Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы

Автор: Пользователь скрыл имя, 26 Февраля 2012 в 16:44, курсовая работа

Описание работы

Зерттеу тақырыбының өзектілігі: Қаржы нарығының жаһандануы және әлемде бәсекелестік артықшылықта болу елдегі бағалы қағаздар нарығына әсерін береді. Әлемдік қаржы нарықтарының дамуы, ең алдымен дамыған бағалы қағаздар нарығымен сипат алады. Макро деңгеймен қатар, бағалы қағаздар нарығы микро деңгейде де үлесі зор. Ең алдымен, бағалы қағаздар нарығында қаржылық ресурстар шоғырлануын атауға болады. Қаржылық ресурстар меншіктік, қарыздық және тартылған жіктелімі бар. Олардың арасындағы бәсекелестіктің болуы дамыған нарықтың бірден-бір факторы.

Содержание

КІРІСПЕ.........................................................................................................3

1. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ОНЫҢ НАРЫҒЫ
1.1 Бағалы қағаздар туралы жалпы түсінік және оның түрлері...............5
1.2 Бағалы қағаздар нарығы, мәні, оның қатысушылары және ҚР пайда
болуы.......................................................................................................7

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР
НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫ
2.1 Бағалы қағаздар нарығындағы тәуекелдер және оны төмендету
әдісі........................................................................................................17
2.2 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығын дамыту
туралы ұсыныстар................................................................................20

3. БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР НАРЫҒЫНЫҢ БОЛАШАҒЫ
3.1 Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының қазіргі жағдайы.........23
3.2 Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы....................................26

ҚОРЫТЫНДЫ...........................................................................................32

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР....................................

Работа содержит 1 файл

Курстық жұмыс.doc

— 322.00 Кб (Скачать)

Жалған капитал – нақты капиталдың қағаз белгісі, яғни өндірістік капиталдың оқшауланып шыққан бір бөлігі (сауда, қарыз капиталдары).

Бағалы қағаздар ақша капиталының немесе басқа материалды құндылықтардың орнына жүретін «символы» болғандықтан оны «қордың құндылықтары» деп те атайды. Сонымен қатар, бағалы қағаздар «қор инструменті немесе құралы» болып та есептеледі. Себебі тек сол құралды пайдаланып, нақты құндылықтарға қол жеткізуге немесе сол құндылықтар бір субьектіден екіншіге ауысуына болады. Сонымен бағалы қағаздар нарығы – капитал нарығының, яғни ақша және басқа материалдық құндылықтардың нақты қызметінің көрінісі.

Бағалы қағаздар нарығының мақсаты – қаржы ресурстарын шоғырландыру және оларды еарыққа қатысушылардың әртүрлі операциялары арқылы қайта бөлу, яғни уақытша бос ақша қаражатының бағалы қағаздардың инвесторларынан эмитенттеріне ауысуына делдалдық ету. Осы мақсатқа жету үшін бағалы қағаздар нарығы мына міндеттерді жүзеге асырады:

                 Инвестициялау үшін уақытша бос қаржы ресурстарын тарту;

                 әлемдік стандартқа сай нарықтық инфрақұрылымды қалыптастыру;

                 екінші нарықты дамыту;

                 маркетингтік зерттеулерді күшейту;

                 мүліктік қатынастарды өзгерту;

                 басқару жүйесін және нарықтық механизмді жетілдіру;

                 мемлекеттік реттеу негізінде қор капиталын нақты бақылауды қамтамасыз ету;

                 инвестициялық қауіпті азайту;

                 портфельдік стратегияны қалыптастыру;

                 баға белгілеуді дамыту;

                 дамудың бағытын болжамдау.

Аталған міндеттерді жүзеге асыруда бағалы қағаздар нарығы көптеген қызмет түрін атқарады. Оларды шартты түрде екі топқа бөлуге болады. Біріншісі, жалпы нарықтық, яғни кез-келген нарыққа тән, екіншісі, ерекше, яғни осы нарықты басқа нарықтардан ажырататын қызметтер.

Жалпы нарықтық қызметтерге:

                 коммерциялық, яғни осы нарықтағы операциялардан пайда табу;

                 баға белгілеу, яғни нарықтық бағаларды қалыптастыру және олардың өзгеруін, қозғалысын қадағалау;

                 ақпараттық, яғни нарыққа қатысушыларға қажетті ақпаратты жариялау;

                 реттеу, яғни нарықтық сауда жүргізу, оған қатысу, қатысушылар арасында болған дауды шешу туралы Ереже шығару және бақылау органдарын құру қызметтері жатады.

Бағалы қағздар нарығының ерекше қызметтері:

                 қайта бөлу, яғни бағалы қағаздардың айналысы арқылы кәсіпорындар, мемлекет және халық, сондай-ақ салалар мен аймақтар арасында ақша қаражатын қайта бөлу. Бұл қызмет мемлекеттік және оларды орналастыру есебінен мемлекеттік, облыстық және жергілікті бюджеттердің кемшілігін қаржыландыруда мемлекеттік органдардың кәсіпорындар мен халықтың бос қаражатын қайта бөлу арқылы жүзеге асырылады;

                 баға және қаржы тәуекелдерін сақтандыру, яғни туынды бағалы қағаздарды – фьючерстік және опциондық шарттарды сақтандыру.

Бағалы қағаздар нарығы – нарықтық экономикада күтпеген кездейсоқ болатын процестердің реттеушісі. Бұл алдымен капиталды инвестициялау процесіне қатысты жүзеге асырылады. Капиталды инвестициялау деген күрделі қаржының капиталға мұқтаж өндіріс салаларына құйылуы, ал артық болған уақытта сол саладан қайта алынуы. Капиталдың бұндай айналыс механизмі мынадан түсінікті. Мысалы, кейбір тауарларға немесе қызмет түрлеріне сұраныс өссе, онда соған сәйкес бағасы да өседі. Демек, оларды өндіруден пайда да өседі, сондықтан басқа салалардың өніміне сұраныс азайып, олардың экономикалық тиімділігі кеміп, ондағы капитал өніміне сұраныс өсіп тұрған салаларға құйылады. Бағалы қағаздар осы механизмнің қызметін қамтамасыз ететін құрал. Олар уақытша бос капиталды сату-сатып алу арқылы тиімді өндіріске бағыттап отырады.

Нарықтық экономиканың тәжірибесінде капитал ең алдымен қоғамға шын мәнінде қажетті өндіріске орналасады. Нәтижесінде қоғамдық өндірістің ең үйлесімді құрылымы пайда болып, тапшылықсыз экономика қалыптасады. Қоғамдық өндіріс негізінен қоғамдық сұранысқа сай болады. Бұл өркендеген нарықтық экономиканың басты жетістігі. Біздің еліміздегі Мемлекеттік жоспарлау комитеті басқарған орталықтанған-жоспарлы экономика 70-жыл (1921-1991) бойы қоғамның зарарсыз өсуін қамтамасыз ете алмады. Ал нарықтық қатынастарды дамыту – қоғамдық экономиканың шарықтап өркендеуіне жеткізетіні ақиқат шындық.

Кәсіпорынның қосымша капиталға мұқтаждығы көптеген жағдайларға байланысты болады. Олардың бастылары – негізгі қорларды құру, ескі қорларды жаңарту және айналыс құралдарын толықтыру. Бұл мұқтаждықтар нарық конъюнктурасына тікелей байланысты. Ал конъюнктураның өзгеруі белгілі-бір уақыт арасында болып тұрады. Сондықтан кәсіпорын қажетті қаражатты белгілі-бір уақытта, яғни  нарық конъюнктурасының өздеріне қолайлы кезінде алғаны жөн.

Бағалы қағаздар нарығының маңызы. Экономикасы дамыған мемлекттерде бағалы қағаздардың көмегімен қосымша капитал тарту анғұрлым жеңіл. Акция және облигация сияқты негізгі бағалы қағаздарды шығаруға және оларды тіркеуге 2 апта, эмиссия проспектісін шығарып және нарыққа қатысушылардың оларды талқылауына 2-4 апта, оларды сатып алу- сатуға және есеп айырысуға 2-3 апта уақыт кетеді екен. Қорытындысында 1,5-2 ай ішінде эмитент өзіне қажетті капиталды жинап, оны басқару құқығына ие болады.

Бағалы қағаздар нарығының пайда болуы сауда және өсімқорлық несие түрлерімен тығыз байланысты. Олар вексель және коносомент сияқты қарыз міндеттемелерінің пайда болуына әсер етті. Бағалы қағаздар нарығының одан әрі дамуы акционерлік қоғамдардың пайда болуымен және мемлекеттің эмиссиялық қызметімен байланысты. Бағалы қағаздарға кең көлемде капитал жұмсау XIX ғ. ортасында өрістей бастады. Осы кезде нарыққа қатысушылар да белгілі бола бастады. Алғашқыда бағалы қағаздармен жеке адамдар және банк қызметкерлері айналысты. Кейіннен бұл іске заңды тұлғалар да кірісті.

Бағалы қағаздар нарығына қатысушылар деген бағалы қағаздарды сатушы, не сатып алушы, сонымен қатар олар бойынша есеп айырысуды және олардың айналымын қамтамасыз ететін жеке немесе заңды тұлғалар. Олар бағалы қағаздардың айналымдылығы бойынша өзара экономикалық қатынастарға түсетін жақтар.

Қазіргі кезде бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды олардың нарыққа араласуына және нарықтағы позициясына қарай шартты түрде бес топқа бөлуге болады:

Бірінші топ, бағалы қағаздар нарығына негізгі қатысушылар: мемлекет, жергілікті әкімшілік органдар, ірі ұлттық және халықаралық компаниялар.  Бұндай компаниялардың халық арасында жоғары атағы бар. Сондықтан олар шығарған бағалы қағаздар ешбір қиындықсыз өтеді. Нарық ол қағаздарды көп мөлшерде қабылдауға әрқашанда дайын.

Екінші топ, инвестициялық институттар, немесе бағалы қағаздар операциясын жүргізетін қаржы-несие институттары.  Олар:

                 коммерциялық және инвестициялық банктер;

                 сақтандыру қорлары;

                 зейнетақы қорлары және с.с ұйымдар.

Бұл институттардың көпшілігі әртүрлі инвесторлардың, яғни заңды және жеке тұлғалардың қаржысын біріктіріп, оларды табысты бағалы қағаздарға жұмсау мүмкіндіктерін іздестіреді.

Үшінші топ, жеке инвесторлар, яғни жеке адамдар, оның ішінде шағын кәсіпорындардың бағалы қағаздары әрқашан қауіпті. Статистика деректері дәлелдегендей олардың ¾ бөлігі ашылмай жатып жабылып қалады, тек ¼ бөлігі ғана кейбір табысқа қол жеткізеді екен[6]. Кейбір шағын кәсіпорындар табысты қызмет көрсетіп, өздерінің болашағы бар екенін дәлелдеді.

Төртінші топ, бағалы қағаздар нарығының делдалдары, яғни брокерлер мен дилерлер. Олардың қолындағы хабарлар, керекті байланыс құралдары оларға бағалы қағаздармен операция жүргізуге жеңілдік береді. Дилерлер қолында өз капиталы болғасын көптеген операция жүргізеді. Дағды бойынша, дилерлер сатып алған қағаздарды өзінде көп ұстамайды. Олар нарық конъюнктурасын сезсе, бағалы қағаздарды сатып жібереді. Себебі олардың іс-әрекеті – алыпсатушылық.

Бесінші топ, бағалы қағаздар нарығын бақылаушы және қадағалаушы мемлекеттік органдар. Әрбір елде бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды және оған қатысу жағдайларын мемлекет белгілейді. Себебі мемлекеттік заң актілерінде елдің экономикалық жағдайы аңғарылады.

Бағалы қағаздар нарығының негізіг сауда-саттық жұмысын қамтамасыз етіп, оның міндетін атқаратын делдалдарды кәсіби мамандар деп те атайды. Ол жұмыс баға белгілеу үшін және қажетті хабарларды тарататын компьютерлік техниканы қажет етеді.

Бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары:

1.                 Брокерлер – делдал ретінде келісімге қатынасатын адамдар. Брокер келісім жасасатын әрьір жақты табыстыруды көздейді. Брокер өкіл емес, ешбір жақтың шарттық қатынастарына қатыспайды, жекелеген тапсырмалар негізінде жұмыс істейді. Брокерге әрбір  жеке келісімді жасауға арнаулы өкілеттік беріледі. Ол тек өкілеттік шегінде әрекет етуге міндетті.

2.                 Дилерлер - өз капиталымен келісім жасайтын делдалдар.

3.                 Джобберлер – нарық конъюнктурасын бақылаушылар.

Бағалы қағаздар нарығындағы брокерлер заңды тұлға ретінде тіркелген маманданған брокерлік фирма қызметкерлері. Батыс еуропа мемлекеттерінде олар не жеке фирма, не акционерлік қоғам ретінде құрылады. Жаңа егемен мемлекеттерде олар жауапкершілігі шектеулі серіктестік мекемесі болып та құрылуда.

Брокерлік фирманың қызмет аясына:

1.                 Консалтинг (кеңес беру);

2.                 Бағалы қағаздарды алғашқы нарықта орналастыру және екінші нарыққа айналысқа түсіру;

3.                 Инвестициялық қорларды құру және оны басқару және с.с. міндеттер кіреді.

Дилерлер – олар да делдалдар. Олардың брокерлерден айырмашылығы шарт жасасқан өзінің капиталын жұмсайды.

Бағалы қағаздар операциясына маманданағн дилерді жауапкершілігі шектеулі дилер[7] деп атайды. Олардың бағалы қағаздарды сатып алу-сатуға тәуекелмен шығарған шығыны, эмитенттер мен инвесторлардың шығынынан әлдеқайда аз.

Дилердің атқаратын қызметі:

1.                 Бағалы қағаздардың шығарылымы, олардың бағамы және сапасы туралы хабар тарату;

2.                 Клиенттердің тапсырмасын орындау;

3.                 Бағалы қағаздар нарығындағы өзгерістерді бақылап отыру.

4.                 Сатып алушылар мен сатушыларды бір-біріне кездестіріп, бағалы қағаздар нарығының жұмысына себепші болады.

Джобберлер – бағалы қағаздар нарығындағы конъюнктура мәселелері жөнінен кеңес берушілер. Олардың іс-әрекеті бағалы қағаздар нарығының құрылымы кең көлемде болғанда және ол үнемі өзгеріп отырғанда қажет. Джобберлер тек бір жолы кеңес беріп қана қоймай, күрделі, кейде кешенді мәселелерді шешуге жан-жақты көмектеседі. Джобберлер бағалы қағаздардың кейбір түрлеріне ғана маманданатын болғасын олармен кең көлемде жүргізілетін операцияларға брокерлер мен дилерлер пайдаланады. Джобберлердің қызметі өте жоғары бағаланып, олар жоғары жалақы алатындар қатарына жатады[8].

Атқаратын қызметтеріне қарай бағалы қағаздар нарығына қатысушыларды:

                 эмитенттер;

                 инвесторлар;

                 бағалы қағаздар нарығына қызмет етуші ұйымдар;

                 бақылау және реттеу органдары.

Эмитенттер – олар бағалы қағаздардың шығарушысы және сатушысы. Шығарушылар – мемлекет, коммерциялық кәсіпорындар және ұйымдар.

Инвесторлар – олар өздерінің нақты капиталын бағалы қағаздарға салушылар, яғни уақытша бос ақша қаржысын өсіруге мүдделі халық, мемлекет, сондай-ақ коммерциялық ұйымдар.

Қор делдалдары- олар бағалы қағаздар нарығында эмитенттер мен инвесторлар арасындағы байланысты қамтамасыз ететін сауда-саттық жүргізуші брокерлік-дилерлік және бағалы қағаздар портфелін басқарушы ұйымдар.

Бағалы қағаздар нарығына қызмет етуші ұйымдар – олар бағалы қағаздарды сатып алу-сату қызметінен басқа да бағалы қағаздар нарығындағы қызметкерлердің барлығын атқаратын ұйымдар. Бұндай ұйымдарға:

Біріншіден, бағалы қағаздар нарығын ұйымдастырушылар (қор биржалары, биржадан тыс нарықты ұйымдастырушылар);

Екіншіден, есеп айырысу орталықтары;

Үшіншіден, депозитарийлер;

Төртіншіден, тіркеушілер;

Бесіншіден, нарыққа қатысушыларға қызмет көрсететін ақпарттық агенттіктер және басқа да ұйымдар кіруі мүмкін.

Қорыта айтқанда, бағалы қағаздар нарығына қызмет етуші ұйымдардың жиынтығын қор нарығының инфрақұрылымы деп те атайды.

«Инфрақұрылым» термині – экономикалық жүйе негізі, фундаменті, ішкі

құрылымын білдіреді. Осыған сәйкес, біз «бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымына» келесідей анықтама береміз. Бағалы қағаздардың инфрақұрылымы – бұл бағалы қағаздарды шығаратын, сататын және сатып алатын субъектілер арасындағы қатынастарда қызмет атқаратын қатысушылар жиынтығы. Бағалы қағаздар нарығының қатысушылары әр мемлекетте әр түрлі жиынтықтардан тұрады. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын кәсіби қатысушылар және сауданы ұйымдастырушылар ретінде қарастырмыз.

Бағалы қағаздар нарығының алатын орнын екі тұрғыдан: бірінші жағынан әртүрлі көздерден тартылған ақша қаражаттарының мөлшері бойынша, екінші жағынан кез-келген нарыққа жұмсаған бос ақша қаражаттары бойынша қарауға болады.

Ақша қаражаттары ішкі және сыртқы көздер есебінен тартылуы мүмкін. Ішкі көздерге әдетте амортизациялық аударым және пайда жатады. Сыртқы көздерге – банктік ссуда және бағалы қағаздар сатудан түскен қаржы жатады. Жалпы алғанда қоғамда ішкі көздерді қайта бөлудің нәтижесі. Айта кететін жәйт, қайта бөлінген қаржы өз елінікі ме, әлде басқа елдікі ме, ол маңызды емес. Дамыған елдерде тартылған қаражаттардың орташа есеппен 75%-ке жуығы ішкі қаражат көздерінен құрылса, ал банктік ссуда мен бағалы қағаздарды сатудан түскен қаржының әрқайсысы 5 және 20% болады[9].

Информация о работе Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы