Адам мен азамат жағдайының

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2012 в 11:20, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық ретінде мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының өктемдігінің жолында тосқауыл болуға, мемлекеттің қоғамды шексіз билеп-төстеуіне кедергі қоюға тиіс.
Адамның құқықтары – бүкіл адамзаттың ажырамас, бөлінбес игілігі. Бұл дүниеде қандай да оқиғалар мен әрекеттер орын алмасын, қандай да ғылыми жаңалықтар ашылмасын, олар адамның жағдайына, оның құқықтары мен бостандықтарына жағымсыз әсер етпеуге тиіс. Қоғамдық процестердің дамуында құндылық бағдар адам құқықтарын ұлағаттаған дүниежүзілік және ұлттық дамудың барлық процестерін адаммен өлшеудің мәні осында.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

I Адам мен азамат жағдайының Қазақстан Республикасындағы конституциялық негіздері
1.1 Қазақстан Республикасы заңдары бойынша азаматтық ұғымы, оны алу және жою.................................................................................................................5
1.2 Адам мен азаматтың Конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі...................................................................................................11

II Адам құқықтарын қорғаудың тетіктері
2.1 Құқық қорғау органдарының адам құқын қорғаудағы ролі........................16
2.2 Адам құқықтары мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастыру................................................................................21
2.3Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғау жөніндегі өкілетті органдар..................................................................................................................26

Қорытынды............................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................36

Работа содержит 1 файл

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ.doc

— 250.00 Кб (Скачать)

Бірақ БҰҰ-ның жарғысы қазіргі адам құқықтары туралы заңдардың тұжырымды және заңды негізін қалады. Сонымен БҰҰ-ның жарғысында жазылған мақсаттардың бірі экономикалық, әлеуметтік, мәдени, гуманитарлық мәселелрді шешуде, нәсілі, жынысы, тілі, діні жағынан бөлмей, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарын қолдап, құрметтеуде бірге жұмыс істеу болып табылады.

БҰҰ жарғысы адам құқықтары мәселесін интернационалдандырды, басқаша айтқанда, әр мемлекет көп жақты келісім болып табылатын жарғыға қосылғанда адам құқықтары туралы мәселелерді мемлекеттің ішкі ісі деп қарамай, халықаралық мәселе болып табылатынын мойындады.

БҰҰ-ның мүше мемлекеттерінің 56-бапқа сәйкес, адам құқықтары мен негізгі бостандықтарының дамуына атсалысудағы міндеттерді және мүше мемлекеттердің ұйыммен қарым-қатынас жасауы БҰҰ-ға бұл заңдарға анықтама беруге және кодификациялауға керекті заңды өкілдік береді.

Адам құқықтары туралы халықаралық билльдің және қазіргі қолданылатын адам құқықтарын қорғайтын көптеген келісімдердің қабылдануы осындай атсалысудың нәтижесі болды.

Бұдан әрі қарай, БҰҰ өзінің өмір сүруі барысында, адам құқықтарының дамуы жөнінде, БҰҰ мүшелерінің міндеттерін көрсетіп, оларды ұлғайтып, жарғының ережелеріне сәйкес адам құқықтарының орындалуын қадағалайтын институттарды құрай алды. Бұл институттар: БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі комиссиясы, азшылықты қорғап, кемсітушіліктің алдын алу жөніндегі шағын комиссия, әйелдердің әл-ауқаты және жоғарғы комиссардың адам құқықтарын басқару туралы комиссиясы.

Адам құқықтары жөніндегі комиссия Экономикалық және әлеуметтік кеңестің қамқорлығында жұмыс істейді. Ол мынадай мәселелрмен шұғылданады: ЭКОСОС-қа зерттеулер жүргізіп, баяндамалар дайындайды, конвенциялар мен декларациялардың жобасын дайындауды және адам құқықтары жөнінде басқа да жұмыстармен айналысады.

Адам құқықтары жөніндегі комиссия БҰҰ-ның күн тәртібін кеңейтуде үлкен рөл атқарып, адам құқықтарын бұзушылықпен күресуде жаңа халықаралық тәсілдерді қолданды (нақты жағдайлар және мемлекеттер бойынша мандат берілген жұмысшы топтардың және баяндамашылардың торабын ұлғайту). Халықаралық қауымдастықтың күн тәртібіндегі маңызды мәселелердің бірі – адам құқықтарының қорғалуы болуы, сонымен қатар адам құқықтары туралы БҰҰ жарғысы ережесінің қолданылуының кеңейтілуі – бұл комиссияның зор еңбегі.

Азшылықты қорғап, кемсітушіліктің алдын алу жөніндегі шағын комиссия 1946жылы құрылды. Ол мынадай қызметтерді жүзеге асырумен айналысады:

       1.Адам құқықтары мен нәсілдік, ұлттық, діни және тілдес азшылықты қорғауға байланысты адам құқықтары жөніндегі комиссияға сипаттама беру және зерттеулерге кірісу.

       2. ЭКОСОС немесе адам құқықтары жөніндегі комиссияның кез келген басқа да жұмыстарын атқару.

Шағын комиссияның құрамына 26 сарапшы кіреді. Шағын комиссия жылына бір рет сессия өткізеді. Оның басқа жоғарыда айтылған адам құқықтары туралы БҰҰ институттарынан негізгі айырмашылығы, ол өз үкіметінің атынан жұмыс істемей, комиссия мүшелері өз беттерінше бөлек жұмыс істейді.

Әйелдердің әл-ауқаты жөніндегі комиссия 1946 жылы құрылды. Комиссияның қызметі қоғамның барлық салаларындағы әйелдердің құқығы қорғалуының жүзеге асырылуы жөнінде ЭКОСОС-қа баяндама мен ұсыныс дайындау болып табылады. Комиссия мүшелерін (ЭКОСОС) Кеңес 4 жылға сайлайды, олар үкіметтің сарапшылары болып келеді.

Комиссияның қамқорлығымен әйелдердің құқықтарына байланысты көптеген конвенциялар мен декларациялар зерттеліп дайындалды. Мысалы, 1952 жылы Бас Ассамблея. Әйелдердің саяси құқықтары туралы конвенция қабылдады, 1957 жылы Күйеуге тиген әйелдердің азаматтығы туралы конвенция, 1967 жылы Әйелдер жөніндегі кемсітушілікті жою, Әйелдер мен ерлердің заң алдындағы құқықтарының теңдігі және балалар жөніндегі құқық пен міндеттердің теңдігі туралы декларация.

Адам құқықтары туралы жоғарғы комиссар, Адам құқықтары туралы Жоғарғы комиссар басқармасы жетінші қаңтар 1994 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының қарарымен құрылған болатын. Жоғарғы комиссар БҰҰ Бас хатшысының басқаруындағы, БҰҰ-ның адам құқықтары жөніндегі істерді қадағалайтын лауазымды тұлға болып келеді.

Өз міндеттерін орындау барысында жоғарғы комиссар Бас Ассамблеяның, ЭКОСОС және адам құқықтары туралы комиссияның шешімдері мен өкілдіктерінен шықпай жұмыс істейді. Бұл өкілдіктің арқасында жоғарғы комиссар бүкіл дүние жүзінде адам құқықтары туралы кез келген мәселені ашып, адам құқықтарының бұзылмауы үшін күш салады.

Жоғарғы комиссар лауазымының құрылуы БҰҰ-ның адам құқықтарының бұзылуымен күресудегі үлкен қадам болып табылады.

БҰҰ Жарғысының адам құқықтары туралы ережелеріне толықтыру болып келетін адам құқықтары туралы Билль адам құқықтарының жалпы декларациясынан, адам құқықтары туралы екі пактіден және азаматтық саяси Пактіге арналған екі факультативті хаттамадан тұрады.

