Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 18:17, курсовая работа

Описание работы

Бірақ, қол жеткен табыстармен шектеліп, тоқмейілсуге болмайды, өйткені өз шешімін күтіп тұрған проблемалар әлі де жеткілікті. Қабылданған заңдар қаншама жақсы, дұрыс болса да, онда көрсетілген нормалардың құқықтық қатынастарға түсетін кез келген субъектінің қызметтік қағидатына, жүріс-тұрысының ережесіне айналуларының әзірше кепілі болмай тұр. Құқықтық нұсқаулардың әрбір адам үшін, әр шенеунік, кәсіпкер, лауазымды адам, басшы үшін ішкі нанымға, ішкі заңға айналуы қажет. Өздерінің құқықтары бұзылған жағдайда әр адам сот қорғауына жүгіне алатынын және оның тиімділігіне сенім арта алатынын ұғынуы және білуі тиіс

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………….....3
1 Сот төрелігі – Қазақстан Республикасындағы біртұтас мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде …………………………………… .....6
1.1 Сот билігі ұғымы …………………………………… …………........6
1.2 Қазақстан Республикасындағы сот билігінің қалыптасуы ……...10
1.3 Билік тармағындағы сот жүйесінің рөлі ………………………....12
2 Қазақстан Республикасында сот төрелегін жүзеге асырудың конституциялық қағидалары ………………………………………16
2.1 Сот төрелігінің конституциялық негіздері ……………………….16
2.2 Судьялар тәуелсіздігінің кепілдіктері,оны нығайту мәселелері..17
3 Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі ……………………….23
3.1 Жоғарғы Сот Кеңесі. Әділет біліктілік алқасы .......... ……….......23
3.2 Судьялардың конституциялық – құқықтық мәртебесі ……….......25
3.3 Сот құрамы мен соттың өкілеттілігі ……………………………....27
4 Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері …………......30
4.1 Сот және заң шығарушы биліктер арасындағы өзара қатынастардың болашағы …………………………………………………………....30
4.2 Мемлекеттік биліктің сот және атқарушы тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері …………………………………...31
Қорытынды ……………………………………………………….....33
Қолданылған әдебиеттер тізімі ……………

Работа содержит 1 файл

мухаметнурова.doc

— 233.00 Кб (Скачать)

Кейде сот төрелігін іске асыру кезінде судьяның қызметіне араласу, оның өндірісіндегі нақты бір іс бойынша қоғамдық пікір қалыптастыруға талпыну сияқты келеңсіз жағдайлар орын алып жатады.  Сондықтан заң шығарушы орган бұқаралық ақпарат құралдарына  сот шешімдер мен үкімдері заңды күшіне енгенше сот талқылауының нәтижелері жайлы алдын-ала өз пікірлерін айтуға рұқсат бермейді.

Судьялардың тек қана Конституция мен заңдарға ғана байланыстылығын айқындайтын  принцип – судья үшін сот төрелігін іске асыруда Конституция мен заңдарды ғана қолдануға міндеттілігін білдіреді.  Ал оларға қосымша актілерге келетін болсақ, судьялар оларды тиісті заңдар болмай қалғанда немесе Конституция мен заңдардың нормаларына қайшы келмейтін жағдайда ғана қолдана алады. Егер судьяға азаматтардың бостандығы мен конституциялық құқықтарына нұқсан  келтіретін сәйкессіздік белгісі болатын болса, онда ол іс бойынша өндірісті тоқтатып, Конституциялық Кеңеске (жүгінуге) шығуға міндетті.

ҚР-сының 1995 жылғы Конституциясында нақты істер бойынша судьялардың ешкімге де есепті емес екендігі туралы қағида бекітілген. Соттар мен судьялардың Президенттің, Парламенттің және атқарушы биліктің, сондай-ақ сот жүйесіндегі өзге де судьялар  алдындағы есептілігі заң бойынша белгіленбеген. Соттар мен жекелеген судьялардың  есептерін тыңдауға олардың өкілеттіктері және жоқ. Заң талабы облыстық соттардың төрағаларының, облыстық соттар алқа төрағаларының, сондай-ақ Жоғарғы соттың төрағасына алқа қызметтері жайлы пленарлық мәжілістерге  ақпарат беру міндетін ғана жүктейді. Әңгіме сот төрағалары немесе алқа төрағаларының судья ретіндегі    жеке есебі емес,  өздері басқарып отырған судьялар ұжымының жұмыстары жайлы болып отыр.  Судьялардың ешкімге бағынышты емес екендігін айқындаған конституциялық принцип заңмен толықтырылған, яғни «...судья қаралған немесе қаралып жатқан сот істерінің мәні жөнінде қандай да бір түсінік  беруге міндетті емес».

