Халықаралық валюталық қатынастар және олардың жүйесі

Автор: Пользователь скрыл имя, 19 Октября 2011 в 20:18, реферат

Описание работы

Халықаралық валюталық қатынастар — ұлттық шаруашылықтары қызметтерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасатын қоғамдық қатынастар жиынтығы.
Валюталық қатынастардың жекелеген элементгері ерте Грецияда және Ертедегі Римде вексель түрінде пайда болған. Келесі даму кезеңіне Лиондағы және Батыс Еуропа елдерінің басқа да сауда орталықтарында орта ғасырлық вексель жәрмеңкелері жатады. Мұнда аудармалы вексель (тратта) бойынша есеп айырысулар жүргізілген. Феодализм қарсаңында және өңдірістің капиталистік тәсілінің құрылуымен байланысты банктер арқылы халықаралық есеп айырысулар жүйелері дами түсті.

Работа содержит 1 файл

Халықаралық валюталық қатынастаржәне.docx

— 57.04 Кб (Скачать)

   Әр елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі айырма. Бұл фактордың валюталық бағамға әсері екі жағдаймен болады:

-Елдегі пайыз мөлшерлемесіндегі өзгерістер, капиталдың халықаралық қозғалысына, ең алдымен қысқа мерзімді қозғалысына әсер етеді. Шын мәнісінде пайыз мөлшерлемесінің өсуі, шетел капиталының ішке ағылуын ынталандырып, ал оның төмендеуі ұлттық капиталдың шетелге шығуына жол береді;

-пайыз мөлшерлемесі валюталық нарықтағы операцияларға және ссуданың капиталдар нарығына әсер етеді, яғни, шетелден арзан несие алып, оны ішкі нарықка орналастырады.

      Валюталық нарықтар қызметі мен алып-сатарлық валюталық операциялар. Егер қандайда бір валюта бағамы түсетін болса, оны банктер тез арада тұрақты валютаға сатуға тырысады.

     Белгілі бір валютаның Еуронарықта және халықаралық есеп айырысуда пайдалану дәрежесі. Мысалға: Еуробанктер 60—70% операцияларын АҚШ ($) долларында жасағандықтан, оған деген сұраныс пен ұсыныс ауқымы анықталады.

    Халықаралық төлемдердің жеделдетілуі немесе кешіктірілуі де валюталар бағамына әсер етеді.

      Валютага деген ұлттық және халықаралық нарықтагы сенімділік дәрежесі.

    Валюталық саясат. Нарықтың және мемлекеттік реттеудің шекті қатынасы оның динамикасына әсер етеді.

   

  1.5 Халықаралық валюталық қатынастарды реттеу. Валюталық саясат

   Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жағдайында халықаралық валюталық қатынастарды реттеу екі түрде жүзеге асырылады:

-нарықтық реттеу;

-мемлекет тарапынан реттеу;

    Валюталық нарықта валюталарға деген сұраныс және ұсыныс, сондай-ақ олардың бағамдық шекті қатынастары қалыптасады. Нарықтық реттеу құн заңына бағынады. Мұндай зандардың валюталық нарықтағы бәсекелестік жағдайында жұмыс жасауы, валюталар айырбасының қатысты баламалылығын, тауарлар, көрсетілетін қызметтер, капиталдар, несиелер қозғалысына байланысты әлемдік шаруашылықтың қажетгілігіне валюталардың халықаралық ағымының сәйкес келуін қамтамасыз етеді.

    Баға тетігі және нарықтағы валюталық бағам динамикасының белгілері арқылы экономикалық агенггер валюталарды сатып алушылардың сұранысы мен оларды ұсыну мүмкіндіктері туралы біле алады. Сонымен бірге, нарық, валюталық операциялардың жағдайы туралы ақпараттар көздері болып табылады.

    Бірақта, мемлекет ертеден бері валюталық қатынастарға араласып келген, бастапқысында ол, жанама түрде, кейіннен оның әлемдік шаруашылықтағы маңыздылығын ескере отырып, тікелей араласа бастады. 30 жылдардағы XX ғасыр алтын стандарты алынып тасталуына байланысты валюталық бағамды реттегіш ретінде алтын тетігі қызметін тоқтатты. Бағамдық шекті 0атынастардың аяқ асты ауытқу мен валюталық дағдарыстар ұлттық және әлемдік экономикаға теріс әсер ете отырып, ауыр әлеуметтік-экономикалық зардапқа ұшыратты.

