Криминалистиканың жалпы теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 21:49, лекция

Описание работы

МАҚСАТЫ: Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты обьективтік құбылыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген жинақтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады.
Криминалистиканың пәні,
Криминалистиканың жүйесі,
Криминалистиканың міндеттері мен әдістері.

Работа содержит 1 файл

1 лекция. Криминалистика п-ні, ж-йесі, міндеттері мен -дістері.doc

— 1.02 Мб (Скачать)

Тергеудің әр кезеңінде істелетін жұмыстарды жоспарлаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Тергеудің бастапкы кезеңінде кідір-тілмейтін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыстары-ның жүргізілуі жоспарланады. Тергеудің кейінгі кезендерінде жоспарға кіретін тергеу әрекеттері және жедел-іздестіру жұмыс-тары негізінен айыпкердің жауабынан туындайтын мәселелерді тексеруге бағытталады. Ол үшін айталык, сот-сараптамасын та-ғайындау, тергеу экспериментін жүргізу, айғақтарды оқиға бол-ған жерде тексеру мен нақтылау, тағы баска да тергеу әрекет-терін өткізу жоспарланады.

Жалпы қылмыстык  іс бойынша жасалатын тергеу жоспары-мен кдтар кейбір күрделі тергеу әрекеттерін, атап айтканда, жауап алу, тергеу экспериментін жүргізу де жоспарланады. Мүндай жоспарда тергеу әрекетін жүргізгенде анықталатын сұрақтар, оны жүргізу үстінде қолданылатын тактикалық тәсілдер, сонымен катар тергеу әрекетінің нәтижелігін артты-ру үшін өткізілетін баска да ұйымдык жұмыстар көрсетіліп, белгіленеді. Мұндай тергеу әрекетгерінің жоспары жалпы тер-геу жоспарынын бір элементі есебінде саналып, осы жоспар-дағы мәселелерді шешуге бағытталады.

Қылмыстық іс жүргізу кодексінің талабы бойынша тергеуші занда көрсетілген тергеу әрекеттерін өткізу арқылы әр қозғал-ған іс бойынша қылмыстың мән-жайын анықтап, жасалған кыл-мысты дер кезінде ашуға тиіс. Бірақ тергеуші тек заңда көрсе-тілген әрекетгерді жүргізу аркылы, өзінің күшімен ғана бүл заң-да көрсетілген міндетті орындай алмайды. Сондықтан тергеу-шінің жедел-іздестіру жұмыстарын орындайтын, анықтама жүргізетін органдардың кызметкерлерін көмекке алуға, оларға тергеу үстінде жасалған кылмыстың кейбір мән-жайларын анықтау жөнінде арнайы нұскаулар беру жайындағы өкілеттігі занда көрсетіліп, бекітілген. Тек жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу барысында аныкталған мәліметтерді және осы орган-нын баска да мүмкіншіліктерін толык пайдаланған жағдайда ғана тергеуші тергеп отырған қылмысты дер кезінде аша алады. Тергеуші мен жедел-іздестіру органдарынын бірлесіп істеуі ар-қылы кылмысты тез арада ашуға, қылмыскерді дер кезінде ұстауға, керекті заттай дәлелдемелерді толык жинап алуға бо-лады. Кдндай кылмысты тергегенде болсын бұл екі органның аддында тұрған тағы бір міндет - ол қылмысты аддын алу, кыл-мысқа әкелетін себептер мен жағдайларды анықтап, оларды жоюға арнайы жедел шаралар қоддану. Ортак міндеттері бар екі органның бір тергеу комитетінде шоғырлануы, атап айткан да, бір мекеме шеңберінде болуы олардын қылмыска карсы күрес саласындағы ұйымдык, тактикалық жүмыстарын, әрине сөзсіз арттырады.

