Адам мен азамат жағдайының

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2012 в 11:20, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық ретінде мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының өктемдігінің жолында тосқауыл болуға, мемлекеттің қоғамды шексіз билеп-төстеуіне кедергі қоюға тиіс.
Адамның құқықтары – бүкіл адамзаттың ажырамас, бөлінбес игілігі. Бұл дүниеде қандай да оқиғалар мен әрекеттер орын алмасын, қандай да ғылыми жаңалықтар ашылмасын, олар адамның жағдайына, оның құқықтары мен бостандықтарына жағымсыз әсер етпеуге тиіс. Қоғамдық процестердің дамуында құндылық бағдар адам құқықтарын ұлағаттаған дүниежүзілік және ұлттық дамудың барлық процестерін адаммен өлшеудің мәні осында.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

I Адам мен азамат жағдайының Қазақстан Республикасындағы конституциялық негіздері
1.1 Қазақстан Республикасы заңдары бойынша азаматтық ұғымы, оны алу және жою.................................................................................................................5
1.2 Адам мен азаматтың Конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі...................................................................................................11

II Адам құқықтарын қорғаудың тетіктері
2.1 Құқық қорғау органдарының адам құқын қорғаудағы ролі........................16
2.2 Адам құқықтары мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастыру................................................................................21
2.3Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғау жөніндегі өкілетті органдар..................................................................................................................26

Қорытынды............................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................36

Работа содержит 1 файл

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ.doc

— 250.00 Кб (Скачать)

       4. Адам мен азаматтың құқы мен бостандығының тікелей қолданылуы принцип ретінде онымен өзінің құқығы мен бостандығын пайдалану мүмкіндігі мен ақиқаттығын білдіреді. Мемлекеттік патернализм тұрғындардың қорғалуы төмен қабатымен қамқорлықты шектеген жағдайда қабілетті адамның өзі заңда көзделген ережелер мен кепілдікке сүйене отырып, өзінің құқы мен бостандығын жүзеге асыруға өзі қамқоршы болуы тиіс. Конституцияда әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар екендігі жазылған. Заңда көзделген жағдайларда, заң көмегі тегін көрсетіледі.

       5. Олардың тең құқылығы адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің маңызды принципі болып табылады. Конституцияда осы принцип адам мен азаматтың қызмет өмірінің барлық салаларына орай орнықтырылды. Айталық, заң мен сот алдында бәрі де тең. Бұл заң талабының баршаға бірдей міндеттілік екенін, заң ережелерін бұзғаны үшін бәрінің де бір деңгейде жауапты екендігін білдіреді. Сот алдында бәрі де тең. Ол адам мен азаматтың жағдайының қандайлығына (лауазымына, мүліктік жағдайына, ұлтына, жынысына, тағы басқаларына) қарамастан, сот бәріне де бір деңгейде қызмет етеді.

       Сонымен бірге сот істі қараған кезде адамдардың жағдайларын, ерекшеліктерін емес, тек Конституцияны және заңды ғана басшылыққа алуы тиіс. Адам мен азаматтың теңдігі конституциялық құқық пен бостандықтың ешқандай кемсітушілікке жол берместен, барлығына бір деңгейде қолданылуы тиістігін танудан да көрінеді. Тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне байланысты немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша ешкімді ешқандай кемсітуге болмайды (14-баптың 2-тармағы).

      6. Заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілердің адамның конституциялық құқықтары мен бостандықтарының мазмұны мен қолданылуын қамтамасыз ету принципі. Бұл Конституцияда жарияланған адам құқығы мен бостандығы осы құқық пен бостандықты жүзеге асыру жағдайы мен тәртібін белгілейтін заңдар мен өзге де нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау кезінде ең басты негізге алынатындығын білдіреді.

      7. Құқықтың, бостандықтың және міндеттіліктің бірлігі, бөлінбестігі адам мен азаматтың құқықтық мәртебесінің басты принципі болып табылады. Әркім де Конституцияны және Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауы тиіс. Әр адам мен азамат адамдардың қауымдастығында өмір сүреді. Адамдар құқықтар мен бостандықтарды тең иеленіп қана қоймайды, сондай-ақ бір-біріне, қоғамға, мемлекетке қатынастары бойынша оларға бірдей міндеттілік жүктеледі.

        Сонымен қатар, азаматтардың экономикалық және әлеуметтік құқықтары мен бостандықтары. Экономикалық құқық пен бостандық адамға өзінің материалдық өндіріс және бөлініс саласындағы өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру үшін қажет. Әлеуметтік құқық пен бостандық адамның рухани және басқа да қоғамдық (жеке) қажеттерін өтеуге  қызмет етеді.

       Қазақстан социалистік (мемлекеттік) экономикадан рыноктік экономика деп аталатынға  өту процесін жүргізуде. Осыған байланысты Қазақстан мемлекетінің экономикалық саясатының негізгі бағыттары:

       -  жеке және мемлекеттік меншікке негізделген экономиканы құрудан;

      - кәсіпкерлікке, әсіресе материалдық игіліктер өндірісі, құрылыс, көлік, жеке сауда саласындағы қоғам үшін пайдалы кез келген нысандағы кәсіпкерлікке қолдау көрсетуден көрінеді.

        Қазақстанда мемлекеттік меншіктің елеулі бөлігін жекешелендіру (жеке адамдарға беру) жүргізілуде. Жекешелендіру мынадай мәселелерді шешеді:

      1)жекешелендірудің мақсаты - әр адамға оның мемлекеттік мүліктегі үлесін бөлу;

      2)жекешелендіруге қатысатын әр азамат мемлекеттік мүліктегі үлеске құқығын куәландыратын құжат алады.

      Әрбір азамат белгілі бір мөлшерде жеке меншікке ие болады. Яғни, жалпыға бірдей мәрелік бастау қамтамасыз етіледі. Ал одан арғысы әркімнің жеке қабілетіне, басқа да мән-жайларға байланысты болады. Кеңестік Конституция тек азаматтың ғана өзіндік меншігін нығайтты. Ол жалақының есебінен құрылды және адамның қажетін қанағаттандыруға қызмет етті. Жеке меншіктің өзі баюдың қайнар көзі болып табылады. Сондықтан жеке меншікке құқық адамның өзіндік меншігі құқығынан елеулі түрде ерекшеленеді.

      Жеке меншік иесінің құқығы қандай? Меншік иесінің құқы үш элементтен тұрады: а) иелену құқығы, яғни, меншік обьектілеріне: жылжымалы және жылжымайтын мүлікке заңдық тұрғыдан иелену құқығы; ә) пайдалану құқығы, яғни, меншік обьектісінің пайдалы қасиеттерінің тиімділігін көру, техниканы, технологияны пайдалану құқығы; б) билік ету құқығы, яғни, сату, жалдауға беру, мұралыққа қалдыру, біреуге қайтарымсыз беру және т.б. [6.101б.]

      Меншік иесі өз меншігіне заңға сәйкес билік етуге құқылы. Бұл өз мүлкін жекелеген адамға, қоғамға зиянды түрде, яғни, басқа адамдардың, қоғамдық бірлестіктердің, мемлекеттің заңды мүдделеріне нұқсан келтіре отырып пайдалануға болмайды деген сөз.

       Жеке меншік әр түрлі жолдармен: материалдық игілік өндірісі, рухани құндылық, мұра, сыйлық алу, бағалы қағаздарды өткізу және т.б. нәтижесінде алынуы мүмкін. Егер меншік заңды негізде алынған болса, ол мемлекет арқылы қорғалады.

       Мемлекет өз азаматтарының меншікке құқын ел ішінде де, сондай- ақ сырт жерлерде де қорғайды. Мемлекет жеке меншікті, біріншіден, қылмысты қол сұғушылықтан (ұрлықтан, талан-таражға салынудан, бұзылудан), екіншіден, оған нұқсан келтіретін кез келген іс-әрекеттен қорғайды. Жеке меншікке қол сұққаны үшін кінәлі қылмыстық  және мүліктік жауаптылыққа тартылады. Заң жеке меншікті мемлекеттік органдар және лауазымды адамдар тарапынан болатын заңсыз қол сұғушылықтан қорғайды. Егер мемлекеттік орган азаматтан мүлікті алу туралы шешім шығарса, онда ол келтірілген залалдың орнын толтыруды немесе мүлікті қайтаруды талап етіп сотқа жүгінуге құқылы.

      Меншік иесі басқалардан заңсыз иеленген өз мүлкін қайтаруын талап етуге құқылы. Айталық, азамат басқа адамның қолында болып шыққан өз мүлкін (малын) таныды делік. Егер заңсыз иеленуші мүлікті иесіне өз еркімен қайтармаса, соңғысы мүліктің қайтарылуын талап етіп сотқа жүгінуге құқылы. Егер мүлік әлдекімнің кінәсінен бұзылса меншік иесі келтірілген зиянның орны толтырылуын сот арқылы талап етуге құқылы.

      Жекешелендіру процесінде жеке меншіктің құрылуының қайнар көзі болып табылатын жеке кәсіпкерлікке айрықша назар аударылады.

       Жеке кәсіпкерлік – азаматтың экономикалық бостандығын жүзеге асыру нысаны. Рыноктік қатынасқа көшудің басты шарттарының бірі жеке кәсіпкерлікке бостандықты қамтамасыз ету болып табылады. Кеңестік кезеңде жеке кәсіпкерлікпен шұғылдануға талпынған адамдардың талаптары басылып тасталды. Мұндай қызмет заңсыз баюдың негізі, ізгіліктің жойылуына апарып соқтыратын тоғышарлық идеологияның көрінісі деп есептеледі. Нәтижесінде жеке кәсіпкерлік толық  дерлік таратылады.Осының кесірінен адамдар жүздеген жылдар бойғы сақталған ұлттық кәсіпшілік дәстүрін жалғастыру және жетілдіру мүмкіндігінен айрылды (қолмен кілем тоқу, зергерлік іс т.б). Бұл адамдардың шаруашылық өміріне елеулі зиян келтірді, кәсіпкерлік құлшынысты басып тастады, еңбек дағдыларының жойылуына әкеліп соқтырды. Осындай саясаттан мемлекет те, қоғам да, халық та, әр адам да ұтылды. Енді кәсіпкерлік қызметке деген көзқарас түбегейлі өзгерді.

 

II тарау АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ

2.1 Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғау жөніндегі өкілетті органдар

 

  Тәуелсіз Қазақстандағы адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен іске асыруын қамтамасыз ететін заң базасын талдау, бізге заң жүзінде бекітілген адам құқықтарын қорғау механизмдері мен институттарын және олардың сақталуын бақылауын анықтауға мүмкіншілік береді. Адам құқығы жөнінде кейбір негізгі халықаралық құжаттарды Қазақстанның бекітпеуі не оларға қосылмауы адам құқығын қолданыстағы тиімді механизмдерінен қорғайтын халықаралық мемлекетаралық институттар мен (рәсімдерден) процедуралардан қалыс қалды.

Қазақстандағы адам құқықтарының сақталуын бақылайтын және тәсілдермен қорғайтын институттардың қатарына тек мына үш топқа қатыстыларды – мемлекеттік, аралас (мемлекет органдары жанындағы қоғамдық-кеңесшілері мен адвокатура жүйесін) және үкіметтік емес (қоғамдық, соның ішінде халықаралық және шетел ұйымдарын) жатқызуға болады.

  Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы бекітті: «Республиканың Президенті – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, конституциясының мызғымастығының, адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының рәмізі әрі кепілі».

Адам құқын қорғаудың аралас институттарының қатарына Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияны жатқызуға болады, оның Ережесі, 2003 жылғы 19 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен бекітілді. Мұның басты мақсаты – Мемлекет басшысының Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес танылатын және кепілдік берілетін адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретіндегі өзінің конституциялық өкілеттіктерін іске асыруына жәрдемдесетін консультативтік – кеңесші орган болып табылады.

Комиссияның негізгі міндеттері:

1) Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретіндегі өзінің конституциялық мәртебесін іске асыруы үшін жағдай жасау;

2) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау тетігін жетілдіруге жәрдемдесу;

3) орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметіне жәрдемдесу;

4) адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға жәрдемдесу болып табылады.

Комиссияның құзыреті:

1) Мемлекет басшысына және тікелей Комиссияға жолданған Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдік азаматардың, азаматтығы жоқ адамдардың, сондай-ақ ұйымдардың адамның және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының бұзылу фактілері туралы ақпарат бар өтініштерін қарайды;

2) Мемлекет басшысының атына Қазақстан Республикасында адамның және азаматтың құқықтарын сақталуы туралы жыл сайынғы және арнаулы баяндамалар әзірлейді. Бұл баяндамалар баспасөзде жариялануы мүмкін;

3) Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, өзге де ұйымдардың және азаматтардың ұсыныстарын қарайды;

4) адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету, қорғау тетігін жетілдіру туралы ұсыныстар әзірлейді және оларды Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізеді;

5) адамның және заматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мен қорғау мәселелерін қозғайтын Қазақстан Республикасының заңнамасына талдау жасайды, осы мәселелерді реттейтін заң жобаларын әзірлеуге қатысады;

6) адам құқықтары саласындағы халықаралық шарттар бойынша талдау материалдарын, сараптау – ұсынымдық қорытындылар мен ұсыныстыр дайындайды;

7) адам құқықтары жөніндегі халықаралық ұйымдардың, басқа да үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарының жұмысына қатысады.

Комиссия өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезінде мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес құқық қорғау ұйымдарымен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен белгіленген тәртіппен өзара іс – қимыл жасайды.

Комиссияның адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау мақсатында құқық қорғау органдарымен, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілімен өзара іс – қимыл жасайды.[8.10б.]

Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында:

1) мемлекеттік органдардан, сондай-ақ ұйымдар мен лауазымды адамдардан қажетті мәліметтерді, құжаттар мен материалдарды сұратып алуға;

2) өз отырысында адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге және қорғауға байланысты мәслелер жөнінде мемлекеттік органдардың тиісті лауазымды адамдарының ақпаратын тыңдауға;

3) уәкілетті мемлекеттік органдардың адамның және азаматтың құқықтарының бұзылуы туралы мәліметті тексеруіне бастамшылық жасауға;

4) жекелеген жұмыстарды жүзеге асыру үшін белгіленген тәртіппен ғалымдар мен мамандарды тартуға;

5) адамның және азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарының сақталуына байланысты мәселелерді талқылау үшін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысуышы мемлекеттердің, сондай-ақ өзге де мемлекеттердің адам құқықтары жөніндегі комиссияларымен және басқа да осындай құрылымдарымен ынытымақтастық жасауға құқылы.

Комиссияның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша оның мүшелерінің заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік билік органдарына, сондай-ақ мемлекеттік ұйымдарға баруға құығы бар.

Комиссияның отырыстарында қабылданатын және Қазақстан Республикасы Президентінің назарына жеткізілетін ұсынымдар мен қорытындылар оның шешімдері болып табылады.

Комиссияның ұсынымдары мен шешімдері оның отырысқа қатысқан мүшелері санының жай көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда отырыста төрағалық етуші жақтап дауыс берген шешім қабылданған болып саналады.

Комиссияның құрамын – төрағасын, хатшысы мен мүшелерін Қазақстан Республикасы Президенті бекітеді.

Комиссияның өз өкілеттігі шеңберінде қабылданған ұсынымдары мен қорытындылары мәселені шешу құзыретіне кіретін тиісті мемлекеттік органға жолданады.

Комиссияның ұсынымдары мен қорытындыларын алған мемлекеттік орган мен оның лауазымды адамдары белгіленген мерзімде оларды қарауға және қаылданған шешім туралы оған хабарлауға міндетті.

Информация о работе Адам мен азамат жағдайының