Криминологияны ғылым ретінде қарау

Автор: Пользователь скрыл имя, 24 Октября 2013 в 15:57, лекция

Описание работы

Бұл криминология пәнінде қылмыстыққа жалпы сипаттама беріліп, Қазақстан Республикасындағы қылмыстықтың жалпы жағдайы, деңгейі, себептері, алдын-алу шаралары қарастырылып,қалай әсер ету мүмкіндіктері мазмұндалған.
Қылмыс пен қылмыстық әрекет, қылмыскердің жеке басы, қылмыстың себептері, алдын-алу, қылмыстылықты зерттеу, зерделеу, болжау, жоспарлау осы криминологияда көрініс тапқан. Сондай-ақ, лауазымды адамдар қылмыстылығының криминологиялық сипаттамасы, кәмелетке жасы толмағандар қылмыстылығының ерекшеліктері, абайсызда жасалған қылмыстылық, оның ерекшеліктері қаралып, терең талдау жасалған.

Содержание

Аннотация
Глоссарий
Дидактикалық жоспар
1. Криминологияны ғылым ретінде қарау
1.1 Криминология пәні және оның мазмұны
1.2 Криминологияның ғылым ретінде қалуптасуы және дамуы
1.3 Криминология ғылым жүйесінде
1.4 Методология және әдістеме ұғымы
1.5 Танымның жалпы ғылыми әдістерін криминологияда қолдану
1.6 Криминологияда нақты-социологиялықәдістерді қолдану
1.7 Криминологиялық зерттеулердің әдістемесі
Өзіндік жұмыстың тапсырмалары
Әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

Криминология.doc

— 261.00 Кб (Скачать)

Қазақстан криминалистерiне тән қасиет - қылмыскерлiктi шетелдiк  және халыкаралық зерттеуге қатты  ыкылас қою. Криминология жөнiндегi көптеген еңбектер орыс тiлiне аударылды, ал отандық ғалымдардың еңбектерi шет елдерде басылып шығуда.

1.4. Методология және  әдiстеме ұғымы

Methodos грекше сөзбе-сөз  алғанда «бiрдемеге жол», зерттеу  дегендi бiлдiредi. Fылыми айналымда «методология», «әдiстеме», «әдiс» және бiрқатар сөздер пайдаланылады. «Әдiс» дегенiмiз амал, зерттеу тәсiлi. Әдiстеме - зерттеу әдiстерiнiң жиынтығы. Методология - бiрдеменi ғылыми зерттеудiң жолдары, әдicтерi туралы iлiм.

Кез келген басқа зерттеулер сияқты криминологиялық зерттеулердiң методологиясы зерттеу заты мен объектiсiне, зерттеушi алдыга койған мақсатқа байланысты. Адамды зерттеу әдiстемесi әлi табиғатты зерттеу әдiстемесiмен бiрдей бола алмайды, коғам мен адамды зерттеу әдiстемелерi де басқа.

Криминологиялық зерттеулер қылмыскерлiктi тудыратын курделi коғамдық процестердi де, қылмысты жасайтын адамдардың мiнез-құлқын да қозғайды. Криминологияның қылмыстық антропологиялық бағытының өкiлдерi антропологиялық медициналық зерттеулер жүргiздi. Сонымен қатар, «қиын жағдай криминологиясы» («критическая криминология») деп аталатынды жакқтаушылар коғамдық қатынастарға социологиялық, политологиялық, экономикалық және басқадай талдау жасап, қылмыскердi тудыратын қоғам сипаттамасын ғана талдаса, сол жеткiлiктi дегендi айтады. Бұл ретте олар қылмыскерлiктiң өзiне, қылмыскерлердi cpттeyгe назар аудару керек деп санамайды. Бұл қылмыскерлiктi және оның себептерiн толық зерттеуге кедергi келтiретiн өзара алшақ  пiкiрлер.

Жалпы криминологиялык  таным диалектикалық - материалистiк iлiмдi пайдалануға негiзделедi.

Бipiншiден, кылмыскерлiк  әлеуметтiк құбылыс ретiнде қаралады, және тиiсiнше, оны зерттегенде әлеуметтiк ғылымдардың, оның iшiнде социологияның әлеуметтiк психологияның әдicтерi пайдаланылады. Әр түрлi әлеуметтiк құбылыстармен, процестермен, институттармен қатар адам да зерттеледi, бiрақ ол биологиялық тұрғыдан емес қоғам мүшесi, қоғамдык дамудың жемiсi peтiндe зерттеледi. Криминологтердiң қылмыскердiң жеке басы туралы айтып жүргенi кездейсоқтық емес.

Екiншiден, қылмыскерлiк  басқа құбылыстармен және процестермен өзара әрекеттестiкте, өзара байланыста талданады. Ол әрқашанда қоғамдық қатынастар тұрғысынан қаралады. Қылмыскерлiк - қоғаммен қатар тұрған бiрдеме емес, ол сол қоғамда бар, оның дәстүрлi жақтарын: саяси, экономикалық әлеуметтiк, рухани салаларын түйреп eтeтiн құбылыс.

Қылмыскерлiк адам әpeкeтінің  өзге де актiлерiмен өзара байланыста, оның барлық тiршiлiгi тұрсынан қаралады.

Үшіншіден, криминологиялық  маңыздылыққа ие құбылыстар (қылмыстар, қылмыскерлiк, олардың детерминациясы, себептерi және т.б.) олардың қозғалысы  мен өзгерiсiнде, өткендi, осы кездi зерттеу және болашақты болжау арқылы зерттеледi.

Төртiншiден, криминологиялық  маңыздылыққа ие құбылыстардың дамуы сандық, өзгерiстер жинак,тала, дами келе сапага ememiн, қылмыскерлiктiң, жан,а күйiн тудыратын процесс ретiнде қаралады. Бұл қылмыскерлiкпен күpecтi жетiлдiру үшiн маңызды болып табылады.

Бесiншiден, зерттелетiн  криминалдық құбылыстардың iшкi қайшылықтары, әр түрлi жақтары да, криминалдық және басқа да әлеуметтiк құбылыстар арасындағы сыртқы қайшылыктар да ескерiледi. Сонымен қатар, iшкi және сыртк,ы қайшлык,тардын, өзара әpeкemmecтігі де назарға алынады. Қайшылықтар күpeci ғанa тиiстi құбылыстардың даму кезi болып табылады. Қылмыскерлiкпен күрес, қылмыскерлiктің алдын алу дегенiмiз - бiр жағынан келенсiз жақтардан арылу және оң жақтарға сүйену, оларды дамыту және мадақтау.

Қылмыскерлік – қоғaм  жемiсi, бiрақ оған қоғам дертiнен  туындай салған, көзге бадырайтып көрiнiп тұpғaн нәрсе деп қарауғa болмайды. Қоғам өзгергенде қылмыскерлiк oнымен бiрге, тез өзгере салмайды. Онда еөзiндiк ерекше сипаттама бар, сондықтан оған өзiнше қарау керек. Қылмыскерлiктi сыртқы жағдайлардың өзгергенiне қарай бipден өзгере салмайтын, туракталып қалған «бедермен» салыстыруға болады. Адамдар қатып қалған саз батпақтың бетiнен ежелгi өсiмдiк iздерiн табады. Қылмыскерлiктi талдағанда қоғамдық

 

қатынастардың бүгiнгi сипатамасын  ғaнa емес, адамдар санасында, олардың  дәстурiнде, iс-әрекетiнде сақталып қалған өткенін де көруге болады. Тiптен, қылмыскерлiктiң өзi де қоғамғa ықпал етедi.

Криминологиялық зерттеудiң методологиясы тағы да бiр проблеманың шешiмiне байланысты. Кейбiр ғалымдардың пiкiрiнше, қылмыскерлiк дегенiмiз - абстракция. Жекелеген қылмыстар және қылмыстардың жекелеген түрлерi нақты өмiрде бар. мұндай ойдың логикасы мынадай: қылмыскерлiк дегенiмiз - қылмыстардың жасалынатындығын бiлдiредi, ал жасалынатындық нәтижесiнде не туындайды, ол – көптеген мән-жайларға, адамның биологиялық және басқа да қасиеттерiне, ол үшiн қарастырылған сыртқы жағдайларға байланысты. Бұл ретте зерттеушiнi не туындайтыны емес, сол жасалынатын процесс қызықтырады деп дәлелдейдi. Басқа авторлар қылмыстылықты оның детерминация процесiмен теңдестіруге болмайды, ол оның нәтижесi, оған өзiнше назар аудару керек дейдi.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.5.Танымның жалпы ғылыми  әдicтерiн криминологияда қолдану 

Криминологиялық зерттеуде  танымның мынадай жалпы ғылыми әдістері пайдаланылады.

 абстрактiден нақтығa көтерiлу;

 жорамал; 

 жүйелiк-құрылымдық  талдама (жүйелiк амал);

 тарихи әдic;

 салыстыру; 

 динамикалық және  статистикалық әдiстер.

1.Абстрактіден нақтыға  көтерілу. Танымның бұл әдiсi зерттеушiнiң  теориялық даярлығының белгiлi  бiр деңгейде болуын, жорамал жасауды,  теориялық ұғымдар мен түсiнiктердi  пайдалануды, абстрактiлi ойлауды керек етедi.

Бұл ретте eкi маңызды  кезеңдi ескеру керек:

- бұрындары жасалғандармен  танысу керек. Қылмыскерлiк туралы  үйреншiктi түciніктepгe ғанa сүйенген, бiрақ криминология теориясын игермеген, бұрынғылар алған ғылыми мәлiметтермен таныспаған зерттеушiлер ғылыми негізделген ережелер бере алмайды;

- «Қылмыскерлiк» құбылысының  және оны туындататын процестердiң  жете танылмағандығы туралы, ол  құбылыстың ұдайы өзгерiп тұратындығы  туралы ой естен шықпау керек. Сондықтан да зерттеу процесiнде криминолог «ашық жүйе» болуы тиiс және ол жаңа мәлiметтердi бұрыннан бар теориялық ұғымдар мен схемаларға «сыйдыруға» барлық күшiн салып тырыспауы керек.

2 Жорамал. Ал iздестiру  бағытын көрсетедi, зерттеушi назарын шындықтың қандай да бiр кездерiне аударады, зерттеудi бiр мақсатқа бағыттауға мумкiндiк бередi.

Жорамал, бiрiншiден, криминологияда белгiленген ғылыми негiзделген ережелермен  үйлесiмде болуы тиiс, екiншiден, тиiстi болжамның дәлелдi болу мүмкiндiгiмен  сипатталуы керек.

Болжамның бәрi бiрдей жорамал  бола бермейдi. Өзiн тексеруге тұрарлықтай болжамды жорамал деп айтуға болады. Жорамалды ұсыну, оны қалыптастыру

бұрыннан бар теориялық  және эмпириялық мәлiметтерге баға берудi, оларды зерттеу пәнiмен, объектісімен және мақсатымен салыстыруды қажет етедi. Бұл жұмыс зерттеу бағдарламасын даярлау процесiнде жүргiзiледi.

3 Жүйелік амал. Бұл  әдiс саны белгiлi өзара байланысты  элементтердi қамтитын белгiлi  бiр құрылымы бар белгiлi бiр  күрделi ұйымдасқан жүйе ретiнде  зерттелетiн объектiнi (бiздiң жағдайда  қылмыскерлiк пен қоғам) қарауды көздейдi. Қылмыскерлiк дегенiмiз көптеген жай қылмыстарға ғaнa емес, олардың жүйесi, ол жайында келесi тарауда толығырақ айтылады. Өте жалпы түрде жүйенi қандай да бip тұтастық құрайтын өзара байланысты элементтердiң кешенi деп ұғыну қалыптасқан.

Криминологияда жүйелiк - құрылымдық әдiстi қолданудың eкі аспектiсiнiң  өзара байланысында маңыздылық бар. Бiрiншiден, қылмыскерлiктi көптеген өзара  байланысты қылмыстар мен оларды жасағaн адамдардың жиынтығы және олардың арасындағы өзара әpeкeтecтікті табу деп қарастыру. Бұл ретте қылмыскерлiктiң құрылымы, әр түрлi элементтердiң сипаттамасы, олардың өзара әрекеттестiгi талданады. Екiншiден, қылмыскерлiк неғұрлым ортақ жүйенің - қоғамның шеңберiнде зерттеледi. Қылмыскерлiктiң қоғамның әр түрлiсипаттамаларымен сыртқы байланыстары ашылады, оның iшiндегi бастылары, яғни қылмыскерлiктi тудыратын ссбептiк байланыстар бөлiнiп алынады.

Жүйелiк-құрылымдық талдау процесiнде, әдетте, математикалық әдiстер кең пайдаланылады. Криминологияда оларды пайдалану онша дамыған жоқ. Математикалық модельдеу әдiстерi шектеулi қолданылады. Сонымен қатар, корреляциялық, кластерлiк талдаулар жүргiзу және электрондық-есептегiш маашиналар пайдаланып басқа да математикалық әдiстердi қолдану практикасы кең таралған.

4 Тарихи әдіс. Ал қылмыскерлiктi тарихи тұрғыдан, қозғалыста зерттеудi қамтамасыз етедi. Қылмыскерлiкке талдау жасағанна, әдетте, қылмыскерлiктiң сипаттамасы мен үрдiсiн, сондай-ақ оның өзге құбылыстармен байланысын ашуғa мүмкiндiк беретiндей ұзақ кезең алынады.

Қылмыскерлiктiнң аймақrық ерекшелiктерiн зерттегенде тарихи салыстырмалы-тарихи әдiс алынады. Бұл ретте мыналар жүзеге асырылады: а) әр түрлi аймақтарда бiр кезең аралығында болған бiр типтi оқиғаларды (кәмелетке толмағандардың, жастардың жасаған қылмыстарын т.б.) салыстыру; ә) әр аймақrардагы бiрдей сипаттамаларды әр түрлi кезең бойынша салыстыру.

5 Салыстырмалы әдіс. Әр  мемлекеттердегi, мемлекеттiң әр  аймақтарындағы қылмыскерлiк, жынысы, жасы және әлеуметтiк жағдайы  және т.б. әр түрлi адамдардың қылмыскерлiгi салыстырылады.

Ұқсастық әдiсi қолданылғанда  кеңістік -уақытқа байланысты қылмыскерлiк  сипаттамасының қылмыскерлiктiң қайталанып 'тұратын сипаттамасымен және адамдар  өмірінің қайталанып тұратын жағдайымен ұқсастығымен анықталады. Тиiстi ұқсастықтар бұл жағдайлар мен қылмыскерлiктiң өзара байланыстарының фактiсi мен тeтiгiн ары қарай зерттеуге негiздеме болады. Айырмашылық әдісін пайдаланғанда қылмыскерлiктiң бiр мемлекеттерде, бiр аймақтарда кездесетiн, ал басқаларда кездеспейтiн сипаттамалары анықталады. Мұндай материалдар қылмыскерлiктiң ортаның нақты жағдайларымен себептiк байланыста екендiгi туралы болжам жасауғада және оны тексеруге де негiз болады.

6 Динамикалық және  статистикалық әдісте криминологияқ зерттеулерде кеңінен қолданылады.  Әcipece, қылмыскерлiкте жататын осы жаппай құбылыстарды зерттеуде бұл статистикалық әдic кеңінен пайдаланылады. Динамикалық және статистикалық әдiстер әр түрлi бiлiм бередi. Динамикалық заңдылықтар дегенiмiз даму заңдылығы. Оларды қолдану себептiк байланыстарды aнықтауға алып келедi. Мысалы, 20 жыл бойы кәмелетке толмай қылмыс жасаған 140-тан аса адамның жеке басының сипаттамалары мен тағдырларына кешендi зерттеу жүргiзiлдi. Зерттеудiң бiрiншi кезеңi - 14-17 жастағыларды қылмыс жасағаннан кейiн бiрден зерттеу, екiншi кезең - 10 жылдан соң, үшiншi -тағы 10 жыл өткеннен кейiн. Бұл бiреулердiң қылмысты қайталағандығы, бiреулердiң дұрыс жолға түскендiгi, ал бiреулердiң азғындап кеткендiгi қандай мән-жағдайлармен байланысты eкeндiгін aнықтayғa мүмкiндiк бердi.

Статистикалық заңдылықтарды iздестiру құбылыстардың ортақ қасиеттерiн  табу және сипаттау жолдарымен жүзеге асырылады. Мысалы, бұрын рецидивистердiң 60 %-ынан 80 %-ына дейiнi алғашқы қылмысты кәмелеткетолмаған жаста жасағандығын статистика дәлелдеген болатын. Бiрақ бұл статистикалық заңдылық неге негiзделген? Жоғарыда аталған ұзақ уақыттық зерттеу осы құбылыстың тeтiгін ашуға мүмкiндiк бердi.

Заңдылықтарды iздестiру әрқашанда статистикалық зерттеулермен байланысты. Бiрақ олардың сипаттарын (себептiк, жаrғдайлар байланысы немесе өзгедей) табу әдiстер кешенiн қолдануды талап етедi.

Статистикалық зерттеулерде жинақтап қорытылатын көрсеткіштер пайдаланылады. Оларға мынадай негізгі  талаптар қойылады:

а) зерттелетiн жиынтық  құрамы жағынан бiртектi болуға тиiс.

Мысалы, 1997 жылдың l-қаңтарына  дейiн және одан кейiн тiркелген қылмыстарды салыстыра салуға болмайды, себебi қазақстан Республикасының жаңа қылмыстық кодексi енгізiлгеннен кейiн заң шығарушы қылмыстар қатарына жатқызатын iс-әрекеттер шеңберi өзгердi, қылмыстық кодекстiң көптеген баптарының диспозицияларының түсініктемeci де өзгерiссiз қалған жоқ;

ә) зерттелетiн жиынтық  едәуiр кең ауқымды болуы тиiс, ондай болмаса кездейсоқ ауытқулар нәтижеге ықпал eтyi мүмкін.

Зерттеулер процесiнде  кейде iшiнара бақылау қолданылады, 6iрәқ бұл peттe өкiлдiк (репрезентативтiк) мәлiметгер алынуы тиiс.

Криминологияда нақты-социологиялық  әдістерді қолдану

Нақты социологиялық  әдістер, яғни әлеуметтік құбылыстарды орын мен уақыттың нақты жағдайларында  және олардың нақты көрініс табуда зерттеу әдістері криминологиялық зерттеулерде маңызды орын алады. Бұл әдіс кешені мыналарды қамтиды:

 Құжаттарды зерттеу; 

 Анкета және сұхбат  түрiнде сұрақ беру;

 Байқау жургiзу (тiкелей  немесе сырттай);

Эксперимент.

  1. Құжаттарды зерттеу. Криминологиялық зерттеу жүрriзгенде әр түрлi

құжаттарды зерттеуге тура келедi, олар статистикалық есептер, iстердiң материалдары, қылмыстар туралы арыздар мен оларға қайтарылған жауаптар, шағымдар, бақылаушы органдардың материалдары, сот-медициналық сараптама

орталығынынң бұқаралық  ақпарат құралдарының материалдары. Сонымен қатар, аймақтардың төлқұжаттары, әлеуметтiк-экономикалық талдаудың жинақтап қорытылған нәтижелерi, қылмыскерлiккe және онымен байланысты құбылыстарға бұрын жүргiзiлген зерттеулердiң нәтижелерi және басқа да құжаттар зерттеледi.

Информация о работе Криминологияны ғылым ретінде қарау