Сонымен тергеу және аныктама жүргізуші оргаңдардың  тер-геу үстінде калыптасатын карым-қатынасының  түсінігі — кыл-мыстык істі тергегенде бір-біріне әкімшілік тұрғыдан тәуелсіз тергеу және жедел-іздестіру органдарынын кылмысты ашуға, оны сапалы тергеуге, қылмыстың алдын алуға бірлесіп, іскер-лікпен істейтін жұмыстары. Бірак, мақсаттары мен міндеттері бірдей, ортақ болғанмен аталған органдардың кызметтерінде өзіндік ерекшеліктер бар. Бүдан бұрынғы жедел-іздестіру жүмыс-гары жөнінде занда өте қысқа, мәлімдеме есебінде ғана айтыл-ған болатын. Қазір арнайы жедел-іздестіру жұмыстары жөнін-дегі заң кабылданғандықтан бұл органнын өкілеттігі зан жүзінде толык бекітіліп көрсетілген. Осы заңға байланысты жедел-іздестіру органдарына жоғарыда айтылған жалпы міндеттермен катар әзіне нақтылы жүктелетін міндеттері бар. Оның ішінде негізгісі - қылмыстыңбелгілерін, іздерін тауып, оған катысқан қылмыскерлерді анықтап, оларды дер кезінде ұстау. Бұл өзінің аддына заң жүзінде койылған міндеттерді анықтама жүргізуші органдар өзінің өкілетгігіне тән әдістермен, тәсілдермен жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу аркылы анықтап орындайды. Тергеуші істің кейбір мән-жайларын аныктау жөнінде бұл органдарға нұсқау бере отырып оны қандай әдістермен, кандай жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу аркылы шешетіндігіне араласып кіріспейді.

Тергеуші  мен аныктама жүргізуші органдардын  арасында екі түрлі қарым-қатынас калыптасуы мүмкін: тұракты және бір жолғы. Түрақты кдтынас жағдайында тергеуші мен жедел-іздестіру органдарынын кызметкерлері бір істі басынан аяғына дейін бірлесіп, бір жедел топ күрып тергейді. Қарым-қатынас кылмыс осы органдарға белгілі болған кезеңнен, тіпті іс коз-ғалмай тұрып-ак калыптасады. Мұндай жағдайда жедел-іздестіру органдары іс қозғауға негіз бола алатын фактілерді, мәліметтерді жинап, оны тергеушіге береді. Бүл мәліметтер тергеушінің кыл-мысты козғау кезенінде дұрыс шешім қабылдауына көмектеседі. Қылмыстык іс қозғалғаннан кейін жедел топ кұрылып, оған тергеуші және кылмыстын түріне байланысты бірнеше жедел-іздестіру органдарының кызметкерлері кіреді. Жедел топқа кірген тергеуші және жедел-іздестіру органдарының кызмет керлері жалпы тергеу жоспарын жасап, онда көрсетілген іс-әрекеттерді нактылы кім орындайтынын көрсетеді. Кей жағдай-да тергеуші өз аддына жоспар жасап, жедел-іздестіру органда-рының кызметкерлері езінше жоспар жасаулары мумкін. Мұндай жағдайда жедел топтың кеңесінде екі жоспарда да көрсетілген іс-әрекеттер салыстырылып, екі жоспарға да белгілі бір дәрежеде өзгерістер енгізілуі керек. Аныктама жургізуші органдар жедел-іздестіру жұмысын өткізгенде алынған мәлімет-терді дереу тергеушіге хабарлап отыруы тиіс. Тергеу әрекетін жүргізу барысында алынған дәлелдеме фактілерді тергеуші анықтама жүргізуші органдардың кызметкерлеріне хабарлап отыруы керек. Бір-біріне осындай мәлімет беріп, іскерлік қарым-қатынаста болғанда ғана тергеу дұрыс бағыт алып, же-дел топтың жұмысы нәтижелі аяқталып, кылмыс дер кезінде ашылады. Мұны екі орган да өз-өзімен жеке жұмыс жасайды деген мағынада тусінбеу керек. Бір тергеу әрекетін бірігіп еткізетін де жағдай болады. Айталық, оқиға болған жерді қарау устінде тергеуші оқиға болған жерді карап жатқанда, аныктама жүргізуші оргавдардың кызметкерлері кылмыскердің кім екенін анықтап, оны устауға, осы болған кылмысты көрген адамдарды табуға және баска да кылмыстың мән-жайы женіндегі мәлімет-терді біліп, анықтауға бағытталған жедел-іздестіру жумыстарын жургізеді. Жедел топка кіретін жедел-іздестіру органының қызметкерлеріне тергеуші кейбір жеңіл тергеу әрекетін өзі жеке еткізуді де жүктеуі мүмкін. Сонымен, тергеуші мен жедел-іздестіру органдарының тергеу устіндегі түракты қарым-каты-насы жедел топты, сондай-ақ, жалпы тергеу жоспарын күру-мен және кейбір тергеу әрекеттерін бірігіп еткізумен сипатталады.

Тергеу барысында  осындай турақты катынаспен бірге, көбінесе жеңіл кылмыстарды тергегенде, керіністік, былайша айтканда, бір жолғы карым-қатынас та калыптасуы мүмкін. Мысалы, қылмыстык заңға сүйеніп тергеуші істін кейбір мән-жайларын жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізу аркылы анык-тап беру жөнінде осы органға нұсқау береді. Айталык, кылмыс-ка сезікті адамның турмыс жағдайын, кіммен карым-катынаста екендігін, кімнін үйіне және кай жерлерге жиі баратындығын, тағы да басқа мәліметтерді жинап беру жедел-іздестіру орган-дарынын кызметкерлеріне тапсырылады. Сонымен катар, тергеуші кейбір күрделі тергеу әрекеттерін өткізуге көмек беру ушін жедел-іздестіруші органның кызметкерлерін шакырып, тергеу әрекетін өткізу үстінде оларға арнайы тапсырмалар береді.Күрделі тергеу әрекеттерін тергеуші жедел-іздестіру орган-дарынын кызметкерлерімен бірлесіп, іскерлікпен өткізуі тер-геу әрекетінің нәтижелігін сөзсіз арттырады.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. Криминалистикалық болжамдар түсінігі мен мәні.
  2. Болжамдарды құру және тексеру, оларды құру негізі.
  3. тергеуді жоспарлаудың түсінігі және негізгі қағидалары.
  4. Тергеушінің жедел-іздестіру, анықтама және басқа да органдармен байланысы

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген

 

 

№12 лекция. Тергеулік қарау және куәландыру тактикасы.

Мақсаты: Қылмысты тергеуге және ашуға маңызы бар немесе маңызды болуы мүмкін заттарды, қүжаттарды және өзге де іздерді табу, бекіту, алу және кылмыстык істін мән-жайла-рын зерттеу максатында тергеушінін кез келген объектілерді тікелей кабылдауы мен зерттеуінен түратын тергеу әрекеті туралы түсіндіру.

  1. Тергеулік қараудың түсінігі, мәні және міндеттері
  2. Тергеулік қарау түрлері, қағидалары және олардың жіктемесі
  3. Оқиға болган жерді караудың түсінігі, манызы және міндеттері
  4. Оқиға болған жерді қарау аддында жүргізілетін дайындық жұмыстары

Тергеу қарауы — қылмысты тергеуге және ашуға  маңызы бар немесе маңызды болуы мүмкін заттарды, қүжаттарды және өзге де іздерді табу, бекіту, алу және кылмыстык істін мән-жайла-рын зерттеу максатында тергеушінін кез келген объектілерді тікелей кабылдауы мен зерттеуінен түратын тергеу әрекеті.

Кылмыстык іс жүргізу заңы бойынша карау —  қылмыс ізін, өзге материалдык объектілерді аныктау, сондай-ақ іс үшін ма-нызы бар жағдайларды айқындау максатында тергеуші, ал ол жок болған жағдайда анықтаушы немесе кылмыс туралы арыз немесе хабар түскен анықтау органының лауазымы жағынан жоғары кызметкері жерді, үй-жайларды, заттарды, қүжаттарды, көзі тірі адамдарды, мәйіттерді, жануарларды тексеру әрекеті.

Криминалистикалык окулықта тергеу қарауының келесідей максаттары керсетілген:

- тергеушінің жеке  объектіні, объектілердің жиынтығы  не-месе кешенін тікелей зерттеу;

— окиғаның, кылмыстын механизмі, жері орны, кылмыс-кердің және жәбірленушінің жеке басы және де қылмыстык іс бойынша аныктауға жататын өзге де мән-жайлар туралы типтік, жалпы және жеке болжауларды ұсыну үшін бастапкы акпарат-ты алу;

— қылмыстың суымаған ізі бойынша кылмыскерді іздестіруді және қажетті жедел-іздестіру шараларын ұйымдастыру үшін мәліметтерді алу;

  • тергеу барысында кейінгі әрекеттерді (кезектегі шараларды) жоспарлау үшін мәліметтерді алу;
  • тергелетін қылмыстың жасалуына себеп болған жағдайларды анықтау.

Тергеу қарауының түрлерін әр түрлі негізер бойынша жік-теуге болады: қарау объектісі бойынша, жүргізу кезектілігі бо-йынша, көлемі бойынша.

Қылмыстык іс жүргізу заңы бойынша тергеу қарауының келесі түрлері көрсетілген:

  • оқиға болған жерді;
  • заттай дәлелдемелер;

- мәйіт;

- сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің денесін карау.

Криминалистикада  тактикалық мағынасы жағынан кдрау объектілеріне:

  • үй-жайдағы окиға болған жер;
  • ашык жердегі оқиға болған жер;
  • мәйіт;

— қылмыстың қаруы және қүралы;

- құжаттар, фото-, бейне-жазбалар, киноқұжаттар сонымен катар, пошта-телеграфты хат-хабар;

  • жануарлар;
  • көлік кұралдары;
  • компьютерлер;
  • сезіктінің, айыпталушының, жәбірленушінің, куәгердің денесі.

Кезектілігі бойынша тергеу қарауының екі  түрін ажырата-мыз:

  • алғашқы;
  • қайталама.

Қайталама карауды  жүргізу жағдайлары әр түрлі болуы мүмкін: алғашқы карауды сапасыз жүргізу (колайсыз метеоро-логиялык жағдайлар, түнгі уақыт және т.б.), кажетті техника-лық кұрал-жабдықтарды қолданбау, тергеу барысында қайта лама карауды жүргізу кажет екендігін көрсететін мәліметгердің алынуы, алғашқы карауды толық, егжей-тегжейлі жүргізілмесе және дүрыс жүргізілгендігінде күмән туындаса, сонымен катар, прокурор мен тергеу бөлімі бастығының тікелей нүсқауымен жүргізіледі.

Көлемі бойынша тергеу карауы негізгі және қосымша деп белінеді. Алғашкы қарау көп жағдайда негізгі карау болып та-былады. Сондыктан тергеуші караудың жан-жакты, толық жүргізілуіне тырысып, қосымша карау жүргізу қажеттілігін болдыртпауы кажет. Бірақ кей жағдайларда косымша карау жүргізу ситуациялары да кездеседі: негізгі кдрау кезінде жеке-ленген учаскелерге, объект элементтеріне карау жүргізілмеген жағдайларда. Мысалы, бухгалтерлік күжаттарға карау жүргізу кезінде журнал-ордерлер, ведомстер зерттелінді, бірак, №10 ведомстің болмауы себебінен қарау жүргізу мүмкін болмады. Кешірек бухгалтердін үсынуымен №10 ведомстке карау жүргі-зіліп, қосымша кдрау хаттамасында бекітілген.

Барлық объектілерге қарау жүргізуде жалпы процессуаль-дык және тактикалык талаптар қойылады.

Тергеу қарауы екі куәгердің міндетті катысуымен жүргізі-леді, ал оқиға болған жерді карау кезінде өзге жағдайлар да бо-луы мүмкін.

Куәгер болып  әрекет қабілеттілігі бар, іске мүдделі  емес, заң талаптарын мүлтіксіз орындайтын азаматтардын болуы кджет. Олардын міндетіне тергеушінің барлық әрекеттерін, сонымен қатар, хаттаманың толтырылуын объективті бағалауы мен куә-ландыруы жатады. Куәгерлер мақсатты түрде тергеушінің, кри-миналист-маманның барлық әрекеттеріне бакылау жүргізуі ке-рек.

Тергеуші  қарау әрекетіне жәбірленушіні, сезіктіні, куәні, айыпталушыны олардың келісімімен катыстырта алады.

Кдрауға сонымен катар, тергеуші мамандарды шакыра ала-ды. Қаралатын объектініңтүріне байланысты криминалист-ма-ман, дәрігер (медицина қызметкері), экономист, инженер, хи-мик және т.б. шакыртылады.

Тергеу ситуациясына, каралатын объектіге байланысты участ-ковый, патруль, жол полиция қызметкерлері кдрауға қатысады.

Тергеу тәжірибесі қарауының  бірнеше тактикалык нұскау-ларын үсынады:

1) караудың  кейінге каддырылмай, дер кезінде  жүргізілуі;

  1. максатты түрде жүргізілуі, караудын барысы мен нәтижесіне талдау жасау;
  2. криминалистикалыктехникаталаптары мен ережелерінің сақталуы;
  3. қараудың бір бастамамен жүргізілуі;
  4. тергеу қарауының барлык. нәтижелерін толык және объективті бекіту.

Қылмыстық істерді  тергегенде әр түрлі объектілерді карауға тура келеді. Жеке заттарды, мәйітті және баскд да объектілерді қарау бірде дербес тергеу қарауының түрі болып саналады да, кей жағдайларда олар окиға болған жерді караумен қамтылады. Егер айтылған объектілер окиға болған жерден тыс жерде карал-са, бұл қарау жеке тергеу әрекеті есебінде саналады.

Мысалы, ауыр жаракат алып, халсіз жаткдн жәбірленуші ейханаға алып барғаннан кейін кайтыс болса, оның мәйітін қарау жеке тергеу әрекеті болып саналады да, оқиға болған жерді қараумен камтылмайды.

Мұндай жағдайлар, әрине сирек кездеседі, көбінесе жоға-рьща айтылған объектілер окиға болған жерде қаралады.

Окиға болған жерді карау, тергеудің бастапқы кезеңінде, қылмыстык іс козғалмай тұрғанда-ақ жүргізіледі. Көп кылмыс-тардың тергеуі окиға болған жерді қараудан басталады. Бұл тер-геу әрекетін кешіктірмей, дер кезінде жүргізген жағдайда қыл-мысты ашуға керекті, өте кұнды дәлелдемелер жинап алуға бо-лады. Қылмыстық оқиға бір адамның немесе бірнеше адамдар-дың белгілі бір әрекет-кимылдарынан тұратывдықтан ол айна-ладағы ортаға әсер етіп, сол кылмыс жасалған жерде көптеген іздер калдырады.

Криминалистикада  іздер деген түсінік екі мағынада колда-нылады. Тар мағынада із деп бір объектінің таңбасы, келбеті айтылады (колдың ізі, аяккиімнің ізі, т. б.). Ал, жалпы кен ма-ғынада кылмыс іздері деген ұғымға окиға болған жерде калған заттар, кираған, сынған нәрселер және кылмысқа байланысты айналада болған езгерістердің бәрі жатады. Осы өзгерістердін бәрін негізге ала отырып, оқиға болған жерді карау үстінде тергеуші окиғаның қалай болғанын, айталық, оньщ механизмі жөнінде белгілі бір болжаулар жасай алады. Окиға болған жерді караудын манызы, әрине мүнымен шектелмейді. Себебі, карау үстінде тергеуші осы кылмыска байланысты іздерді, заттай дәлелдемелерді, өте күнды деректерді тауып алып, оларды дәлел-деме есебінде пайдаланады.

Информация о работе Криминалистиканың жалпы теориясы