Адам мен азамат жағдайының

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2012 в 11:20, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық ретінде мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының өктемдігінің жолында тосқауыл болуға, мемлекеттің қоғамды шексіз билеп-төстеуіне кедергі қоюға тиіс.
Адамның құқықтары – бүкіл адамзаттың ажырамас, бөлінбес игілігі. Бұл дүниеде қандай да оқиғалар мен әрекеттер орын алмасын, қандай да ғылыми жаңалықтар ашылмасын, олар адамның жағдайына, оның құқықтары мен бостандықтарына жағымсыз әсер етпеуге тиіс. Қоғамдық процестердің дамуында құндылық бағдар адам құқықтарын ұлағаттаған дүниежүзілік және ұлттық дамудың барлық процестерін адаммен өлшеудің мәні осында.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

I Адам мен азамат жағдайының Қазақстан Республикасындағы конституциялық негіздері
1.1 Қазақстан Республикасы заңдары бойынша азаматтық ұғымы, оны алу және жою.................................................................................................................5
1.2 Адам мен азаматтың Конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі...................................................................................................11

II Адам құқықтарын қорғаудың тетіктері
2.1 Құқық қорғау органдарының адам құқын қорғаудағы ролі........................16
2.2 Адам құқықтары мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастыру................................................................................21
2.3Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғау жөніндегі өкілетті органдар..................................................................................................................26

Қорытынды............................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................36

Работа содержит 1 файл

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ.doc

— 250.00 Кб (Скачать)

Президент, сондай-ақ адам мен азаматтың саяси, әлеуметтік-экономикалық және жеке құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды көздейтін жеке құқықтық актілер шығарады. Атап айтқанда, Президент республика азаматтығын, саяси баспана беру мәселелерін шешеді, республиканың мемлекеттік наградаларын, құрметті және өзге де атақтар береді. Президент ауыр қылмысы үшін сотталғандарға кешірім жасайды.

Президент тыйым салуды, сондай-ақ Парламенттің азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзатын заңдар қабылдамауы үшін пайдаланады. Қазақстан Республикасының демократиялық институттарына, азаматарының қауіпсіздігіне ерекше қатер төнген жағдайда Президент қалыптасқан жағдайға орай шаралар қабылдауға құқықты.Президент Қазақстанның бүкіл аумағына және оның жекелеген аймақтарына төтенше жағдай енгізіп, Қарулы Күшті қолдана алады.

Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан консультативті-кеңесші орган ретінде адам құқығын қорғау жөніндегі комиссия құрылды. Комиссияның басты міндеті Президенттің конституциялық мәртебесі – оның адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдігін, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету және қорғау тетігін жеңілдетуді жүзеге асыруына ықпал ету болып табылады. Комиссия бұл міндеттерді орындау мақсатында мемлекет басшысының және комиссияның атына адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтары бойынша жолдаған өтініштерін қарайды, адам құқының сақталуы туралы жыл сайын баяндамалар жасайды, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету механизмін жетілдіру туралы ұсыныстар және т.б. әзірлейді.

Парламент те адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру мен қорғауға кепілдік беретін маңызды мемлекеттік институттардың бірі. Парламент мұны, негізінен, заң шығару қызметі арқылы жүзеге асырады, онда Парламенттің конституциялық өкілеттігі айқын көрінген. Парламент жеке тұлғалардың құқықтық субьектілігіне, азаматтық құқықтар мен бостандықтарға, жеке тұлғалардың жауаптылығына қатысты негізгі принциптер мен нормаларды; жергілікті өзін-өзі басқару органдарын құру мен қызметінің негіздерін белгілейтін маңызды қоғамдық қатынастарды реттеуші заңдар шығарады. Тиісінше, адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтары жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастардың негізгі салалары Парламент қабылдайтын заңдар арқылы реттеледі.

Сот, ішкі істер, ұлттық қауіпсіздік органдары адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын ұйымдастыру мен қорғауға ықпал ететін органдар болып табылады.

Адамның құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін маңызды Қазақстан Республикасының «Күзет қызметі туралы» (2000 жылғы 19 қазандағы Заңы ). Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағындағы күзет қызметінің құқықтық негіздерін белгілейді.

Күзет қызметінің негізгі міндеттері:

1) жеке адамдардың өмірі мен денсаулығын қылмыстық және өзге де құқыққа қайшы қол сұғушылықтан қорғау;

2) жеке және заңды тұлғалардың мүлкін құқыққа қайшы қол сұғушылықтардан қорғау болып табылады.

Қазақстан Республикасында адам және азамат құқықтары мен еркіндіктерін қорғаудың маңызды және жаңа институты Омбудсмен институты болып саналады. Әлемдік практикаға назар салатын болсақ, Омбудсмен институтының жеке адамның құқықтарын эффективті қорғайтын басқару аппаратының қызметіне бақылауды жүзеге асыратын органның жүйесінде маңызды орын алады. Омбудсмен институтының қызметі және мазмұны мемлекет пен азамат арасындағы, билік үстіндегі тұлғалар мен билікке бағынатын тұлғалар арасындағы жаңа қатынастарды орнатты. Бұл институт атқарушы билік қызметінің құқықтық негізін және заңдылығын нығайтуға маңызды фактор болып табылады. Әртүрлі елдерде ол әрқалай аталады, мысалы: омбудсмен, проведор, медиатор, өкілетті және тағы басқа. Бұл институттың, лауазымның жалпы қабылданған атауы – Омбудсмен. Бұл лауазым алғашқы кезде 1809 жылы Швецияда бекітілді, ол «парламенттік Омбудсмен» деп аталады. XVIII-XIX ғасырда қоғамдағы өзгерістерге байланысты Швецияда конституциялық нормалар пайда болды. Корольдің кең өкілеттіктерін парламенттік өкілеттіктерімен тепе-тең ету үшін парламентке арнайы парламенттік комиссарды (Омбудсменді) сайлауға құқығы берілді. Парламенттік комиссар (Омбудсмен) соттардың және билік органдарының парламенттің заң актілерін сақтауын қадағалауды жүзеге асырды. Омбудсмен институтына атқарушы биліктің және басқа органдардың қызметіне конституциялық басқаруды жүзеге асыру, сонымен бірге азаматтардың құқықтарын әкімшілік басынушылықтан қорғауды жетілдіру функциялары берілген.

Мемлекеттік-құқықтық мағынада қарағанда омбудсмен азаматтардың құқықтарын қорғауға парламентпен өкілет берілген, сондай-ақ барлық мемлекеттік лауазымды тұлғаларға кең қадағалау формасында жанама түрде парламенттік бақылауды жүзеге асыратын, бірақ мемлекеттік лауазымды тұлғалардың қабылдаған шешімдерін өзгертуге құқығы жоқ сенімді тәуелсіз тұлға болып табылады.

Осы лауазымды бекіту идеясы кеңінен тарала бастады. Парламенттік өкілетті институтын бекіткен екінші ел болып Финляндия саналады. Омбудсмен институты 1919 жылы бекітілді. Кейінірек бұл институт Данияда, Норвегияда, Жаңа Зеландияда, Францяда, Ұлыбританияда және т.б. елдерде құрылды. Омбудсмен институтын құру идеясы Еуропаны, Американың, зияның, Африканың көптеген елдерде кең тарды (унитарлы мемлекеттерде және федерацияларда).[13.113б.]

Омбудсмен институтының қалыптасуына байланысты халықаралық пікір сайыстар өткізуіне бастады. Бақылау жүйесі дамыған елдердің өзінде адамдардың және азаматтардың құқықтарын және еркіндіктерін жария құқықтық қорғау құралдарының қажет екендігі байқалады. Сондықтан әкімшілік әділет жүйесі жақсы дамыған Франция елі 1973 жылы медиатор (Омбудсмен) лауазымын бекітті.

Тәжірибе көрсеткендей, бұл институтта деген қажеттілік мемлекеттегі институттар барлық бақылау міндеттерін орындай алмаған кезде және азамат құқықтары әкімшілік билік тарапынан туындаған заң бұзушылықтан қосымша қорғау қажеттілігі туындаған кезде пайда болады. Мемлекеттік және әкімшілік қызметтер кеңеюі билік және азамат арасында қарама-қайшы мүдделер пайда болуына әкеп соқтырады. Осыған орай, мемлекеттік аппарат қызметкерлерінің саны көбейді, көптеген құқықтық нормалар шығарылды, әкімшілік соттарда істердің қаралуы көбейе түседі және т.б. Осыған байланысты азаматтар күн сайын әкімшілік және басқа бюрократиялық органдарының кері әсерлеріне тап болады. Сондықтан азаматтар наразы болып, мемлекетке сенімсіздік таныта бастайды. Сөйтіп мемлекеттің қоғам өмірінің барлық салаларына араласуына, қол сұғуына, әкімшілік аппараттың өсуіне байланысты (құқық негізінде қызмет етсе де, абайсыз азаматқа қысым жасауы мүмкін) Омбудсмен институтын конституциялық саяси жүйеге кіргізу өте маңызды болып саналады. Бұл процесті қазіргі кезде бірқатар елдерден көруге болады.

 

 

2.3 Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғау жөніндегі 

өкілетті органдар

 

Адам құқықтары – халықаралық құқықтың саласы, негізгі азаматтық, саяси, экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар мен адам бостандығын қалыптастыратын нормалардың жиынтығын және жеке құқықтар мен бостандықтардың дұрыс орындалуын көздейтін құқықтық-ұйымдастыру тетіктері.

Халықаралық құқықтың бұл саласының өзгешелігі – дүние жүзі қауымдастығының адам құқықтары мен бостандықтары бұзылған жағдайда мемлекеттің ішкі жұмысына араласа алуы.

Әмбебап сипаттағы көпжақты келісімдер, аймақтық келісімдер, екіжақты келісімдер халықаралық әдет-ғұрыптар адам құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету мәселесі бойынша тікелей немесе жанама мамандандырылған халықаралық ұйымдардың шешімдері халықаралық құқықтың қайнар көзі болып табылады.

Халықаралық іс қағаздарда белгіленген адам құқықтары каталогы ұзақ тарихи қалыптасудың эталондары мен стандарттардың нәтижесі болып, қазіргі демократияның нормасы ретінде қалыптасты. Тұлға мен билік арасындағы қарым-қатынастардың әдістері мыңдаған жылдар бойы назарда болды. Қоғам прогресі мен адамның дамуы, бостандық жолында мемлекеттің тұтас билігін тежеу талпынысы, мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың өктемдік іс-әрекетінен адамдарды сақтау, тұлғаға барынша өз тағдырын өзі шешуге кең түрде мүмкіншілік беру айқын көріне бастады.

Әрбір адам туылғаннан бастап белгілі бір мөлшердегі (материалдық және рухани) ажыратылмас құқықтарға ие, ол құқықтарды қамтамасыз ету үшін қоғам мен мемлекет жәрдемдесуі тиіс. Әрқашан да бұл игіліктердің мөлшері материалдық өндіріс жүйесінде тұлғаның қоғамдағы әлеуметтік құрылымында алатын орнымен анықталады. Қоғам дамуының әр сатыларныдағы күрт өзгерістер, өркениет өзгешелігі, формальды теңдік қағидасына негізделген адам құқықтарына қазіргідей жан-жақтылық белгісін берген жоқ.

V-VI ғасырларда ежелгі полюстерде демократия идеясы мен азаматтық қағидалары алғаш рет дүниеге келген жерде (Афина, Рим) адам құқықтары тұжырымдамасының пайда болуы прогресс пен бостандық жолындағы үлкен қозғалыс болды.

Ежелгі полюсте азаматтық пен саяси құқықтар байланысты болды: бостандық, мемлекеттік істерді шешуге арналған құқық, әділеттілікті орнатуға қатысу құқығы және т.б. Сонымен қатар, мұндай құқықтарды қара жұмыспен айналыспаған адам ғана иеленеді.

Азаматтықтың ежелгі полюстерде шектеулілігіне қарамастан, мұндай институт тек мәдениеттің жұмыс істеуі мен дамуының бір құралы болып табылады.

Алғашқы кезде заңның құнына, заңдылыққа ерекше көңіл бөлген азаматтық туралы, адам құқықтары туралы ұғым, әр азаматтың полюске деген қамқорлығы теория жүзінде пайда бола бастады (Платон, Сократ, Аристотель, Перикл және басқалар). Келесі қоғамның дамуы адам құқықтары мен заңның үстемдігі бір-бірімен тығыз байланысты екенін көрсетті. Бұл ежелгі ойшылдардың мемлекеттік, бостандық және ізгілік бағытындағы үдемелі дамуының белгісі болды. Тарихи дамудың баспалдағы адам құқықтарына жаңа қасиет бере отыра, субьектілердің жаңа таптарына таратылды. Бұл таптардың, сословиелердің өз құқықтары үшін, бостандықтары үшін кеңеюі және баюы үшін болған күрестің нәтижесі еді.

Гуманистік игіліктің алтын қорына енген адам құқықтары тұңғыш рет Ұлы бостандық хартиясында (1215ж.) мазмұндалып, ағылшындардың құқықтары туралы билльмен (1689ж.), Егемендік декларациясымен (1776ж.), американдықтардың Құқықтар туралы билльмен және адам мен азаматтардың құқықтары декларациясымен дамытылды.

Бұл игіліктердің генезисін көре тұра, адамдардың табиғи құқықтарын оқып зерттеуге талпыныс берген ежелгі гректердің философиясын, әлеуметтік әділдік пен теңдіктің жорамалдарын қозғаған реформация мен білімпаздықтың кезеңіндегі постулаттарды еске түсірмеуге болмайды.

1919 жылы Ұлттар Лигасының жарғысы адам құқықтарын жинайтын жалпы ережелерді қосқан жоқ. Ол кезде адам құқықтарын халықаралық түрде қорғау туралы ойды Ұлттар Қауымдастығы мойындаған жоқ еді, сонымен қатар ол келісімнің құрастырушылары оған үлкен мән берген жоқ. Бірақ ол келісімде адам құқықтары туралы халықаралық заңдардың дамуына әсер ететін екі ереже болды (22 және 23-баптар).

22-бапқа сәйкес, Ұлттар Лигасының жарғысымен Лига мандаттарының жүйесі құрылды. Бұл ереже тек Бірінші Дүниежүзілік соғыста жеңілген, бұрынға отар мемлекеттер Лигаға тәуелді аумақтар болып қайта құрылып, ол мемлекеттердің басқаруын жеңуші державаларға берді, ол өз кезегінде жыл сайын Лигаға олардың міндеттерді қалай орындағаны жөнінде баяндайтын.

Ұлттар Лигасы жарғысының 23-бабы әйелдерге, ерлерге және балаларға әділетті және адамгершілікті жұмыспен қамтамасыз етуге қатысты мәселелерге арналған. Сонымен қатар, бұл бап айтылған мақсаттарға жету үшін, халықаралық ұйымдарды құруды көздейді. Бұл қызметті Ұлттар Лигасы құрылған уақытта құрылған Халықаралық еңбек ұйымы (МОТ) өзіне алды. ХЕҰ-ның заң шығару міндеті және оның құрған халықаралық еңбек стандарттарын қадағалайтын жүйе еңбек шарттарымен адам құқықтары туралы халықаралық заңдардың дамуына үлкен үлес қосты.

Ұлттар Лигасы азшылықтың құқықтарын қорғайтын жүйенің дамуында үлкен рөл атқарды. Ұлттар Лигасының жарғысында бұл мәселе қарастырылған жоқ. Бұл өкілеттілікті Ұлттар Лигасы бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі қол қойылған келісімдер арқылы алды.[14126б.]

Сол соғыстың салдарының бірі, Еуропа мен Таяу Шығыстың саяси картасының өзгеруі болды. Жаңа мемлекеттер пайда болып, көптеген мемлекеттер өз тәуелсіздігін алды. Көпшілікте олардың құрамына этникалық, тілдес және мәдени азшылықтар кірді. Жаңа саяси тәртіптің болуы  олардың мәдени өмір сүруіне қауіп-қатер туғызады деген байсалды, тарихи күмән болды. Сол үшін жеңуші державалар одағының өкілеттіліктері, жаңа мемлекеттерді өздерінің этникалық, тілдік, діни құқықтарын қорғайтын арнайы келісім-шартқа қол қоюды кеуделеді. Бұндай келісім-шарттарға қол қойылды. Азшылықтың құқықтарын қорғайтын жүйені қолданатын мемлекеттер азшылық жөніндегі кемсітушілікке жол бермеуге, азшылықтың этникалық, діни, тілдес бірлестігін сақтап қалу үшін ерекше құқықтар беруге міндеттенеді.

Ұлттар Лигасының келісімі бойынша екі жақ өз міндеттерінің орындалуына кепіл берді.

Азшылықтың құқықтарын қорғайтын жүйе Ұлттар Лигасымен бірге жойылды.

Халықаралық құқықтардың ішінде түрлі топтардың құқықтарын қорғайтын институттар мен доктриналар пайда болды. Халықаралық құқықтардың бұл аспектілерінің теория мен іс жүзінде қолданылуы, адам құқықтарының дамуына концептуалды және институционалды негіздер қалады.

Қазіргі адам құқықтары туралы заңдар екінші Дүниежүзілік соғыстан кейін пайда болды. Халықаралық қауымдастықтың мұндай заңдарды қабылдауына түрткі болған Гитлер заманындағы адам құқықтарының жан түршігерліктей бұзылуы еді. Бірақ, БҰҰ-ның жарғысында жазылған адам құқықтары туралы ережелер әскери уақыттың сенімін ақтаған жоқ. Мұндай нәтижені күтуге болатын еді, өйткені әрбір Ұлы державаның адам құқықтары туралы маңызды мәселелері болды. КСРО-да ГУЛАГ, АҚШ-та нәсілдік кемсітушілік, Ұлыбритания мен Францияда – отар иеліктері болды. Сондықтан олар адам құқықтарын орындауға және қорғауға көп көңіл бөлді. Бұл мемлекеттер жарғының зерттелуін қолдаған жоқ еді, өйткені жарғы, кейбір кіші демократиялық мемлекеттер қолдаған, адам құқықтарын жақтайтын халықаралық жүйенің құрылуына алып баратын еді.

Информация о работе Адам мен азамат жағдайының