Криминалистиканың жалпы теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Февраля 2013 в 21:49, лекция

Описание работы

МАҚСАТЫ: Криминалистика басқа да ғылымдар сияқты обьективтік құбылыстар заңдылықтарының жиынтығы болып табылады. Бірақ та осы көптеген жинақтардан криминалистиканың айырмашылығы, ол қылмысты ойдағыдай ашуға, тергеуге және алдын алуға қажетті заңдылықтарды оқытады.
Криминалистиканың пәні,
Криминалистиканың жүйесі,
Криминалистиканың міндеттері мен әдістері.

Работа содержит 1 файл

1 лекция. Криминалистика п-ні, ж-йесі, міндеттері мен -дістері.doc

— 1.02 Мб (Скачать)

Аталған тергеу әрекетіне дайындык кезеңі әрекетке қаты-сушыларға тиісті нүсқау берумен аякталады. Онда тергеу әрекетінің максаты мен тәртібі, катысушылардын кұкығы мен міндеттері түсіндіріледі. Әсіресе, келесі мәселелерге айрықша назар аударылады:

а) жауабы тексерілетін адам тергеу әрекетіне катысушылардың барлығының алдында жүреді, жүріс бағытын анықтайды, бүрынғы жауабында айтқан учаскелер мен заттарды көрсетеді;

ә) барлык ұйымдық  мәселелерді тек тергеуші ғана шешеді;

б) жауабы тексерілетін адамға сүрақ тек тергеушінін рүксатымен беріледі, кандай әрекет болсын ол тек тергеушінің нұсқауымен жасалады.

Тергеуші  де өз әрекетіне өте мүкият карауы, яғни езіне икемдейтіндей әрекетген немесе сүрақтан сақтануы тиіс. Егер бүл талап орындалмаса, айыпталушы немесе куә тергеушінін айтқанына ілесіп, оның сұрактарын макұлдай беретін болса тер-геу әрекетінің текке кеткені. Әдетте, алдын ала жүргізілген тер-? геу кезінде тергеушінің акикдтқа көзі жеткен, тек оны оқиға болған жерде «нықтай» түсу кажет болғаңда ғана мұвдай әдістін колданылуы мумкін.

Жауабы тексерілетін адам тергеу бойынша жүретін жолды өзі аныктап, тоқтайтын жерді өзі белгілеп, сол жерде өткен оқиға туралы айтып беруі керек. Бұл белгілі бір объектілерді керсету-ге де катысты. Айталық, айыпталушы қылмыс жасаған бөлмеге оның қай терезесінен кіргенін көрсетуі тиіс делік. Мұндайда: «Сіз мына терезе аркылы кірдіңіз бе?» деп сүрақ коюға болмай-ды. Өйткені мұндай сұрақжауап берушіні тергеушінін ыңғайы-на қүлауына итермелейді де, акиқат толык ашылмай калуы мүмкін. Ал, егер тергеуші айыпталушының бөлмеге осы тере-земен кіргеніне сезік келтірсе, ол айыпталушыдан болған оқиғаны кайталап көрсетуін сүрайды. Мүндайда, айыпкер жал-ған жауап берсе, абыржып, айтканын дәлелдей алмауы немесе шындыкты мойындауы мүмкін.

Тергеу әрекетінің, бүл әдісінде де онын нәтижесі хатталады. Мұнда баскд да тергеу әрекеттеріндегідей ортак тәртіппен бірге аталған әрекеттің өзіндік ерекшелігі, яғни:

а) тексерудің, немесе дәлелдеменің оқиға болған жерде пысықталуының қандай максатпен жүргізілгенін түсіндіруге;

ә) жәбірленушінің немесе айыпкердін окиға болған жерге баруға өз еркімен келісім бергенін жазу;

б) айғақты окиға болған жерде тексеру мен нактылауға катысушылардың жүрген жолынын бастауы көрсетіліп, жауабы тексерілетін адамның түсініктемесі келтіріле отырып жазылған тергеу жолы;

в) оқиға болған жерді және ондағы заттарды танығаны бойынша барлык әрекеттерге берілген түсініктемелер мен баяндауларды келтіре отырып, жол үстінде токтаған жерлер мен оның соңғы бітетін түсын белгілеу;

г) түсірілген фотосуреттер, видеожазбалар, жасалған жоспар туралы жазбалар, т.б, ескерілуі тиіс.

БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ:

  1. айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылаудың түсінігі жәнекриминалистикалық міндеттері.
  2. айғақтарды оқиға болған жерде тексеру және нақтылауға дайындық.
  3. айғақтарды  тексеру және нақтылау жерін тергеушімен алдын ала зерттеу.

ӘДЕБИЕТТЕР:

УМКД ның «пәнді оқу қамсыздандыру» 8 бөлімінде көрсетілген

 

№16 лекция. Тергеу экспериментінің тактикасы.

Мақсаты: Қылмыстық оқиғанын кейбір мән-жайларын осы окиғаға ұқсас және сәйкес жағдайда әр түрлі сынак, тәжірибелер жүргізу арқылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкіндігін тексеру үшін жүргізілетін тергеу әрекеті.

  1. Тергеу экспериментінің түсінігі, мәні мен мақсаттары.
  2. Тергеу экспериментінің түрлері.
  3. Тергеу экспериментін жүргізу тәсілдері мен тактикалық жағдайлары.

Тергеу үстінде  жасалған кылмыстың мән-жайларын, істегі кейбір дәлелдемелердің объективтігін тексеру үшін әр түрлі тәжірибелер жүргізуге тура келеді. Тәжірибе — акикдт елшемі және дүние танымның кдйнар көзі. Сондықтан тергеу мезгілінде жиналған дәлелдемелердін, және кейбір іске керекті айғақтар-дың ақиқаттығын, шындығын тек сынақ тәжірибелер жүргізу арқылы білуге болады. Осыған байланысты кылмыстык іс жүргізу заңында осы айтылған жағдайларды тексеру үшін ар-найы тергеу экспериментін жүргізу көрсетілген.

Тергеу эксперименті дегеніміз, ол кылмыстык оқиғанын кейбір мән-жайларын осы окиғаға ұқсас және сәйкес жағдайда әр түрлі сынак, тәжірибелер жүргізу арқылы осы жағдайдың, құбылыстың болу мүмкіндігін тексеру үшін жүргізілетін тер-геу әрекеті.

Бұдан туындайтын негізгі кдғидалар: біріншіден, баскд  тер-геу әрекеттерін жүргізу үстінде алынған, іске қатынасы бар деректердің, мәселелердін шындығын тексеру үшін жүргізіледі. Екіншіден, мұндай тексеру, осы тексерілетін қүбылыс (әрекет) қылмыстык оқиға болғанда қандай жағдайда өтсе, соған сәйкес, не ұқсас жағдайда арнайы сынак, тәжірибелерін жүргізу аркы-лы өткізіледі. Жүргізілетін сынак тәжірибелердің қорытынды-сынын объективтігі, оның сол тексерілетін оқиға болған жағ-дайға сәйкес жағдайда өткізілуімен тікелей байланысты. Әрине, тәжірибе жүргізілгенде тура болған жағдайдын өзін, тексерілетін іс-әрекетті бұлжытпай қайталауға болмайды, себебі ондай жағ-дайда жаңа қылмыс жасалған болар еді. Сонымен катар, тәжірибе арқылы болған оқиға толык қайталанбайды, тек онын кейбір негізгі бөлігі, көріністері ғана сынақ тәжірибе жургізу аркылы кайталанады.

Тергеу эксперименті - іс жүргізу кезінде пайдаланылатын танымдык әдісті колданудың айрықша бір нысаны. Бұл әдіс әр түрлі тергеу әрекеттері үстінде қолданылады. Оның баска әдістерден айырмашылығы тергеуші өзінің назарын аударған жайттарды сырттай бақылап кана коймайды, сонымен бірге оны бірнеше кайтара бастапкы калпына келтіру аркылы өз болжа-уын ныктай түседі. Тәжірибе жүргізу барысында арнайы шек-теу шарттары койылады: тәжірибе адамның денсаулығына нұксан келтірмеуі, онын өміріне катер төндірмеуі тиіс. Соны-мен бірге ол катысушылардын қүкығын бұзбайтындай, оларды корлап, кемсітпейтіндей жағдайда өткізілуі тиіс.

Эксперимент аркылы іс бойынша жинақталған кейбір дәледдемелердін, мәліметтердің шындығы ғана анықталып кой-майды, сонымен катар жаңа деректер де алынады. Тергеу экспериментін жүргізудің нәтижесінде көбінесе жәбірлену-шінін, куәлардың, айыпкердің жауаптарында, сондай-ак басқа да косымша айғақтарда келтірілген мәліметтердін шындығы, оның болу мүмкіндіктері тексеріліп, анықталады. Тергеуші осындай жолмен өзінің кейбір болжауларына көз жеткізеді. Яғни, окиғаның калай болғаны, оның мән-жайы, орындалу тетігі тәжірибе өткізу жолымен тексеріледі.

Тергеу эксперименті - өз алдына дербес, өзіне тән міндеттері бар іс жүргізу әрекеті. Сонымен бірге ол тергеудің басқа да әрекеттерімен тығыз байланысты, міндеттері жағынан езара үштасып жатады. Яғни, басқа да тергеу әрекеттері сиякты тер-геу экспериментінің де басты міндеті — іске катысты кылмысты ашуға керекті деректер жинау. Дегенмен, деректерді ерекше, әзіне ғана тән тәсілдермен жинап, тексеретіндіктен тергеу экспериментінің өзіне тән міндеттері бар.

Тергеу эксперименті шешетін сұрақтарына орай үш түрге бөлінеді. Эксперименттің бірінші түрі - кейбір кұбылыстын не әрекеттіңайтылған, көрсетілген жағдайда болуы мүмкін бе, жок па, соны анықтау. Мысалы, белгілі бір затты, нәрсені айтылған жағдайда көрсетілген адам көтеріп кете ала ма немесе белгілі бір кашыктыққа көрсетілген уақытта барып жетуге бола ма, айтылған жұмысты ол адам өзі атқара ала ма, ол оның колынан келе ме, коймадағы тесіктен белгілі бір затты алып шығуға бола ма, жок. па, міне осындай толып жатқан сүрақтар төңірегіндегі шындықты анықтау.

Тергеу экспериментінің  екінші түрі — белгілі бір жағдайда (кашықтыкта) болған окиғаны, құбылысты көріп қабылдауға, сөзді, дыбысты естуге бола ма, соны анықтау.

Эксперименттін үшінші түрі — із калдыру (сындыру, соғу, аралау, т.б.) сипатын, онын механизмін аныктау. Тергеу экспериментінін бүл түрі өзінің мән-мазмұны жағынан крими налистикалық сараптаманың кейбір түрлеріне жуыктайды. Алайда, із қалдыру сипатын аныктау үшін ғылыми саралаудың кажеті жок, экспериментті тергеушінін өзі жүзеге асырады.

Жекелеген тәжірибелерді  жүргізуге, кажет болған жағдай-ларда, басқа адамдар да шақырылуы мүмкін. Оның санын, міндетін тәжірибенін мән-мазмүнына, түріне орай, тергеуші анықтайды. Егер мұндай адам тәжірибе жүзінде жәбірленушіні, айыпталушыны, куәлар алмастырған болса ол тиісінше алмас-тырылатын адамға барлык белгілерімен (бойымен, тұрпатымен, салмағымен, есту, көру кабілетімен, т.б.) міндетті түрде үксауы тиіс.

Тергеуші  экспериментінің кұрылымына орай оған дайындық екі кезенде — эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейін және нақ эксперимент жүргізілетін жерде өткізіледі. 4 Эксперимент жүргізілетін жерге барғанға дейінгі дайындық кезінде тәжірибенің мән-мазмұнын, оны өткізу тәртібін, жағ-дайдың өзгерісін аныктап алу керек. Яғни, бүл кезең — маман-дармен акыддасу; кәсіпорынның жұмыс тәртібін, ішінара айт-қанда технологиялык тәртіпті реттейтін кұжаттармен, арнаулы әдебиеттермен танысу; қатысушыларды іріктеу; тергеушінің назарын аударған жағдайға байланысты айыпталушыдан қай-тара жауап алу кезендері.

Тергеушінін эксперимент өткізетін жерге  шыкпай тұрып жүргізетін дайындық жұмыстарын үш топка бөлуге болады: тәжірибе өткізілетін жерді бұрынғы калпына келтіру; экспери-мент өткізуге катынасатын адамдарды анықтап, белгілеп алу; керекті құрал-саймандарды, материал, жабдыктарды дайындау.

а) Тергеу эксперименті кезінде тәжірибе өткізілетін жерді бұрынғы калпына келтіру.

Эксперимент болып өткен белгілі бір окиғаны, әрекетті кайта тудыру, сейтіп, істі тексеру барысында акикатты анықтау мак-сатын көздейді. Бүған мұқиятдайындалу аркылы кол жеткізуге болады.

Эксперименттін  түрі мен максатына сәйкес ұксас  жағдай-лар ретінде - кылмыс жасалған кезге сәйкес келетіндей етіп мекен-жай, жылдың кезеңі мен тәуліктері, ауа райы; ұксас зат-тарды - кылмыс жасалған кезде кодданылғандай материалдар, кұрал-жабдыктар түсініледі.

Ұксас жағдайды эксперименттің түрі мен максатына  орай тергеушінің өзі тандайды. Мұндайда эксперименттің жағдайы болған оқиғаның жағдайына мейлінше жақын болуына тырысу керек. Эксперимент жүргізген кезде бүған жеткілікті дәрежеде мән бермеу оның айғақтық мәніне нүксан келтіруі мүмкін.

Айталық, эксперимент  кезінде нақты окиғаға орай уакыт-тын (тәуліктің, жылдың), ауа-райы жағдайынын, жарыктың, сондай-ақ адамның көру, оптикалық жабдықтарды (бинокльді, көзілдірікті) пайдалану кабілетінін, бақыланатын объектінің кашықтығының және оның сырткы ерекшелігінің (көлемінің, нысанының т.б.), орналасуының, қозғалысының, бақылаушы-нын калпының (тұруының, отыруының, жатуының), бакылау-шыға кедергі келтіретін жайттардың (мысалы, автокөліктің, по-ездың козғалысы), қабылдаудың үзактығы айрыкша мәнге ие бола алады. Үқсастық деңгейіне әр түрлі жолдармен, айталык, оқиға болған жердегі тәжірибе тексерілетін жағдайға ауа-райы, жарық сәйкес келетін нак сондай уақытта қол жеткізуге бола-ды. Мұндайда тергеушіге ұксас жағдайларды колдан жасап бас катырудың қажеті жок, себебі ол табиғи түрде тергеушінің көз алдында болуы керек, тек енді мәселе оны өткен оқиғаға сай келетін сәтін дөп баса білу. Мүндай әдіс эксперимент кезінде қайсыбір кұбылысты айнытпай санада кабылдап алу мақсатын көздейді.

Жағдайды, оқиға  болған жерді түтастай немесе оның жеке-леген элементтерін бүрынғы қалпына келтіру жолымен де ұксас-тыруға болады.

Тергеу эксперименті кезінде бұрыңғы жагдайды қалпына келтіру дегеніміз тәжірибе жүргізілетін қайсыбір объектіні, оқиғаны немесе жагдайды бастапқы қалпына келтіріп қайта жа-сау. Мұндай жағдайда кейде өте күрделі реконструкциялық жүмыстар жүргізіледі.

Бұл*жүргізілетін дайындык жүмыстардың күрделігі  тергеу экспериментін өткізетін жердің қаншалықты өзгергендігіне Және эксперимент үстінде шешілетін сұрақтардың ерекшелігіне байланысты.

Тергеу экспериментінің түрі мен максатына сәйкес жағдай-Ды байырғы калпына келтірудің:

  • жағдайды алғашкы калпына келтіру (заттарды қылмыс жасалған кезде түрған күйінде кою);
  • бүрынғыларының орнына пайдаланылатын затгарды калпына келтіру (кылмыскердің каруларының үлгілері, өрт коятын құралдарт.б.);

• жоғалған, жарамсыз болып калған немесе заттай дәлелде-иелердің орнына жүретін заттарды (қаруды) іріктеу сияқты гүрлері бар.

Тәжірибеде  жағдайды байырғы калпына келтірудің басқа да гүрлері кездеседі. Айталык, учаскені алғашқы калпына келтіру ушін кей жағдайда күрделі кұрылыс жұмыстарын жүргізуге тура келеді (жер ойып шұңкыр жасау, я казылып койған шүңқырға гопырак салып бұрынғы деңгейіне жеткізу, альт тасталған қабыр-ғаны қайта көтеру т. б.).

Қалпына келтіру  барысында кей жағдайда өзгерістер де гнгізілуі мүмкін. Мүндай өзгерістер ойластырылмаған, кездей-сок. (мысалы, окиға болған жерде адамдардың байқаусыз кимыл-аарына байланысты туған өзгерістер) және мақсатты түрде ой-ластырылған, полиция қызметкерлерініңөздері жүргізетін (мы-салы, көлік апатына байланысты жағдайды байырғы қалпына келтіру кезіндегі, зардап шегушіге көмек керсету кезіндегі) езгерістер түрівде болады.

Жағдайды  кдлпына келтіру кезінде объектінің бүрынғы кдлпы мен ондағы кейінгі өзгерістерді дәл білу керек. Бүл жөніндегі деректер оқиға болған жерді және жекелеген заттар-ды тексеріп, оны хатгамаға бекіту кезінде куәгерлердің, зардап шегушінің, айыпталушылардың жауаптарынан, фотосуреттер мен киноқұжаттардан, схемалардан, жерге орналастыру жос-парларынан, ғимараттың әр катарының жоспарынан және бас-ка да кұжаттардан, қылмыс жасалған кезде бүлінген заттардын байырғы қалыптарын білетіндерден жауап алу барысында анық-талып, нактылануы мүмкін. Қателесіп кетпеу үшін жауаптарда және басқа құжаттарда келтірілген деректерді мұқият салыс-тырып, ондағы кездескен карама-қайшылықтардың анық-қаны-ғына мұқият көз жеткізу керек. Шытырман жайттарға кездес-кен кезде тергеушінін ақыл-кеңес алу үшін тиісті мамандарға (сот-дәрігеріне, ерттен сақтацдырушыға, құрылыс инженеріне, т.б.) жүгінгені жөн. Ал егер калпына келтіру үшін қол еңбегін, әр түрлі материалдарды, кайсыбір кұрал-жабдыктарды пайда-лану қажет болса, тергеуші мұндай кажеттілікті дәлелдеп кағазға түсіріп, арнайы қаулы шығаруы тиіс.

Информация о работе Криминалистиканың жалпы теориясы