiледi, ол өз мiндеттерiн тұрақты негiзде орындайды және сот билiгiн жүргiзушi болып табылады. Судьялардың құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, осы Конституциялық заңмен және өзге де заңдармен белгiленедi. Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен мiндеттердi жүктеуге болмайды. Судьяны қылмысқа қарсы күрес, заңдылық пен құқық тәртiбiн сақтау мәселелерi жөнiндегi мемлекеттiк және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгiзуге болмайды [1].

       Зерттеу объектісі. Қазақстан Республикасының Сот қызыметінің және Сот төрелігінің жүзеге асырылуы.

      Зерттеу пәні. Сот билігі құқық саласында міндетті элементтердің бірі ретінде.

      Зерттеудің мақсаты мен міндеттері.

Бұл курсттық жұмыстың негізгі мақсаты мен міндеттері

-         Сот билігінің бөліну тарихы  мен билік идеясы туралы ойларды жинау;

-         Сот жүйесінің биліктегі рөлін көрсету;

-         Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелерін қарастыру;

-         Судьялардың мәртебесі мен төрелігін ашып қарастыру;

-         Мемлекеттік биліктің сот және атқарушы тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелерін талқылау.

 

 

 

 

1          СОТ ТӨРЕЛІГІ – ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БІРТҰТАС МЕМЛЕКЕТТІК БИЛІКТІҢ БІР ТАРМАҒЫ РЕТІНДЕ.

1.1.                Сот билігі ұғымы

 

 

Ештеңе де бостан туындамайды және кенеттен пайда болмайды, бәрі бұл дүниеде бір-бірімен өзара байланысты, себептері мен бастау көздері болады. Дәл осылайша сот пен билікті бөлу туралы ілім негіздері өз тамырын тереңнен алады. Билікті бөлудің бастапқы идеяларын әдетте, еуропалық аса көрнекті ойшылдар Джон Локк пен Шарль Луи Монтескьенің есімдерімен байланыстырады. Билікті бөлу принципіне классикалық анықтама берген теорияның негізін салушы ағылшын философы Джон Лильберн болып табылады. Өзінің саяси панфлеттерінде ол заңдылық кепілдігі мен мемлекеттегі  заңсыздықтың алдын алу мақсатында алғаш рет билікті заң шығарушы, атқарушы және сот деп бөлу идеясын ұсынды.

Билікті бөлу идеясын негіздеуде француз ойшылы Шарль Луи Монтескье зор роль атқарды. Ол алғаш рет биліктің үш «түрін» айқын белгіледі: заң шығарушы, атқарушы және сот. Атап айтқанда ол былай деп көрсетті: «Заң шығару және орындау қызметтері бір адамның немесе бір магистратура органының қолына біріктірілсе, онда бостандық болуы мүмкін емес, өйткені осы монарх немесе сенат қысым жасаушы заңдарды енгізіп, оларды зорлықпен қолдану қаупі тууы мүмкін.

Оның үстіне сот билігі заң шығарушы және атқарушы биліктен бөлінбесе тағы да бостандық болмауы мүмкін. Егер ол заң шығарушы билікпен біріксе, субъектінің өмірі мен бостандығы өктемдік бақылауға тап болады, сот заң шығарушыға айналады. Егер де сол атқарушы билікпен қосылса, сот қанаушының барлық озбырлығын жасай алады».

Ш.Монтескьеден айырмашылығы билік бөлісу теориясын Жан Жак Руссо іс жүзінде іске асырды. Ол халықтың біртұтас билігінің қарауына заң шығару, атқару және сот биліктерін берді.

Билік бөлу теориясы көптеген елдердің мемлекеттік-құқықтық тәжірибесінде кеңінен қолданылып, адам құқықтары мен еркіндіктерін қамтамасыз ететін негізгі кепілдіктердің бірі болып табылды.

Билік бөлісу қағидатына негізделген мемлекеттік жүйенің артықшылығы – мемлекеттің ішкі саяси жағдайының салыстырмалы тұрақтылығы [2].

«Қазақ елінің сот билігі» еңбегінде Қ.Мәми «қазақтың үш биі – Төле би, Қазыбек би және Айтеке билердің кезінде «мемлекетті әділ басқарудың негізі – сұлтандар мен төрелердің сот билігіне араласуын шектеу» деген қағидасының әлі де өз құндылығын жоймағанын атап көрсетті.

Билік бөлісу теориясы 1787 жылғы АҚШ Конституциясында мейлінше толық және дәйектілікпен іске асырылады. Ол бойынша заң шығару өкілеттіктері екі палатадан – Сенат пен өкілдер палатасынан тұратын Конгреске берілді. Атқару билігі Президенттің, ал сот билігі АҚШ-тың Жоғарғы сотының, сондай-ақ Конгресс арқылы бекітілетін төменгі соттардың қарауына тапсырылды.

Мемлекеттік биліктің бірлігі туралы ереже бүгінгі күні де өзекті мәселе болып табылады. Мемлекеттік биліктің бірлігі, ең алдымен оның бастау көзімен шартталады, бұл бастау тек халық болып табылады.

Биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот тармақтары Қазақстан Республикасы Конституциясының 3 бабында көрсетілгендей, тек қана халыққа тиісті бірегей билік көрінісі ретінде ғана маңызға ие.

Қазіргі әлемдік конституциялық-құқықтық тәжірибе жаңа проблемалар туғызуда, бұлар енді билік бөлу теориясы негізінде шешілмейді және нақты қызмет ету шеңберіне сыйыспайды. Біздің пікірімізше, ТМД елдеріндегі түрлі билік тармақтарының саяси тайталасының негізгі көздерінің бірі билік бөлудің теориялық проблемаларының тұжырымдамалық тұрғыда жеткіліксіз жасалуы, сондықтан да билікті бөлу мен біріктіруді жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар жасау дұрыс көрінеді.

Біріншіден, мемлекеттанушылардың билік бөлу теориясын бірегей мемлекеттік саясаттың принциптік мәселелері бойынша биліктің барлық тармақтары келісе отырып жұмыс істеуі тиістігінен шығатын мемлекеттік биліктің барлық тармақтарының өзара байланысы, өзара әрекет етуі қажеттігі туралы тезиспен толықтыру керектігі жөніндегі ұсыныстарына қолдау көрсетудің маңызы бар.

Екіншіден, қазіргі мемлекеттануда билік бөлу теориясының тұжырымдарымен үйлесетін мемлекеттік биліктің бірлігі туралы тұжырым негізделуде. Жоғарыда билік бөлу бірегей мемлекеттік саясаттың принциптік мәселелері бойынша билік тармақтарының өзара әрекет етуін, олардың мемлекеттің негізгі мақсаттары мен міндеттері аясында іс-әрекетінің бірлігін жоққа шығармайтыны атап өтілді. Солай бола тұрса да мемлекеттік билік бірлігінің тұжырымдамасы билік тармақтарын бөлуді, олардың бірегей мемлекеттік билікті жүзеге асыруда түрлі қызмет атқаратынын айтады. Мынаған назар аударуға болады: орыс ғалымдары мемлекеттік билік пен оны үш негізгі тармаққа бөлу туралы ережені біріктіретін синтезделген ойды оң фактор деп санайды, бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабы 4-тармағында бар.

Жоғарыда айтылғандар мемлекеттік билік бірлігі мен билікті бөлудің бір-бірін өзара толықтыратын тұжырымдамаларын үйлестіру қажеттігі туралы қорытынды тұжырым жасауға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 3 бабының ережелеріне сүйене отырып, Қазақстан Республикасының мемлекеттік билік бірлігі мен бөліну принципі туралы айтуға болады. Бұл принцип, ең алдымен, өзінің субъектісі мен бастау көзі бойынша, ерік-күш мазмұны мен арналуы бойынша мемлекеттік биліктің Қазақстан Республикасында бірегей болып табылатынын білдіреді. Бұл Қазақстан Республикасы Конституциясының 3-бабының 1-тармағында бекітілген Қазақстан халқының билігі. Сол бойынша тек халық қана елдегі мемлекеттік биліктің бірден бір көзі болып танылады. Мемлекеттік биліктің барлық тармағы халық атынан әрекет ете отырып, бірегей мемлекеттік саясат жүргізуге және қазақ халқының қалауы бейнеленген Конституциясына және заңнамаларды басшылыққа алуға міндетті. Адамзаттың көп ғасырлық тарихы  биліктің біреудің ғана қолында топталуы сөзсіз теріс жағдайларға алып келетінін көрсетеді. Бұны болдырмау үшін мемлекеттік билікті бір-біріне тәуелсіз, сонымен бірге бірін-бірі толықтыратын және өзара әрекет ететін құрамдас элементтерге бөлу қажет.

Мемлекеттік билікті үш тармаққа: заң шығарушы, атқарушы және сотқа бөлу идеясы анағұрлым кең танылды. Конституцияның 3-бабы 4-тармағына сәйкес мемлекеттік биліктің Қазақстан Республикасында бірегей екенін жария етті, бірақ ол тепе-теңдік пен тежегіштер жүйелерін қолдану арқылы өзін үш тармаққа: заң шығарушы, атқарушы және сотқа бөлу қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Осы сәттен бастап сот билігін нығайту процесі жаңа сипатқа ие болды. Бұл тәуелсіз судьялар корпусы үшін жағдай жасауда, соттар мен судьялардың материалдық қамтамасыз етілуін жақсартуда, сотты сыйламағаны үшін жауапкершілік белгілеуде, сот уәкілеттігін біршама кеңейтуде көрініс тапты [3].

Сот билігі – азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға арналған билік сатысы.

Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және оның мақсат-міндеті азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерін қорғау болып табылады. Сонымен қатар соттар Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етеді.

Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүргізе алады. Соттар өзіне тиесілі билікті Республика атынан, ешкімнің еркінен тыс және Қазақстан Республикасы Конституциясы мен заңдарына сәйкес жүзеге асырады.

Сот билігі Республика Конституциясының, заңдарының, басқа да нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының негізінде туындайтын барлық істер мен дауларға қолданылады.

Информация о работе Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері