Адам мен азамат жағдайының

Автор: Пользователь скрыл имя, 30 Марта 2012 в 11:20, курсовая работа

Описание работы

Тақырыптың өзектілігі: Адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары жоғары құндылық ретінде мемлекеттің, оның органдары мен лауазымды тұлғаларының өктемдігінің жолында тосқауыл болуға, мемлекеттің қоғамды шексіз билеп-төстеуіне кедергі қоюға тиіс.
Адамның құқықтары – бүкіл адамзаттың ажырамас, бөлінбес игілігі. Бұл дүниеде қандай да оқиғалар мен әрекеттер орын алмасын, қандай да ғылыми жаңалықтар ашылмасын, олар адамның жағдайына, оның құқықтары мен бостандықтарына жағымсыз әсер етпеуге тиіс. Қоғамдық процестердің дамуында құндылық бағдар адам құқықтарын ұлағаттаған дүниежүзілік және ұлттық дамудың барлық процестерін адаммен өлшеудің мәні осында.

Содержание

Кіріспе.....................................................................................................................3

I Адам мен азамат жағдайының Қазақстан Республикасындағы конституциялық негіздері
1.1 Қазақстан Республикасы заңдары бойынша азаматтық ұғымы, оны алу және жою.................................................................................................................5
1.2 Адам мен азаматтың Конституциялық құқықтары, бостандықтары мен міндеттері жүйесі...................................................................................................11

II Адам құқықтарын қорғаудың тетіктері
2.1 Құқық қорғау органдарының адам құқын қорғаудағы ролі........................16
2.2 Адам құқықтары мен азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастыру................................................................................21
2.3Қазақстан Республикасындағы адам құқығын қорғау жөніндегі өкілетті органдар..................................................................................................................26

Қорытынды............................................................................................................34
Қолданылған әдебиеттер......................................................................................36

Работа содержит 1 файл

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУДЫҢ ТЕТІКТЕРІ.doc

— 250.00 Кб (Скачать)

Комиссия төрағасы мен мүшесі оның жұмысына қоғамдық негізде қатысады.

Комиссия төрағасы Комиссияға жалпы басшылықты жүзеге асырады, Комиссия хатшысы мен мүшелеріне тапсырмалар беріп, оның отырыстарының күн тәртібін белгілейді.

Комиссияның қызметтік құжаттарына, ұсынымдары мен қорытындыларына қол қояды, адам құқықтары мен бостандықтарына қатысты кеңестерге қатысады;

Қазақстан Республикасының Президентіне Комиссия қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді.

       Комиссия төрағасы орнында болмағанда, Комиссияның қызметтік құжаттарын, ұсынымдары мен қорытындыларына оның хатшысы қол қояды.

Комиссияның отырыстарын оның төрағасы қажеттігіне қарай, бірақ тоқсанына кемінде бір рет шақырады. Комиссия отырыстарына оның мүшелерінің жартысынан астамы қатысса, құқылы болып саналады.

Комиссия төрағасы орнында болмағанда, оның отырыстарында Комиссия хатшысы төрағалық етеді.

Комиссияның қызметін ақпараттық - талдау және ұйымдық қамтамасыз етуді Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің құрамына кіретін хатшылығы жүзеге асырады.

Комиссия хатшылығы адам құқықтары мәселелері құзырында болатын облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен республика астанасының әкімдері аппаратарының лауазымды адамдарына ұйымдастыру әдістемелік, ақпараттық және өзге де көмек көрсетеді.

Сараптама – талдау зерттеулерін жүргізу үшін Комиссия жанынан ғылыми мекемелер, білім беру ұйымдары мен үкіметтік емес ұйымда өкілдерінен қоғамдық негізде жұмыс істейтін сарапшылық кеңес құрылады.Сарапшылық кеңес құрамы Комиссия отырыстарында бекітіледі.

Адам құқықтары аясындағы Қазақстандық заң базасы адам мен азаматтың негізгі құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен іске асырылу тәжірибесін қамтамасыз етілуін төрт деңгейге бөлуге болатындығын көрсетті. [9.87б.]

Бірінші деңгей (халықаралық) – адам құқы аясындағы халықаралық ұйымдар (БҰҰ, Еуропалық Кеңес, т.б.) шегінде қабылданған халықаралық шарттардағы, келісімдердегі және өзге де құжаттардағы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен іске асырылу кепілдігін қамамасыз ету, егер де оның мүшесі болып саналатын ел осы құжатарды таныса, бекітсе.

Адам құқықтары туралы конвенцияларға Қазақстан қосылуына қарамастан, қазіргі уақытта бұл халықаралық шарттар тікелей сот практикасында қолданылмайды десеке те болады, ал ұлттық заңдар толық көлемде олар мен сәйкестендірілмеген. Сондықтан Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттар нормаларына адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін пайдаланылуы әзірше мардымсыз.

Қазақстан Республикасының Конституциясының 4-бабына сәйкес, оның ең жоғары заңдық күші бар және Республиканың бүкіл аумағында ол тікелей қолданылады, - делінген. Сөйтіп екінші (Конституциялық) денгейде Қазақстанда адам құқықтары мен бостандықтарын, қорғау мен іск асырылу кепілдігі Қазақстан Республикасының Конституциясының екінші бөлімінде: «Адам және Азамат» бекітілген нормалардың іс-әрекеттерімен қамтамасыз етілуі тиіс (айталық, 11-39 баптарындағы).

Мұнымен қатар  Конституцияда азаматтардың құқықтарын қорғау мен сот төрелігін іске асыру принциптерінде қатысты кейбір ережелерімен бірге кінәсіздік принципі де тұжырымдалған.

Адам құқықтары мен бостандықтары мемлекет тарапынан қорғалу кепілдіктерімен олардың іске асырылуы заңдардың мынадай деңгейлеріне: заң шығарушы мен атқарушы биліктердің Конституциялық заңдарына, жай заңдарына, жарлықтарына, қаулыларына және өзге де нормативтік актілеріне тікелей байланысты. Конституциялық нормалардың азаматтық, азаматтық істер жүргізу, қылмыстық істер жүргізу, әкімшілік заңдарында дамытылуы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтуы да , немесе оларды негізсіз шектеуі де мүмкін.

Қолданыстағы ел заңдары, яғни үшінші деңгей (халықаралық және ел конституциясында бекітілген құқықтар мен бостандықтардың қорғалуы мен іске асырылу кепілдіктерін қамтамасыз ету) көп көлемді заңдар мен заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерден тұрады.

Ақырғы, төртінші деңгей (практикалық), мұндағы биліктің атқарушы тармағы заңдарды қалай орындайтындығы, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғау мен сақтау бөлігін кімдер бақылайтындығы, сондай - ақ егер азаматтардың ойынша бұл құқықтар заңдарда немесе құқық қолдану практикасында мақұлданған болса, онда өз құқығын қалпына келтіру үшін азамат қайда, қай органға жүгінуі және бұл қорғаудың қандай рәсімдерінің бар екендігі анықталады.

Қазақстан Республикасында қазіргі кездегі қолданылып жүрген адам құқығы жөніндегі заңдардың басты проблемеларының бірі - оның адам құқығы жөніндегі халықаралық құжаттардағы ұғымдарға, нормалар мен ережелерге сай келмейтіндігі болса, екінші жағынан, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын пайымдайтын заң нормаларына ресми түсініктеме беретін мемлекеттік органдардың болмауы, соның кесірінен, адам өз мұқалаған құқықтарын қалпына келтірілуі туралы оның Конституция нормаларына сәйкестігін білулеріне кейбір жағдайларда мұқтаж болуда.

Мұның өзі адам мен азамат құқықтары мен бостандықтарын қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі конституциялық нормалар мен қағидаларын тиімді қолданылуын көптеген жағдайларда әлсіретеді. Сондықтан Қазақстан Республикасында адам құқығын кез келген бұзушылықтың қорғау жөнінде заңдар жасап, ол өмірге енгізілуі тиіс.[10.6б.]

 

 

 

 

 

 

2.2 Адам құқықтары мен  азаматтардың  конституциялық құқықтары мен бостандықтарын топтастыру

 

Адам құқықтары мен бостандықтары құқықтың ерекше саласы болып табылады. Өйткені оның құрамында адамзаттың ортақ өмір сүруіне қажетті құндылықтар: өмір сүру бостандықтары, жеке автономия және т.б. жинақталған. Бұл құндылықтар адам құқықтарында өзінің нормативті жағынан бекітілген және құқықтық құралдарымен институт арқылы қамтамасыз етілген. Қазақстан әлемдік реформа бағытымен дами отырып адам құқығын ең жоғары құндылық ретінде жариялады және бұл салада халықаралық стандарттарға сүйенеді. Бұл стандарттар Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясында (1948); Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтар жөніндегі халықаралық пакт (1966); Азаматтық және саяси құқықтар жөніндегі халықаралық пакт (1966); Құқықтар мен бостандықтарды қорғау жөніндегі Европалық конвенция (1950); және басқаларда бекітілген. Өкінішке орай еліміз жоғарыда аталған халықаралық құжаттарға қосылмаған.

       ҚР адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау саласында ұлттық заңдылыққа сүйенеді. Қазақстанның халықаралық конвенцияларға қосылуы адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау саласында әлем стандарттарына қол жеткізуінің басты факторы болып табылады.

       Құқықтармен бостандықтарды жариялап қана қою жеткіліксіз, оларды іс жүзінде асыру өте күрделі міндет. Қоғам қазіргі кезде адам құқықтарының табиғи және біртұтастығын енді ғана сезініп, оларды қамтамасыз етуге және толық кепілдікке беруге қабілетсіз болып отыр. Бұл қайшылық күннен күнге әлеуметтік саладан айқын көрінуде. Сондықтан, адам құқықтарының теориясын және тәжірибесін жеке-жеке бөліп қараған дұрыс. Адам құқықтарын іс жүзінде асыру күрделі процедура. Қазіргі кезде еліміздің өмір сүру деңгейі жағынан төменгі сатыда тұрғаны ешкімге құпия емес. Сол себептен де халықаралық стандарттарға енетін кейбір әлеуметтік, экономикалық құқықтарды қамтамасыз ете алмай отырмыз.

       Жеке тұлғаның құқықтарын бұрын тоталитарлық режим бұзған болса қазіргі кезде олар посткоммунистік демократияның артықшылықтарынан және конфронтациялық процестерден жапа шегіп отыр. Тәжірибеден аңғарғанымыз қаржылық қамтамасыз етуді қажет етпейтін құқықтар мен бостандықтардың өзі толық қорғалып отырған жоқ. Бұл жерде көңіл жұбатарлық бір жәйт қай мемлекетте де болсын адам құқықтарын қорғау жүз пайызға қамтамасыз етілмеген, әр мемлекеттің өзіне тән проблемалары бар.

       Құқықтарды қамтамасыз етуде қоғамда болып жатқан катаклизмдар - әлеуметтік ахуалды нашарлатады, саяси тұрақсыздық, криминогендік жағдайдың шиленісуі, сыбайлас жемқорлық, құқықтық нигилизм, нарықтық қатынасқа өту кезеңіндегі қиындықтар және өзге де факторлар кедергі жасайды. Адам құқықтарымен заңды мүдделері теңсіздіктермен әділетсіздіктердің көрінісі негізінде қыспаққа алынады. Дәлірек айтсақ, адам құқықтары мен бостандықтар институтының жүзеге асырылуына қажетті әлеуметтік орта қалыптаспаған. Құқық бар, ал құндылық жоқ заң бар, ал оның мақсаттары жүзеге асырылмайды.[11.80б.]

       Әлеуметтік құқықтардың кепілдігі нашарлаған. Жылдан жылға халықтың жоғары білім алу, медициналық көмекті пайдалану, демалу, тұрғын жаймен қамтамасыз етілуі құқықтарын пайдалану мүмкіндіктері төмендеп барады. Бұл жағдай қоғамның «өте бай» және «өте кедей» санаттарының пайда болуымен шиеленісе түсуде. Қазіргі кездегі кезек күттірмес мәселенің бірі, демократиялық өзгерістер барысында Декларацияда, Конституцияда аталған құқықтарға өмірлік мазмұн беру. Әрине, оны жүзеге асыру өте күрделі іс, өйткені біздің мемлекетімізде барлық құқықты жоғары дәрежеде материалдық тұрғыдан қамтамасыз етуге мүмкіндік жоқ. Заң жүзінде өмір сүрудің ең төменгі стандарттары белгіленбеген.

       Ата заңымыздағы адам құқықтарымен бостандықтары жөніндегі тарау құқықтық жүйенің сәнін келтіріп тұр, тіптен демократиялық даудың бірден-бір көрінісі деуге болады. Бірақ ғалым-заңгерлер Конституцияның әдеби шығарма емес заңдылық құжат екеніне басты назар аударады. Оның мазмұны халықаралық-құқықтық актілердегі адам құқықтарын әдемі сөздермен белгілеу емес. Конституция мемлекеттің өзінің әдет-ғұрыптарына және салт-саналарына сүйену керек. Оның нормалары адамға өркениетті әлемнің өлшемдері бойынша өмір сүруге мүмкіндік беруі керек. Құқықтық мемлекет азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және сақтау функциясын жүзеге асыру үшін процедура мен механизмдермен және институттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Бұл механизмдер процедуралар және институттар әр кезде өзгерісте, қозғалыста болады яғни олар қоғамдық  жағдайлардың өзгеруіне қарай икемделіп отыруы керек.

       Әдетте тәжірибеде адам құқықтарын қорғаудың алуан түрлі органдар жүйесі мен процедуралары қорғау механизмін қалыптастырады.Бұл механизмдерсіз құқықтық мемлекет өмір сүре алмайды: Конституциялық соттар (Испания, Италия, Ресей, Германия); Конституциялық Кеңес (Франция); Жоғарғы сот (АҚШ); Мемлекеттік Кеңес (Италия); Әкімшілік соттар, жалпы юрисдикциялық соттар, омбудсмандар (Франция, Польша, Ұлы Британия); медиатр-делдал (Франция) – міне адам құқықтарын және олардың бостандықтарын қамтамасыз ететін кейбір механизмдер осындай.

       1948 жылдың желтоқсанында адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы қабылдануымен адам құқықтарын кодификациялау процесі басталды. Адам құқықтар институтын және процедураларын жақсарту оларды іс жүзіне асыру және қорғау шаралары енгізілді. Осы жолдағы адамзаттың жарты ғасырлық тәжірибесі адам құқықтарымен бостандықтарын жеткілікті дәрежеде қамтамсыз етусіз және қорғаусыз демократияға, құқықтық мемлекет құруға қол жеткізудің мүмкін еместігін көрсетіп берді.

Қазақстан Республикасында адамдар мен азаматтардың Конституция мен заңдарда бекітілген құқықтары мен бостандықтарын қорғау мен жүзеге асыруды қамтамасыз еті тиіс мемлекеттік институттар құрылады және жұмыс істейді.

Адамның құқығы мен бостандығын қорғау және қамтамасыз ету жөніндегі маңызды мемлекеттік институттардың бірі Қазақстан Республикасының Президенті болып табылады. Президенттің тиісті өкілеттігінің заңдық негізі Конституцияда, сондай-ақ Президенттің Президент туралы Конституциялық заң күші бар Жарлығында бекітілген.

Конституцияда Қазақстан Республикасының Президенті – адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі деп жазылған (40-бап, 2-тармақ). Президенттің қызметіне кірісер сәтінде халыққа беретін антында мынадай сөздер бар: «Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге салтанатты түрде ант етемін» (42-бап, 1-тармақ). Адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету жөніндегі мәселелер бойынша Парламент мәжілісіне қарауға Үкімет енгізетін құқық қорғаушылық заң жобаларына Президенттің бастамашылығы Президенттің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі ретіндегі қызметінің басты бағыттарының бірі болып табылады. Үкімет арқылы Президент бастамашы болған кейбір заңдарды айтуға болады.

Қазақстан Республикасының шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы Заң, Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын қорғау туралы Заң, Қазақстан Республикасында мүгедектігі бойынша, асыраушысының айрылу жағдайына және жасының ұлғаюына байланысты мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы төлеу туралы Заң, және т.б. Сонымен бірге Президент өз өкілеттігі шегінде нормативтік құқықтық актілер сияқты, адам мен азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету үшін жеке сипаттағы актілер де шығарады.

Ол Президенттің тиісті Жарлығымен бекітілген мемлекеттік қызмет принциптерінен айқын көрінеді. Президенттің Жарлығы бойынша:

а) мемлекет мүддесі алдында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының және заңды мүдделерінің басымдығы;

ә) жалпыға ортақтық, яғни, мемлекеттік қызметке кіруге барлық азаматтардың тең құқылығы;

б) қоғамдық пікірді ескеру мен жариялылық мемлекеттік қызметтің маңызды принциптері болып табылады. Жоғарыда көрінгендей, мұнда мемлекеттік органдар қызметінің азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруды және қорғауды көздейтіндей принциптер қарастырылған. Бұл принциптер Президенттің құқық қорғау органдарының қызметіне сәйкес мәртебесін белгілейтін жарлықтарында нақтыланады. Мысалы, Президенттің «Қазақстан Республикасы ішкі істер органдары туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Жарлығында, бұл органдардың адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстық және өзге әрекеттердің алдын алу және жолын кесу жөніндегі қызметті жүзеге асыратындығы жазылған. [12.60б.]

Информация о работе Адам мен азамат жағдайының