Ақшаның дамуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 22 Ноября 2011 в 20:58, реферат

Описание работы

Ақшаның түрлері

Ақша, пайда болғаннан бері бірнеше рет өзгеріске ұшырады. Бірақ, бұл өзгеріс оның тек сыртқы түріне ғана тиді, ішкі мағынасы өзгерген жоқ. Ақшаның сыртқы түрінің өзгеру себебі, оның жұмыс істейтін жағдайларымен, яғни қоғамдағы болған өзгерістермен байланысты. Мысалы, жоғарыда айтылғандай, адамзат өмірінің бастапқы кезінде жалпыға бірдей баламаның (ақшаның), маңызын әртүрлі тауарлар атқарған (оның ішіне мал да кіреді). Бара бара, өндіру мен алмастырудың көлемінің өсуіне байланысты, жалпыға бірдей баламаның маңызын бір текті, оңай бөлшектенетін, сақтағанда бұзылмайтың тасымалдауға қолайлы тауардың орындауы керек болды. Осының салдарында өмірге кесектелген қола, мыс, күміс, алтын ақшалар келді, Одан кейінгі қоғамдық дамудың нәтижесінде, кесек металл ақшаның орнына, металдан дайындалған монеталар пайда болды, оның ішінде алтын ақша да бар. Бұл ақшаның кесек ақшадан айырмашылығы, оған қажетті деректер (мемлекеттің аты, гербісі, басылған жылы, тағы басқалар) басылатын. Бұл сол кездегі ақшаның жетілдірілген түрі болды.

Работа содержит 1 файл