Қаржы саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2011 в 20:40, реферат

Описание работы

Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; мемлекеттің өз атқарымдары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының жиынтығы; қаржы ресурстарын жұмылдыру, оларды бөлу нысандары мен әдістерінде, қаржы заңнамасында мемлекеттік кіріс пен шығыс құрылымында көрініс табады.

Работа содержит 1 файл

Қаржы саясаты.doc

— 68.50 Кб (Скачать)

    Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; мемлекеттің өз атқарымдары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының жиынтығы; қаржы ресурстарын жұмылдыру, оларды бөлу нысандары мен әдістерінде, қаржы заңнамасында мемлекеттік кіріс пен шығыс құрылымында көрініс табады. Қаржы саясаты ел экономикасын дамытудың басым бағыттарына қарай, сондай-ақ өнеркәсіптегі, энергетикадағы, құрылыстағы, құрылымды құрайтын басқа да салалардағы, ауыл шаруашылығындағы мемлекеттік сектордың дамуын айқындайтын жалпы ұлттық мүдделерді басшылыққа ала отырып қалыптастырылады. Қаржы саясаты ақша-несие саясатымен тығыз байланысты. Қаржы саясатының мазмұны, нысаналы бағыты және тиімділігі қоғамдық құрылыстың сипатымен, өндіріс-құрал- жабдығын меншіктену түрлерімен анықталады. Қазақстанда қаржы саясатын жүзеге асыру шаралары ҚР Конституциясында, елдің Бюджет жүйесі туралы заңы мен Салық кодексінде, республиканың жыл сайынғы қаржы жылына арналған Республикалық бюджеті туралы заңдарында, басқа да заңнамада, ел Президентінің жарлықтары мен жолдауларында, республика Үкіметінің қаулыларында айқындалған.

  Жергілікі қаржы - акииалай нысандағы қоғамдық өнімнің бір бөлігін жергілікті басқару орғандары өздеріне артылған функцияларға сәйкес жасау, бөлу, пайдалану үдерісіндегі қаржылық қатынастардың жүйесі. Жергілікті қаржы мемлекеттің қаржы жүйесінің маңызды құрамды бөлігі болып табылады. Ол жергілікті бюджеттерді, арнаулы бюджеттен тыс қорларды және басқарудың жергілікті орғандарының қсірамағындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын кіріктіреді. Жергілікті қаржылардың құрылымы мен бағыты биліктің жергілікті орғандары басқарудың - мәслихаттардың (депутаттар жиналыстарының), жергілікті әкімшіліктің және жергілікті өзін-өзі басқарудың функцияларымен айқындалады.

 Жергілікті  қаржы отандық экономика үшін  біршама жаңа ұғым. Бүкіл жергілікті  бюджеттер елдің мемлекеттік  бюджеттің бірыңғай жүйесіне  енгізілген 1938 жылдан бастап жергілікті  қаржы дербес категория ретінде  өзінің емір сүруін токтатқан  болатын. Бүгінде, рыноктық қатынастар және елімізде басталған өкілетті дәйекті орталықсыздандыру жағдайларында жергілікті орғандар қызметінің сферасы кеңейе түсуде, олар әлеуметтік, экономикалық, экологиялық, демографиялық сипаттағы проблемаларды шешуде едәуір дербестікке ие бола бастады. Қазіргі кезде орталықтан өңірлерге екі жарым мыңга жуық функциялар мен құзырлар берілді,бұл жергілікті атқарушы және өкілетті орғандарды күшейтіп, жергілікті өзін-өзі басқару орғандары ретіндегі мәслихаттардың рөлін арттырды.

 Жергілікті қаржының әлеуметтік-экономикалық мәні жалпы мемлекеттік қаржыға ұксас. Басқарудың жергілікті орғандарына мемлекеттің әлеуметтік бағдарламаларын жүзеге асыру бойынша маңызды міндеттер жүктелінген. Халықка қызмет көрсету бойынша шараларды қаржыландыру негізінен жергілікті қаржылық ресурстар есебінен жүзеге асырылады. Әлеуметтік тұрмыстық инфрақұрылым салалары халықка қызметтерді басым бөлігінде бюджеттік қаражаттар есебінен қалыптастырылатын қорлар есебінен береді. Жергілікті буында қаржылық қатынастар «Жергілікті мемлекеттік басқару туралы» заңмен, Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексімен, республикалық бюджет туралы заңмен және шаруашылық пен қаржылық қызмет туралы басқа заңдармен реттелінеді.

 Жалпы  жергілікті қаржының жай-күйі  әркашанда, біріншіден, елдің жалпы экономикалық жағдайына, екіншіден, тиісті аумақтардың экономикалық әлуетіне, үшіншіден, билік пен басқарудың жергілікті орғандарының құқығы мен міндеттерін белгілі бір дәрежеде реттеп отыратын мемлекеттік заңдардың деңгейіне, төртіншіден, биліктің жергілікті орғандары құзырының дәрежесіне байланысты болды. Өркениетті батыс елдерінде жергілікті қаржы мемлекеттің қаржылық ресурстарын қалыптастыру мен пайдалану үдерісінде едәуір рөл атқарады. Оның үстіне жергілікті бюджеттердің айтарлықтай дербестігі болады және батыс елдерінде олар мемлекеттік бюджеттің жалпы жүйесіне кірмейді. Жергілікті қаржыда ұлттық табысты аумақтық тұрғыда қайта бөлуге мүмкіндік жасайтын және билік пен басқарудың жергілікті орғандарының қаржы базасын жасауды қамтамасыз ететін экономикалық қатынастардың жиынтығы ретіндегі жергілікті бюджеттерге маңызды рөл беріледі. Жергілікті бюджеттерді қалыптастыру мен пайдалану өндіріс пен айырбасқа қатысушылар арасындағы, атап айтқанда: кәсіпорындар мен мемлекет арасындағы, меншіктің барлық мысандарындағы макроэкономиканың өндірістік және қызметтер көрсету салаларының кәсіпорындары, ұйымдары мен мекемелері арасындағы, бюджет жүйесінің буындары арасындағы, мемлекет пен халық арасындағы қоғамдық өнім құнының қозғалысын білдіреді. Жергілікті бюджеттердің экономикалық; мәні олардың мынандай арналымында көрінеді: билік пен басқарудың жергілікті орғандарының ақшалай қорларын қалыптастыру; бұл қорларды жергілікті деңгейдегі инфрақұрылым салалары мен халықтың арасында қайта бөлу.

 Жергілікті бюджеттер билік пен басқарудын жергілікті орғандарының сан қырлы қызметінің негізгі қаржы базасы бола отырып, олардың экономикалық дербестігін нығайтады, шаруашылық қызметін жандандырады, ведомствоға қарасты аумактарда оларга инфрақұрылымды дамытуға, аумактың экономикалықәлуетін кеңейтуге, қаржылық ресурстардың резервтерін ашып, пайдалануға мүмкіндік жасайды. Сөйтіп, жергілікті бюджеттер жергілікті деңгейдегі экономикалық және әлеуметтік міндетгерді жүзеге асыруда елеулі рөл атқарады. Бұл түтынудың коғамдық қорларын бөлген кезде керінеді. Жергілікті бюджет арқылы мемлекеттік бюджет қаражаттарының басым бөлігі әлеуметтік инфрақұрылымга жұмсалады.

 Әлемдік  және отандық тарих жергілікті  шаруашылықты дамытудағы, әкімшілік-аумактық  бөліністерді абаттандыру мен  олардың санитарлық жағдайын жақсартудағы, сондай-ак әлеуметтік сфера мекемелерін ұстаудағы жергілікті (муниципалды) қаржының маңызын дәлелдеп отыр. Осылай әлдекашан болған және бұл үрдістер жиырмасыншы гасырдың 80-90 жылдары күшейді. Дамыған рыноктық экономикасы бар елдерде биліктің жергілікті орғандарының бюджеттері мемлекеттің бүкіл қаржылық ресурстарының 30%-дан 60%-ын қайта бөледі (Англия, АҚШ, Жапония, Германия және т.б.) және өңірдің өндіргіш күштерін, бүкіл әлеуметтік сферасын дамытуда, рыноктық инфрақұрылым құрып, кеңейтуде маңызды рөл атқарды:

 олар  арқылы өндірістік ортаны қаржыландыруға  жұмсалатын шығындардың үлкен  бөлігі өтеді (жергілікті өнеркәсіпті,  ауыл шаруашылығын, су шаруашылығын, көлікті және басқаларын қаржыландыруға  жұмсалады); жергілікті бюджет арқылы өндірістік емес ортаның дамуы қаржыландырылады, сөйтіп, коғамдық өндіріске жанама ықпал жасалады; түтынудың қоғамдық (әлеуметтік) қорларын бөле отырып, жергілікті бюджеттер жұмыс күшін үдайы молайтып отыруға мүмкіндік түғызады. Қазақстан Республикасы жергілікті бюджетінің құрамы облыстық бюджеттерді, қалалардың (аудандық маңызы бар қалаларды қоспағанда) және аудандардың (қапалардағы аудандарды қоспағанда) бюджеттерін кіріктіреді. Қазіргі кезде Қазақстандағы жергілікті бюджеттер мемлекеттің бюджеттік қаражаттары көлемдерінің кірістері бойынша 45,4% аралығын, ал шығыстары бойын- ша 50,3%-ын құрайды. Барлық аудандық және калалық бюджеттердің 80%-ы (193 осындай бюджеттердің) дотациялық болып табылады.

 Облыстық  бюджет, республикапық маңызы бар  кала, астана, аудан (облыстық маңызы бар кала) бюджеттері Бюджеттік кодекспен айқындалған салықтық және басқа түсімдер есебінен қалыптастырьшатын және облыстық деңгейдің, республикалық маңызы бар каланын, ауданның, астананың (облыстық манызы бар қаланың), жергілікті мемлекеттік орғандардын оларга ведомстволық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржылық қамтамасыз етуге және тиісті әкімшілік-аумактық бірлікте мемлекеттік саясатты іске асыруға арналған ақшалай қаражаттардың ортапықтандырылған қоры болып табылады.

 Жергілікті  бюджеттер мемлекеттік бюджеттің  құрамды бөлігі болып есептелмейді, республикалық бюджетпен бірге  қоғамның мемлекеттік бюджетінің  жиынтығын ңұрайды. Қазақстан  Республикасында жергілікті бюджеттер  коммуналдық заңи тұлгаларға бекітілген; мүлікпен және әкімшілік-аумактық бөліністің менші-гіндегі өзге де мүлікпен бірге әкімшілік- аумактық, экономикалық және қаржылық негізін құрайды; түсімдер мен бюджет тапшылығын (профицитін пайдалану) қаржыландыру есебінен қалыптасатын, Конституциямен, заңдармен және Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілерімен жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін жергілікті атқарушы орғандар белгілейтін жергілікті бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыруға арналған тиісті мәслихаттың шешімімен бекітілген әкімшілік-аумактық бөліністердің ақшалай қорлары болып табылады.

 Рыноктық  қатынастар, басқарудыңжергілікті  орғандарын реформалау жергілікті  бюджеттердің кіріс көздерінің  қалыптасуына әсер етіп отыр. Қазақстан Республикасының экономикасы дамуының казіргі кезеңінде реформа ауыртпалығының салмағы шаруашылық жүргізудің өңірлік деңгейіне ауысып отыр, осыған орай басқарудың жергілікті орғандарына үлкен өкілеттік беріліп, олардың жауапкершілігі арта түсуде. Білім беру мен денсаулық сақтау саласындағы бағдарламаларга, камсыздандыру жөніндегі іс- шараларды және атаулы әлеуметтік көмекке жұмсалынатын шығындардың ең көбі оларды қаржыландырудың жаңа тәртібіне сәйкес жергілікті бюджеттерге жүктеліп отыр. Сонымен бірге бюджеттерде соңғы кездерде бюджеттік бөлініс және әлеуметтік жеңілдіктердің орнына қаржылай жәрдемақы сияқты жаңа ұғымдар өзінің көрінісін тапкан. «Бюджеттік бөлініс» салықтар мен алымдардың әр түрлі денгейдегі бюджеттерге түсуін нақты шектеумен ерекшеленеді. Атап айтканда қорпорациялық табыс салығы түгелдей республикалық бюджетке, ал акциздердің бір бөлігі, жеке түлгалардан алынатын табыс салығы мен әлеуметтік салық жергілікті бюджетке қалдырылды. Бұл әкімдердіңжергілікті казынаны толтыруға, әлеуметтік мәселелерді шешуге деген ынтасын арттыруға септігінтигізері сөзсіз. Сонымен қатар қоршаған ортаны ластанғаны үшін төлем, табигатты қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін алынатын айыппүлдар республикалық және жергілікті бюджеттер арасында тепе-тең бөлінетін болды.

 Рыноктықэкономикағаөту  жәнетиісті экономикалықреформаларды  жүргізу кезінде жергілікті әкімшілік  орғандары өздерінің құзыры мен  дербестігін арттыруға объективті  түрде үмтылады. Бұл эволюция ең алдымен республикалық билік өкілеттігінің бір бөлігі жергілікті мемлекеттік деңгейге өтуі тиістілігінде көрінеді. Өңірлер Қазақстан Республикасының аумақтық субъектілері болып табылатындықтан биліктің жергілікті орғандары өз өңірінің халқының толып жатқан экономикалық, әлеуметтік және мәдени мұқтаждары мен тілектеріне жауапты өздерінше іздестіруі тиіс. Жалпы жеке аумактар мен өңірлер бюджеттеріне қаражаттардыңтүсу көлемі мен құрылымына елдегі экономикалық жағдаят: қаржылық-бюджеттік саясат, өндіріс дамуының өңірлік деңгейі, оның құрылымы, инфляция қарқыны, бағаның өсуі және т.с.с. сан алуан факторлар әсер етеді.

 Қаржылық  қатынастарды ұйымдастырудың бюджеттік  түрінде екі үрдіс қатар өмір  сүреді:

дағдарыстан шығу және тұрақтандыру мақсатымен экономиканы басқаруда орталықтандырылған негіздерді дамытудың анағұрлым ортак үдерісінің бейнелеп көрсетілуі ретінде қаржылық ресурстар козғалысын басқарудың нысандары мен әдістерінің жүйесін орталықтандыру:

қаржылық  қорларды қалыптастыру мен пайдалануда  билік пен басқарудың жергілікті орғандарынын функцияларын күшейте отырып қаржыны орталықсьпдандыру. 

Екінші  үрдіс жергілікті орғандардың жергілікті жағдайларга жуықтығымен дәлелденеді. Қаржылық қатынастардың әкімшілігін  жүргізудің қағидаты қаржының бақылау  функциясын жүзеге асыру мүмкіндігі болып табылады: неғұрлым аз дәрежеде белгілі бір қаржылық қатынас немқұрайды бақылауга берілсе, согүрлым оны ортапықсыздандырылған реттеуге жатқызған дұрыс. Әлемдік қаржы теориясы мен практикасы жергілікті бюджеттер бюджет жүйесінің дербес бөлігі ретінде жұмыс істейтіндігін айқындайды. Бюджеттің дербестігі деп өңірлік басқару органы бекітіп берген кіріс базасының негізінде бюджеттің көлемін, баптар бойынша кірістер мен шығыстардың нақтылы құрылымы мен мөлшерін өзі анықтайтын кағида ұғынылады. Оның атқарылуы басқарудың өңірлік орғандарының бұл саласындағы құқықты анықтайтын Қазақстан Республикасы заңнамасының негізінде жүзеге асырылады.

 Басқа  жағынан өңірлер белгілі бір  матасушылықта болатын бірыңғай  шаруашылық кешеннің бір бөлігі  болып саналады және одан тыс өмір сүре алмайды. Өңірлік үдайы өндірістің мазмұны мен сипаты бүкіл қоғамдық ұдайы өндіріс дамуының негізгі заңцылықтарымен анықталады. Со«дықтан басқарудағы центрапизмнің қажеттігін орынды, өндірістің нақтылы жай-күйімен шартгасылған шектерде қажет етеді. Өңірлердің экономикалық дербестігі абсолюттік бола алмайды.

 Ол  эрдайым салыстырмалы және өңір  неғұрлым кіші болса, бұл дербестіктің  көріну шегі де аз болады, ягни  шешімдер қабылдауда орталықка  тәуелсіз еркін болады. Оның үстіне өңірлердің әлеуметтік- экономикалық дамуының казіргі деңгейі, бюджеттік өзара қатынастардың қалыптаскан сипаты, рыноктық экономикаға көшу кезеңінің күрделілігі Қазақстанның жергілікті бюджеттері көпшілігінің нақтылы дербестігі туралы айтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымды халықты әлеуметтік игіліктердің кепілдікті ең аз мөлшерімен қамтамасыз ететін мөлшерлерде қаржыландыру үшін қаражаттардың жеткіліктілігі қағидаты жүзеге асырылуы тиіс. Әрбір әкімшілік- шаруашылық бірлігі дербестігінің бір оңтайлы деңгейі болуы тиіс, бұл деңгейдің критерийі осы өңірдің экономикалық мүдделерін ең жоғары мүмкіндікте іске асыруда болып келеді. Өңірлердің экономикалық дербестігінің маңызды шарттарының бірі оларда өңірлік ресурстарды жаңғырту табиғатты қорғау жөніндегі шараларды қаржыландыруға қажет қаражаттардың кепілдікті көздерін жасау болып табылады.

Информация о работе Қаржы саясаты