Ақшаның пайда болуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 04 Декабря 2011 в 13:21, курсовая работа

Описание работы

Ақша реформасы - француздың "reforme" және латынның "reformo" -өзгертемін деген сөзінен шыққан. Бұл — мемлекет билігімен ақша жүйелерінің толық немесе ішінара өзгеруі және ақшаның бір жүйесінің жаңа белгіге ауыстырылуы. Капитализм жағдайында ақша реформасы буржуаздар мүддесі үшін жүргізіледі, оның ақыры қалың бұқараны қанауды күшейтуге, тұрмысын нашарлатуға әкеліп соғады. КСРО және баска кеңес елдерде еңбекшілер мүддесі әр уақытта мемлекет қамқорлығында болды.

Содержание

Кіріспе
АҚША ТЕОРИЯСЫНЫҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
1.1 Ақшаның пайда болуы және мәні
1.2 Ақшаның металдық және номиналдық теориялары
1.3 Қазіргі заманғы ақша теориялары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ АҚША РЕФОРМАСЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖОСПААРЛАУ КЕЗЕҢДЕРІ
Алғашқы ақша реформасының мазмұны
1993 жылы ақша реформасының ерекшелігі


Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Работа содержит 1 файл

12.doc

— 207.00 Кб (Скачать)

шаруашылықта  ақша тек кана айналыс жэне толем қүралы болып табылмай, сондай-ақ құн өлшемі және қорлану құралы болып табылады деп санаған. Соңғы екі қызметті құнсыз кеңестік ақша бірліктері аткара алмайды. Қорлану құралы ретіндегі ақшаға деген қажеттілік алтынның, түрақты валютаның келуін талап етеді. Ол бюджеттік эмиссиялауға негізделген гиперинфляцияның барлық ақша жүйесінің кұлдырауына әкеліп соғатынын дәлелдеген болатын. Қаншалықты сыртқы сауданың дамуы іщкі айналымдағы ақшалар мен дүниежүзілік нарықтағы ақшалар арасында тұрақты қатынастың болуын талап ететіндіктен де, алтынға байланысты ұлттық валютаның тұрақты бағамы болуы қажет. Алтынға валютаның еркін ауыстырылуын жақтаушы ретінде ғана емес, сонымен қатар Г.Я.Сокольников алтын резервтерін жинақтау қажет деп санады.

Алтын қорының үш рөлі болады:

  1. халықаралық есеп айырылысуда резервтік қор ретінде;
  2. ішкі  нарықта червонец бағамын реттеуші (Мембанк алтынды шетел 
    валютасымен бірге ішкі нарықтан сатып алып отырды);
  3. көзге көрінбейтін жағдайларға арналған сақтандыру резерві; 
    Червонец тарихта "алтын " деген атпен кірді, бүл жерде оның мазмұны

патшалық   10   рубльдің   алтын   мазмұнына  сәйкес   келуінің   қатысы болғандыктан емес.

  Мембанк валюталық бағамды өзгеріссіз (1 червонец тең 1 фунт стерлинке) қалыпта ұстау мақсатында "еркін нарықта" алтынды және шетел валютасына сатып жэне сатып алып оіырды. Мемлекеттің нарықтағы алтын және шетел валютасына деген сұраныс пен үсыныс қатынасына араласуын валюталық интервенция деп атай отырып, ол өз кезегінде червонец позициясын нығайтуға, оның бағамын арттыруға мүмкіндік берді.

   1922-1924 жылдардағы ақша реформасында көптеген адамдар құнсыз қағаз ақшалардың орнына мыс монеталардың келуі таңғажайып нәрсе деп баға берді.

  Ақша  айналысын реттеуді, ақша белгілерін эмиссиялауды катаң орталықтандырып  ¥лы Отан соғысына тұрақты ақша жүйесімен  қадам басуға мүмкіндік жасады. [2. 212 б]

 

    ¥лы Отан соғысы елге - 679 млрд. рубльге шығын әкелді, оның ішінде әскери шығындар 551,1 млрд. рубльді қүрады (соғысқа дейінгі бағамен есептегенде). Өндіріс пен халық тұтынатын тауарлардың сатылу көлемінің аяқ асты қысқаруы мемлекеттік бюджеттің табыстарын азайтты. Осы уақыт ішінде әскери шығыстар өсе бастады. Оларды жабу мақсатында халықтан алынатын табыс салығына қоса әскери салық, баласыз адамдарға салық, шағын жанұяларға салық және жалғыз басты азаматтарға салынатын салықтар енгізілді. Халық арасында мемлекеттік займдарға ерікті түрде жазылу және әскери техникаларды құрауға ерікті жарналар беру жұмыстары ұйымдастырылды. Соғыс уақытында халықтың "барлығы 270 млрд. рубль немесе мемлекеттік табыстардың 25,4 % шамасында қаражаттар түсті.

  Бюджет  тапшылығы эмиссиялау есебінен жабылды, өндіріс көлемінің қыскаруымен айналыста ақша массасы жоғарылады. Бұл ұйымдастырылмаған нарықта бағаның көтерілуіне әкелді. Мемлекеттік

сауданың  тұтыну заттарына соғысқа дейінгі бағалар сақталды. Бұған халық тұтынатын тауарларды сатуда карточкалық жүйе арқылы кол жеткізді. Рубльдің сатып алу қабілеттігі төмендей берді.

   Соғыстың  зардаптарын жою үшін экономика облысында рубльдің тұрақтылығын және оның сатып алу кабілеттілігін көтеру қажет болды. Өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында өндіріс көлемінің үлғаюы, тауар айналысының, мемлекеттік кірістердің көбеюі ақша реформасын жүргізуге (КСРО Кеңес министрлігімен БКП(б) OK қаулысына сәйкес 1947 жылдың 14 желтоқсанында "Ақша реформасын жүргізу туралы және азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды алып тастау туралы") мүмкіндік берді. Айналысқа жаңа ақша бірліктері 1,3,5,10,25,50,100 номиналдық купюралар шығарылды. Қолма-қол ақшалар ескі ақшаларға 1:10 қатынаста айырбасталды. Бұндай жолмен айналыста ақша массасы 10 есеге азайды, Мемлекет жасанды ақшалардан құтылды. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақща қаражаты қайта бағаланбады. Колхоздардың, кооперативтік кәсіпорындардың және несиелік мекемелердің шоттарындағы ақша қаражаты жеңілдік катынаспен 5:4 есебінде айырбасталды. Ақшаның айырбасталуы қысқа мерзімде 15-20 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Ол арнайы ұйымдастырылған айырбас пунктерінде жүрді. Бұрынырақ кезде шығарылған металлдық монета айырбасталуға жатпады және айналыста номиналы бойынша қала берді Желтоқсанның бірінші жартысы үшін жалақы бұрынғы мөлшерде ақшамен төленді. Реформаның басты элементтерінің бірі бүрынғы шығарылған мемлекеттік займдарды (1947 ж. займнан басқа) 1948 жылғы біртұтас 2% займға конверсиялану болды. Барлық бұрынғы займдағы облигациялар 3:1 арақатынасымен айырбасталды.

Ақша  реформасын жүргізумен қатар, барлық азық-түлік және өнеркәсіп тауарларына деген карточкалық жүйе алынып тасталынды және карточкалық жүйемен салыстырғандағы нанның бағасы 10-12% төмендеді. Еркін мемлекеттік сауданың ықпалымен колхоз нарығындағы бағалар төмендеді. 1948 жылдың бірінші тоқсанында рубльдің сатып алу күші 1947 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 41%-ға өсті.

1947 жылғы ақша реформасы ақша жүйесінің түбірімен қайта құрылуын бүлдірген жоқ. Оны жүргізгеннен кейін де, реформаға дейінгі болған ақша айналысының құрылымы сақталды. Бұнын сәл айырмашылығы сол: Мемлекеттік банктің билеттері червонец емес, рубль түрінде шығарылатын болды.

   1947 жылғы реформаның өзгешелігі - еңбекақы, зейнегақы, стипендия, колхоздар мен колхозшылардың мемлекеттік өнім дайындаудан түскен табыстары және басқа қалың бұқара топтарының табыстары өзгермей, жаңа ақшамен бұрынғы мөлшерде төлене беретін болды. Бұл -еңбекшілердің нақты табыстары өскенінің белгісі.

   1947 жылғы реформа ақша жүйесін нығайта отырып, акшаның барлық қызметтерінің маңызын арттырды. Бұл реформа өз кезегінде бірнеше рет

сауданың  тұтыну заттарына соғысқа дейінгі  бағалар сақталды. Бұған халық тұтынатын тауарларды сатуда карточкалық жүйе арқылы кол жеткізді. Рубльдің сатып алу қабілеттігі төмендей берді.

   Соғыстың  зардаптарын жою үшін экономика облысында рубльдің тұрақтылығын және оның сатып алу кабілеттілігін көтеру қажет болды. Өнеркәсіпте және ауыл шаруашылығында өндіріс көлемінің үлғаюы, тауар айналысының, мемлекеттік кірістердің көбеюі ақша реформасын жүргізуге (КСРО Кеңес министрлігімен БКП(б) OK қаулысына сәйкес 1947 жылдың 14 желтоқсанында "Ақша реформасын жүргізу туралы және азық-түлік пен өнеркәсіп тауарларына карточкаларды алып тастау туралы") мүмкіндік берді. Айналысқа жаңа ақша бірліктері 1,3,5,10,25,50,100 номиналдық купюралар шығарылды. Қолма-қол ақшалар ескі ақшаларға 1:10 қатынаста айырбасталды. Бұндай жолмен айналыста ақша массасы 10 есеге азайды, Мемлекет жасанды ақшалардан құтылды. Мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақша қаражаты қайта бағаланбады. Колхоздардың, кооперативтік кәсіпорындардың және несиелік мекемелердің шоттарындағы ақша қаражаты жеңілдік катынаспен 5:4 есебінде айырбасталды. Ақшаның айырбасталуы қысқа мерзімде 15-20 желтоқсан аралығында жүзеге асырылды. Ол арнайы ұйымдастырылған айырбас пунктерінде жүрді. Бұрынырақ кезде шығарылған металлдық монета айырбасталуға жатпады және айналыста номиналы бойынша қала берді Желтоқсанның бірінші жартысы үшін жалақы бұрынғы мөлшерде ақшамен төленді. Реформаның басты элементтерінің бірі бүрынғы шығарылған мемлекеттік займдарды (1947 ж. займнан басқа) 1948 жылғы біртұтас 2% займға конверсиялану болды. Барлық бұрынғы займдағы облигациялар 3:1 арақатынасымен айырбасталды. 
 

 

төлем қабілеті бар сұраныс пен тұтыну саласында ұсыныс арасындағы тепе-теңдікті сақтап қалды. Бірақ бұл елуінші жылдардың басында-ақ бөлшек сауда бағаларын төмендетудің ойланбаған саясатының әсерінен бұзылды. 

   2.2  1993 жылғы ақша реформасының ерекшелігі

   Бір адамның ауыстыратын ақшасының  ең жоғарьг мөлшері 1000 рубльден аспады. Ал зейнеткерлерге 200 рубльден аспайтын мөлшерде айырбасгауга рұқсат етілді. Белгіленген лимитен жоғары сомада ақшасы бар адамдарға

табыс көздері туралы декларациямен арнайы комиссияға бару керек болды. 1991 жылы 23 қаңтардан бастап бір уақытта салымдарды беруге де шек қою енгізілді. Салымдарды тек қана жинақ банктері арқылы тұрғылықты жеріне байланысты айына 500 рубльден аспайтын сомада бере отырып, ол туралы төл құжаттарына белгі койылды. Бағаның жіберілуі ақшалардың ұстамсыз төл өсуінде байқалды. Қайта құру жағдайында өндірістің құлдыруымен бірге айналыстағы ақша массасының өсуі қатар жүрді. Тауарлар мен азық-түліктер көбіне шетелден сатып алынды. Бұл үшін қажетті валютадағы 1,63 млрд. доллар сомасын алтынды сатудан түсірді: 1989 жылы - 300 т., 1990 жылы -234 т. 1990 жылы нақты ақшаның эмиссиясы 25 млрд. рубльді кұрады, бұл 1981- 1985 жж. қоса алғандағыдан біршама үлкен. Қыруар ақша массасы бос тұтыну нарығына сәйкес келмеді. 1991 жылы қаңтарда "1961 жылғы 50 және 100 рубльдік үлгідегі ақша бірліктерін КСРО Мембанкінде төлем ретінде қабылдауды және олардың айырбастау тәртібін тоқтату мен азаматтардың салымдарынан қолма-қол ақша беруді шектеу туралы " Президенттің Жарлығы мен КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысы қабылданды. Айналысқа 1991 жылы шығарылған жаңа купюралар енгізілді. Жеке тұлғаларға ескі ақшаны жаңа ақшаға айырбастауына не бары үш күн берілді. КСРО ыдыраған соң кеңес валютасы - рубль бірінші кезеңде, ТМД-ға кірмейтін елдерді қоса алғанда, тәуелсіз мемлекеттер аймағында айналыста жүре берді. 1992 жылы айналысқа 200, 500, 1000 рубльдік купюралар шықты. 1992 жылы маусым айында алғаш рет ресейлік 5000 рубль, кейіннен 10000 және 50000 купюралары шығарылды. Сөйтіп, Ресей

1961-1991 жж. кеңес ақшалары, 1992 жылы кеңес үлгісіндегі (200, 500, 1000 руб.) Ресей Орталық банктің шығарған ақшалары, 1993 жылдың бірінші жартысында шығарылған ресейлік ақшалар жүрді. 1992 жылы бірінші жартысында-ақ Қазақстан Республикасының жетекшілері ендігі жерде рубльден күдер үзіп, өз валютасын шығаруға бетбұрыс жасаған болатын. Жаңа ақшаларды шығаруға ағылшынның "Хариссон" фирмасымен шарт жасалды. Сөйтіп, 1993 жылы 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңгелік ақшалар Қазақстанға жеткізіледі. Оларды колдан жасаудан қорғанатын 18 дәрежесі бар. [2,212 б]

     Тәуелсіз  мемлекеттің міндетті рәміздерінің бірі — оның ұлттық валютасы болып табылады. Кез келген мемлекеттің тарихына оның бір-ақ рет енгізілетін өз валютасының тарихы да кіреді. Басқа көптеген елдердің ұлттық валютасының тарихы сан ғасырлар бойы қалыптасқан. Барлық ұлттық валюта елдің өткенін, бүгінгісін және болашағын бейнелейді. Ал теңгенің -Қазақстан Республикасы Үлттық Валютасының тарихы - 1993 жылы 12 қарашада Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев "Қазақстан Республикасына Ұлттық валютаны енгізу туралы" Жарғыға кол қоюмен басталады. Осы жарғымен 1993 жылы 15 ңарашада сағат 8-ден бастап ұлттьқ валюта - теңге енгізілді 1993 жылы қарашаның 15-нен 17-сі бойынша ұлттық валютамен қатар 1-500 сомдық банкноталардың қосарлайды Казақстан ұлтттық валютасыньң айналыска шыкканына он бес жыл өтті. Алайда осы аз мерзімнін. өзі еліміздің бүгіні мен болашағы үшін теңгені енгізудің тарихи. маңызын обьективті бағалауға мүмкіндік береді.

     1991 жылы Қазақстанның егемендік  алуы тәуелсіз институттар құрулы  және ұлттық валюта туралы мәселен шешуді  күн тәртібіне қойды. Ұлттық валютаның Елтаңбамен, Тумен және Әнұранмен бірге еғеменді  мемлекеттің нышаны больп табылтыны белгілі. Казақстан Республикасының ұлттық валютасы — теңге —елдің барлық аумағына 1993 жылы 15 қарашада айналысқа енгізілген болатын. 

                                         32 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

     банктың жоспарлы жұмысына байланысты болды. 2006 жылы жаңа дизайндағы банкноттарды  енгізді. жүруіне жол берді. Ал 1993 жылы 18 қарашасынан ұлттық валюта Қазақстан Республикасының аумағында жалғыз заңды төлем құралы болып табылады. Банктер мен басқа да шаруашылық субъектілердің барлық активтері мен пассивтері теңгеге қайта есептелінді. Айналыстан 1961-1992 жж. үлгідегі рубль  купюралары 950,6 млрд.  сомасьшда алынып тасталды.  Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі кұрамында Премьер-министр С.А.Терещенко, қазакстанның Вице-президенті Е.Асанбаев, Үкіметтің бірінші вице-премьері Д.Сембаев, Үлттық банк төрағасы Ғ.Байназаров, Қаржы министрі Е.Дербісов пен  Экономика министрі  Б.Ізтілеуов  бар  Қазақстан  Республикасының Мемлекеттік   Комитетін    құрады.    Алғашқы    кезде   теңгенің   бірінші шығарылған қатары мынадай номиналдардан түрды 1, 3, 5, 10, 20, 50 және 100 теңге. Бір теңге құны 1, 2, 5, 10, 20 жэне 50 тиын болатын 100 тиыннан тұрды. Жеті банкнот жасау үшін Т. Сүлейменовтың басшылығымен суреіші дизайнерлер командасы құрылды. Оган М. Элин, А. Дүзелханов кірді. Оларға ерекше әрі өте жауапты жұмыс жүктелді. тарихи тұлғалардың бет-әлпетін барынша   дәл   түсіру,   тұлғалардың   көпшілігінің   бейнелерінің   бұрын болмағандығы қиындық келтірді. Мәселен, шын мәнінде әл-Фарабидің қандай болғанын ешкім білмейді. Біздің банкноттардан көріп жүрген және көзіміз әбден үйренген оның суретін кезінде Кеңес Одағының Ғылым Академиясы бір ізге түсірген, яғни стандарт ретінде қабылданған болатын.. Әбілхайыр ханның суреті ағылшын жиьанкезі Аткинсонның жұмыстарынан табылса, ал Абылай ханның суреті орыс деректерінен табылды. Сүйінбай бейнесі Қазақстан көркемөнерінің негізін салушы Ә. Қастеевтің жүмысынап көшіріліп салынды. Металл ақша - ерекше әрі маңызды тарихи дерек көзі. Олар бүгінгі күнге тарихи түлғалардың тұтас бір портреттік галереясын, түрлі ескерткіш бейнелерді алып келді, олардағы суреттерде мифологиялык сюжеттер,  тұрмыс-салт көріністері  бейнеленеді.1994  жылы ұсақ қағаз тиындардың орнына қүны 2, 5, 10, 20 және 50 тиындық латунь металл ақшалар   шығарылды.   Қазіргі   уақытта   Қазақстан   Республикасының аумағында "нейзильбер", "нибрасс" қоспасынан жасалған теңгелік металл ақшалар айналыста жүр. Сонымен, өзінің ұлттық валютасын енгізу арқылы Қазақстан   Республикасы   дербес   макроэкономикалық   саясат   жүргізу мүмкіндігіне ие болды.

Информация о работе Ақшаның пайда болуы