Ақшаның шығу тегі мен қызметтері

Автор: Пользователь скрыл имя, 03 Ноября 2011 в 19:52, курсовая работа

Описание работы

Ақша ежелгі заманда пайда болды. Олар тауар өндірісінің дамуындағы бірден – бір шарт және өнім болып табылады. Ақшаның пайда болуы мен мәні жайлы біркелкі шешімін тапқан жоқ. Экономикалық мектеп өкілдеренің бірі ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағидаға сүйене отырып, ақшаны – белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі ретінде қарады. Басқа бағыттағы мектеп өкілдері ақшаны – мемлекет бекіткен тауарды айырбастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.

Содержание

Кіріспе……………………………………………………………………………..3


ІІ. Ақшаның шығу тегі, мәні мен қызметтері

1.1. Ақшаның шығу тегі және тауарлық табиғаты................................................6

1.2. Құн формасының дамуы және ақша түрлерінің өзгеруі................................8

1.3. Ақшаның атқаратын қызметтері және экономикадағы рөлі.......................11
4.Ақшаның қажеттілігі және оның экономикалық маңызы........................15


ІІ. Ақша айналымы, ақша айналысы және Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
1.Ақша айналымы және ақша айналысы туралы түсінік.............................17

2.2. Қолма-қол ақша айналысы және қолма-қол емес ақша айналымы..........19
3.Метал ақша айналысы, қағаз және несие ақшалары және
олардың түрлері...........................................................................................24
4.Ақша айналысы заңы...................................................................................31

Қорытынды ............................................................................................................33

Пайдаланған әдебиеттер .......................................................................................35

Работа содержит 1 файл

Ақшаның шығу тегі, мәні мен қызметтері.doc

— 234.50 Кб (Скачать)

      Үйден банктік қызмет көрсету – ол электронды есептегіш техниканы пайдалану  негіщінде халыққа банктік қызмет көрсету, яғни телефон аппараттары  мен жеке комьютердің қазіргі  үлгісін пайдаланумен жүзеге асады. Оның ең жай түрі – телефонмен тікелей байланысу арқылы – жеке клиенттерге шот ашуға, несие алуға , есеп айырысуға мүмкіндік береді 
 
 
 
 

 

      

    1. Метал ақша айналысы, қағаз  және  несие ақшалары және

     олардың түрлері. 

      Ақша  өзінің дамуы барысында екі түрге  бөлінеді: толық құнды ақшалар және толық құсыз ақшалар.

      Толық құнды ақшалар – номиналдық құны оны дайындауға кеткен нақты құнымен  сәйкес келетін ақшалар. Мұндай ақшаларға  металл ақшалар, соның ішінде: мыстан, күсімтен және алтыннан жасалғандары жатады. Металл ақшалар әр түрлі формада болған. Монета түріндегі формасы – бұл олардың соңғы формасы монетаның бет жағы – аверс, атрқы жағы – реверс және жаны – гурт деп аталады. «Монета» сөзінің шығуын римдіктердің жүрегі саналатын шіркеу құдайы Юнона – Монета есімімен байланыстырады, яғни сол шіркеуде берілген ақшалай қаражаттың көмегімен Римнің эпир ханы Пиррмен соғыста (б.э.д. 275ж.) жеңіске жеткендігі туралы аңыз бар. «Монета» сөзі латынша «moneo» - «кеңес беремін, көңіліңнен шығамын» дегенді білдіреді.

      Алғақы  монеталар VII ғ. Б.э.б. Ертедегі Қытайда және Ертедегі Лидия мемлекетінде пайда болды. Киев Русінде алғашқы монеталардың пайда болуы ІХ-Х ғ.ғ. жатады. Бастапқы кездері айналыста алтын монеталармен қатар, күміс монеталар да қоса жүреді.

      Алтын айналысы тұсында құнның қағаздай белгілерінің пайда болуының мынадай объективті қажеттіліктері болған:

  • алтын өндірісі тауар өндірісінің артынан ілесе алмай, нәтижесінде айналыстағы ақшаға деген қажеттілікті толық өтей алмады;
  • жоғары құнды алтын ақшалар ұсақ құнды айналымға қызмет көрсете алмайды;
  • алтын стандарты, жалпы алғанда өндірісті және тауар айналымын ынталандырмады.

   Толық құсыз ақшалар (құнның белгілері) –  номиналдық құны нақты құннан, яғни олардың өндірісіне кеткен қоғамдық еңбектен жоғары болып келетін ақшалар.

   Оларға  мыналар жатады:

  • құнның металдық белгілері – арзан металдардан жасаған ұсақ  монеталар, мысалға жез, алюминий т.б. монеталар;
  • құнның қағаздан жасалған белгілері. Құнның қағаздай белгілері екіге бөлінеді: қағаз ақшалар  және несиелік ақшалар

   Қағаз ақшалар  - бұл нағыз ақшалардың өкілдері. Тарихта  олар айналыста жүрген алтын мен күміс монеталардың орынбасарлары ретінде пайда болды. Қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты.

   Метал ақшалардың қағаз ақшаларға ауысу себептері мынадай:

  • металл ақшалардың тасымалдап алып жүру қолайсыздығы;
  • металл ақшалардың мемлекеттік билік органдарының жасаған әрекетінің нәтижесінде, яғни қазыңаға қосымша табыс алу мақсатында металдық құрамын төмендетуі барысында бүлінуі;
  • бағалы металдарды өндірудің қағаз ақшаларды шығаруға қарағанда қымбатқа түсуі;
  • эмиссиондық табыс (шығарылған ақшалардың номиналдық құны мен олардың нақты құны мен олардың нақты құны арасындағы айырма) алу мақсатында қазынаның қағаз ақшаларды шығаруды;
  • бюджет тапшылығын жабу мақсатында қағаз ақшалардың шығарылуы.

   Алғашқы қағаз ақшалар б.э. ХІІ ғ. Қытайда, 1690ж. Ұлыбритан отраы болған Солтүстік  Америкада, 1762 ж. австрияда және 1769 ж. Ресейде пайда болды.

   Қағаз ақшалар (қазыналық билеттер) – бюджет тапшылығын жабу мақсатында шығарылатын және металға ауыстырылмайтын, сондай-ақ  мемлекет белігілеген өзіндік номиналы бар құнның белгілері.

      Қағаз ақшалар тек қана айналыс құрал  және төлем құралы қызметін атқарады. Олардың айналыста ұлғаюы мемлекеттің қаржы жетіспеушілігіне байланысты шығаруымен түсіндіріледі. Қағаз ақшалар өзінің табиғаты жағынан  тұрақсыз және құнсыздануға тез икемді.  Олардың құнсыздану себептеріне: айналысқа басы артық қағаз ақшалардың шығарылуымен, эмитентке деген сенімгің төмендеуін және төлем балансының қолайсыз жағдайын жатқызады.

      Несиелік  ақшалар – тауар өндірісінің  дамуымен, яғни тауарларды сатып алу  және сатудың уақытын кешіктіріп төлеуге (несиеге) беруімен байланысты пайда болған ақшалар.

      Несиелік  ақшалардың шығуы банктердің несиелеу операцияларымен байланысты. Мұндай ақшалардың басты мақсаты. Ақша айналымын икемді ету; нағыз ақшаларды үнемдеу; қолма-қолсыз ақша айналымының дамуына мүмкіндік жасау.

      Несиелік  ақшалардың мынадай түрлері бар: вексель бакнота чек.

      «Вексель» сөзі ағылшынша bill note – міндеттеме шоты дегенді білдіреді.

      Вексель - белгілі бір соманы алдын-ала  келісілген мерзімде және белгіленген  жерде төлейтіндігі туралы борышқордың  қарыздық міндеттемесі.

   Вексельдің  екі түрі бар: жай және  аудармалы. Вексельдің түрлеріне «ҚР-дағы вексель айналысы туралы» (28.04.97) ҚР заңында мынадай түсініктемелер берілген.

   Жай вексель (соло) -  вексельді ұстаушыға  вексельді ұстаушыға вексельді  ұстаушыға вексельде көрсетілген  соманы белгілі уақытта немесе талап  етуге байланысты төлеу туралы вексель берушінің еш нәрсемен негізделмеген міндеттемесін сипаттайтын вексель.

   0Аудармалы  вексель (тратта) – вексельде  көрсетілген соманы білгілі бір  уақытта алғашқы вексельді ұстаушыға  (ремитентке) төлеу туралы үшінші  бір тұлғаға (трассатқа) вексель берушінің (трассанттың) еш нәрсемен негізделмеген ұсынысын (бұйрығы) сипаттайтын вексель.

   Жай және аудармалы вексель – коммерциялық вексельдің түрлері ретінде қарастырылады. Сонымен қатар, экономикалық әдебиеттерде вексельді мынадай түрлерге бөледі: қаржылық, қазыналық, достық, бронзалық.

   Қаржылық (банктік) вескель – белгілі бір  ақша сомасын қарызға беруден  туындайтын қарыздық міндеттеме.

   Қазыналық вексель – бюджет тапшылығын жабу мақсатында мемлекет тарапынан шығарылатын  оның міндеттемесі . қазыналық вексель бойынша мемлект борышқор боыл саналады.

   Достық  вексель кейіннен банкте оларды есепке алу мақсатында бір біріне беріледі.

   Бронзалық вексель нақты қамтамасыз етілмеген қарыздық міндеттемені білдіреді.

   Вексельдің  мынадай өзіне тән қасиеттері бар:

  • дерексіздік, яғни вексельде мәміленің нақты түрінің көрсетілмеуі;
  • даусыздық, яғни протест  туралы актіні нотариуспен жасағаннан кейін тиісті шара қолданылғанға дейінгі қарыздың міндетті түрде төленуге тиісті;
  • айналымдылық, яғни басқа бір тұлғаларға аударып жазу арқылы (индоссамент) төлем құралы ретінде вексельдің берілуі.

   Вексель айналысын бірінші болып қолдаушылардың қатарында Қазкоммерц банк тәжірибиесін атап кетуге болады. Бұл банк 1996 жылы ҚР-сы Үкіметінің астық жинау бағдарламасына сәйкес өзінің 500, 1000 және 5000 АҚШ долларындағы «Астық » векселдерін айналымға шығарып, олардың несие құралы ретінде клиенттеріне берді. Сол клиенттердің ішінде атап айтсақ, сыртқа астық сатумен айналысатын «Астық» Акционерлік компаниясы 5000 АҚШ долларындағы вексельдік теңдер бойынша жеңіп алып, оны өзінің жабдықтаушылары арасында төлем құралы ретінде пайдаланды. Сонымен қатар, осы банк 2003 жылы домицилиант ретінде «Қазақстан Темір жолы» ҰК-ның 200,0 млн тенгеге бағалаған вексельдерін өтеді.

   Мұндағы, «домицилинант» - вексельде көрсетілген төлемді жүзеге асыратын, вексельде делдал ретінде қатысатын банк.

   Банкнота (ағыл. сөзінде «Bank-note» аударғанда «банк билеті»)- орталық банктің  айналысқа шығарған әртүрлі номиналдағы  ақша бірліктері.

   Ол  вексельден және қағаз ақшалардан өзара ажыратылады. Банкнотаның вексельден мынадай айырмашылығы бар:

   мерзімділігіне  қарай, егерде вексель мерзімді қарыздық міндеттеме болса (3-6 айлық), ал банкнота- мерзімсіздік қарыздық міндеттеме;

   кепілдігіне қарай, вексельді айналысқа жеке кәсіпкерлер шығарады және оның жеке кепілдігі болады, ал банкнотаны қазіргі кезде орталық банк шығарғандықтан, оған мемлекет кепілдік береді.

   Экономикалық  әдебиеттерде банкнотаны екі түрге  бөледі: классикалық және жай.

   Классикалық банкнота- бұл банкнотаның алғашқы пайда болған формасы ретінде алтынға еркін алмастырылатын, яғни алтынмен қамтамасыз етілген Орталық банктің билеті.

   Классикалық банкнотаның қағаз ақшалардан өзіндік  айырмашылығы  бар:

  • жаратылысына қарай – қағаз ақшалар ақшаның айналыс құралы ретіндегі қызметінен туындаса, ал банкнота ақшаның төлем құралы қызметінен пайда болған;
  • эмиссия әдісі бойынша – қағаз ақшаларды айналысқа қазынашылық шығарса, ал банкнотаны Орталық банк шығарды;
  • қайтарылуына қарай – классикалық банкноттар вексель мерзімінің аяқталуына байланысты Орталық банкке қайтарылса, ал қағаз ақшалар қайтарылмайды, яғни олар айналыста қала береді;
  • ауыстырылуына қарай – классикалық банктноталар банкке қайтаруына байланысты алтынға немесе күміске ауыстырылып отырса, қағаз ақшалар қашаннан  ауыстырылмайтын болған.

   Жай бакнота – бұл қазіргі кездегі  айналысқа шығарылған Орталық банк билеті.

   Олар  металға алмастырылмайды, тек қана Орталық банктің барлық активтерімен қамтамасыз етіледі. Ендеше қазіргі  айналыста жүрген орталық банктен  шығатын жай бакноталар алтынмен қамтамасыз етімейді, бірақ олардың белгілі бір дәрижеде тауарлық немесе несиелік негізі сақталған, сондай-ақ олар қағаз ақша айналысының заңдылықтарына бағынады.

   Қазіргі кезде ҚР Ұлттық банкісінің жай банкноталардың эмиссиялануының мынадай үш жолын бөліп көрсетуге болады.:

  • шаруашылықты несиелеу жолымен;
  • мемлекетті (үкіметті) несиелеу, яғни мемлекеттік қарыздық  міндеттемелердің орнына банкноттардың шығарылуы барысында. Шынында да, еліміз тәуелсіздік алған жылдардың барысында эконмикадағы тұрақсыздықтың нәтижесінде 1993 – 1998 ж. ж. мұндай көріністің куәсі болдық. Айталық, 1995-1996 жылдары бюджет тапшылығы ЖІӨ-нің 5,5% -на дейін жетті, ендеше сол уақыттары республикалық бюджет тапшылығының 80%-ға жығы Ұлттық банктің Үкіметке берген несиелері есебінен жабылғаны белгілі. әрине бұл жолдың теріс жақтары болды., оның бірі елімізде гиперифляцияның орын алуы;
  • ұлттық валюта бағымының тұрақтылығын қамтамасыз ету және еліміздің сыртқы қарыздарды өтеу үшін мемлекеттің валюталық резервтерін аттыру мақсытына айналысқа қосымша ақша эмиисиялау жолымен. 

    Чек вексель мен банкнотаға қарағанда  коммерциялық банктердің құрылып, олардағы ағымдық шоттарда бос ақшалай  қаражаттардың жинақталуына байланысты несиелік және айналыс құралы ретінде  біршама кеш пайда болды. Алғашқы  чектер 1683 ж. Англияда пайда болды.

    Чек – ағымдағы шот иесінің чекті  ұстаушыға белгілі бір ақшалай  соманы төлеу туралы немесе басқа  ағымдық шотқа аудару туралы өзінің банкісіне берген жазбаша бұйрығы.

      Чектің мындай түрлері бар:

    Ақшалай чек – банктен қолма-қол ақша алуға арналған төлем құралы;

    Атаулы  чек – аударуғақұқысыз белгілі  бір тұлғаның атына жазылады;

    Ордерлі чек – бір тұлғаның атына толтырылған, бірақ индоссемент бойынша басқа  бір тұлғаға беруге құқық береді;

    Мәлімдеуші  чек – чекті мәлімдеушіге ондағы көрсетілген соманы төленеді;

Информация о работе Ақшаның шығу тегі мен қызметтері