Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2012 в 18:17, курсовая работа

Описание работы

Бірақ, қол жеткен табыстармен шектеліп, тоқмейілсуге болмайды, өйткені өз шешімін күтіп тұрған проблемалар әлі де жеткілікті. Қабылданған заңдар қаншама жақсы, дұрыс болса да, онда көрсетілген нормалардың құқықтық қатынастарға түсетін кез келген субъектінің қызметтік қағидатына, жүріс-тұрысының ережесіне айналуларының әзірше кепілі болмай тұр. Құқықтық нұсқаулардың әрбір адам үшін, әр шенеунік, кәсіпкер, лауазымды адам, басшы үшін ішкі нанымға, ішкі заңға айналуы қажет. Өздерінің құқықтары бұзылған жағдайда әр адам сот қорғауына жүгіне алатынын және оның тиімділігіне сенім арта алатынын ұғынуы және білуі тиіс

Содержание

Кіріспе …………………………………………………………….....3
1 Сот төрелігі – Қазақстан Республикасындағы біртұтас мемлекеттік биліктің бір тармағы ретінде …………………………………… .....6
1.1 Сот билігі ұғымы …………………………………… …………........6
1.2 Қазақстан Республикасындағы сот билігінің қалыптасуы ……...10
1.3 Билік тармағындағы сот жүйесінің рөлі ………………………....12
2 Қазақстан Республикасында сот төрелегін жүзеге асырудың конституциялық қағидалары ………………………………………16
2.1 Сот төрелігінің конституциялық негіздері ……………………….16
2.2 Судьялар тәуелсіздігінің кепілдіктері,оны нығайту мәселелері..17
3 Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі ……………………….23
3.1 Жоғарғы Сот Кеңесі. Әділет біліктілік алқасы .......... ……….......23
3.2 Судьялардың конституциялық – құқықтық мәртебесі ……….......25
3.3 Сот құрамы мен соттың өкілеттілігі ……………………………....27
4 Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері …………......30
4.1 Сот және заң шығарушы биліктер арасындағы өзара қатынастардың болашағы …………………………………………………………....30
4.2 Мемлекеттік биліктің сот және атқарушы тармақтары арасында өкілеттіктерді бөлу мәселелері …………………………………...31
Қорытынды ……………………………………………………….....33
Қолданылған әдебиеттер тізімі ……………

Работа содержит 1 файл

мухаметнурова.doc

— 233.00 Кб (Скачать)

Кәсіпкерліктің қарқынды дамуы, азаматтардың саяси белсенділігі мен құқықтық санасының өсуі олардың құқықтары мен заңды мүдделерін соттық қорғауымен қамтамасыз етудің бара-бар мемлекеттік шараларын қабылдау қажеттігін туғызады.

Негізгі заңнамалық актілерді қабылдау және бірнеше құқықтық реформалар жүргізу сот жүйесінің даму басымдықтарын анықтады, бұл сот мамандығының беделін біраз арттырып, нығайтты. Көрсетілген шаралар сот беделін соттық билік органы ретінде арттыруға ықпал етті.  Адамдар өз құқықтарын қорғап, барлық дауларын сотта шешуге мүмкіндік алды. Олар залал өндіру туралы, оның ішінде моральдық зиянды өтеу туралы, сондай-ақ жергілікті мемлекеттік басқару органдары, қоғамдық бірлестіктер мен лауазымды тұлғалардың заңсыз шешімдері мен әрекеттеріне талап-шағымдарын сотқа жиі бере бастады. Соттардың мұндай шағымдарды шешуі мемлекеттік басқару саласында сот бақылауы тәрізді сот билігінің маңызды қызметін іс жүзіне асыруы болып табылады.

Сонымен қатар неғұрлым объективті шешім қабылдаушы анағұрлым тәуелсіз судьялар заңдылықты қамтамасыз етуде бәрі бір қауқарсыз болып қалуы мүмкін, егер үкіметтік мекемелер сот шешімін елемесе немесе азаматтар өздері келтірген залалдың өтемі ретінде сот белгілеген соманы төлемесе. Заңды сыйлайтын қоғам, заңдылықты қамтамасыз ету механизмі мен сот шешіміне бағыну жүйенің маңызды элементтері болып табылады, мұндай тәуелсіз сот қарауды неғұрлым тиімді түрде жүргізе алады.

Жақында өткен қылмыспен күресу мәселелері жөнінде республикалық мәжілісте Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Соттар қызметін жетілдіруді мемлекеттік билік органдары жүйелерінің құрылымын мазмұнды қайта құрудан және демократияландырудан бөлек жүргізуге болмайды. Сондай-ақ дербес, тәуелсіз және әділ сот жүйесін қалыптастырмайынша саяси және экономикалық реформалар жасау мүмкін емес» деп атап көрсетті.