Адам құқықтарының жалпы декларациясы. Сан-Францискода өткен конференцияда БҰҰ жарғысына «адамдардың негізгі декларациясын» қосу туралы пікірлер айтылған, бірақ олар қабылданған жоқ. Бұл мәселе БҰҰ-ның бірінші жиналысында қайта көтерілген болатын. Осыдан кейін, адам құқықтары туралы қайта құрылған комиссияға Адам құқықтары туралы халықаралық бильді дайындау берілді. Комиссия декларацияны заңды міндеттемелік келісімге қарағанда кепілдемелі түрде қабылдау оңай болатынын түсінді. Сондықтан ол бірінші деклерациямен, одан соң бір немесе бірнеше келісімнің жобасымен жұмыс істеу туралы шешім қабылдады. Бұл жұмыстың нәтижесінде жалпыға бірдей құқықтар декларациясы жасалды. Ол декларацияны БҰҰ Бас Ассамблеясы 1948 жылы 10желтоқсанда қабылдады. Бас Ассамблея бұл күнді Адам құқықтары күні деп тағайындады.

Декларация бір қағидаттар мен нормалардың басқа қағидаттар мен нормаларға бағынуын айта келіп, адамның әр құқығы бөлек және маңызды игілік болып табылатынын атап көрсетті. Бұл құжатта көрсетілген тұлғаның құқықтары мен бостандықтарын жеке адамның құқықтары мен бостандықтары, азаматтық және саяси құқықтар, әлеуметтік-экономикалық, мәдени құқықтар етіп топтастыруға болады.

Декларация бостандық пен теңдік, кемсітушілікке жол бермеу, тұлғаның ар-намысын құрметтеу қағидаттарын бекітуден басталады. Бірінші баптардан бастап: өмір сүру құқығы, бостандық құқығы, жеке адамның дербес құқығы, тұлғаның өмірінің қорғалуын жариялап, адам құқықтарының заңды кепілдігі, әділеттіліктің ресімдік кепілдігі, тұлғаны қинап, аяусыз қарауға тыйым салынады. Жоғарыда айтылған құқықтар дербес құқықтар мен бостандықтардың тобын құрайды.

Тұрғын орынды таңдау және көшіп-қону құқығы, ар бостандығы, ой мен көз-қарас бостандығы, мемлекеттік билік органдарына сайлану және сайлау құқығы, азаматтық құқық Жалпыға бірдей декларацияның 6,13-21-баптарында азаматтың және саяси бостандықтарын құрайды.

Әлеуметтік-экономикалық құқықтарға Жалпыға бірдей декларация мынадай құқықтарды жатқызады: еңбек құқығы, жұмыссыздықтан қорғалу құқығы, еңбек үшін әділ ақы төлеу құқығы, демалыс алу және демалу құқығы, білім алу құқығы, әлеуметтік қамтамасыз етілу құқығы. Бұл құқықтар декларацияның 22, 28-баптарда көрсетілген. Жалпыға бірдей декларацияны қабылдау халықаралық қатынастардың жаңа бір кезеңі болды. Жалпыға бірдей декларация БҰҰ Бас Ассамблеяның қарары ретінде қабылданды, сондықтан БҰҰ жарғысына сәйкес кепілдемелі түрде жазылған. Бірақ оның ережелеріне баға беруде, халақаралық құқықта келісімдермен бірге заң шығару процесінде, мемлекеттердің халықаралық практикасында дәстүрдің пайда болуы, кейінен міндетті нормаға айналатынын ескеру керек. Осыған ұқсас, қазіргі кезде Жалпыға бірдей декларацияда көрсетілген құқықтар мен бостандықтар, заңды міндетті немесе келісімді нормалар ретінде қарастырылады.

Жалпыға бірдей декларацияны қабылдғаннан кейін, Бас Ассамблея Адам құқықтары комиссиясына адам құқықтары туралы екі пакт дайындауды ұсынды. Бұл мемлекеттер құқықтары кешендерінің заңды міндеттемелігінің әр қалай түсінуіне байланысты болды. Мысалы, АҚШ және БҰҰ мүшелігіндегі кейбір мемлекеттер азаматтық және саяси құқықтардың барлық мемлекеттермен жедел және міндетті түрде орындалуын, ал әлеуметтік-экономикалық және мәдени құқықтардың стандарт ретінде қойылып, оларға жету үшін Экономикалық дамуына байланысты әрқашан тырысу керек деп түсінді. Бұндай түсінік ол кезде басым болды. Соған байланысты Бас Ассамблея 1966 жылы 16 желтоқсанда екі келісім қабылдады – Азаматтық және саяси құқықтар туралы  пакт және экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар туралы пакт. Одан кейін бұл пактілердің күшіне енуі үшін 35 мемлекет саны жиналып, біткенше 10 жыл өтті.[15.95б.]

Пактілерде көрсетілген құқықтардың жиынтығын түрлі талқылауға қарамастан, халықаралық келісімдердің кіріспесінде азаматтық, саяси, әлеуметтік-экономикалық құқықтардың бір-бірімен тығыз байланысты екені жазылған. Пактілерде мәселелердің негізіне байланысты бірнеше жалпы ережелер көрсетілген. Осылайша екі пактінің 1.1-баптарында «әр халықтың өзін-өзі анықтау құқығы бар» деп жазылған. Екі құжаттың да 1.2-баптарында «әр халықтың өз табиғи ресурстарын еркін пайдалану құқығы бар» екені көрсетілді. Екі құжатта да адамдарды нәсілі жағынан, жынысына немесе тіліне, терісінің түсіне байланысты, саяси, идеологиялық, діни себебімен, шығу тегіне, туылуына, мүліктік жағдайына байланысты кемсітушілікке жол берілмейді.

Келісім бола отыра, пактілер мемлекеттерге заңды міндеттер туғызады. Әр пакт мемлекеттердің өздеріне алған міндеттерін орындау үшін, келісімді сақтау үшін, халықаралық жүйені құрайды.

Саяси және азаматтық құқықтар туралы Пакт. Бұл Пактіде жазылған  саяси және азаматтық құқықтар заң жүзінде талданып жазылған. Жалпыға бірдей адам құқықтары туралы декларациясында Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактісіне айтылмаған құқықтар жарияланады, олардың ішінде жеке меншікті иелену құқығы, саяси баспана сұрау және саяси баспана алу құқығы, сонымен қатар азаматтықты иелену құқығы. Жеке меншік иелену құқығының пактіге кірмеген себебі, БҰҰ –дағы идеологиялық және саяси блоктардың жеке меншіктің анықтамасы мен шекарасы туралы бір ойға келе алмағандықтарынан болды.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіні Адам құқықтары жөніндегі комитет құрып бекіткен, келісім бойынша мүше мемлекеттердің өздеріне алған міндеттернің орындалуын қамтамасыз ететін түрлі міндеттер белгіленген. Бұл міндеттер пактіде көзделген баяндамалар жүйесі мен өтініштерді қарастыратын және мемлекетаралық механизмдерді басқарудан тұратын.

Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар туралы Пакт. Бұл Пактіде Жалпыға бірдей декларацияға қарағанда экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтардың тізбегі көбірек және толықтау көрсетілген. Пакт келесі құқықарды мойындайды: еңбек құқығы; әділетті және қолайлы еңбекке құқық; кәсіподақ құру мен мүше болу құқығы; әлеуметтік қамтамасыз етілу құқығы және әлеуметтік сақтандыру құқығы; отбасын қорғау құқығы; тән және жан саулығында ең жоғары табысқа жету құқығы; мәдени өмірге қатысу құқығы.

Пактіде бұл құқықтар тек аталып қоймай, түсіндіріліп, анықталып, жазылып, сондай-ақ бұл құқықтар іске асу үшін қандай іс-әрекеттер жасау керек екені көрсетілді. Сонымен қатар, адам құқықтарының іске асырылуы мемлекеттің ресурстарымен тығыз байланысып, бірте-бірте орындалатыны құқықтардың маңызды аспектілері болғанын айта кету керек. Бұндай міндеттердің тұжырымы нақты мазмұнын жоғалтып, заңды талаптан гөрі, тілекті көрсетеді. Мемлекеттер Пактінің ережелерін орындамаған жағдайда әлеуметтік және экономикалық құқықтардың бірте-бірте орындалуына және оларды іс жүзіне асыру үшін, қазіргі кезде ресурстардың жоқтығын әрқашан себеп етеді.

Пактінің орындалуын қадағалау 1985 жылы ЭКОСОС пен құрылған экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар комитетіне берілген. Комитеттің қолайлы жұмыс жасауы, имплементалды (халықаралық құқық актілерін мемлекеттік құқық ішіне ендіру) механизмдердің жоқтығымен қиындатылды. Қазіргі кезде Пактіге толықтыру ретінде хаттама жасалды, бірақ ол әлі бекітілген жоқ. Бұл хаттамаға сәйкес комитет құқықтардың орындалуына жасалып жатқан шаралар туралы мүше мемлекеттердің баяндамаларын ғана қарастырмай, жеке және мемлекетаралық шағымдарды қарастырады.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіге факультативті хаттама. Бұл келісім бөлек құжат ретінде қабылданып, азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактінің іске асырылуын қамтамасыз ететін қосымша шараларды толықтырады. Ол Пактінің бұзылуының құрбаны болдым деген жеке тараптарға, Адам құқықтары туралы комитетке жеке шағым беруге мүмкіншілік береді. Шағымдар тек пактіні мойындаған мемлекеттерге қарсы беріле алады.

Азаматтық және саяси құқықтар туралы Пактіге екінші факультативті хаттама. Ол 1989 жылы 15 желтоқсанда қол қойылу үшін ашылып, 1991 жылы 1 шілдесінде күшіне енді. Хаттаманың талаптарына байланысты оны азаматтық және саяси құқықтар туралы пактіге толықтыру ретінде қарастырады. Ол өлім жазасына арналған. Бұл хаттаманы мойындаған мемлекет юрисдикциясында жатқан аумақта өлім жазасын қолданбауға мүмкіндігінше шара қолдануы керек.

                                         

 

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Тақырыпты қорытындылай келе Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған күннен-ақ құқықтық мемлекет құру идеясын қабылдады. Құқыққа мойын ұсынып, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуді алдына мақсат етіп қойған мемлекет осылай сипатталады. Ұлттық құқық жүйесін дамытып, оның толыққанды жұмыс істеуі үшін 1995 жылғы 30 тамызда бүкілхалықтық референдумда қабылданған жаңа Конституция содан бергі мерзімде елімізде экономикалық және әлеуметтік, саяси реформаларды жүзеге асырып, қоғамды демократияландыру ісінде өзінің жасампаздық әлеуетімен Қазақстан халқына қызмет етіп келеді. Егемен еліміздің жаңа негізгі заңының қабылдануы жаңа мыңжылдық табалдырығында Қазақстан тарихындағы атаулы оқиға болып, тәуелсіз мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа сатысына негіз салды. Тап осы Конституцияны ел тарихындағы идеялар көрініс тапқан, әрі халықаралық деңгейге сай биік межедегі заң деуге толық негіз бар.

Қазақстан Республикасының Конституциясы адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалу деңгейі жағынан халықаралық стандарттардың барлық талабына жауап береді. Онда бекітілген адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары заңдардың қолданылуының, мемлекеттік билік органдары мен олардың лауазымды адамдары қызметінің мағынасы мен мазмұнын анықтайды.

Информация о работе Адам мен азамат жағдайының