Адам мен азамат жағдайының

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2012 в 11:20, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық ретінде мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының өктемдігінің жолында тосқауыл болуға, мемлекеттің қоғамды шексіз билеп-төстеуіне кедергі қоюға тиіс.
Адамның құқықтары – бүкіл адамзаттың ажырамас, бөлінбес игілігі. Бұл дүниеде қандай да оқиғалар мен әрекеттер орын алмасын, қандай да ғылыми жаңалықтар ашылмасын, олар адамның жағдайына, оның құқықтары мен бостандықтарына жағымсыз әсер етпеуге тиіс. Қоғамдық процестердің дамуында құндылық бағдар адам құқықтарын ұлағаттаған дүниежүзілік және ұлттық дамудың барлық процестерін адаммен өлшеудің мәні осында.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

I Адам мен азамат жағдайының Қазақстан Республикасындағы конституциялық негіздері
1.1 Қазақстан Республикасы заңдары бойынша азаматтық ұғымы, оны алу және жою.................................................................................................................5
1.2 Адам мен азаматтың Конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі...................................................................................................11

II Адам құқықтарын қорғаудың тетіктері
2.1 Құқық қорғау органдарының адам құқын қорғаудағы ролі........................16
2.2 Адам құқықтары мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастыру................................................................................21
2.3Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғау жөніндегі өкілетті органдар..................................................................................................................26

Қорытынды............................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................36

Работа содержит 1 файл

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ.doc

— 250.00 Кб (Скачать)


36

 

Мазмұны

 

Кіріспе.....................................................................................................................3

 

I Адам мен азамат жағдайының Қазақстан Республикасындағы конституциялық негіздері

1.1 Қазақстан Республикасы заңдары бойынша азаматтық ұғымы, оны алу және жою.................................................................................................................5

1.2 Адам мен азаматтың Конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі...................................................................................................11                  

 

II Адам құқықтарын қорғаудың тетіктері

2.1 Құқық қорғау органдарының адам құқын қорғаудағы ролі........................16

2.2 Адам құқықтары мен  азаматтардың  конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастыру................................................................................21

2.3Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғау жөніндегі өкілетті органдар..................................................................................................................26

 

Қорытынды............................................................................................................34

Қолданылған әдебиеттер......................................................................................36

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кіріспе

 

Тақырыптың өзектілігі: Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық ретінде мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының өктемдігінің жолында тосқауыл болуға, мемлекеттің қоғамды шексіз билеп-төстеуіне кедергі қоюға тиіс.

Құқықтар мен бостандықтар көп жағдайларда адамның қоғамдағы орнын, оның мемлекетпен өзара байланысын анықтайды.ҚР Конституциясының 1-бабында адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары ең қымбат қазына деп бекітілген.Бұл конституциялық норма – мақсатта мемлекеттің құқықтық дамуының ұзақ мерзімдік міндеті – мемлекеттің құқықтық сипатын қалыптастыру жарияланған. ҚР Конституциясының негізгі идеясы мен адам мүдделерінің жалпыға бірдей презумпциясы болып табылады. «Адам мүдделерінің презумпциясы, -  дейді профессор Г.Мальцев, - заң аясында барлық қарама – қайшылықтар, барлық дау-дамайлар адам үшін не тиімді деген көзқарас тұрғысынан шешіледі, барлық шешімдер осы тұрғыдан қабылданады, ал ол адам қайдағы бір қиялдағы, қандай да болмасын демократиялық сұлбаға сәйкес әсерленген адам емес, нақтылы мақсаттары мен қажеттіліктері өмірде бар, тірі адам.

Адамның құқықтары – бүкіл адамзаттың ажырамас, бөлінбес игілігі. Бұл дүниеде қандай да оқиғалар мен әрекеттер орын алмасын, қандай да ғылыми жаңалықтар ашылмасын, олар адамның жағдайына, оның құқықтары мен бостандықтарына жағымсыз әсер етпеуге тиіс. Қоғамдық процестердің дамуында құндылық бағдар адам құқықтарын ұлағаттаған дүниежүзілік және ұлттық дамудың барлық процестерін адаммен өлшеудің мәні осында.

ҚР Конституциясында адам мен азаматтың азаматтық және саяси құқықтары мен бостандықтарының бекітілуінің арқасында бұл құжат адамның дербестігін, жеке-дара мүдделердің әрекет кеңістігін қорғаудың құқықтық кепіліне айналды. Мемлекет барлығын бақылаушы және барлығына қол сұғушы ұйымның рөлін атқаруға ұмтылмайды. Бұл Қазақстанда азаматтық қоғам орнатудың маңызды алғы шарты болып табылады. Нақ осы тұлғаның белгіленген дербестігі оның қорғалғандығы, оның белсенді әрекеті және қоғам мен мемлекеттің проблемаларын шешуге қатысу үшін жағдайлар жасауы егеменді Қазақстанда азаматтық қоғам қалыптастырудың негізі болмақшы.

Жалпы алғанда ҚР Конституциясында тұлғаның еркін өздігінен дамуына көмектесетін адам құқықтары мен бостандықтарының кең тізімі бекітілген. Бұл каталог жалпы халықаралық стандарттарға сай келеді. Оның үстіне, Конституцияда бекітілген құқықтар мен бостандықтар абстракция емес, оларды қорғаудың және кепілдік берудің нақты механизмі бар. Аталған қағиданың Конституцияда бекітілуі Қазақстан Республикасының даму бағытын дұрыс таңдағанын дәлелдейді, өйткені тарих сабақтары қоғамдық проблемаларды шешу, әлеуметтік өзгерістер барысында адам мен оның мүдделері ұмыт қалған жағдайда осы өзгерістердің өз мағыналарын жоғалтып, қоғамдық прогреске кедергі болатынын талай мәрте дәлелдеді.

Қазіргі жағдайда адамның бостандығы біршама басқаша түсініледі. Адамның бостандығы тек белгілі бір әрекеттер жасау және оларды іске асыруда кездесетін кез келген кедергілерді жоюдан ғана құралмайды. Адамның бостандығы көрініс табатын маңызды тұстардың бірі – жауапты шешімдерді қабылдау еркіндігі. Бұл адамның санасы мен мәдениетінің даму деңгейінің аса жоғары болуын қажет етеді.

Осылайша, қазіргі адам құқықтарының тұжырымдамасы мына қағидаларға негізделеді: адамның өзінің дербес дүниесі бар, оған ешқандай биліктің қол сұғуына болмайды; өзінің құқықтарын қорғай отырып, адам мемлекетке өзінің талаптарын қоя алады; адамға оның құқықтары мен бостандықтарын құдай да, мемлекет те сыйлаған емес, сондықтан да оларды адамның табиғи құқықтары деп атайды. Адам өзінің құқықтары үшін ешқандай құдай немесе зайырлы билікке қарыздар емес. Ол еш уақытта да мені жарылқап, маған құқықтар мен бостандықтар берді деп ешкімге бас июге, ешкімнің алдында өзін мәңгілік борышкермін деп сезінбеуге тиіс. Адамның қадір-қасиеті оған, адамға, өзінің құқықтары мен бостандықтарының түйірмелерімен пайдаланғандығы үшін кімге де, неге де болса да құлшылық етіп, бас ұрумен сыйымсыз. Олар оған оның тек адам болғаны үшін ғана тиесілі.

Курстық жұмысымның мақсаты - Қазақстанда адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен қамтамсыз ету проблемаларын тиімді шешу. Осыдан келіп туындайтын міндеттер:

1. ҚР заңдары бойынша азаматтық ұғымы, оны алу және жою жолдарын зерттеу.

2. Адам мен азаматтың Конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесін ашып көрсету.

3. Халықаралық адам құқықтары мен бостандықтарының мән мазмұнын сипаттау.

4. Құқық қорғау органдарының адам құқын қорғаудағы ролін салыстыру.

5. Қазақстан Республикасындағы адам құқықтары жөніндегі өкілетті органдарының қызметтеріне талдау жасау.

6. Сот жүйесінің адам құқын қорғау жүйесіндегі орнына құқықтық баға беру.

Тақырыптың зерттеу обьектісі: Адамдардың құқықтарын реттейтін ҚР Конституциясы, ҚР Азаматтық кодексі, ҚР Әкімшілік құқық, ҚР «Еңбек туралы» Заңы, ҚР-ның «Білім туралы» Заңы т.б. Қазақстан Республикасының заңнамаларымен қарастырылған.

 

 

 

 

I тарау АДАМ МЕН АЗАМАТ ЖАҒДАЙЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

1.1 Қазақстан Республикасы заңдары бойынша азаматтық ұғымы,

оны алу және жою

       Адам құқығы саласында Қазақстан Республикасы Конституциясының толықтай халықаралық құқықтың жалпыға танылған нормаларынан бастау алатыны баршаға белгілі. Тек Конституциядағы және халықаралық құқықтағы адам құқына деген көзқараста кездесетін ұқсастықтар мен айырмашылықтарға тоқталайық.

     1.Халықаралық құқық сипаты Қазақстан Республикасының Конституциясы да қандай да болсын нәсілдік, тері түсі, жыныстық, тілдік, діндік, саяси нанымды, ұлттық және әлеуметтік және өзге де жағдайларының белгілері бойынша кемсітуді толықтай теріске шығарады.

      2.Жасына: балалар, еңбекке қабілеттер, зейнеткерлер екендігіне байланысты мәртебе бірдей белгіленеді.

     3.Отбасы мәртебесі мәселесі қоғамның қарапайым ұясы ретінде де, негізгі ұясы ретінде де бірыңғай шешіледі.

     4.Адамның мемлекет пен қоғам өмірінің барлық саласында құқықтары мен бостандықтары жарияланады, оларды жүзеге асыру кепілдігі қарастырылады.

     5.Абырой, өмір, денсаулық және қадір-қасиет өз дәрежесінде қорғалады.

     6.Адамның құқы мен бостандығын шектеуге өзгеше жағдайларда ғана жол беріледі.

     7.Азаматтардың кез келген әр түрлі ассоциацияларға бірігуіне кепілдік беріледі.

     Халықаралық құқық нормалары адам құқы мен бостандығын азаматтарға, шетелдіктерге, апатридтерге бөліп сипаттайды. Азаматтар мен аталған мемлекеттің азаматы болып табылмайтын адамдардың ара қатынасын дұрыс белгілеу үшін ұлттық заңдарда да осындай өзгешелік жүргізілуі тиіс. Қазақстан Республикасының Конституциясы да осы принципті басшылыққа алады (12-бап).

     Шетелдіктер мен апатридтердің құқы мемлекеттің мүдделері мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті деңгейде шешіледі. Атап айтқанда, олар мемлекеттің өкілетті органдарын сайлауға қатыстырылмайды, әскери қызметке шақырылмайды және т.б.

     Қазақстан Республикасындағы азаматтығы жоқтардың құқықтары мен бостандықтарының шеңбері кең. Тек меншік және кәсіпкерлік қызмет саласындағыларын ғана атап өтейін.Сот шешімінен басқа ретте ешкім ешкімді өз меншігінен айыра алмайды. Мұнда әңгіме барлық адамдардың азаматтыққа тәуелсіз меншігі жөнінде болып отыр. Шетелдіктердің де, азаматтығы жоқ адамдардың да кәсіпкерлік қызметі мемлекеттің қорғауында болады. Проблеманың мұндай шешімі халықаралық құқық нормаларына сәйкес келеді. Азаматтық және саяси құқық туралы пактте «әр адам, ол қай жерде тұрса да, оның құқықтық субьектілігін тануға құқы бар» делінген (16-бап).

Осы айтылғандарды тұжырымдай келгенде, ҚР Конституциясы жалпыға мәлім халықаралық құқықтық актілердегі демократиялық, гуманды құндылықтардың бәрін барынша бойына сіңірген құжат болып табылады. Конституция - мемлекеттің Негізгі Заңы болғандықтан ол бастауларды көрсетпейді. Дегенмен, Қазақстан Республикасының Конституциясы бір-қатар жағдайларда халықаралық құқықтың нормаларына тікелей жүгінеді.

Сөйтіп, Қазақстан Республикасының Конституциясы халықаралық құқықтың жалпыға мәлім нормаларына бағдарланған ұлттық заңдарды қалыптастырудың негізі болып табылады.

Қазақстан Республикасының заңдары азаматтықты азаматтардың жиынтығы арқылы емес, әр жеке адам бойынша белгілейді.

       Қазақстан Республикасының азаматтығына адамның мемлекетпен арасындағы өзара құқықтар мен бостандықтар жиынтығын білдіретін тұрақты саяси-құқықтық байланыс ұғынылады. «Азаматтық» ұғымы заң бойынша үш элементтен тұрады: 1)адамның мемлекетпен байланысы уақытша емес, тұрақты болуы тиіс. Адам өз қалауы бойынша азаматтықты біресе қабылдап, біресе одан бас тарта алмайды; 2) адамның мемлекетпен байланысы саяси-құқықтық сипатта болады. Мемлекет Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын кез келген адаммен құқықтық байланысқа түсе алады. Бірақ саяси қатынас тек мемлекет пен оның азаматы арасында ғана орнай алады; 3) мемлекет пен азаматтың арасында өзара құқық пен міндеттемелер белгіленеді.

     Қазақстан Республикасы өзінің органдары мен лауазымды адамдары атынан өз азаматтары алдында жауапты, ал Қазақстан Республикасы азаматтары өзінің республикасы алдында  жауапты. Ол Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, оның мүдделерін, аумақтық тұтастығын қорғауға, әдет-ғұрып, дәстүрлерді, мемлекеттік тілді және оның аумағында тұратын басқа да ұлт өкілдерінің тілдерін құрметтеуге, Қазақстан Республикасының қуатының, егемендігі мен тәуелсіздігінің нығайтылуына үлес қосуға міндетті.

      Қазақстан Республикасы азаматтығының негізгі мәселелері Конституциямен және Республиканың азаматтық туралы Заңымен реттеледі. Конституцияға азаматтық туралы негізгі қағидалар: барлық азаматтардың теңдігі туралы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігі туралы, құқықтар мен бостандықтардың шектелуіне жол берілмейтіндігі туралы, азаматтықтан айыруға, республика шегінен қуғындауға және басқаларына жол берілмейтіндігі туралы қағидалар енгізілген. Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заң: қандай адамдардың Қазақстан Республикасының азаматы болып табылатынын, олардың құқықтық жағдайларын, азаматтықты алу және тоқтату тәртібін, ата-аналардың азаматтығы өзгерген және бала етіп асырап алған кездегі олардың балаларының азаматтығын, азаматтық мәселелері бойынша мемлекеттік органдардың өкілеттігін, азаматтық мәселелері бойынша арыздар мен ұсыныстарды қарау, шешімдерді орындау тәртібін, сондай-ақ азаматтық мәселелері жөніндегі шешімдерге шағымдану тәртібін белгілейді.

      Қазақстан Республикасының азаматтары азаматтықты алу негіздеріне, шығу тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайларына, нәсілді және ұлттық сипатына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге қатынасына, саяси және өзге де наным-сеніміне, руы мен қатынас сипатына, тұратын орнына және басқа мән-жайларына қарамастан заң алдында тең.

      а) Азаматтық туралы Заң күшіне енген күнге -1992 жылдың 1 наурызына Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын; 

       ә) азаматтық туралы заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады.

      Қазақстан аумағында тұратын, Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын және шетелдің азаматтығына жататындығына дәлелдемелері жоқ адамдар азаматтығы жоқ  адамдар деп есептеледі.

      Қандай да бір болсын шет мемлекетке жататындығына дәлелдемесі бар адамдар шетел азаматтары болып есептеледі.

       Қазақстан Республикасының азаматтығы: 1)тууы бойынша; 2)Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдану нәтижесінде; 3)Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында қарастырылған негіздер бойынша; 4) Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңда қаралған өзге де негіздер бойынша алынады.

Бала өмірге келген кезде ата-аналарының екеуі де Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, қай жерде туғанына қарамастан бала Қазақстан Республикасының азаматы болып табылады. Егер бала өмірге келген кезде ата-аналарының екеуі де Қазақстан Республикасынан тыс жерде тұрақты тұрса баланың азаматтығы ата-аналарының жазбаша нысанда білдірген келісіміне орай белгіленеді. Егер ата-аналарының бірі бала өмірге келген кезде Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, егер бала: 1) Қазақстан аумағында туған; 2) Қазақстаннан тыс жерде туған, бір-ақ  ата-аналарының немесе олардың біреуінің осы кезде Қазақстан аумағында тұрақты тұратын орны болса, бала Қазақстан Республикасының азаматтығында болса, ал екіншісі азаматтығы жоқ адам болса, бала қай жерде туғанына қарамастан Қазақстан азаматы болып табылады. [1.56б.]

Информация о работе Адам мен азамат жағдайының