Ақша мәні, қызметтері, теориясы

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Февраля 2011 в 22:39, курсовая работа

Описание работы

Берілген курстық жұмысының мақсаты-ақша теорияларының қалыптасу тарихын неғұрлым кең ауқымда қарастырып, оның бүгінгі таңдағы жағдайын анықтау.
Осыған байланысты жұмысқа төмендегідей міндеттер қойылады:
* ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәнін ашып, оның даму тарихын қарастыру;
* Ақшаның атақаратын қызметтерін талдау;
* Ақшаның түрлеріне шол жасау;
* Ақшаның сандық теориясына сипаттама беру.
* ҚР-ғы сандық теориясының даму.

Содержание

Кіріспе..................................................................................................................3
1 Ақшаның экономикалық категория ретіндегі мәні.............................3
1.1 Ақшаның даму тарихы..................................................................................5
1.2 Ақшаның атқаратын қызметтері,олардың мазмұны ...................................9
1.3 Ақшаның түрлері мен қазіргі формалары .................................................15
2 Ақша теорияларына сипаттама.....................................................................20
2.1 Ақшаның металдық теориясы......................................................................20
2.2 Ақшаның номиналистік теориясы...............................................................23
2.3 Ақшаның сандық теориясы..........................................................................25
Қорытынды............................................................................................................28

Пайданылған әдебиеттер тізімі............................................................................30

Работа содержит 1 файл

Акша1.doc

— 150.00 Кб (Скачать)

   Ақша  құн өлшемі қызметін қолдағы ақша емес, қиялдағыяғни ойдағы ақша ретінде орындайды, себебі тауардың құнын өлшеу оны ақшаға айырбастаудан бұрын өтеді, ал құнның тауарлы формасын ақшалай формасына айналдыру үшін тауардың бағасын белгілеу жеткілікті. Тауардың бағасын белгілеу үшін қолда ақша ұстап тұру қажеті жоқ. Себебі, еңбек өнімі ойда бағаланады.

     Тауарлардың ақша болып көрінетін  құны – тауар бағасы. Баға деген  құнның ақшалай көрінетін бейнесі.  Енді өндірілген өнімнің құнын  ақшамен анықтау керек делік.  Яғни оны айырбасқа түсіру  үшін бағасын белгілеу керек. Ол үшін баға масштабын қолдану керек. Баға масштабы деп ақша өлшемі ретінде мемлекет белгілеген белгілі бір металдың мөлшері мен массасын айтады. Алғашқы монета соғылған кезде баға масштабы оның салмағына тең келді. Бұл ресми баға масштабы еді. Ақша түрлерінің өзгеруіне байланысты ақша масштабы ақшаның салмағына сай келмейді.

   Ақшаның құн өлшемі ретіндегі қызметінің баға масштабының арасында айтарлықтай  өзгешеліктер бар. Құн өлшемі- ол ақшаның  экономикалық қызметі. Яғни құн өнімді шығаруға кеткен еңбек шығынын анықтайды. Ал баға масштабы тауардың құнын анықтау үшін емес, оның бағасын белгілеу үшін мемлекет заңды түрде бекіткен құқықтық сипаттағы техникалық құрал. Тауардың мемлекет бекіткен бағасының өз құнынан ауытқуы салдарынан метал ақша айналымы кезінде бекітілген ресми баға масштабы өзінің экономикалық маңызын жоятының айта кеткен жөн. Қазір әр мемлекеттің өзінің нарықтық бағаға негізделік жасалған іс жүзіндегі баға масштабы бар. Сонын негізінде ақшаның құн өлшемі қызметі жүзеге асады.

   Ақшаның тауар айналысында атқаратын  екінші қызметі-айналым құралы. Басқаша  айтқанда тауарлардың бір-бірімен  айырбасталғанда ақша делдалдық  қызмет атқарады. Ақша пайда болғаннан  кейін тікелей тауарлар айырбастау тауар айналыс формасына айналды. Бұнда екі акті бар. Біріншісі, ол тауарды сату немесе тауарды ақшаға айырбастау, ал екіншісі, ақшаға басқа қажетті тауарды сатып алу немесе ақшаны тауарға айырбастауды білдіреді. Ақшаның бұл қызметі тауар айналымына сапалық өзгерістер енгізді. Атап айтқанда, біріншіден, ТА процесі өнім өндірушінің өнім дайындауға жұмсаған еңбегін қоғам таныды деген мағынаны білдіреді. Екіншіден, бір нарықта тауарды сатып, басқа бір нарықта керекті тауарды сатып алуға мүмкіндік туады. Үшіншіден, тауарды ақшаға айналдырып, керек тауарды сатып алуды кейінге қалдыруға болады.

   Осындай мүмкіндіктердің нәтижесінде жекелеген  айырбас актілері араласып, түйісіп, біртұтас тауар айналысы процесін құрайды. Осы процестер барысында ақша бірініші, екінші, үшінші кісіге және т.с.с. қолдан қолға өтіп, ақша айналысын құрайды. Сөйтіп ақша айналыс құралы ретінде сансыз сатып алу, сату процестеріне қызмет көрсетіп, үнемі айналыста жүреді.

   Ақшаның айналыс құралы қызметінің ерекшеліктері:

  • Тауар мен ақшаның  бір-біріне қарсы қозғалысы;
  • Бұл қызметті ойдағы ақша емес, қолма-қол ақшаның орындалуы;
  • Бұл қызметіін ақша тауарлар айырбасталғанда оларға ілесе жүріп, ілезде шапшаң орындайтындықтан, айырбаста нақтыақша материалы емес, оның орнына қолданылатын ақша белгілерінің жүруі.

   Демек, ақшаның айырбас құралы қызметін аз ғана уақыт атқаруы және тауар ақша айналымының шапшаңдығы толық құнды металл ақшалардың орнына жүретін кембағалы монеталар, кейін қағаз ақшаларды қолдануға мүмкіндік туғызады. Ол үшін нақты ақша алтынның символы ретінде кем бағалы монеталар мен қағаз, несие ақшаларының тауар айырбасында қолданылуына қоғамдық кепілдік беріп, адамдар мойындауы қажет. Сонын нәтижесінде әр мемлекеттің ерекше белгілерімен куәландырылған ұлттық айналысқа ұлттық ақшалар мен майда монеталар пайда болды. Ақшаның бұл қызметінде айналысқа қажетті ақша мөлшері сатылатын тауарлардың бағасы мен олардың массасына байланысты анықталады. Ақша неғұрлым тез айналса, соғұрлым айналысқа аз мөлшерлі ақша қажет. Егер де айналымдағы ақша массасы тауар массасынан көп болса, онда айналымдағы кем бағалы ақша құнсыздалады. Оны ғылым тілінде инфляция деп атайды. Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытымен сәйкес келе бермейді, төлемді кешіктіре отырып сатылған тауарларға ақы төлегенде ақша төлем құралы қызметін атқарады. Сатып алушы тауар үшін ақшаны төлем мерзімі басталған кезде ғана төлейді. Демек бұл тауар несиеге сатылды деген ұғым. Тауар несиеге сатылғанда сатушы, несие беруді, ал сатып алушы борышқор деп аталады. Сатып алушы ақшаның орнына сатушыға қарыз міндеттемесін жазып береді. Қарыз өтілгенде ақша төлем құралы қызметін атқарады.

   Ақшаның төлем құралы қызметі тек тауар  айналысын қамтумен шектеліп қоймай, сонымен бірге ақша қаржылық және несиелік қатынастарға да қызмет көрсетеді. Барлық төлемдерді төмендегідей топтастыруға болады:

  • Тауарларға және көрсетілген қызметтерге ақы төлеу;
  • Еңбек ақы, зейнет ақы, шәкірт ақы, жәрдем ақы төлеу;
  • Мемлекеттік қаржы міндеттемелерін өтеу;
  • Банктік, мемлекеттік тұтыну несиелері бойынша қарызды өтеу
  • Сақтандыру міндеттемелерін өтеу;
  • Құқықтық сот сипатындағы ақыларды төлеу және т.б.

   Ақшаның төлем құралы қызметтінің айналыс  құралы қызметінен өзгешеліктері бұл  қызметінде ақша сатып алу сату процестерін  аяқтайды және қолма қол ақшамен  қатар несие ақшалары жүреді. Дамыған  нарық жағдайында ірі сауда келісімдерінде ақша көбінесе төлем құралы ретінде қолданылады. Ақша төлем құралы қызметін орындауға байланысты айналысқа қажетті ақша мөлшері, яғни ақша айналысы заңы толық мәңге ие болады. Атап айтқанда тауар несиеге сатылғанда айналысқа қолма қол ақша түспейді. Сондықтан ол айналымға керек ақша мөлшерін азайтады. Бірақ төлем уақыты келгенде қарызды өтеу үшін айналымғаақша қажеттілігі өседі. Ал айналымға қажетті ақша мөлшері өзара өтілетін міндеттемелер сомасына азаяды. Егер айналымның бір буынында қарыз міндеттемелері бойынша уақытында төлемдер түспесе, онда ол төлемеушіліктің тізіміне іліктіреді. Сөйтіп ақшаның төлем құралы қызметі несие қатынастары мен несие жүйесін дамытты. Ол алтын ақшаны айналыстан ығыстырудың тағы бір айғағы.

   Ақшаның келесі қызметі - қор жинау және байлық құру құралы. Ақшаның айналыс және төлем құралдарын қызметін орындауы үшін қажетті мөлшерде белгілі бір уақытқа ақша қорын жинау керек. Әртүрлі жағдайларға байланысты тауар айналысы тоқтап қалуы мүмкін. Осының нәтижесінде ақша айналысы да тоқтап белгілі бір тауарларды сатқаннан соң ақша жиналып қалады. Тауар айналымының үзіліссіз бір қалыпта жүруі үшін қажетті ақша мөлшері өзгеріп отырады. Сондықтан бір кезде айналысқа қосымша мөлшерін қосып, кейде керсінше ондағы ақшаны шығару қажет болады.

   Айналым құралдарын және тұтыну заттарын сатып  алуға қағаз немесе несие ақшалары қолданылады. Ақша қорын жинау ұйымдардың жинақтары және адамдардың жеке жинақтары  түрінде болады. Бұлардың біріншісіне  кәсіпорындардың, ұйымдардың банктердегі есеп және дипозиттік шоттарындағы ақша қаражаттарының қалдығы түріндегі жинақтар. Ал екіншісіне халықтың банктердегі мемлекеттік облигациялардағы және тағы басқа салымдары түріндегі жинақтары жатады. Несие механизмі арқылы ұйымдар мен халықтың жинақ қаражаттары банктік несие түрінде қайтадан айналымға түседі. Сөйтіп елдің ішкі қажеттілігін өтеуге толық құны жоқ ақша, яғни қолма қол ақша және несие ақша қорлары қызмет көрсетеді.

   Халықаралық еңбек бөлінісінің дамуы. Шаруашылық байланыстарының интернационалдануы, тауар және ақша айналысының ұлттық шеңберден шығып, әлемдік нарықтың пайда болуына әсер етті. Бұл экономикалық қатынастар ақшаның дүниежүзілік қызметінің алғышарты. Сондықтан ақша халықаралық сауда-саттыққа қызмет көрсетеді. Ақшаның бұл қызметі қоғамның капитализмге дейінгі сатыларында пайда болып, әлемдік нарық тұсында кең өрістеуде. Бұл нарықта ақша өзінің ұлттық мундирын шешіп, яғни алтын құймасы формасында айналысқа түседі. 1867 жылы Париж келісімі дүниежүзілік ақша қызметін тек алтынға бекітті. Сол кезде алтын дүниежүзілік ақша ретінде таңылып, үш түрлі бағытта қолданылуда. Атап айтқанда:

  • Бүкіл елдерде ортақ төлем құралы, яғни халықаралық төлем құралы ретінде ақша халықаралық төлем балансы бойынша есеп айырысуда қолданылады;
  • Бүкіл елдерге ортақ сатып алу құралы, яғни халықаралық сатып алу құралы ретінде шетелдерден қолма-қол ақшаға тікелей тауар сатып алғанда жүреді;
  • Қоғамдық байлықты материаландыру құралы ретінде ақша ұлттық байлықты бір елден басқа елге көшіргенде, яғни контрибуция салығын төлегенде депрпция зиянын төлегенде немесе қарыз бергенде қолданылады.

   Айта  кетеін жәйт, дүниежүзілік ақшаның  түрлерінің өзгеруі ұлттық ақша белгілерінің бастапқыда металл ақшадан біртіндеп  несие ақшаларына өту жолдарын едәуір кешігіп барып қайталауда.

    Кейбір  елдердің ұлттық ақша белгілеренің дүниежүзілік ақша ретінде қолданылуының себептері:

    Біріншіден, бұл елдердің дүниежүзілік сауда  мен несие қатынастарында жоғарғы  үлесті салмағы бар.

    Екіншіден, бұл елдердің басқа елдерге айтарлықтай  несие беруге мүмкіндігі бар. 
 
 

   1.3. Ақшаның түрлері  мен оның қазіргі  формалары

   Ақшаның айналымының тарихы мынаны дәлелдейді, яни ақша біртекті масса болып  табылмайды. Ол өтуі бойынша және өмір сүру уақыты бойынша, сонымен бірге  айналым шарттары бойынша алуан  түрлі болып келеді. Іс жүзінде ақшаның формасы дегеніміз- ақшаның белгіленген типіндегі заттық айырбас құны, ол айналымдағы тұрақтылықты көрсетеді. Әр түрлі балама тауарларға, бағалы металдарға, қарыз міндеттемелеріне, банк депозиттеріне өзгере отырып, ақша өз формасын қалыптастырады. Ақша формалары ретінде алтын, күміс монеталар, қағаз және несиелік ақшалар баршаға аян.

   Ақша  өзінің даму барысында екі түрге  бөлінеді толық құнды ақшалар  және толық құнсыз ақшалар.

   Толық құнды ақшалар номиналдық құны оны  дайындауға кеткен нақты құнымен сәйкес келетін ақшалар.

   Мұндай  ақшаларға металл ақшалар, сонын  ішінде: мыстан, күмістен, алтын жасалғандар  жатады. Металл ақшалар әртүрлі формада  болған монета түріндегі формасы. Бұл  олардың соңғы формасы. Монетаның  бет жағы аверс, артқы жағы реверс және гурт деп аталады. Алтын айналысына бірқатар елдерде ХХ ғасырдың екінші жартысында бұл елдердің ішінде алтын өндіру жағынан бірінші орынды, өзінің орталарымен бірге ағылшын елі алған.

   Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективтік қажеттіліктері болған:

  • Алтын өндірі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады;
  • Жоғарғы құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмады;
  • Алтын стандарты жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.

   Алтын айналысы не бары Бірінші Дүниежүзілік Соғысқа дейін болды. Және соғысушы елдер өзінің шығыстарын жабу мақсатында құнның қағаздай белгілерін шығаруды ұлғайтты. Сонын нәтижесінде біртіндеп алтын айналыстан шыға бастады.

   Толық құнсыз ақшалар- номиналдық құны нақты  құннан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін  ақшалар. Оларға мыналар жатады:

  • Құнның металдық белгілері-арзан бағалы металдардан жасалған ұсақ монеталар, мысалға жез, алюмини т.б. монеталар;
  • Құнның қағаздан жасалған белгілері.

   Ақша  өзінің даму эволюциясында мынадай  сатыларды өтті:

  1. Металдық;
  2. Қағаздық;
  3. Несиелік;
  4. Электрондық ақша

   Металл  ақшалар- толыққұнды, нағыз ақшалар, олардың номиналдық құны нақты құнына, яғни өздері дайындалған металл құнына сәйкес келеді. Олар монета түрінде шығарылады.

   Монета  –бұл заңмен бекітілген формасы, сыртқы пішіні, салмақтық құрамы бар металдан дайындалған ақша белгісі.

   Мемлекет  монетадағы таза металдың құрамын, салмағын, массасын, типін, эмиссия ережесін және т.б. белгілейді.

   Метал ақшалар өз дамуында ұзақ жол жүрді, яғни олар мыс монета түрінде біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ-ІІ ғасырларда Римде пайда болды.  Ең алдымен  белгіленген салмағы және пробасы бар және сәйкес таңбалармен бекітілген металл құймалар айналымға шыққан.

   Алғашқы монеталар біздің дәуірімізге дейінгі VІІ ғасырда Лидия мемлекетінде құйыла бастады, ал біздің дәуірімізге дейінгі 279-жылы Римде металдың стандартты бөліктері монета деп аталды.

   Өз  бейінін монетада кескіндеген тұлға  А. Макендонский болды.

Информация о работе Ақша мәні, қызметтері, теориясы