Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 16:44, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

1. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ОНЫҢ НАРЫҒЫ
1.1 Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік және оның түрлері...............5
1.2 Бағалы қағаздар нарығы, мәні, оның қатысушылары және ҚР пайда
болуы.......................................................................................................7

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР
НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ
2.1 Бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелдер және оны төмендету
әдісі........................................................................................................17
2.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын дамыту
туралы ұсыныстар................................................................................20

3. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
3.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайы.........23
3.2 Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы....................................26

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 322.00 Кб (Скачать)


   Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                        

 

 

 

                                   

 

 

                                   

                             

  

                                        Алматы 2009

                                                ЖОСПАР:

 

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

 

1. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ОНЫҢ НАРЫҒЫ

1.1 Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік және оның түрлері...............5

1.2 Бағалы қағаздар нарығы, мәні, оның қатысушылары және ҚР пайда

      болуы.......................................................................................................7

 

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР

НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ

2.1 Бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелдер және оны төмендету

      әдісі........................................................................................................17

2.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын дамыту

      туралы ұсыныстар................................................................................20

 

3. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ

3.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайы.........23

3.2 Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы....................................26

 

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................32

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР............................................................33

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                               Кіріспе

 

Бағалы қағаз нарығы қаржы нарығының негізгі құрамдас бөлігіне жатқызылады. Бағалы қағаз нарығын дамыту елдің басыңқы бағыттарының бірі ретінде тануы қазіргі уақытта осы нарыққа деген ғалымдардың, экономистердің аса көңіл аударуына септігін тигізді.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы. Себебі, нарық субъектілері үшін қаржылық ресурстардың жедел, әрі арзан құралды қолдануы негізгі мақсаттарына айналды.

ҚР қаржы нарығы негізінен банктік саладан тұрады. Банктік мекемелер өнімдері мен қызметтерінің жыл сайын дамуы бағалы қағаздар нарығының бәсекелеске түсуіне кедергі келтіреді. Ал, қаржылық ресурстардың тек банктік салада шоғырлануы, нарықтың барлық қатысушыларына кері әсерін тигізеді. Еліміз егемендігін алғаннан бастап бағалы қағаздар нарығы қалыптасты. Бағалы қағаздар нарығының, соның ішінде қор нарығының қалыптасу уақыты аз емес. Осы аралықта ұлттық бағалы қағаздар нарығының қалыптасу ерекшелігі, дамыған мемлекеттердің қолданған тәжірибесін енгізуімен сипат алады. Алайда, соған қарамастан ұлттық нарықтағы біршама қайшылықтардың салдарынан бағалы қағаздар нарығының жете дамымауы көрініс алады.

ҚР Президентінің кезекті жолдауында ұлттық бағалы қағаздар нарығын дамыту бағыттары мен міндеттері айқындалды. Соған қарамастан, бағалы қағаздар нарығының дамуын тежейтін факторлардың болуы тұтастай қаржы нарығының даму серпініне әсер ете алмайды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі дамыту мақсаттары қазіргі заман талабына сай, себебі бағалы қағаздар нарығы арқылы жеке, заңды тұлғалар өздеріне капитал құра алады және белгілі бір пайда табудың жолы ал, мемлекет үшін бюджет қорын толтыру мен ақша айналымын реттеу болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизімдеріднің бірі – акция, облигация шығаруды пайдалану тәртібі мен бағалы қағаздар  нарығының механизімі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндіктері қарастырылды.

Жоғарыда аталған көптеген мәселелерді шешу үшін көптеген, оған терең үгіліп, барлық проблемаларды толығымен қарастыру қажет. Біздің елде бағалы қағаздар нарығы әлі де даму үстінде, сондықтан бұл саланы арықарай жетілдіру қажет.

Курстық жұмыстың мақсаты: бағалы қағаздарға, оның нарығына түсініктеме бере отырып, қазіргі Қазақстандағы бағалы қағаздардың қалыптасуы мен оның даму сатыларын қарастыру.

Зерттеу жұмысының пәні: Зерттеу жұмысының пәні ретінде Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығындағы мемлекеттік органдар мен бағалы қағаздар нарығының қатысушылары арасындағы экономикалық қатынастар алынады.

Зерттеу объектісі: Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы. Оның қазіргі жағдайы мен даму болашағы қарастырылады.

Бұл жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қолданылған әдебиеттер тізімінен және қорытындыдан тұрады.

 

 

 

 

 

 

 

 

             

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                  

 

 

 

              1.    БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ОНЫҢ НАРЫҒЫ

 

1.1   Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік және оның түрлері

 

Бағалы қағаз – бұл капиталдың ерекше формасы[1]. Ол жеке ресурстарға мүліктік құқықты куәландыратын құжат. Мұнда жеке ресурстарға меншік, жер, тауар, ақша және т.б. танылады. Сонымен қатар, бұл құжаттар нақты обьеклерден бөлініп, бағалы қағаздар түрінде өзіндік айналысқа ие. ҚР Азаматтық кодекске сәйкес, бағалы қағаз – бұл мүліктік құқықты куәландыратын, белгілі бір бекітілген формалары мен реквизиттері бар құжат болып табылады. Бағалы қағаздар келесідей ерекшеліктерімен сипатталады: ақша қаражатқа айырбастау мүмкіндігі, сату-сатып алуға, эмитентке қайта сатуға, құқықты басқа тұлғаға беру мүмкіндігіне ие. Олар есеп айырысу кезінде қолдануға, кепіл ретінде пайдалануға болады.

Бағалы қағаздар нарық субьектілерінің қажеттілік сұраныстарын қанағаттандырады. Бағалы қағаз арқылы субьектілер ақша-қаражаттарға деген сұранысын, ал осы құралдарға инвестицияланған субьектілер болашақ табыс алу қажеттіліктерін орындауға бағалы қағаздар нарығының негізгі мақсаттарына жатқызылады.

Бағалы қағаздар келесідей қызметтер атқарады:

1)                экономика салалары және аялары арасында, мемлекеттер арасында, мемлекет пен халық арасында, әр түрлі халық топтары арасында ақшаны қайта бөлу;

2)                иелеріне қосымша құқық береді (капиталға құқық, басқаруға құқық, ақпаратқа құқық және т.б.);

3)                капиталға табыстың алуын және сол капиталдың қайтарымдылығын қамтамасыз етеді.

Бағалы қағаздар келесідей жіктеледі:

                 экономикалық белгісіне қарай бағалы қағаздар үлестік, қарыздық, тауарлық және туынды бағалы қағаздар;

                 құқықты беру әдісіне қарай олар атаулы, ұсынушылық және ордерлі бағалы қағаздар;

                 шығару формасына қарай құжаттық және құжатсыз бағалы қағаздар;

                 капиталды тарту мерзіміне қарай олар қысқа, орта, ұзақ және мерзімсіз бағалы қағаздар;

                 айналыс территориясына қарай бағалы қағаздар аймақтық, ұлттық және халықаралық бағалы қағаздар;

                 эмитент бойынша олар мемлекеттік, корпоративтік және шетелдік бағалы қағаздар;

                 табыс бойынша бағалы қағаздар тұрақты  табысты, бір реттік табыс, бекітілген процент бойынша табысты, өзгермелі процент бойынша табысты бағалы қағаздар.

Бағалы қағаздардың түрлері көп, Солардың ішінде ең танымалысы – акция.

Акция – бұл акционерлік қоғам шығаратын және оның түрі мен категориясына байланысты акция ұстаушының дивидендті алуға, қоғамды басқаруға және қоғам жойылғаннан кейін оның мүлігін алуға құқықтарды куәландыратын бағалы қағаз. Акция бір инвестордың екінші инвесторға акцияны беру тәртібіне қарай атаулы және ұсынушылық акция болып жіктеледі. Атаулы акция кезінде инвестордың кім екенін акция номиналында жазылады. Ал ұсынушылық жоқ. Акция ұстаушылардың құқықтары бойынша акция жай және артықшылығы бар акция болып жіктеледі. Артықшылығы бар акция келесідей белгілермен сипатталады:

                 дивидендтері бекітілген және жай акцияға қарағанда жоғары;

                 дивидендтерді төлеу бойынша 1-ші кезекте;

                 қоғам жойылғаннан кейін мүлік құқығы жай акцияға қарағанда алдыңғы орында.

Ал, артықшылығы бар акцияның кемшілігі ретінде – қоғамды басқаруға құқы жоқ.

Облигация – бұл облигация шығарушыдан көрсетілген мерзімде номиналы бойынша соманы алуға, сондай-ақ облигация бойынша процент не басқа да табысты алуға куәландыратын бағалы қағаз. Облигация – бұл қарыздық міндеттеме, себебі облигация бойынша сатудан түскен ақша-қаражат тек қарызға алынады және бір уақыттан кейін қайтарылады[2].

Облигацияның акцияға қарағанда келесідей айырмашылықтары бар:

                 Облигация бойынша процент міндетті төленеді, ал акция бойынша дивиденд тек таза пайда болғанда ғана;

                 Облигацияны сатып алған тұлға – несие беруші, ал акцияны сатып алған тұлға – қоғам иеленушісі;

                 Облигация бойынша сыйақы төлеу акция бойынша дивидендті төлеуге дейін жүргізіледі;

                 Облигацияның сыйақысы қоғамның шығынына жатқызылады және олар салық салынатын пайдаға дейін шегеріледі.

Эмитент белгілі бір уақытқа капиталды тарту мақсатында негізгі эмиссиялық бағалы қағаздарға шығарады. Ал, туынды бағалы қағаздарды шығару негізінен эмитенттің болашақтағы тәуекелден сақтану әдісі ретінде қарастырылады.

Опцион негізгі бағалы қағаздарға қарағанда пайда болуы жақын болса да, қазіргі жағдайда өзінің қызметіне байланысты өзекті құралға жатқызамыз. Опцион белгілі бір базиске негізделген бағалы қағаз[3]. Оның базисі ретінде нақты тауарлар, шетел валюталары, негізгі бағалы қағаздар болады. Аталған базистердің болашақтағы бағаларынан төмендеуі немесе жоғарлауынан сақтану үшін қатысушылар опцион келісімшартына отырады.

Опционның опцион пут және колл түрлері бар. Олардың бір-бірінен айырмашылығы – бұл опционды шығарушы мен ұстаушысының түрлеріне байланысты.  Опциондармен сауда «еркін айқай»[4] әдісімен жүзеге асады.

Фьючерс – тұрақты табысты бағалы қағаздарды тұрақты бағада алдағы уақытта жабдықтау контрактісін айтады.

Еркін нарықта нақты сатушылар мен сатып алушылар арасында контрактілер жасауға ешкім тыйым салмаса да, фьючерстік мәмілелер негізінен биржада жасалады. Ұйымдастыру қатынасындағы жүйе опционға ұқсас: клиент брокерлік кеңсе арқылы бұйрығын береді, ол бұйрық залдағы тұрақты жұмыс жасайтын өкілге жетеді, кейінгі оның орындалуы немесе орындалмауы нарықтағы нақты жағдайға байланысты анықталады. Негізгілері ретінде мынадай бұйрықтар қолданылады: нарықтық, тоқта, шектеулі.  

Фьючерстермен мәмілені жүзеге асырушы клиенттер екі категорияға бөлінеді: алыпсатарлар және сақтанушылар. Бірінші категория – бұл фьючерсті кейіннен қайта сатып алу мақсатында сатып алушылар, яғни алыпсатарды контракт заты қызықтырмайды. Сақтанушылар керісінше, өз қызметінің түріне байланысты берілетін тауарлармен контракты бойынша тікелей байланысты. Мұндағы сатушы жақ бағалы қағаздардың эмитентін білдірсе, ал сатып алушы жақ инвестор болып саналады. Екі жақта өздерінің тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін тырысады. Опционға қарағанда фьючерстік мәміленің айырмашылығы, екі жақты да маржалайды, бірақ сыйақы берілмейді[5].

Бағалы қағаздар – белгiленген нысан мен мiндеттi реквизиттердi орындау мен меншiк құқығын ұсынатын, мүмкiндiк беретiн құжат. Бағалы қағаздарды айналымға шығару эмиссия деп аталады, ал акцияны шығарған заңды тұлға – эмитент. Бағалы қағаздарды бiрнеше рет шығаруды: бiрiншi реттi эмиссия, ал қор нарығы – бiрiншi реттi нарық, Бағалы қағаздарды қайтадан шығару – екiншi реттi эмиссия және сәйкесiнше екiншi реттi нарық болып аталады. Бағалы қағаздарды сатып алған тұлғалар инвесторлар (салымшылар, иеленушiлер, акционерлер, бағалы қағаздар ұстаушы) болады.

 

 

1.2   Бағалы қағаздар нарығы, мәні, оның қатысушылары және ҚР пайда болуы

 

        Бағалы қағаздар нарығы (қор нарығы) – ол қаржы нарығының құрамдас бір бөлігі. Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтардан өзінің айрықша тауарымен өзгешеленеді.  Ол өзгеше тауар – бағалы қағаздар. Олар, біріншіден, меншік белгісі, екіншіден, қарыз міндеттемесі, яғни олар бойынша табыс алу құқығы және табыс төлеу міндеттемесі пайда болады. Бұдан бұрын айтқанымыздай, бұл тауарды өз құны аз болса да, өте жоғары нарықтық бағамен сатуға болады. Бағалы қағаздардың көрсетілген құны өте төмен болғанымен, мысалы, ол өндіріске жұмсалған нақты капиталдың белгілі-бір мөлшерін көрсетеді. Егер бағалы қағаздарға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы көрсетілген құннан жоғары болады. Бұндай нарықтық бағаның номиналдан ауытқуы, бағалы қағаздардың «жалған капитал» екенін көрсетеді.

Информация о работе Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы