Адам мен азамат жағдайының

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2012 в 11:20, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық ретінде мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының өктемдігінің жолында тосқауыл болуға, мемлекеттің қоғамды шексіз билеп-төстеуіне кедергі қоюға тиіс.
Адамның құқықтары – бүкіл адамзаттың ажырамас, бөлінбес игілігі. Бұл дүниеде қандай да оқиғалар мен әрекеттер орын алмасын, қандай да ғылыми жаңалықтар ашылмасын, олар адамның жағдайына, оның құқықтары мен бостандықтарына жағымсыз әсер етпеуге тиіс. Қоғамдық процестердің дамуында құндылық бағдар адам құқықтарын ұлағаттаған дүниежүзілік және ұлттық дамудың барлық процестерін адаммен өлшеудің мәні осында.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

I Адам мен азамат жағдайының Қазақстан Республикасындағы конституциялық негіздері
1.1 Қазақстан Республикасы заңдары бойынша азаматтық ұғымы, оны алу және жою.................................................................................................................5
1.2 Адам мен азаматтың Конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі...................................................................................................11

II Адам құқықтарын қорғаудың тетіктері
2.1 Құқық қорғау органдарының адам құқын қорғаудағы ролі........................16
2.2 Адам құқықтары мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастыру................................................................................21
2.3Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғау жөніндегі өкілетті органдар..................................................................................................................26

Қорытынды............................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................36

Работа содержит 1 файл

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ.doc

— 250.00 Кб (Скачать)

Конституцияға сай, адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруы басқа адамдардың құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс. Дегенмен, Республика Конституциясы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектеу мүмкіншілігін жоққа шығармайды. Бұл шектеулер ақталған және негізгі халықаралық пактілерге, соның ішінде Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясына сәйкес келеді. Қазақстан Конституциясы, Жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясының 29-бабына сай белгілі бір негіздер болған кезде құқықтар мен бостандықтарды шектеу институтын енгізеді. Мысалы, Конституцияның 39-бабы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары.

-         конституциялық құрылысты қорғау,

- қоғамдық тәртіпті, адамның құқықтары мен бостандықтарын, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатында шектеулі мүмкін деп белгілейді.

Қазақстан Республикасының Конституциясы мемлекеттік құқықтың қайнар көзі бола отырып, мемлекеттің міндеттерін, оның саяси және экономикалық жүйелерін, сыртқы саясатты, мемлекеттік қорғанысты, әлеуметтік және мәдени даму негіздерін айқындайды және республика азаматтарының құқықтары мен міндеттері жүйесін, ұлттық мемлекеттік билік пен әділ сот және прокурорлық қадағалау қызметтерінің ұйымдастыру қағидаларын бекітеді.

Сол сияқты, конституцияда мемлекеттік құрылыстың негіздерін, оның шынайы гуманистігі мен демократияшылдығын анықтайтын, маңызды мемлекеттік-құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар орын алады. Тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің басты міндеттернің бірі өз азаматтарының бостандықтары мен заңды құқықтарын барынша қорғау болып табылса, Қазақстан мемлекеті адам құқықтары жөніндегі халықаралық нормаларды толық қуаттай отырып, оны бұлжытпай жүзеге асыруға толық кепілдік береді. Оның айғағы азаматтардың саяси, еңбек, әлеуметтік және басқа да құқықтарының Қазақстан Республикасының Конституциясында толық жан-жақты көрініс табуы болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабында: «ең қымбат – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» - деп белгіленген. Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес адам құқықтары мен бостандықтары танылады және оларға кепілдік беріледі. Адам құқықтары мен бостандықтары әркімге тумысынан жазылған, олар абсолютті деп танылған. Одан ешкім айыра алмайды. Заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің мазмұны мен қолданылуы осыған қарай анықталады делінген. Адамның және азаматтың өз құқықтары мен бостандықтарын бұзбауға, конституциялық құрылыс пен қоғамдық имандылыққа нұқсан келтірмеуге тиіс (5-тармақ).

Конституциясының II бөлімі адам және азамат, оның құқығы, бостандығы мен міндеттеріне тікелей арналған. Заңға сәйкес республиканың кез келген азаматының нәсіліне, ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, дінге көзқарасына, тағы басқа да белгілеріне қарамастан құқықтар мен бостандықтар теңдігіне кепілдік беріледі (14-баптың 2-тармағы). Азаматтық құқық пен бостандыққа, саяси құқықтар мен бостандықтарға, экономикалық және әлеуметтік құқықтарға Қазақстан Республикасы Конституциясында ерекше мән беріледі. Конституцияда жария етілген азаматтардың осындай құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қылмыстық заң өзінің басты міндеттерінің бірі деп санайды.

Сонымен қатар, табиғи ажырамас адам құқығы идеялары Ж.Ж. Руссоның, Г. Гроцияның, Д. Локктың, Ш.Монтескьенің доктриналарында да дамытыла түсті.

«Заң, жалпы айтқанда, - деп жазды Ш.Монтескье, - адам ақыл-ойы, өйткені ол жер бетіндегі бар халықтарды басқарады, ал әр халықтың саяси және азаматтық заңдары осы ақыл-ойға қосымша жекелеген оқиғалар ретінде ғана болуы тиіс...». Д. Локктың айтқаны: «Адам, бұрын дәлелдегендей, толық бостандық пен табиғи заңның барлық құқықтары мен артықшылықтарын барлық басқа адамдар сияқты шексіз пайдалануға құқылы болып туады».

 

 

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

 

1.                  Қазақстан Республикасының Конституциясы  30 тамыз 1995 жылы

2.                  (1998 жылы 7 қазан, 2007 жылы 21мамырдағы №254-III заңымен енгізілген өзгертулер).

3.                  Қазақстан Республикасының еңбек туралы кодексі 2002 жылы

4.                  1 қыркүйек.

5.                  Қазақстан Республикасының білім туралы заңы, 2004 жылы 28 сәуір.

6.                  Аграновская Е.В., Лапинь О.А., Лукашева Е.А., «Права человека в истории человечества и в современном мире» Москва, 1989г.

7.                  Адам құқықтары туралы халықаралық билль. –Алматы, 1998ж.

8.                  Бюргенталь Т. «Международные права человека», Алматы, «Ғылым»1999г. 4. Винсент Р.Дж.  «Адам құқықтары және халықаралық қатынастар» Алматы, Жеті жарғы, 1998ж.

9.                  Сапарғалиев Ғ. «Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы» Алматы, Жеті жарғы.,2004ж.

10.             Сарсембаев М. А. «Халықаралық құқық»Алматы Жеті жарғы,1996 ж.

11.             Степанова Т.А. «Основы права» Москва, «Финансы и статистика» 2004г.

12.             Дулатбеков Н.О., Амандыкова С.К., Турлаев А.В. «Основы государства и права современного Казахстана» Астана  -2000г. «Фолиант».

13.             Комарова С.А. «Основы государства и права» Москва 2003г.

14.             Мюллерсон Р.А. «Права человека: идеи, нормы, реальность». Москва, Юридическая литература, 1991г.

15.             Нәрікбаев М.С., Өтебаев Ғ.Қ., Алиев М.М.  «Қазақстан Республикасындағы прокурорлық қадағалау» Астана.,2005ж.

16.             «Основные международные документы по правам человека материалыи коментарии» Алматы, 1998г.

17.             Основы права, Учебное пособие - Москва «Юристь» и «Гардарика» 1998г.

18.             «Основы государства и права РК» Уч. пособие Алматы: «Жеті жарғы», 1999.

19.             «Основы права» Москва 1998г. НОРМА-ИНФРА учебник.

20.             Аманбаев А.  «На защите конституционных прав и свобод граждан» Заң және Заман  журналы №5, қыркүйек-қазан 2007ж.

21.             Асанов Б. «Қатардағы еңбек адамы өз құқын жете біле бермейді» Заң газеті №123, 14 тамыз 2007 жыл. 

22.             «Адам құқығын қорғау кепілі» Заң газеті №53(677), 29 маусым 2005 жыл.

23.             «Адам құқығын құрметтеу дәстүрлі даму үстінде», Заң газеті №30, 13 сәуір 2005 жыл.

24.             «Адам құқығы ең жоғары құндылық» Құқықтық Қазақстан №27, 2007 жыл.

 



Информация о работе Адам мен азамат жағдайының