Халықаралық валюталық қатынастар және олардың жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 20:18, реферат

Описание работы

Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементгері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өңдірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.

Работа содержит 1 файл

Халықаралық валюталық қатынастаржәне.docx

— 57.04 Кб (Скачать)

 1973 жылдан бастап, ЕЭҚ-қа Ұлыбритания, Ирландия, Дания елдері кірді. Ал 1981 жылы Греция, 1986 жылы Португалия және Испания қосылған.

   ЕҚ-тың максаты:

-шаруашылықты мемлекетаралық реттеу базасында экономикалық және саяси одақ құру; ЕҚ-ды дамыған мемлекетке айналдыру;

-Батыс Еуропа орталығының, АҚШ және Жапонияның дүниежүзілік нарықтағы монополияларымен күресуде ұстанымдарын нығайту;

-Батыс Еуропалардың бұрынғы отарлары ретінде дамушы елдерді, өзінің әсер ету аясында ұжымдық күште ұстау.

   Батыс еуропалық интеграция өзінің үш ерекшеліктерімен ажыратылады:

   Біріншіден, ЕҚ құрылуы көмірдің ортақ нарығынан басталады және шаруашылық кешен интефалданғанға дейін 6 ел және 12 саяси одақ болса, бүгінгі уақытта 15—16 мемлекетке жетті. Болашақта ЕҚ-қа Шығыс және Орталық Еуропа елдері (ЕҚ-тың жіктеуі бойынша оған: Литва, Латвия, Эстония жатады) қосылады деп күтілуде.

    Екіншіден, ЕҚ-ның институционалдық құрылымы мемлекеттің құрылымына жақын және мынадай ұйымдардан тұрады:

    Еуропалық кеңес (1974 жылдан бастап, оған мүше елдердің мемлекет басшылары мен өкімет басшылардың отырысы ЕҚ жоғарғы ұйымы болып табылады).

   Министрлер кеңесі— заң шығарушы орган.

   ЕҚкомиссиясы (ЕҚК) — атқарушы орган.

   Еуропалық парламент — кеңес беруші орган. Бұл орган ЕҚК және Министрлер Кеңесінің қызметін бақылайды, ЕҚбюджетін бекітеді;

   ЕҚ Ерты — құқықтық нормалардың сақталуын қадағалау ұйымы;

   Әлеуметтік экономикалық комитет және— кәсіпкерлер, кәсіподақтар екілдерінен құралған кеңес беруші орган.

   Үшіншіден, интеграциялық үдерістің материалдық негізі болып, ЕҚ-тың бюджетінің бір бөлігінен құрылатын көп бірлескен қорлар қызмет етеді.

    Экономикалық интеграцияның ажырамас элементі валюталық интеграция болып табылады. Оған, валюталык саясаттың шоғырлану үдерісі, валюталық реттеу мемлекетаралық валюталық-несиелік және қаржы ұйымдарын құру жатады.

    Ямайка валюталық  жүйесіне қарағанда  Еуропалық валюталық  жүйе қағидалары  мынадай болды:

   ЕВЖ, ЭКЮ — еуропалык валюталық бірлікке негізделеді (1999жылға дейін). ЭКЮ-дің шартгы құны ЕҚ-тың 12 елдерінің валюталары негізінде валюталар қоржынының әдісі бойынша анықталды.

    ЕВЖ-дегі мемлекетаралық аймақтық реттеу орталық банктерге уақытша төлем балансындағы тапшылықгы жабуға және валюталық интеграцияға байланысты есеп айырысулар үшін несие беру жолымен жүзеге асырылады. 

                               Қорытынды

     Халықаралық валюталық қатынастар ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.

  Халықаралық валюталық қатынастар тұрақсыздығы мен валюталық дағдарыс ұдайы әндіріс үдерісіне кері әсерін тигізеді.

  Валюталық жүйелер үш түрге бөлінеді:

Ұлттық  валюталық жүйе;

Дуниежүзілік  валюталық жүйе;

Аймақтық  немесе мемлекетаралық валюталық жүйе.

    Валюталық бағам — бір елдің ақша бірлігінің екінші бір елдің ақша бірлігіне қатысты бейнеленетін бағасы.

   Валюталық бағамға әсер ететін факторлар ықпал етеді:

   Инфляция қарқыны. Инфляция қаншалықты жоғары болса ол елдің валютасының бағамы төмен болады. Ақшаның инфляциялық құнсыздануы, ол ел валютасының төлем қабілеттігін және басқа елдің валютасына қатысты бағамын төмендетеді.

   Төлем балансының жағдайы. Егер де төлем балансынының жағдайы активті болса, онда шетелдік борышқорлар жақтан ұлттық валютаға сүраныс өсіп, үлттық валютаның курсын жоғарылатуғамүмкіндік береді, ал пассивтік болса, борышкорлар оларды өздерінің сыртқы міндеттемелерін етеу үшін шетел валютасына сатып, ұлттық валюта бағамын темендетеді.

  Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:

-нарықтық реттеу;

-мемлекет тарапынан реттеу;

  Жаңа дүниежүзілік валюталық жүйені құру үш басты кезенде жүргізіледі:

I кезең — жаңа жүйенің қағидаларының қалыптасуы, алғы шарттардың түзілуін, анықталуын қамтиды, мұнда бұрынғы жүйемен өзара байланыс сақталады.

II кезең — жаңа жүйенің қағидаларының құрылымдары толығымен аяқталып, біртіндеп іске қосылады.

III кезең — толық қызмет ететін жаңа дүниежүзілік жүйе құрылады. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Пайдалынылған әдебиеттер

 
1. 1995 жылы қабылданған  ҚР Конституциясы. Алматы. Атамұра., 20087 
2. "Валюталық реттеу туралы" ЌР заңы, 24.12.96. 
3. "ҚР Ұ¦лттық Банкі" туралы ҚР Президентінің Жарлығы 30.03.95. 
4. "Банк және банк қызметі туралы" ҚР Президентінің Жарлығы 31.08.95. 
5. "Шетел валютасымен пайдаланумен байланысты қызметті лицензиялаудың тєртібі туралы ереже", 24.04.97 /өзгерістер мен толықтырулармен 27.01.98. 
6. Капиталдың қозғалуына байланысты валюталық операцияларды тергеудің Ережесі,27.10.98. 
7. ҚР Валюталық операцияларды жүгізудің Ережесі 23.05.97 /өзгерістер мен толықтырулар 19.02.99./ 
8. "Экспорттық-импорттық валюталың бақылауды ҚР-да ұйымдастырудың Нұсқамасы", 05.12.98. 
9. «ҚР-да қолма-қол шетел валюта Нұсқамасы", 19.02.99. 
10."Шетел валютасымен жүргізілетін операцияларды есепке алу ережесі". БЕЖ. ҚР ¦Бухгалтерлік есеп жөніндегі қаулысымен бекітілген. 13.11.96. 
11.
География: Дүниежүзіне жалпы шолу. ТМД елдері. Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10-сыныбына арналған оқулық/ Ө. Бейсенова, К. Каймулдинова, С. Әбілмәжінова, т.б. — Алматы: Мектеп, 2010. — 304 б.

12.Ақша, несие, банктер теориясы: Оқулық. — Алматы: Жеті жарғы, 2011. — 368 бет. ISBN 978-601-288-026-7 

Информация о работе Халықаралық валюталық қатынастар және олардың жүйесі