    Нарықтық және мемлекеттік валюталық реттеу бірін-бірі толықтырады. Біріншісі, бәсекеге негізделген, яғни дамуды ынталандыра түссе, ал екіншісі, валюталық қатынастарды нарыктық реттеудегі теріс салдарларды жоюға бағытталған. Екі реттегіш арасындағы шекара нақты жағдайлардағы тиімділік және шегуге байланысты анықталады. Сондықтан да, олар арасындағы шекті қатынас жиі ауысып отырады. Дағдарыс, соғыс және тағы басқа қиын жағдайларда қатаң мемлекетгік валюталық реттеудің маңыздылығы артады. Сондай-ақ валюталық-экономикалық жағдайдың жақсаруы барысында валюталық операциялар ырықтандырылып, бұл аумақта нарықтық бәсеке орын алады. Бірақта мемлекет, бұл жағдайда да, валюталык қатынастарды қалыпқа келтіру және қадағалау мақсатында валюталық бақылау жасайды.

    Нарық экономикасын реттеу жүйесінде валюталық саясат маңызды орын алады.

    Валюталық саясат—бұл елдің ағымдық және стратегиялық мақсаттарына сәйкес, халықаралық валюталық және басқа экономикалық қатынастар аумағында жузеге асырылатын шаралар жиынтығы.

   Валюталық саясат экономикалық саясаттың ең басты мақсаттары: тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етуге, жұмыссыздық пен инфляцияның өсуін тоқтатуға, төлем балансындағы тепе-тендікті ұстап отыруға бағытталады.

  Валюталық саясаттың басты бағыттары мен нысандары елдердің валюталық-экономикалық жағдайына, әлемдік шаруашылықтың эволюцияларына, әлемдік аренадағы күштердің орналасуына байланысты анықталады.

     Заңды түрде валюталық саясат валюталық заңдылықтар, яғни, елдегі және одан тысқары жерлердегі валюталық бағалылармен байланысты операциялардың жасалу тәртібін реттейтін құқықтың нормалар жиынтығымен, сондай-ақ екі жақты көп жақты-валюталық проблемалар бойынша мемлекеттер арасында жасалатын келісім-шарттарға сүйенеді.

    Валюталық саясатты іске асырудың басты бір құралы — валюталық реттеу болып табылады.

   Тікелей валюталық реттеу — занды актілер және атқарушы өкіметтің әрекет ету жолымен іске асса, ал, жанама валюталық реттеу — нарықтың экономикалық агенттерінің мінез-құлқына экономикалық, оның валюталық және несиелік әдістерді пайдалану арқылы әсер етеді.

   Мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымы — Халықаралық Валюталық қор (ХВҚ) болып табылады.

   Валюталық саясат өзінің мақсаттарына және нысандарына байланысты екіге бөлінеді:

-құрылымдық валюталық саясат;

-ағымдық валюталық саясат.

    Құрылымдық валюталык саясат—дүниежүзілік валюталық жүйедегі құрылымдық өзгерістерді жузеге асыруға бағытталатың ұзақ мерзімді шаралар жиынтыгы.

   Ол валюталық саясат реформа нысанында іске асырылады. Құрылымдық валюталық саясат ағымдық валюталық саясатқа әсер етеді. Ағымдық валюталық саясат валюталық бағамды, валюталық операцияларды, валюталық нарық пен алтын нарығының қызметтерін күнделікті оперативті түрдереттеуге бағытталған қысқа мерзімді шаралар.

    Валюталық саясаттың келесідей нысандары колданылады:

Дисконттық  валюталық саясат;

Девиздік валюталық саясат.

   Сонымен қатар, девиздік саясаттың мынадай жүзеге асырылу нысандары болады:

валюталық интервенция;

валюталық резервтерді диверсификациялау;

валюталық шектеу;

валюталардың  алмастырылу дәрежесін реттеу;

валюталық бағам режииі;

девальвация;

ревальвация;

    Дисконттық (есепке алу) саясаты — бір жағынан, валюталық бағам мен төлем балансын реттеуге, екіншіден, ішкі несиелер динамикасын, ақша массасын, бағаны, жиынтық сұранысты реттеуге бағытталатын орталық банктің есепке алу мөлшерін өзгертуі.

   Мысалға: пассивтік төлем балансы кезінде капиталдың еркін орын ауыстыруы жағдайында есепке алу мөлшерінің кетерілуі, ең төменгі пайыз мөлшерлемесі бар елдерден, капиталдың келуін ынталандырып, төлем балансының жағдайын жақсартады және валюталық бағамды артгыра түседі. Ал, егер орталық банк есепке алу ресми мөлшерін төмендететін болса, отандық және шетелдік капитал сыртқа ағылып, төлем балансынын, активтік қалдығы азаяды және валютаның бағамы төмендейді.

    Қазіргі жағдайда дисконттық саясаттың тиімділігі төмендеген. Себебі, егерде төлем балансын жақсарту мақсатында есепке алу мөлшерін арттыратын болса, оның экономика үшін теріс әсері болады. Ал оның төмендеуі, төлем балансына кері әсер етіп, яғни капиталдың сыртка ағылуына жол береді.

    Девиздік саясат -мешекеттік ұйымдардьің немесе орталық банктің шетел валюталық сату және сатып алу жолымен ұлттық валюта бағамына әсер ету әдісі.

    Ұлттық валюталық бағамын көтеру мақсатында орталық банк шетел валютасын сатады, ал бағамын түсіру үшін, шетел валютасын ұлттық валютаға айырбастау арқылы сатып алады.

    Девиздік саясат көбіне валюталық интервенция нысанында жүзеге асырылады. Валюталық интервенция XIX ғасырдан бастап қолданыла бастаған. Алтын монометализмі алынып тасталғаннан кейін валюталық интервенция кеңінен қанат жайды.

   Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін, жаңа құбылыс ретінде мемлекетаралық валюталық реттеу ұйымдары — ХВҚ, сондай-ақ аймақтық — Еуропалық валютальіқ институт қ9рылды (1994 жылы)

    Валюталық резервтерді диверсифкациялау - бұл халықаралық есеп айырысуларды қамтамасыз ету, валюталық интервенция жургізу және валюталық шығындардан сақтау мақсатында әр турлі валюталарды қосу жолымен валюталық резервтердің қурылымынреттеуге бағытталған мешекеттің және банктердің саясаты.

    Бұл саясат қарапайым түрде түрақсыз валюталарды сату және халықаралық есеп айырысулар үшін қажетті тұрақты валюталарды сатып алу жолымен жүзеге асырылады.

    Валюталық паритет және валюталық бағам режимі Ұлттық және мемлекетаралық реттеу объектісі болып табылады.

   Девальвация мен ревальвация — валюталық саясаттың дәстүрлі әдістеріне жатады.

   Девальвация — ұлттық валютаның бағамын, шетел валюталарына қатынасын төмендету.

   Ревальвация — ұлттық валюта бағамын, шетел валюталарына қатынасы бойынша жоғарылату.

  Девальвация пайызын есептеу формуласы мынадай:

мұнда,

Б е — ескі бағам;

Бж — жаңа бағам.

    Ревальвация пайызын есептеу формуласы:

   Мысалға: фунт стерлинг бағамы арнайы түрде 2.8 ден 2.4 долларға дейін төмендетілді. Мұндағы девальвациялау пайызын есептейік:

   Сол сияқты, фунт стерлингтегі 1 доллардың бағамын аныктайық, 1 фунт    ст.=2.8 доллар. X = 1 доллар.

   Демек, девальвациялауға дейін фунт стерлингі бағамы 1 доллар = 0.35 функстерлинг тұрса, ал, девальвациялаудан кейін, ол, 0.41 фунт стерлингті құрады. Доллардың ревальвациялану мөлшері мынадай жағдайда анықталады:

   Валюталық саясаттың келесі бір формасы ретінде валюталық шектеу үздіксіз пайдаланылады.

     Валюталық шектеу—резиденттер мен бейрезиденттердің, валюталар және басқа валюталық құндылықтармен жасалатын операцияларынзаңды түрде немесе әкімшілік турде тыйым салуы немесе шектеуі.

    Валюталық шектеу, валюталық бақылаудың құрамдас бөлігі болып табылады.

   Валюталық шектеу валюталық заңдылықтармен бекітіледі.

   Валюталық шектеудің мақсаттары келесідей:

телем балансын теңестіру;

валюталық бағамды қолдау;

ағымдағы  және стратегиялық міндеттерді шешу үшін мемлекеттің қолында валюталық  бағалылықтардың шоғырлануы.

  Валюталық шектеу келесідей қағидаларға сүйенеді:

Валюталық операцияларды орталық және өкілетгі (девиздік) банктерде орталықтандырылуы;

Валюталық операция жасау ушін рұқсат қағазының (лицензия) берілуі;

Валюталық шоттарды толық немесе жартылай жабу;

Валюталардың  қайтарымдылығын шектеу; 
 

  1.4 Дүниежүзілік валюталық жүйесінің кезеңдері(эволюциясы)

   Валюталық жүйелердің даму зандылықтары ұдайы өндіріс белгілеріне байланысты анықтала отырып, ұлттық және әлемдік шаруашылықтың негізгі даму кезендерін көрсетеді. Бұл белгілер дүниежүзілік валюталық жүйе қағидаларының әлемдік шаруашылық құрылымдарындағы өзгерістермен сәйкес келмеген жағдайларда туындайды. Соған байланысты әлемдік валюталық жүйенің құлдырауы басталады.

Информация о работе Халықаралық валюталық қатынастар және олардың жүйесі