Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар

Автор: Пользователь скрыл имя, 25 Января 2012 в 13:47, курсовая работа

Описание работы

Әрбір жеке адамның денсаулығы – ол адам өміріндегі айтарлықтай орын алатын фактор болып табылады. Себебі адам денсаулығы - оның негізгі байлығы. Осыған байланысты адам денсаулығын қорғау мәселесі – жалпы мемлекеттің, қоғамның, әрбір азаматтың негізгі борышы. Сонымен әрбір қоғам мүшесі денсаулықты сақтау шараларын жүргізу туралы мәселелерге баса назар аударып, халықтың денсаулық сақтау мәселесінің шешілуіне белгілі бір шаралар қолданып, қоғам үшін біршама септігін тигізуі керек./2.5., 32 бет./ Қазір

Содержание

Кіріспе .........................................................................................................................3
Негізгі бөлім
1. Адам мен адамзаттың денсаулығы Қазақстан Республикасы Қылмыстық
заңымен қорғау обьектісі ретінде ........................................................................6
1.1Денсаулық ұғымы ............................................................................................-
1.2Адам мен азаматтың денсаулығын сақтауға Конституциялық құқығы......7
2. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қылмыстық құқықтық сипаты................9
2.1Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы............................-
2.2 Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау....................................................11
3. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері....................................13
3.1Қасақана жасалған денсаулыққа қарсы қылмыстар.....................................18
3.2Абайсызда жасалған денсаулыққа қарсы қылмыстар..................................24
3.3Денсаулыққа қарсы қылмыстардың өзге түрлері..................................... ...25
Қорытынды ...............................................................................................................39
Қолданылған әдебиеттер тізімі...............................................................................41

Работа содержит 1 файл

Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар.doc

— 272.50 Кб (Скачать)

   Кейбір кездері дене жарақатын келтіру қылмыстық жауаптылықтан босатылуға негіз болып табылады, егер бұл жарақат мәжбүрлік қажеттілік жағдайында, яғни емдеу мақсатында болса. Мысалы, егер жәбірленушіні өзінің организміне хирургиялық операциялар жүргізуге келісімін берсе, онда хирургтар осы хирургиялық операциялардан туындайтын белгілі бір зардаптарға жауап бермейді, себебі жә-бірленуші хирургиялық операциялардан туатын салдарға қарсы болмайды. Дене жарақатын келтіру спорт жарыстары кезінде де орын алуы мүмкін. Спорттың нықты түріне қатысты жалпы ережені сақтамау салдарынан туған дене жарақаты денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде сараланады. Мысалы, футбол кезінде футбол ережесін өрескел бұзған  кінәлі бөгде адамға дене жарақатын келтірсе, онда оңың әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде танылады.

     Дене жарақатын келтірудің субьективтік жағы екі нысаннан тұрады: 1) қасақана (тікелей және жанама), 2) абайсызда ( менмендік және немқұрайлылық).

   Тікелей қасақана дене жарақатын келтіру бір адамның екінші бір адамға дене жарақатын келтіруді тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы түрде мақсаттар жасауы, ал жанама қасақаналықта кінәлі сондай зардаптың болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді. Абайсыздық нысанының өзінде сенімділік түрінде кінәлі өзінің әрекетінен немесе әрекетсіздігінен туатын салдардың, яғни дене жарақатының болуын көре алады, бірақ ол салдар бола қоймас-ау деген өзіне сенімділік ниетте болады, немқұрайлылық түінде адам дене жарақатының болатынын көре алмайды, бірақ көруге тиісті болатын.

   Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың субьектілері туралы мәселеге тоқталайық.

 Қазақстан Республикасының  Қылмыстық кодексінің  15-бабының  2 тарсағында көрсетілген дене жарақатын салумен байланысты мына қылмыстарды жасаған есі дұрыс субьектілер үшін 14-жас белгіленеді: 

  1. Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ( 103-бап );
  2. Ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зардап келтіру ( 104-бап );
 

    Ал мына дене жарақаттарын салғаны үшін заң бойынша есі дұрыс субьектілер үшін 16-жас белгіленеді:   

  1. денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру ( 105-бап );
  2. денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру ( 108-бап );
  3. қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінд денсаулыққа ауыр зиян келтіру

    ( 109-бап  );

  1. қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру ( 110-бап );
  2. денсаулыққа абайсызда зиян келтіру ( 111-бап );
  3. қорқыту ( 112-бап );
  4. соз ауруларын жұқтыру ( 115-бап );
  5. адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру ( 116-бап );
  6. заңсыз аборт жасау ( 117-бап );
  7. қауіпті жағдайда қалдыру ( 119-бап );

     Ал мына төмендегі дене жарақаттарын салумен байланысты қылмыстарды жаса-ған есі дұрыс арнаулы субьектілер заң бойынша жауапкершілікке тартылады:     

  1. заңсыз аборт жасау ( 117-бап );
  2. медицина қызметкерінің өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап);
  3. ауыстырып салу немесе өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету ( 113-бап );
  4. науқасқа көмек көрсетпеу ( 118-бап );

    Осы жоғарыдағылардан айқын болғандай кейбір дене жарақатын салған есі дұрыс субьектілер үшін 14-жас, ал кейбір субьектілер үшін 16-жас.

       Сонымен қатар дене жарақаты  қылмысын жасайтын арнаулы субьектілер де бар. 

    1. Денсаулыққа қарсы қылмыстарды топтау
 

      Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстарды топтастырайық. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде адам денсаулығына қарсы қылмысқа қандай қылмыстар жататыны нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына қарсы қылмыстарға мыналар жатады:

  1. денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап);                                  
  2. денсаулыққа қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру (104-бап);
  3. денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап);
  4. денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап);
  5. қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде ауыр зиян келтіру (109-бап);
  6. қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде ауыр зиян келтіру (110-бап);
  7. денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап);

    8) қорқыту (112-бап);

    9) ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын-тінін алу-ға мәжбүр ету (113-бап);

    10) медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап);

    11) соз ауруларын жұқтыру (115-бап);

  12) адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтыру (116-бап);

  13) заңсыз аборт жасау (117-баптың 4-тармағы);

  14) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап);

  15) қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап);

  16) есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе сату (259-бап);

  17) есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды ұрлау немесе қорқы-тып алу (260-бап);

 18) есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтынуға көндіру (261-бап);

 19) құрамында есірткі заттар бар, өсіруге тиым салынған өсімдіктерді заңсыз өсіру (262-бап);

 20) есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін пайдаланылатын шикізаттың, аспаптардың немесе жабдықтардың заңсыз айналымы (263-бап);

 21) есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды тұтыну үшін притондар ұйымдастыру немесе ұстау (264-бап);

 22) есірткі заттарды, жүйкеге әсер ететін, күшті әсер ететін немесе улы заттарды ұстау ережелерін бұзу (265-бап);

 23) жекеше медициналық практикамен немесе фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысу (266-бап);

 24) санитарлық-эпидемиологиялық ережелерді бұзу (267-бап);

 25) адамдардың өміріне немесе денсаулығына қауіп төндіретін мән-жайлар туралы ақпаратты жасыру (268-бап);

 26) қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін тауарлар шығару немесе сату, жұмыс орындау не қызмет көрсету (269-бап); 

  1. Денсаулыққа қарсы қылмыстардың жекелеген түрлері
 

    Халықтың  денсаулығына қарсы қылмыстардың аса  қауыпты тірі есірткі, пси-хотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсірумен байланысты іс-әрекеттер болып табылады. / 2.3., 287-288 бб. /

     Осыған байланысты Қылмыстық Кодекстің 259-265- баптарында осы тұрғыдағы қылмыстардың жекелеген түрлері үшін жауаптылық көзделген. Есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіруге байланысты қылмыс-тардың тікелей обьектісі – халықтың денсаулығы болып табылады.

   Көрсетілген санатқа жататын қылмыстардың затына – есірткі, психотроптық заттар, прекурсорлар, күшті әсер ететін және улы заттар және Қазақстан Респу-бликасының Қылмыстық Кодекстің 263-бабына сәйкес есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды дайындау үшін пайдаланылатын шикізат, аспаптар немесе жабдықтар жатады./ 2.7., 147 бет./

   « Есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер, прекурсорлар айналымын мемле-кеттік реттеудің және олардың заңсыз айналымы мен теріс пайдалануына қарсы іс-қимыл шаралары » Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 10 шілдедегі арнаулы заңымен, «Бақылауға жататын есірткілік заттар, психотроптық құрал-дар және прекурсорлар туралы » Қазақстан Республикасының Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 қаулысымен бекітілген тізім бойынша (бұдан былай- тізім деп аталады ) жүзеге асырылады. Бұл нормативтік актілер 1961 жылғы Есірткі заттар туралы бірыңғай конвнецияға түзетулер жөніндегі 1972 жылғы хаттамаға сәйкес, 1971 жылғы Психотроптық заттар туралы конвенцияға, БҰҰ- ның Есірткі заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы 1998 жылғы кон-венциясына негізделіп қабылданған. 
 

   Есірткі заттарды немесе жүйкеге  әсер ететін заттарды заңсыз дайындау, сатып  алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту немесе өткізу 

       Қылмыстық Кодекстің 259-бабының 1-тармағында есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатынсыз ірі мөлшерде алғаны немесе сақтағаны үшін қылмыстық жауаптылық белгіленген.

   Қылмыстың заты есірткі заттар және жүйкеге әсер ететін заттар. Есірткі зат-тар – адамның психикасына әсер ететін, одан әрі организмді бүлдіретін синтетикалық немесе табиғи тектес заттардың жиынтығы.

   Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 9 наурыздағы №186 қаулы-сымен бекітілген тізіміне медициналық мақсатқа пайдалануға тыйым салынған заттардың 72 атауы көрсетілген. Бұларға гашиш, наша героин, кокаин, каннабис, апиын және тағы басқа заттар жатады.

   Жүйкеге әсер ететін (психотроптық) заттар –  адамның психикалық функциясына әсер ететін қауіпті заттар. Тізім бойынша мұндай заттардың 38 атауы берілген. Оларға аминорекс, месхалин, метамфетамин, псилоцин және та-ғы басқа жатады.

   Қылмыс  обьективтік жағынан көрсетілген  заттарды заңсыз алғаны немесе дайындағаны  арқылы сипатталады. Көрсетілген іс-әрекеттерге Қазақстан Респу-бликасы Жоғарғы Сотының 1998 жылғы 14 мамырдағы «Есірткі, психотроптық, күшті әсер ететін және улы заттарды заңсыз айналымға түсіру жөніндегі істер бойынша заңдарды қолдану туралы » №3 қаулысында тиісінше түсінік берілген.

   Жоғарғы Соттың осы қаулысының 3 тармағына  сәйкес жоғарыда көрсетілген заттарды сатып алу, басқа тауарға немесе затқа айырбастап алу, қарыздың орнына беру, қарызға немесе сыйға алу, тауып  алғанды иелену, құрамында есірткі  бар жабайы өсімдіктерді немесе олардың бөлігін жинау, осындай өсімдіктердің күзетілмейтін егістік алқабындағы жинау жұмысы біткеннен кейі-нгі қалдығын жинап алуды тағы басқа заңсыз алу деп түсіну керек.

   Кінәлінің арнайы рұқсатсыз көрсетілген заттарды өзінен жасырын жерден, үй-жайдан, көлік құралынан, басқа да орындардан тауып алумен байланысты кез-келген қасақана әрекет, заңсыз сақтау болып табылады.

   Осы көрсетілген әрекеттер заңсыз болуы  қажет. Яғни мұндай әрекеттер құзыретті  органдардың немесе лауазымды адамдардың тиісті рұқсатынсыз жаса-луы тиіс. Осы қылмыстың обьективтік жпғының міндетті белгісі заңда көрсетілген заттар мен нәрселерді ірі мөлшерде өткізу мақсатының орын алмауы болып табылады.

   Заңсыз  сақталуға немесе айналымға шығарылған есірткі құралдарын, психот-роптық заттарды шағын, ірі және өте ірі мөлшерлерге жатқызу үшін жиынтық кестеге жүгіну қажет.

   Жиынтық кестеге сәйкес көрсетілген заттар ірі мөлшерге жатпаса, онда іс-әрекетте көрсеиілген қылмыс құрамы болмайды.

   Қылмыс  құрылысы жөнінен формальдық құрамға  жатады Сол себепті ол заңда көрсетілген әрекеттердің бірін істеген уақыттан бастап аяқталған борып та-былады.

   Субьективтік  жағынан қылмыс тек қана тікелей  қасақаналықпен істеледі. Адам есірткі  немесе жүйкеге әсер ететін заттарды өткізу мақсатынсыз алғаны немесе сақтағанын сезеді және сондай әрекет істеуді тілейді.

   Қылмыстың субьектісі 16-ға толған адам, есі дұрыс  кез-келген адам.

   Қылмыстық Кодекстің 259-бабының ескертуіне сәйкес есірткі заттарды, жүй-кеге әсер ететін заттарды өз еркімен тапсырған адам немесе есірткі заттарды ме-дициналық емес мақсатта тұтынуына байланысты медициналық көмек көрсетілуі үшін медициналық мекемеге өз еркімен барған және есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды ашуға немесе олардың жолын кесуге, оларды жасаған адамдарды әшкерелеуге, қылмыстық жолмен алынған мүлікті табуға белсенділік көрсеткен адам осы бап бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатылады. Қазақстан Республикасы Жо-ғарғы Соты Пленумының 1998 жылғы 14 мамырдағы №3 қаулысының 18-тарма-ғына сәйкес жоғарыда көрсетілген «заттарды нақты қолдану мүмкіндігі бола тұра ол жергілікті билік өкіліне тапсырса, бұл өз еркімен тапсырған болып табылады »

Информация о работе Адам мен адамзаттың денсаулығына қарсы қылмыстар