Сот билігін дамытудың аса маңызды бағыты судьялардың тәуелсіздігін нығайту болып табылады. Сондықтан соттардың қызметін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды Әділет органдарынан ажырату, сот биліктерінің тәуелсіздігіне қол жеткізу бірқатар конституциялық принциптерді одан әрі жүзеге асыруды талап етеді. Сот билігінің мемлекеттің атқарушы билік тармағына тәуелді болған жерінде шынайы әділеттіктің болуы мүмкін емес.

Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының төрағасы Қайрат Мәми 2003 жылы Мәскеу қаласында «Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясындағы соттық-құқықтық реформа дамуының жағдайы мен келешегі» атты ғылыми-практикалық конференцияда «Құқықтық мемлекеттегі сот билігі» тақырыбына жасаған маңызды баяндамасында, еліміздегі жүргізілген реформаларды айта отырып, атқарушы биліктің соттарға ықпал етуін тоқтатуға қол жеткізгенімізді ескертіп өтті.

Еліміздегі сот билігінің қалыптасуы тұтастай алғанда халықаралық қатынастарда мемлекеттің тәуелсіздігін жүзеге асыруға байланысты. Мемлекеттік сот билігі мен басқару органдарының құқықтық норма кесімдерінде сот билігінің аса мәртебелілігі тұжырымдалды.

Өркениетті елдерде азаматтардың және заңды тұлғалардың құқығын сот жүйесі арқылы қорғау қалыптасқан. Сонымен қатар, әділетті жүзеге асыру сот органдарына жүктелген және оның сапалы түрде жүзеге асырылуына өте қатаң назар аударылады.

Қазіргі кезде сот билігінің аса маңызды бағыттарындағы реформаларының нәтижелері бар. Сот төрелігін жедел және әділ түрде жүзеге асыру мақсатында елімізде ауданаралық мамандандырылған экономикалық және әкімшілік соттары қалыптасты.

Ұлы Абай: «Сөз түзелді, тыңдаушы, сен де түзел, сендерге де келетін енді аяңдап!» - деп айтқандайын сот істеріне мемлекеттік көзқарас түзеліп, конституциялық заңмен бекіткен оның маңызды принциптері бекітілді [6].

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА СОТ ТӨРЕЛЕГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚАҒИДАЛАРЫ

2.1 Сот төрелігінің конституциялық негіздері

Демократиялық мемлекеттердің көпшілігі соттардың экономикалық, әлеуметтік, діни немесе аумақтық қысым көрсетуге тырысатын  заң шығарушы, атқарушы немесе әкімшілік биліктер сияқты мейлі мемлекеттік жүйелер болсын немесе жеке мүдделер болсын, әртүрлі сыртқы ықпалдардан сақтау арқылы өздерінің сот жүйелерінің объективтілігін қолдауға ұмтылады. Соттардың тәуелсіздігі олардың тұтастығы мен саяси жүйелер шеңберінде оларға деген сенім болуы үшін өте маңызды. Бұл тәуелсіздік негізгі екі компоненттерге сүйенеді: конституциялық тәуелсіздік пен шешім қабылдауда тек Конституция мен заңға бағыну, дәлірек айтқанда оның қызметіне араласуға жол бермеу, сонымен бірге нақты істер жөнінде судьяның есеп бермеуі, бұл сот шешімдері мен олардың орындалуын сыйлау ретінде көрінеді және конструктивтік тәуелсіздік, бұл қызметтік іріктеу мен ұсынуға, еңбек ақы төлеу ісі мен сот персоналының күнделікті қызметіне саяси басшылардың араласуын болдырмауды білдіреді.

Сот билігі мемлекеттік биліктің басқа түрлерінен тек тәуелсіздігімен ғана өзін жүзеге асыра алуы мүмкін екенімен ерекшеленеді. Бұл оның ерекше мәртебесі мен өзгешелінін талап етеді. Судьялар мен әділ соттың тәуелсіздігі олардың басқа билік тармақтарынан оқшаулығы емес. Бұл билік құрылымдарының іс-әрекеті мен жұмыс объектісі болып табылатын қоғамды жақсарту және сауықтыруға ұмтылатын бір мақсаттағы, байланыстырушы, үйлестіруші, бірін-бірі толықтырушы, қажетті сипаттағы байланыс.

Сот билігінің өзгеше сипаты мен ерекшелігі Қазақстан Республикасы Конституциясының бірқатар нормаларында бекітілген, атап айтқанда, 75,76,77 баптар республикада әділ сотты тек сот жүргізеді, адам заңды күшіне енген сот шешімімен кінәлі деп танылғанша, ол қылмыс жасауда кінәсіз деп саналады.

Қоғамдағы саяси және қоғамдық-саяси процестерді ірі көлемде жоспарлауды мақсат ететін заңнамалық қызметке қарағанда, сот қызметінің мақсаты әлдеқайда нақтырақ: ол тек сотқа арыз немесе өтініш түскен нақты жағдайға қатысты фактілерді дәл анықтауға және оларға құқықтық баға беруге негізделеді.

Сот билігін ұйымдастырудың конституциялық принциптеріне мыналар жатады:

1) заңдылық;

2)  судьялардың ауыстырылмайтындығы және тәуелсіздігі;

3) тек Конституция мен заңға бағынатындығы;

4) судьяларға ешкімнің қол сұқпаушылығыы;

5) соттық анықтылыққа жетудің жариялылығы;

6) соттық қорғаудың кепілдігі.

1995 жылғы Республика Конституциясы   тұңғыш рет Қазақстанда оның  мәнін және негізін құрайтын сот төрелігінің маңызды принциптерін  толық тұжырымдап, бекітті.  Сот төрелігінің қағидалары сот туралы заңдарды дамытуда, республика адамдары мен азаматтарының заңдылығын қамтамасыз етуде және құқықтарын қорғауда маңызды рөл атқарады. Сот төрелігінің қағидалары Қазақстанда бірыңғай сот жүйесінің ұйымдастырылуы мен қызметін тікелей реттейтін  құқықтық нормалар  болып табылады.  Сот төрелігінің конституциялық қағидаларының бұзылуы сот актілерінің  әділетсіздігі болып табылады да, ол жоғары тұрған соттарда бұзылуға жатады. Конституцияға сәйкес Қазақстан Республикасында сот төрелігі үшін жалпылама әрі бірдей он қағидада жүзеге асырылады:

адамның кінәлі екендігі заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша ол жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі;

бір құқық бұзушылық  үшін ешкімді де қайтадан қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартуға болмайды;

өзіне заңмен көзделген соттылығын оның келісімінсіз ешкімнің өзгертуіне болмайды;

сотқа әркім өз сөзін тыңдатуға құқылы;

жауапкершілікті белгілейтін немесе күшейтетін, азаматтарға жаңа міндеттемелер жүктейтін немесе олардың жағдайын ауырлататын заңдардың кері күші болмайды. Егер құқық бұзушылық жасалғаннан кейін ол үшін жауапкершілік заңмен алынып тасталса немесе жеңілдетілсе, жаңа заң қолданылады;

айыпталушы өзінің кінәсыздығын дәлелдеу (кінәсыздығын жорамалдауға) міндетті емес;

ешкім өзіне-өзі, жұбайына (зайыбына) және заңмен белгіленген жақын туыстарына қарсы айғақ беруге міндетті емес. Діни қызметшілер өздеріне сеніп сырын ашқандарға қарсы куәгер болуға міндетті емес;

адамның кінәлі кез келген күдігі айыптаушының пайдасына қарастырылады;

заңсыз тәсілмен алынған айғақтардың заңды күші болмайды. Ешкім өзінің жеке мойындауы негізінде ғана сотталуға тиіс емес;

қылмыстық заңды ұқсастығына қарай қолдануға жол берілмейді [7].

 

 

2.2 Судьялар тәуелсіздігінің кепілдіктері және оны нығайту мәселелері

Қазіргі уақытта біз шынайы демократиялық және тәуелсіз мемлекет құруға бағытталған іс-шаралар қоғамымызды жан-жақты қамтыған кезеңде өмір сүріп отырмыз.  Бүгінгі таңда, шын мәнінде жаңа демократиялық мемлекет құрылып жатқан кезеңде, сот төрелігін жүзеге асыру жүйесінде де үлкен өзгерістер орын алуда. Біздің Республикамызда қалыптасқан әділетті сот жүйесінің арқа сүйер негізгі принциптердің бірі – судьялардың тәуелсіздік принципі (қағидасы) болып табылатыны айдан анық.

Әрбір азаматтың әділ және тәуелсіз сот төрелігіне ие болу кепілі ретінде қалыптасқан, судьялардың тәуелсіздігі принципін жүзеге асыру барысында демократиялық жүйелердің жағымды тәжірибелерін жинақтай отырып қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы, сондай-ақ  «Сот жүйесі және судьялар мәртебесі  туралы» конституциялық заңның қабылдануы, республикамызда тәуелсіз сот билігін нығайту жолында жасалған ізгі қадамдардың бірі болып табылады.

Жалпы алғанда «судьялардың тәуелсіздігі» ұғымы нені білдіреді?

Судьялар тәуелсіздігі дегеніміз – ол әділетті сот ісін жүргізу барысында судьяның қызметіне бөгде тұлғаның кез келген жолмен араласуына және ықпал етуіне жол бермеу.

Сонымен қатар судьялар тәуелсіздігі деген – сот ісін жүргізу барысында судьялардың әділеттілігі мен объективтілігінің  дәлелдемесі болып табылады, өйткені солар ғана республикада сот билігін жүргізуші, соларға ғана кімнің де болса айыпты немесе кінәсіз екенін анықтау жүктелген, демек, көптеген адамның тағдыры солардың қолында.

Судьялар тәуелсіздігі – бұл оларға берілген артықшылық емес, керісінше қоғам мен азаматтар алдындағы үлкен жауапкершілік. Тәуелсіздік туралы мұндай түсінік 1985 жылы БҰҰ-ның жетекші конгресінде қабылданған «Судьялар тәуелсіздігінің негізгі принциптерінде» қалыптастырылған.

Осы құжатта «сот органдарының  тәуелсіздігіне мемлекет кепілдік береді және ол еліміздің Конституциясы мен басқа да заңдарында бекітілген деп атап өтілген. Сонымен қатар, бұл принцип адам құқықтарының жалпы Декларациясында жарияланған және азаматтық әрі саяси құқықтар туралы халықаралық пактіде бекітілген әділетті сотқа деген барлық азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету үшін қабылданады деп назар аударылған». Демек, судьялар тәуелсіздігі үшін күрес – судьялар артықшылығы үшін күрес емес, керісінше азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделері, конституциялық құрылысты қорғау үшін күрес [8].

Қазақстан Республикасында судьялардың тәуелсіздігі принципі алғаш рет Қазақстан Республикасының Конституциясында көрініс  тапқан, атап айтқанда 77 баптың 1 тармағында: «Судья сот төрелігін іске асыру кезінде тәуелсіз және Конституция мен заңға ғана бағынады» деп көрсетілген.  Бұл судьялардың құқықтық мәртебесін  айқындайтын және толықтай алғанда сот билігіндегі түпкілікті арқа сүйер принципі.

Сот төрелігін жүзеге асыру барысында оған қандай да болмасын ықпал көрсетуге ешкімнің құқығы жоқ екендігі және мұндай жағдайда жауапкершілікке  тарту мақсаты Конституциялық деңгейде айқындалған. Бұл мәселе «Қазақстан Республикасындағы сот жүйесі және судьялар мәртебесі туралы» 25.12.2000 жылғы Заңында жетіле түсті, яғни Заңның 26 бабы 1 тармағына сай судья тәуелсіздігі мына жағдайларда қамтамасыз етіледі:

сот төрелігін жүзеге асырудың заңда көзделген рәсімінен;

судьяның сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне араласқаны үшін, сондай-ақ сотты және судьяларды сыйламағандық үшін заңды жауаптылық белгілеумен;

судьяға ешкімнің қол сұқпаушылығы;

Конституцияда және осы Конституциялық заңда белгіленген судьяның өкілеттігін тоқтату және тәртібімен, судьяның орнынан түсу құқығымен;

судьялардың мемлекет есебінен олардың мәртебесіне сәйкес материалдық жағдай жасау және әлеуметтік қамсыздандыру, сондай-ақ  оны нашарлатуға тыйым салу арқылы жүзеге асырылады.

Судьялар тәуелсіздігінің қосымша кепілдігі ретінде 2-тармақты атап өтуге болады, яғни судьялар, олардың отбасы мүшелері мен мүлкі мемлекеттің қорғауында болады, олардың қауіпсіздігін тиісті органдар қамтамасыз етуге, оларды тиесілі мүлікті сақтауға, егер судьядан немесе оның отбасы мүшелеріне тиісті өтініш түскен жағдайда, дер кезінде және барлық шараларды қолдануға міндетті. Сондай-ақ, судьяға және оның мүлкіне, кәсіптік қызметіне байланысты келтірілген зиян республикалық бюджеттің қаражаты есебінен өтелетіндігі көрсетілген.

Судьяға заңда көзделмеген соттан тыс функциялар мен міндеттерді жүктеуге болмайды.  Судьяны қылмысқа қарсы күрес,  заңдылық пен құқық тәртібін сақтау мәселелері жөніндегі  мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың құрамына енгізуге болмайтындығы да заң тәртібімен реттелген (23 бап).

Информация о работе Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері