Қаржы саясаты

Автор: Пользователь скрыл имя, 11 Сентября 2011 в 20:40, реферат

Описание работы

Қаржы саясаты - экономикалық саясаттың құрамдас бөлігі; мемлекеттің өз атқарымдары мен міндеттерін жүзеге асыру үшін қаржыны ұйымдастырып, пайдалану шараларының жиынтығы; қаржы ресурстарын жұмылдыру, оларды бөлу нысандары мен әдістерінде, қаржы заңнамасында мемлекеттік кіріс пен шығыс құрылымында көрініс табады.

Работа содержит 1 файл

Қаржы саясаты.doc

— 68.50 Кб (Скачать)

 Өңірдің  экономикасын басқарудағы орталықтандырылған  және жергілікті негіздердің  оңтайлы үйлесуін анықтаудың  ортак қағидаты былайша түжырымдалады:  экономикалық дамудың стратегиясын анықтаудағы централизм, оны іске асырудағы дербестік. Оперативтік-шаруашылық дербестік жергілікті буында шығыстардын 50%нан кем емесін жабатын кірістердің окшауланылған, бекітіп берілген жүйесін жасауды, бюджетке ұзак мерзімге кірістердің катаң бекітіп берілуін қажет етеді. Дамыған рыноктық экономикасы бар елдерде Ұлттық табысты бюджет арқылы қайта бөлу «фисқалдық федерализм» теориясы негізінде жүзеге асырылады.

 Теорияның  мәні мынада. Бүкіл мемлекеттік  шаруашылық (экономиканың мемлекеттік секторына кіретін барлық кәсіпорындар, мекемелер және әкімшілік құрылымдар) жалпы көп деңгейлі жүйе болып келеді, онда басқарудың функцияларын деңгейлер арасында бөлу және олардың сатылас бойынша заңды бағынышы болады. Осыған байланысты назар аударылатын мәселелер мыналар:

мемлекеттік секторды басқару деңгейлерінің  оңтайлы саны;

басқару деңгейлерінің арасында өкілеттіктерді онтайлы белу;

әлеуметтік  шығыстарды неғұрлым тиімді қаржыландыру деңгейі;

биліктің  жергілікті орғандарын басқаруға және қаржыландыруға орталық үкіметтің араласу дәрежесі;

билік пен басқарудың жергілікті орғандарының шығыстарын қаржыландырудағы меншікті қаражаттардың үлесі;

мемлекеттік экономиканың барлық деңгейлеріпдегі  қаражаттарды жұмсауға бақылау жасаудың нысаны. 

Фисқалдық федерализм саясаты басқарудын жергілікті орғандарының орталыққа қаржылық тәуелділігін азайтуға бағытталған. Бұл жергілікті бюджеттердің ғана емес, сонымен бірге жалпы мемлекеттік бюджеттін де тапшылығын төмендетудің жолы, жергілікті әлеуметтік проблемаларды шешудегі нақты дербестікке апаратын жол. Бүған өңірлердің салықтық автономиясын дамыту, жалпымемлекеттік салықтарға үстемелер өндіріп алу немесе меншікті салықтарды (экологиялық, мүлік салықтары, мұраға салынатын салық, тұтынуга салынатын салық) белгілеу жөніндегі оларга құқық беру есебінен жетеді. Бұл ретте жергілікті орғандарды қаражаттарды тиімді пайдалануға ынталандырылмайтын, оларды қаржылық дербестігінен айыратын ортапық бюджеттен жүргізілетін трансферттік қаржыландыру қысқарады.

 Басқа  елдердегі аумактық басқаруды дамытудың тәжірибесі басқаруды орталықсыздандырудың, ведомстволық бағыныштағы аумактарды дамытудың әлеуметтік және экономикалық проблемаларын шешуде биліктің жергілікті орғандарына кең құқықтар берудің қажеттігін қолдайды. Унитарлық мемлекеттің жағдайына Қазақстанға сәйкес фисқалдық федерализм ұғымның мәні сақталған кезде «фисқалдық регионализмге» ауыстырылуы мүмкін. «Бюджеттік реттеу» аумақтық деңгейге өздеріне жүктелген функцияларды толық орындауы үшін меншікті кіріс көздері жетіспеген кезде жалпымемлекеттік және жергілікті салықтарға бөлудің күші жойылуына байланысты «бекітілген» және «реттеуші» кірістер мен салықтар терминдері пайданылмайды дей тұрсақта субвенсиялар, бюджеттік алынымдар, есеп айырысу бойынша берілетін қаражаттар мен басқа трансферттер нысанындағы бюджеттік реттеу үдерісі сиякты іс жүзінде кірістерді бекітіп беру сақталынған.

1994 жылға  дейін Қазақстанда 3045 жергілікті  бюджеттер болған еді; 1994 жылдың  басынан жүргізілген бюджет жүйесін  орталықтандыруға байланысты 2500 жергілікті бюджеттер - селолық, поселкелік, ауылдық бюджеттер жойылды. Осының нәтижесінде бюджетжүйесінетүсетін қаражаттарды орталықтандырудың дэрежесі едэуір бэсеңсіді. Қаржылық ресурстарды жұмылдыру мен пайдалануда аудандық буынның қаржылық мүмкіндіктері айтарлықтай шектелінді. Бюджет жүйелерінің микрошаруашылықтық дамуының жоғарыда баяндалған үрдістерінің аспектінде Қазақстанда бюджет жүйесін орталықтандыру үдерістерін бюджет-қаржы сферасының экономикалық және әлеуметтік реформалауға оңтайлы сәйкесігін үнемі іздестіру туғызған мәжбүрлі іс-шараларына жатқызуға болады.

 Бюджеттердің  барлық түрлерінің өзара байланысы  Бюджеттік кодекске сәйкес 14 тарауда  баяндалған бюджетаралық қатынастардың  қағидаттары негізінде жүзеге  асырылады. Өңірлердің шаруашылық  қызметінің ұлғаюы республикалық және жергілікті бюджеттердің өзара қатынастарының проблемасына, жергілікті бюджеттердің мемлекеттік қаржыландырудағы және оны жүзеге асыру нысандарындағы қажеттіліктерін дұрыс ұйымдастыруға жаңа көзқарасты талап етеді. Осыған байланысты түрлі деңгейлердегі бюджеттер арасындағы бюджеттік құқықтарды айқын шектеу және орталық пен өнірлердің бюджеттік мүдделерін теңестіру туралы мәселе айырықша мәнділікке ие болып отыр. Қазақстан Республикасындағы бюджеттер арасындағы қатынастардың жүйесі қалыптасу және даму стадиясында түр, оның оңтайлы механизмі іздестірілуде.

 Қазақстанда  басқаруды орталықсыздандыру мемлекеттік  басқару мен бекітіліп берілген  міндеттерді жүзеге асыру үшін  жергілікті бюджет дербестігі  арасында шығыстар бойынша жауапкер- шілікті неғұрлым байыпты бөлуді қажет етеді.

Информация о работе Қаржы саясаты