Бүгінгі таңда судьялар корпусының қалыптасуы тағайындау мен сайлау принциптері бойынша жүргізіледі. Аталмыш принцип КСРО билік құрып тұрған дәуірдегі сайлаушылықты алмастырды. Түрлі деңгейдегі судьялар тікелей сайлану (тұрғындар арқылы) немесе жаңаша сайлану (халық депуттары кеңесімен) жолымен сайланды және көрсетілген  өкілетті органдар алдында есеп беріп отырғаны бәрімізге  белгілі. Қазіргі кезде аудандық, облыстық және оған теңестірілген соттардың судьяларын көрсетілген қатаң процедурамен Президент тағайындайды. Жоғарғы соттың құрамы  ғана Парламент Сенатында сайланады. Сөйте тұра, Жоғарғы сот судьяларын сайлауда үміткерлердің баламалылығы қарастырылмаған. Судьяларға мұндай  өкілеттілікті беру принципі олардың шын мәніндегі тәуелсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Судьялардың ауыстырылмауы олардың өз лауазымдарында тұрақты отыратындықтарының белгісі, былайша айтқанда олардың тағайындалуы немесе сайлануы белгілі бір шартты мерзіммен шектелмеген. Бірақ та судьяның өмір бойы қызметте болуы заңда қарастырылмаған.

Судьялар тәуелсіздігінің маңызды принципінің бірі оларға ешкімнің қол сұқпаушылығы болып табылады. Демек, судьяны тұтқынға алу, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен белгіленген әкімшілік жазалау шараларын қолдануға, қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыс жасаған реттерді қоспағанда, Республика Жоғарғы соты Кеңесінің қорытындысына негізделген Қазақстан Республикасы Президентінің келісімінсіз, ал Жоғарғы соттың судьясын – Сенаттың келісімінсіз қылмыстық жауапқа тартуға болмайды. Судьяға қатысты қылмыстық істі тек қана республиканың Бас прокуроры ғана қозғайды. Судьяларға ешкімнің тиіспеуі, оларды негізсіз қуғынға ұшыраудан, жеке басының өшін алудан, әсіресе атқарушы биліктің қысымынан қорғайды, сөйтіп әділетті сот шешімін шығаруына айтарлықтай кепілдік береді.

Судьялардың құзыреттілігі және кәсіби шеберлігі принципі – республикада сот төрелігін   теориялық дайындығы  бар, заңдарды жақсы білетін, тәжірибелері мол, терең мағынамен ойлайтын кәсіби судьялардың іске асыратындығының дәлелі болып табылады. Аталмыш принцип Конституция және конституциялық заңмен белгіленген судья лауазымына тағайындау барысында қойылатын талаптарда көрсетілген.

Судьяның күмән туғызатын нәрседен аулақ болу принципі – істі түпкілікті шешу барысында оның алдын ала мүдделі болмауының белгісі. Бұл принцип біздің Ата Заңымызда көрініс таппаса да, ол конституциялық және қылмыстық процессуалдық заңнамаларда бекітілген. Атап айтқанда, 25.12.2000 жылғы «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңының 28 бабы 1 тармағы 2 тармақшасында былай делінген: «судья сот төрелігін іске асыру жөнінде өзінің конституциялық міндетін орындаған кезде, сондай-ақ қызметтен тыс қарым-қатынаста судья әдеп талаптарын сақтауға және судьяның беделі мен қадір-қасиетін түсіретін немесе оның әділдігі мен алаламаушылығына күмән туғызатын барлық нәрседен аулақ болуға тиісті».

Судьяның күмән туғызатын нәрседен  аулақ болуына күдік туғызатын  негізгі жағдайлар және судьялықтан бас тартуға негіз болатын мән-жайлар ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 40 бабында аталып өтілген.

Судьяға, Президентке, Үкімет мүшелеріне, Конституциялық Кеңес мүшелеріне, әкімдерге және мемлекеттік қызметтегі басқа да лауазым иелеріне, Парламент депутаттарына іс жүзінде бірдей болып қалыптастырылған бірегей принцип – ол судья қызметін басқа қызметпен қосып атқаруға болмайтындығы.

Судьяның партияда болмау принципі оның саясаттан аулақ болуын талап етеді. Бұл принцип кеңестік заманда орын алған, маркстік-лениндік идеологияға негізделген сот қызметі саяси қызмет болып табылады деген көзқарасты ауыстырды. Осы концепцияға сәйкес судья партияға бағынышты болды, соның саясатын басшылыққа алды. Тек қана КПСС мүшесі ғана судья бола алатыны құпия емес еді.

Қазіргі кезде конституциялық деңгейде (23-бап 2-тармақ) судья партияларға, кәсіптік одақтарға кіре алмайды, қандай да бір саяси партияға қолдау көрсете алмайды. Бұл судьяның сот төрелігін іске асыруда қандай да бір саяси мүдделігін немесе қарсылығын, көпшіліктің көзінше саяси көзқарасын  білдіре алмайды деген сөз.

Сот билігін саясаттан толық ажырату, оның идеологиялық догмадан аршып алу – құқықтық мемлекет құрудың негізгі шарттарының бірі болып табылады.

Тағы бір ерекше тоқталатын мәселе ол – судья тәуелсіздігі мен сот билігінің тәуелсіздігі ұғымдарының бірі-бірінен айырмашылығының барында. Бұл ұғымдардың өзіндік түсініктемесі мен маңызы да бар. Аталған ұғымдардың бір-бірінен айырмашылығы мен ерекшеліктерін ашу үшін түсініктемелер беруге тырысайық:

1. Судья тәуелсіздігі – бұл сот билігін заңда белгіленген негіздер мен тәртіпте жүзеге асыратын, арнайы кепілдіктер арқылы белгілі дәрежедегі дербестікке ие бола отырып, сот әділдігін заңдылық жолмен қалыптастыруға тиісті судьяға берілген мемлекеттік заңдық-құқықтық мүмкіндік.

2. Сот билігінің тәуелсіздігі ретінде белгілі биліктің саласына қатысты функционалдық міндеттерді шешуде, биліктің өзге салаларының араласуынсыз, тәуелсіздігі заңмен қорғалуы міндеттелген, мәртебесі жағынан өзге билік салаларымен тең дәрежедегі биліктің дербестігі танылады.

Аталған ұғымдарға түсінік бере отырып, сот билігі тәуелсіздігінің ұғымы судья тәуелсіздігінің түсінігіне қарағанда, кең екендігін айту керек. Егер сот билігіне мемлекеттік деңгейде тәуелсіздік берілсе, онда судья тәуелсіздігі туралы сөз қозғау мүмкін емес. Жалпы, судья өз тәуелсіздігін сот билігіне берілген тәуелсіздік шеңберінде жүзеге асырады. Бір жағынан алғанда, судья сот билігіне берілген абстрактылы сипаттағы тәуелсіздіктің қоғамдық қатынастардағы нақты бейнесін қалыптастыратын субъект ретінде сипатталады. Жоғарыда аталған судьялар тәуелсіздігін басқа билік өкілдері мен басқа да лауазымды адамдарға қатысты қорғау сипатын көрсеттік. Ал, судьяның судьяға тәуелділігі ащы да болса шындық екендігі белгілі. Қазақстан Республикасының алдына қойған негізгі мақсаттарының бірі – құқықтық мемлекет құру. Құқықтық мемлекет құрудың негізгі проблемасы – ол халықтың барлық құрамын құқықтық білімге жеткілікті дәрежеде сауаттандыру. Сонымен бірге, құқықтық антогонизмді,  сана-сезімді қалыптастыруда көп күш судьяға түседі. Жоғарыда айтқандай, құқықтық мемлекет белгілеріне азаматтардың сотқа жүгінуі жататынын ескерсек, онда азаматтар сотқа сенушілік сезімі мен сенімін де, немесе керісінше нигилистік ойды қалыптастыратын да судья екендігін айту керек. Ал мұндай жағдайда судья тәуелсіздігі басты роль атқарады.

Сот билігі мен судьялар тәуелсіздігі Қазақстан Республикасындағы ғана проблема емес. Оған Будапеште өткен «Жоғарғы инстанция соттары: сот тәуелсіздігі мәселелері» деген тақырыптағы халықаралық конференция мысал бола алады. Бұл жиынға Қазақстан Республикасынан да өкілдер қатысты [9].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3        ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ СОТ ЖҮЙЕСІ

3.1 Жоғарғы Сот Кеңесі.  Әділет біліктілік алқасы

 

 

Қазақстан Республикасының сот жүйесі Конституциямен және республиканың конституциялық заңымен белгіленеді. Қазақстан Республикасының соттар жүйесін Жоғарғы Сот және заңға сәйкес құрылатын жергілікті соттар құрайды. Жергілікті соттарға облыстық және оған теңестірілген соттар (Алматы қалалық соты, Астана қаласының соты, Қазақстан Республикасы әскерлерінің Әскери соты), аудандық, қалалық және әскери соттар жатқызылады .

Республика Конституциясында белгіленгендей, кез келген басқа органның, лауазымды тұлға немесе басқа тұлғаның сот функцияларын өзіне алуға қақысы жоқ. Сонымен қатар Конституция қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол бермейді.  Дегенмен, Қазақстан Республикасында мамандандырылған (әскери, экономикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі және басқа) соттар құрылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 25 желтоқсандағы «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық заңында сот жүйесінің бірлігі белгіленген, ол мынадай жолдармен қамтамасыз етіледі:

-  сот төрелігін конституциялық принциптерге сәйкес жүзеге асыру;

- сот жүйесінің Конституциямен және конституциялық заңдармен белгіленуі;

-  соттарды құру тәртібімен;

- сот билігін сот ісін жүргізудің заңмен белгіленген нысандарымен жүзеге асыру;

-  соттардың бірыңғай заңдарды қолдануы;

- заңды күшіне енген сот шешімдерінің республиканың бүкіл аумағында орындалуы жүйесі;

- барлық соттардың республикалық бюджет есебінен қаржыландырылуы.

Қазақстан Республикасындағы сот жүйесінің бірлігі аумақтық белгілерге негізделеді. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті бірнеше аумақтық-әкімшілік бірліктерде бір аудандық сот немесе бір аумақтық-әкімшілік бірлікте бірнеше аудандық сот құруы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге  істер бойынша жоғары сот органы болып табылады (Конституциялық заңның 17-бабы). Конституцияның 82-бабына сәйкес Жоғарғы Сот сайлау жолымен құрылады. Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасын, алқаларының төрағаларын және судьяларын Республиканың Жоғарғы сот Кеңесінің кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды. Жоғарғы соттың судьяларының жалпы санын Жоғарғы Сот төрағасының ұсынуы бойынша Республика Президенті белгілейді. Жоғарғы Сот төрағадан, сот алқаларының төрағаларынан және тұрақты судьялардан тұрады. «Сот жүйесі мен судьялардың мәртебесі туралы» Конституциялық заңның 18-бабына сәйкес Жоғарғы Соттың  органдары мыналар болып табылады: қылмыстық істер жөніндегі алқа, азаматтық істер жөніндегі алқа, соттың жалпы отырысы. Сонымен қатар, Жоғарғы Соттың жанынан ғылыми-консультативтік кеңес және баспа органы құрылады.

Облыстық және оған теңестірілген соттарды уәкілетті органның Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан Президенті құрады.

Республиканың басқа соттарының төрағалары мен судьяларын Әділет біліктілік алқасының кепілдемесіне негізделген әділет министрінің ұсынуы бойынша Республика Президенті қызметке тағайындайды.

Соттар жүйесіне уәкілетті органның ҚР-сы Жоғарғы Сотының төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша ҚР-сы Президенті құратын облыстық және оған теңестірілген соттар кіреді. Облыстық соттар судьяларының санын уәкілетті органның  ұсынысы бойынша Президент бекітеді. Ал әр облыстық сот үшін судьяларының санын тиісті сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.

Облыстық және оған теңестірілген сот төрағалардан, сот алқаларының төрағаларынан және судьялардан тұрады. Облыстық және оған теңестірілген соттардың  органдарына мыналар жатады: азаматтық істер жөніндегі алқа, қылмыстық істер жөніндегі алқа, соттардың жалпы отырысы.

Аудандық (қалалық) соттар ҚР-сы сот жүйесінің  негізгі звеносын құрайды. Оларды уәкілетті органның Жоғарғы Сот төрағасымен келісілген ұсынысы бойынша Президент құрады, қайта ұйымдастырады және таратады. Конституциялық заңның 6-бабына сәйкес Президент  бірнеше әкімшілік-аумақтық бірлікте бірнеше аудандық сот құруы мүмкін.

Аудандық (қалалық) сот төрағадан және заңдарда белгіленген тәртіппен тағайындалатын судьялардан тұрады. Аудандық соттар үшін судьялардың жалпы санын уәкілетті органның ұсынысы бойынша Президент бекітеді. Әрбір аудандық сот үшін судьялардың санын осы сот төрағасының ұсынысы негізінде уәкілетті орган белгілейді.

Информация о работе Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері