«АКА» ЖШС қаржылық жағдайын, ресурстардың ұйымдастырылуын талдау

Автор: Пользователь скрыл имя, 06 Сентября 2011 в 07:09, курсовая работа

Описание работы

Нарықтық экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Сондықтан да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған байланысты ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері маңызды болып отыр. Кәсіпорындардың дербестігі өсіп, олардың экономикалық және заң алдындағы жауапкершіліктері артты. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тұрақтылығының мәні жоғарлады.

Работа содержит 1 файл

касипорын курс.docx

— 94.20 Кб (Скачать)

Кіріспе

     Нарықтық  экономика жағдайында экономикалық қызметтің барлық экономикадағы негізгі буыны – бұл кәсіпорын. Сондықтан да бұл деңгейде қоғамға қажетті өнім өндіріліп, қызмет көрсетілуі тиіс. Бұған байланысты ресурстарды үнемдеп жұмсау, жоғары өнімді техникалар мен технологияларды қолдану мәселелері маңызды болып отыр.                 Кәсіпорындардың дербестігі өсіп, олардың экономикалық және заң алдындағы жауапкершіліктері артты. Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржы тұрақтылығының мәні жоғарлады. Осының барлығы кәсіпорынның ресурстарын және оларды құру көздерін тиімді пайдалануды талап етеді. 
         Курс жұмысының тақырыбы- "Кәсіпорында ресурстар мен ақпараттар қозғалысын ұйымдастыру". Курстық жұмыс кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды  және  пайдаланылған әдебиеттерден тұрады. 
 Курстық жұмыстың мақсаты – кәсіпорынның ресурстарының құрылу көздерін, олардың құрылымын қарастыру, сонымен қатар кәсіпорынның ақпараттар қозғалысы  болып табылады. 
          Ресурстар – бұл экономикалық игіліктерді өндіруге пайдаланатын факторлар. Олар материалдық және еңбек ресурстары болып бөлінеді. Материалдық ресурстар – жер немесе шикізат материалдары және капитал.

       Кәсіпорында өндіріс тиімділігін арттыру және еңбектің соңғы нәтижесі тікелей еңбек ресурстарының пайдалану дәрежесімен қызметкерлердің біліктілік деңгейіне байланысты.   
          Ақпарат істің жай-күйі және біреудің іс-әрекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандайда бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны. 
 Зерттеу объектісі - «АКА» ЖШС. Қазіргі таңда жан-жақты өнім түрлерін өндіреді, тек қана өнім өндірумен айналыспайды, сонымен қатар қызмет көрсетумен айналысады.                                         
 Кәсіпорын ресурстарын қалыптасуын және оны пайдалануын талдаған кезде “АКА ” ЖШС мәліметтері, оның ішінде бухгалтерлік баланс, қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелері туралы есеп қолданылды.
 
 
 
 
 
 
 
 

     1 Кәсіпорын  ресурстар мен ақпараттар  қозғалысының теориялық негізі

    1. Кәсіпорынның экономикалық ресурстары

      Кәсіпорын өзінің іс-әрекетін жүзеге асыру үшін нақты жинақталған экономикалық ресурстары немесе өндіріс факторлары болуы қажет. Экономикалық ресурстар дегеніміз – тауарларды өндіру және қызмет көрсету үшін пайдаланылатын барлық табиғи, адамдар және адамдарды  өндіретін ресурстары. Түрліше барлық ресурстарды  түрлі көзқарастарда  сәйкес топтастыруға болады. 
          1. Материалдық ресурстар – жер немесе шикізат материалдары және капитал 
          2. Адам ресурстары – еңбек және кәсіпкерлік қызмет. 
         "Жер" ұғымына жататын барлық табиғи ресурстар, егістік жерлер, пайдалы қазбалар, орман, пайдалы қазба, кен орындары, су ресурстары. 
         "Капитал" немесе инвестициялық ресурстар ұғымы - тауар өндіру  және қызмет көрсету, оларды түпкілікті  тұтынушыларға жеткізуге пайдалануға  арналған барлық өндірістік өндіріс құралдары (ғимараттар, құрылыс т.б.). 
        Өндіріс процесін және өндіріс құралдарын қорлануын инвестициялау, яғни қаражат жұмсау деп аталады. 
       «Еңбек» ұғымы тауар өндіруде  және қызмет  көрсетудегі барлық  дене  және адамдардың ақыл–ой қабілеттілігін көрсетеді. 
         Кәсіпорында өндіріс тиімділігін арттыру және еңбектің соңғы нәтижесі тікелей еңбек ресурстарының пайдалану дәрежесімен қызметкерлердің біліктілік деңгейіне байланысты. Кәсіпорындардың еңбек ресурстарының әлеуметтік белсенділігі – жұмысшы күші болып табылады.  
         Жұмысшы күші дегеніміз – адамдар бойындағы физикалық және рухани қабілетінің жиынтығы. Еңбек ресурстары еңбек процесінде физикалық және рухани қабілетін жүзеге асырылу барысында жұмысшы күші болып табылады. 
        Кәсіпорындағы еңбек ресурстарының құрамы тұрақты, маусымдық және уақытша болып бөлінеді. 
       Еңбек ресурстары түсінігін анықтауда біріншіден, барлық халық жасына байланысты тең емес үш топқа бөледі: 
       1.Еңбекке жарамды жасқа дейінгі жас адамдар(туғаннан 16-ға дейін) 
       2.Еңбекке жарамды жастағы адамдар; 
       3.Еңбекке жарамды жастан жоғары, яғни зейнеткерлер. 
       Екіншіден, адамдар еңбек қабілеттіліктеріне байланысты еңбекке жарамды және жарамсыз болып бөлінеді. 
       Кәсіпорында өнім өндіруді жоғарлату қолданылатын ресурстарының санын көбейту есебінен немесе оларды пайдаланудың экономикалық тиімділігін жоғарлату арқылы қол жеткізуге болады.  
      Еңбек ресурстарын пайдалану тиімділігін сипаттайтын негізгі экономикалық категориялардың бірі – еңбек өнімділігі болып табылады. Ол өнім көлемі мен еңбек шығыны арасындағы арақатынасты білдіреді.  
      Еңбек өнімділігі – нақты жұмысшының жұмыс уақытында тұтыну құнын жасауға қабілетті екендігін сипаттайды. Жұмыс уақытының бір бөлігінде немесе бір жұмысшыға неғұрлым көп өнім өндірілсе немесе өнім өндіруге неғұрлым аз уақыт жұмсалса, соғұрлым еңбек өнімділігі жоғары болады. 
Еңбек өнімділігі нақты жұмысшының жұмыс уақытының бір өлшемінде белгілі өнім мөлшерін өндіру қабілеттілігі. Еңбек өнімділігі жалпы өнім құнын бір жұмысшыға не уақыт еңбек шығыны арқылы анықталады.  
      Барлық экономикалық ресурстар немесе өндіріс факторлары жалпы  бір қасиетке ие, олар сирек немесе өлшеулі мөлшерде болады. Бұл қағида бойынша қазіргі деңгейдегі экономикалық дамуда барлық қажеттіліктерді қамтамасыз етуде ресурстардың әлі де болса кем екендігін білдіреді, егістік жерлердің пайдалы қазба байлықтардың өндіріс құралдардың, жұмыс қолдарының белгілі бір шегі болады. Ресурстардың сирек кездесетіні салдарынан өндірістің өнімі  де мардымсыз болады, осыдан  қоғам тауарлар мен қызмет  көрсетудің  межелеген барлық мөлшерін ала алмайды. 
      Кез келген кәсіпорынның өндірістік-экономикалық іс-әрекеті өндірістік ресурстарды заттай және ақшалай нысаны түрінде қалыптастырудан басталады. Көрсетілген ресурстар оларды пайдалануда қалай міндет жүктелсе, солай уақытына қарай бір-бірімен айрықшаланады. 
       Ресурстар сатылатын және сатып алынатын  болғандықтан олардың бағалары  да болады. Сұраныс пен ұсыныстың өзара іс-қимылының болашақ нәтижесінің баға ресурстар нарығы ерекшеліктерінің жалпы  барлық түрлері олардың әрбір айрықшаларын қалай болса солай қамтиды. 
       Ресурстар нарығының ерекшеліктері – ең алдымен олардың шектелуіне қарай өндіріс көлемінің өзінің және ресурстар ұсынысында да шектелуінің қорытындысы болып табылады. Қоғам өндіруде мүмкіндігі болмаған жағдайда тауар мен қызмет көрсету мөлшері тұтынушылардың  сұранысын қанағаттандыра алмайды.

         
 
 
 
 
 
 

  1. – сурет.   Өндіріс факторлардың қосылуы

      Экономикалық  ресурстардың бағасы әр түрлі болып  рыноктарда ұсыныс пен сұраныстың ықпалымен  сәйкестендіріліп үйлестіріледі. Ресурстар ұсынысы олардың тікелей  баға арасындағы  байланысы  мен нақтылы  бар  мөлшерін, ресурстарды иеленушілердің мүдделеріне сәйкес олардың бағаларын жоғары қоюын көрсетеді. Ал ресурстар сұранысы баға мен ұсыныс  көлемінің арасында қарама қарсы  байланысты көрсетеді: егер  де баға  көтерілсе, онда кәсіпорын ресурстарын аз сатып алады немесе  оларды арзандау басқалармен алмастырылады. 
          Ресурстарға сұраныстың ерекшелігіне қысқаша тоқталайық: 
          1. Ол дайын өнімнің сұранысқа  деген туындысы  болып табылады.      Демек, біріншінің өзгеруі ең алдымен екіншісінің өзгеруіне байланысты болады. 
         2. Ресурстарға сұраныс еңбек  өнімділігіне тәуелді. Оның дамуы экономикалық  ресурстарға деген сұраныстың серпініне байланысты. Яғни орнындағы ресурстар мен қосымша ресурстар бағаларының өзгеруі.  
          3. Ресурстардың туынды сұранысы  көбейеді, егер де  өнімге сұраныс көбейсе, дайын өнімді шығаруда еңбек өнімділігі артса, орнындағы ресурстардың  бағасы  төмендесе немесе  көтерілсе, қосымша ресурстардың  бағасы төмендейді.

      Кесте 1 - Кәсіпорынның өндірістік ресурстары

      
Материалдық -заттай нысаны Ақшалай нысаны
Қабылданатын  есеп-қисаптар Нарықтық жағдайда
Жұмыс күші Еңбекақы қоры Ауыспалы капитал
Еңбек құралы(машина, жабдықтар, т.б) Негізгі қорлар Негізгі капитал
Еңбек заттары (шикізат, материалдар, т.б) Айналмалы қорлар Айналмалы капитал
Дайын өнім(тауарлардың қорлары) Айналыс қорлары Айналыс қорындағы  айналым капиталы
Өндірістің табиғи жағдайы(жер,пайдалы қазба байлықтар, т.б) Айналымдағы ақша (есептесу шоты, есептесу, касса) Ақша нышанындағы  айналыс капиталы
Ресурстар Жарғылық  капитал
 

      Сұраныстың  икемділігі мына төмендегі нысандарға байланысты:  
 • дайын өнімге сұраныстың икемділігі: ол неғұрлым жоғары болса, соғұрлым ресурстардың сұраныстың икемділігі де жоғары болады; 
 • ресурстардың алмастырылуы: оларға сұраныстың икемділігі жоғары болса, егер де баға өскен жағдайда оларды басқа ресурстармен алмастыруға немесе артығырақ кәміл технологияны өндіріске енгізуге мүмкіндігі туады; 
 • жалпы шығындарда ресурстардың үлесі: егер де жалпы шығында ресурстардың үлесі жоғары болса, ал ресурстарға баға өссе,онда бұл оларға деген сұраныстың төмендеуіне әкеледі. Жалпы шығында ресурстардың үлесі неғұрлым жоғары болса,соғұрлым сұраныс икемділігі де жоғары болады.  
       

    1. Ақпараттар қозғалысы түсінігі

     Ақпарат термині латынның “information” деген  сөзінен шыққан, яғни қазақша баламасы “ түсініктеме, баяндама ”. Ақпарат істің жай-күйі және біреудің іс-әзекеті туралы ақпарат, мәлімдеме немесе қандайда бір нәрсе туралы мәліметтер жиыны. Ақпарат дегеніміз, оны алушы кісіге дейінқабылдау механизмінің қабылданды-түсінікті-бағаланды деген үш сүзгісінен өткен нәрсе. 
Мұндай анықтама ақрпаратты үш деңгейде қарауға мүмкіндік береді: синтаксистік, сематикалық және прогматикалық. 
         Синтаксистік деңгейде, ақпаратты қандайда бір қабылдап алушы кісі үшін тек тілдегі белгілер арасындағы қатынасқарастырылып, бұл жерде оның мазмұны мен құндылығы ескерілмейді. Бұл ақпараттың сандық сипаты 
Сематикалық сүзгі (тезаурус) мәлімдеменің мазмұның меңгеруге мүмкіндік береді. Мәлімдеменің мазмұны-белгілі бір түрде реттелген білім болып табылады. 
          Кибернетикалық жағдайда ақпарат, объектінің жағдайын сипаттайтын жабдық ретінде, сондай-ақ, басқару кезеңіндегі мәліметтер мен оны қолданушылар арасындағы қатынас ретінде қарастырылады. Ал мәліметтерге кез келген объектінің жағдайы туралы деректер, мағұлматтар жатады. 
Есептеу техникасы тұрғысынан ақпарат ұғымы-оның жадында сақталып, қажеттілігіне байланысты өнделетін және сыртқы ортаға берілетін мәліметтер.  
        Жүйе деп- әртекті элементтер жиынының қойылған мақсаттарға жету барысында біртұтас және біріктірілген ретінде бір уақыт мезетінде қарастырыларын кез-келген объекті тусінуге болады. Жүйелер өзара құрамы бойынша да, бастапқы мақсаттары бойынша да бір-бірімен айтарлықтай ерекшеленеді. Информатикада жүйе түсінігі өте кен таралған және көптеген мағыналы мәндерге ие. Атап айтқанда ол техникалық құралдармен бағдарламалар жиынында өте кең қолданылады. Компьютердің ақпараттық бөлігі деп айтуымызға болады. Сонымен қатар нақты қолданбалы есептерді шешуде құжаттарды жүргізудің қосымша процедураларында және есептеулерді басқаруда қолданылатын көптеген бағдарламаларды есептеуге болады. Жүйе түсінігіне ақпараттық сөзін қосатын болсақ, оның құрылуымен функционалдануы, іс-қыймыл жасауы мақсаты бейнеленеді. 
        Ақпарат жүйесі (А.Ж) дегеніміз - қандайда бір объектіні басқаруға қажетті қоғамдық қойылған мақсаттарға жету барысындағы ақпараттарды жинау, сақтау жаңарту, өңдеу, іздеу және беру үшін қолданылатын құралдар, әдістер және персоналдардың өзара байланысқан жиыны. Әрбір ақпарат жүйесі ақпараттық объектілердің бірігуін қамтитын қандайда бір ақпараттық кеңістікті бейнелейтін пәндік саланы иемденеді. 
Ақпарат жүйесін жіктеуде оны келесі ішкі кластарға бөлуге болады: 
     -Ақпараттық–анықтамалық жүйелер;               
              -Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер; 
              -Ақпараттық-қадағалаушы жүйелер.

     Ақпараттық-анықтамалық  жүйелер ақпаратты жинап, оны  адамның пайдалануы үшін дайындайды.  
         Ақпараттық-кеңес беретін жүйелер объектінің күйі мен жұмыс тәртібі туралы ақпаратты беріп, нақты жағдай үшін қажетті ұсыныстар мен пікірлерді ұсынады. 
        Ақпаратты – қадағалаушы жүйелерде мәліметте,р адамның қатысуынсыз ендіріліп, басқарылатын объектідегі үрдіс автоматты түрде реттеледі. 
Ақпараттық жүйелер термині автоматтандырылған жүйелер түсінігімен тығыз байланысты. Автоматтанған ақпараттық жүйелер ақпаратты өңдеу үрдісінде адамның да, техникалық құралдардың да қатысуын қамтамасыз етеді. Мұндағы басты рөлді компьютер алады. Автоматтандырылған ақпараттық жүйелер деп (А. А. Ж) деп- ақпаратты өңдеу және басқару шешімдерін қабылдау үшін арналған ақпараттардың экономика математикалық әдістерімен модельдердің техникалық, бағдарламалық, технологиялық құралдардың және мамандардың жиынтығы. 
Ақпараттық жүйелер құрылымын бағыныңқы жүйелер деп аталатын, оның жекеленген бөліктерінің жиынтығын құрайды. Бағыныңқы жүйе дегеніміз- қандайда бір белгі бойынша ерекшеленген жүйенің бөлігі. Ақпараттық жүйенің жалпы құрылымын қолдану сферасынан тәуелсіз бағыныңқы жүйелерді қарастыруға болады. Бұл жағдайда қамтамасыз ететін деп аталатын бағыныңқы жүйелердің классификациясының құрамдық бөліктері туралы қарастырамыз. Кез келген ақпараттық жүйенің құрылымын қамтамасыз ететін бағыныңқы жүйелердің жйынтығы түрінде ұсынамыз. 
         Ақпаратты қамтамасыз ету бағыныңқы жүйесі басқару шешімдерін қабылдау үшін уақытында қалыптастырудан және нақты ақпаратты беруден тұрады. 
1. Ақпараттық қамтамасыз ету дегеніміз- құжаттамалар жүйесінің ұйымда циркуляцияланатынақпараттық ағымдардың сызбасы жиынтығы және мәліметтер қорын тұрғызу метадологиясы. Қажаттамалардың унифисирленген жүиесі мемлекеттік, республикалық,салалық және аймақтық деңгейде құрылады. Ақпараттық қамтамасыз етудің негізгі міндеті-қоғамдық өндірістің әртүрлі сфераларындағы басқарылатын объектіні сипаттайтын динамикалық ақпараттытұрғызып, ұдайы жанартып отыру. Осындай мақсаттв құжаттаудың унифисирленген жүйелеріне қойылатын талаптар орнатылған стандарттар әзіленеді. Ақпараттық ағымдар сызбасы ақпараттың қозғаушы маршрутын және алғашқы ақпараттын пайда болуымен нәтижелік ақпаратта қолданылатын орнын бейнелейді. 
2. Техникалық қамтамасыз ету- ақпараттық жүйенің жұмыс жасауы үшін арналған техникалық жабдықтар кешені. Техникалық құралдар кешенініңн: кез келген модельдегі компьютерлер , ақпаратты жинау, өңдеу, беру, шығару құрылғылары, мәліметтерді беру құрылғылары және байланыс линиялары, ақпараттың автоматты түрде алыну құрылғылары, эксплотацияық материалдар және тағы басқалар құрайды. 
3. Математикалық қамтамасыз ету- ақпараттық жүйенің мақсаттарымен міндеттерін жүзеге асыруғаарналған математикалық әдістер, модельдер, алгоритмдер және бағдарламалар жиынтығы, сонымен қатар техникалық құралдар кешенін қалыпты функциялауға жағдай жасайды. 
Математикалық қамтамасыз ету құралдарына: 
-басқару үрдістерін модельдеу құралдары; 
-басқарудың типтік есептері; 
-математикалық бағдарламалау, математикалық статистика,массалық қызмет көрсету теориялары және тағы басқалар жатады. 
4.Бағдарламалық қамтамасыз ету- есептеу техникасын қолдау арқылы ақпарат жүйесіндегі мақсаттар мен есептерді жүзеге асыруды қолдайтын бағдарламалар жиыны. Жалпы жүйелік бағдарламалық қамтамасыз етуге- ақпаратты өндеудің типтік есептерін шешу үшін арналған және қолданушыға бағытталған бағдарламалар кешені жатады. Олар ақпаратты өңдеудің үрдістерін басқару және бақылау, компьютердің функционалдық мүмкіндіктерін кеңейтуге арналған.
 

      1.3 Кәсіпорынның қаржы ресурстары

     Кәсіпорындар  мен ұйымдардың қаржысы – біртұтас қаржы жұйесінің құрамдас бөлігі. Елдегі  ақша қатынастарының маңызды саласын, атап айтқанда,  материалдық өндірістің  ақша қатынастарын  қамтитындықтан, олар  қаржының негізгі, бастапқы бөлігі болып табылады. өйткені нақ сонда жиынтық  қоғамдық   өнім, ұлттық табыс және ұлттық байлық жасалады. Бұлар – халықтың қажеттері, өндірістік емес салалардың материалдық  шығындары, ұлғаймалы  ұдайы өндіріс процесі қамтамасыз етілетін бірден  бір көздер.

     Мемлекеттегі  сияқты, кәсіпорындар  мен  ұйымдардың  қаржысы  тауар – ақша қатынастары  мен  құн заңының  нәтижесінде  құралады. Тауар - ақша  қатынастарын  қоғамдық еңбек бөлінісі,  меншіктің  алуан формалары  айқындайды.  Жеке   тауар  өндірушілердің  еңбек бөлінісінің  дәрежесі  әр тұрлі, дербес  кәсіпорындарды, олардың құрылымдық  бөлімшелерін  айқындайды. Жекеленген  тауар өндірушілер  өздерінің  еңбектерінің нәтижелерінің өнімдерін, қызметтерін айырбастайды  немесе  тауардың  құнын көрсететін  ақшаға сатады. Бұл қатынастар    жиынтығы  тауар – ақша  қатынастары  болып табылады.

      Кәсіпорындардың  қаржысы  ақша түрінде  ұлғаймалы  ұдайы өндірістің негізгі  процестерін  көрсетіп,  экономикалық  заңдардың  талаптарына  сәйкес іске асырылуына септігін тигізеді. Оларды мемлекет халық шаруашылығын дамыту ұшін қажетті ақшалай   табыстар мен қорларды бөліп, пайдалануға  қолданады.  Кәсіпорындар, ұйымдардың  дұрыс жолға  қойылған  қаржысынсыз   экономикалық   дамуы  мұмкін  емес. Кәсіпорындардың  қаржысы  халық шаруашылығын  басқару  жұйесінің, экономиканы  өзгертудің  аса  маңызды құралы.  өндірістік  қатынастардың  бір бөлігі ретінде  олар  басқа өндірістік  қатынастармен  бірге  халық  шаруашылығын  басқаруға  төменгі  буындардың  шаруашылық  қызметінің  тиімділігіне  тікелей әсер етеді.

      Кәсіпорындар  мен  ұйымдардың қаржысы  мыналар:  кәсіпорындар, ұйымдар,  бірлестіктер, концерндер, ассоциациялардың салалық  министрліктер мен басқа  шаруашылық   органдардың, өнеркәсіп,  ауылшаруашылығы, құрылыс, көлік, сауда, дайындау, геологиялық  барлау,  жобалау тұргын ұй – коммуналдық  қызметін  жұзеге асырушы  шаруашылық  аралық,  салааралық, кооперативтік  ұйымдардың ( оның ішінде  ұжымдық шаруашылықтардың  халыққа қызмет  көрсетудің,  байланыстың, қоғамдық  тамақтандырудың) қаржыларын қамтиды.

      Халық  шаруашылығындағы  әрбір  саладағы  қаржының  техникалық  экономикалық  ерекшеліктерінен  туындайтын  айырмашылықтары  бар. Сонымен  бір  мезгілде  халық  шаруашылығындағы   салалардағы  кәсіпорындардың қаржысын  ұйымдастырудың негізгі принциптері  бірдей. өйткені,  бірыңғай  экономикалық  заңдар,  ортақ  принциптерге  негізделген. Мұның  өзі  олардың  барлығын  бір  бастапқы   буынға  біріктіруге  мүмкіндік  береді.

Информация о работе «АКА» ЖШС қаржылық жағдайын, ресурстардың ұйымдастырылуын талдау