Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:11, реферат

Описание работы

Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................. 3-5

І бөлім. Ұлттық банк, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы.
1.1. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары............................................................................................................6-11
1.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары...................................................................................................11-13

ІІ бөлім. Ұлттық банктің ақша айналысын басқару.
2.1. Ақша – несие саясаттарының құралдары....................................14-23
2.2. Ұлттық банкінің сыртқы экономикалық қызметі және алтын валюталық резервтерді басқару..................................................................... 24-27

ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – «банктердің банкі».
3.1. Банктердің жұмысын бақылау және қадағалау ...........................28-30
3.2 Коммерциялық банктердің резервтерін сақтандыру және несиелеу............................................................................................................30-32

Қорытынды...................................................................................................... 33-34

Қолданылған әдебиеттер................................................................................... 35

Работа содержит 1 файл

Аис.doc

— 198.50 Кб (Скачать)

Пайыздық  саясат ақша – несие саясатының құралдарының бірі болып табылады. Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк өзщінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша – несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді.

Теңгені айналысқа енгізгеннен кейінгі пайыздық саясатың негізгі мақсаты – теңгені несиеге деген сұранысын азайтатын, ал оның артынан ақша массасының өсім қарқынын азайтатын, сәйкесінше инфляцияны төмендетуді қамтамасыз ететін деңгейге дейін көтеру. Жоғары пайыздық мөлшерлемелер, дәлірек айтқанда, пайыздық үшін төлемдер шығындарды құрайтындардың бірі. Яғни жаңа пайыздық саясат өзінің нәтижесін қандай да бір анықталмаған болашақта емес, қасқы уақыт аралығында біреуі керек.

Қазақстандағы жоғарғы  қарқынды инфляцияға қарсы күресте  пайдалануға мүмкіндік беретін  келесі бір факторға – шетел валютасына деген шекетен тыс сұранысты  азайту шаралары жатады. Теңгені енгізгеннен кейін жарты жыл ішінде валютаның бағамдық айырмасы есебінен алып сатарлық жолмен табыс алу мүмкіндігінің болуы ірі банктердің қысқа мерзімді капиталының карыздық нарықтан еліміздің валюта нарығына ағылуына жол берді. Айырбас бағамымен анықталатын теңгенің сыртқы құнның көрсеткіштері мен қарыздары бойынша пайыздық мөлшерлемелер және бағалы қағаздар бойынша табыстылық арқылы анықталатын теңгенің ішкі құнның көрсеткіштері арасындағы қатынастың бұзылуы ұлттық валютаның тұрақтылығына кері әсерін тигізеді.

Қаржы операцияларының  барлық түрлері бойынша пайыздық мөлшерлемесінің деңгейі Ұлттық банкінің қайта қаржыландыру мөлшерлемесі бойынша индикативті анықталады. Сауданың түрлері бойынша төленетін  пайыздық мөлшерлемелер өзара кейбір негізгі себептермен ерекшеленеді. Олардың арасынан мыналар бөліп көрсетуге болады: қарыз механизімінің әртүрлілігі, пайызды төлемеуімен байланысты тәуекелдің деңгейі және пайыздық мөлшерлемесінің өзгеру мүмкіндігімен байланысты тәуекелдің деңгейі.

Мемлекеттік қазыналық  міндеттемелер, банкаралық несие, Ұлттық банкінің ноталары бойынша пайыздық мөлшерлемелер сауда мәніне сай  келеді. Жалпы барлық нақты нарық  пайыздық мөлшерлемелер 1994 жылдың тамызынан  бастап оң көрініске ие болды.

Ұлттық банкі ноталы және қазыналық вексельдер бойынша табысы Ұлттық банкінің банкаралық несие бойынша табысынан төмен болды. Бұл мемлекеттік қазыналық міндеттемелер және Ұлттық банкінің ноталарының пайызды және қарызды төлеу жағынан несиелерге қарағанда үлкен сенімділігімен түсіндіріледі.

Резервтік талаптар. Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банктің өз міндеттемелері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк резервтік талаптар механизмін қолданады.

2009 жылы 1 қаңтарда енгізілген «Қазақстан Республикасының коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметтерін реттеутуралы» Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша норматив 18 – 20 пайыз көлемі қарастырылған. Бұл ереже 2010 жылы мамыр айына дейін қызмет етті, осы жылдан бастап норматив банкілердің теңге және шетел валютасындағы жалпы депозиттік міндеттемелерінен 30 пайыз мөлшеріне дейін өсті. 2010 жылдың 1 тамызында шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелер бойынша норматив 15 пайызға дейін төмендеді.

Банктердің міндетті резерв нормативінің көбеюі, 2010 жылдың бірінші жартысында ақша мультипликаторының тез өсуімен түсіндіріледі. Егер 1994 жылы 1 қаңтарда ақша масасының көлемі ақша базасынан 1,61 еседен асса, 2010 жылдың 1 сәуірінде бұл мөлшер 2,21, ал 1 шілдеде – 3,1 есеге жетті. Ақша – несие саясатының осы құралын пайдалану арқылы және банктер қарыз алушылардың несие қабілеттілігін бағалауына қатаң көзқарас орнату нәтижесінде 2010 жылдың 1 қазанында ақша мультипликаторының мөлшері 1,66 деңгейге азайтылды. 2009 – 2010 жылдар арасында ақша мультипликаторы 1,8 – 1,9 деңгейге дейін сақталынды.

Банк резервтерінің  шамадан тыс өсуіне байланысты (Ұлттық банкідегі корреспондеттік шоттағы  қаражаттар) мен қатар, резервтеудің баламалы тәртібіне ауысуы мүмкіндігі пайда болды, яғни экономикалық нормативтерді орындайтын банктердің корреспондеттік шоттағы қаражаттарының мөлшері резервті талаптардан кем болмау керек еді. Ал 2009 жылы резервтік талаптардың нормативтері 20 пайызға, 2010 жылы 15 пайызға дейін төмендеді. Ұлттық банк орташа айлық қалдыққа байланысты пайызды банктің корреспонденттік шоты бойынша төлейді. Резервтер бойынша пайызды төлеу резервтік талаптардың жоғары болу жағдайында несиелер және тартылған депозиттер бойынша  банктердің пайыздықмөлшерлемесі арасындағы айырманы азайту қажеттілігінен туындайды.

2009 жылдың басында жалпы банктер арасында баламалы резервтерден құрылған банктердің үлес салмағы 32,6 пайызын құрады, ал жыл аяғында – 48,4 пайыз.

2010 жылы банктердің 13,5 пайызы резервтік талаптардың орындалуын бұзды. Мұндай банктерге айып – пұл санкциялары қолданылды.

Әлемдік тәжірибе көрсеткендей міндетті резервтер денгейінің тым  жоғары болуы қаржы делдал түріндегі  банкі жүйесінің тиімділігін  әлсіретеді,  өйткені резервтердің минималды нормасының үлкеюі несие ресурстарының экономикаға құйылуына кедергі жасайды. Бұдан жоғары міндетті резервтер нормасы АҚШ – та және Германияда қолданылады.

АҚШ – та міндетті резервтер  сомасы банктің категориясына, депозиттің мөлшеріне, түріне байланысты. Ол федералды резервтік банктердің пайызсыз депозиттік шоттарында сақталынады, артық резервтер федералды резервтік банктердің негізгі көзін, яғни АҚШ – тың ақша нарығында ең негізгі процесстерінің бірі болып табылатын операциялар көзін құрайды. АҚШ – тағы банк жүйесіндегі резервтерінің басты ролі коммерциялық банктердің несиелік операцияларын бақылау болып табылады. Банктердің Федерелды Резерв жүйесінің (ФРЖ) Басқарушылары кеңесі, заңмен бекітілген резервтер көмегімен, коммерциялық банктердің несиелеу қабілетіне әсер етеді. Оның мақсаты банк несиесінің артықшылығын немесе кемшілігін болдырмау. Бұл саясат коммерциялық банктердің несие көмегіне қаншалықты жағымды әсер етсе, соншалықты басқарушылар кеңесінде экономика іскерлік белсенділігінің ауытқуын болдырмауына мүмкіндік болады. Осындай жанама жолмен коммерциялық банктің несиесін бақылау құралы сияқты резервтер өтімділік көзі болмайды, бұлар тек салымшыларды қорғайды деп есептейді.

Ақша – несие қатынастарын мұндай банқылау және реттеу механизмі ашық нарықтағы операцияларға және есеп мөлшерлемелерінің өзгерісіне қарағанда сирек пайдаланылады.

Несие операциялары Ұлттық банкі мен Қазақстан Республикасының  Министрлер Кабинеті арасындағы, 2010 жылы каңтар айындағы меморандумына сәйкес Ұлттық банк несиесі үш негізгі бағыт бойынша береді. Директивті несиелер Үкімет белгіленген басымдықтар бойынша мемлекеттік бюджеттің тапшылығын жабу үшін коммерциялық банктер арқылы және несиелік аукциондар арқылы банктерге берілетін несиелер. 2010 жылы Министрлер Кабинетінің қарамағына Ұлттық банк ұсынған (27,5 млрд. теңге) несиелердің 75 пайызы несиеге берілген. Сонымен бірге, бюджеттің кірісіне бөлінбеген пайда және 16,5 млрд. теңге сомасындағы депозиттер үшін төлемге аударылған. Бұд таза төлемдер бюджет кірісінің 17 пайызын несиесін құрады.

Директивті несиелердің  айналасында қиын жағдай пайда болды. Сондықтан бұл несиелерді қайтару  бойынша жұмыстарын тоқтатты, олар несие Үкіметтің кепілдемесі  бойынша төленеді деп сенді, өйткені  несиелер Қаржы министрлігі және Экономика министрлігінің рұқсаты арқылы, несиелік қабілетіне байланыссыз барлық шаруашылық органдарға берілді.

Сөйтіп, банк жүйесі арқылы төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға қысым көрсетілді, олар банк несиесі  есебінен бюджет дотациясын жасады, өйткені  несие қайтару жүгі Қаржы министрлігіне ауысты.

Санациялау мен банкроттық механизмін пайдаланусыз басымдылылық салалардың кәсіпорындардың қаржы  мәселесін шешудің сәтсіз аяқталуы нәтижесінде 2009 жылдың ақпанынан бастап, директивті несиені беру тоқтатылды.

2009 жылғы ақпан – сәуір айларындағы, кәсіпорындардың міндеттемелері мен талаптарын республика ішіндегі шаруашылықаралық есепке алу арқылы төлемсіщдік мәселесін шешуге ынтасы өткен жылдың тағы бір рецидиві болып шықты. Есепке алу нәтижесінде өткен жылғы наурыз айындағы ақша массасы оның алдындағы айдың көрсеткішіне қарағанда 40,6 пайызға, ал сәуір айында – 56,4 пайызға өсті.

Үкіметтің несиелеу көлемі әрқашан бюджет тапшылығының деңгейімен және оны баламалы көздер арқылы жабу мүмкіндігімен анықталды. Қаншалықты бюджет тапшылығы жоғары болса, соғұрлым несие эмиссиясының ықтималдылығы үлкен болады да, ол инфляцияға ықпал етеді. Сөйтіп үкімет оған балама инфляциясыз көздерді кеңейтуге мән береді, ондай көздерге: сыртқы қарыздар және үкіметтің бағалы қағаздары жатады.

Ашық нарықтағы операциялар. Бұны Орталық банкпен екінші  нарықта ақша массасының көлемін реттеу мақсатында бағалы қағаздарды сату – сатып алу операциялары ретінде түсінуге болады. Бұл айналыстағы, коммерциялық банкілердің өтімділігіндегі және несиелік салымдардағы ақша массасын реттеудің ең икемді әдісі. Мұның мағынасы мынадай, Орталық банкінің ақша эмиссиясын тоқтату және банктердің несиелік экспансиясын шектеу мақсатында, нарықта бағалы қағаздарды сатып, бұл қағаздарды сатып алған бактердің резервтік шоттарынан белгілі бір соманы есептен шығару. Керісінше, ақша шығаруын және несиелерді беруді ынталандыру үшін Орталық банк кері операциясын жүргізеді – бағалы қағаздарды сатып алып, оның құнын банктердің резервтік шотына аударады. Осылармен Орталық банк ашық нарықтағы операцияларымен банк жүйесінде өзінің өтімділігін жоғарлату үшін жағымды жағдайлар жасайды немесе керісінше, сонымен бірге айналыстағы ақша массасының көлемін реттейді.

Ұлттық банк ашық нарықта  бағалы қағаздармен операциялар  жүргізу формасы бойынша : тікелей немесе қайтарымды болуы мүмкін. Тікелец операция коммерциялық банктерге бағалы қағаздарды қалыпты түрде сату немесе сатып алу түрінде сипаттайды. Қайтарымды операциясының мағынасы кемиді. Орталық банкпен бағалы қағаздарды сату немесе сатып алу операциясы орындалғаннан кейін, міндетті түрде алдын ала белгіленген бағам бойынша орындалған операцияға кері операция жүргізілуі керек.

2010 жылдың ортасынан бастап, Ұлттық банк өзінің жеке меншік бағалы қағаздар портфелін құрастыруы бойынша жұмыс жүргізе бастады. Осыған орай, ол – 386,6млн. теңгені құрады, сәйкесінше айналым мерзімдері әртүрлі қазынашылық міндеттемелердің нарықтағы айналымда болған жалпы сомадағы үлесі 6,8 пайыз құрады.

Ақша саясатының құралы ретінде Ұлттық банкіге ашық нарықта операцияларды пайдалануға бағалы қағаздардың жеткіліксіз «портфелі» жол бермейді. Мемлекеттік бағалы қағаздарды Ұлттық банкінің сату – сатып алу операциялары көбінесе екінші реттегі нарықты жандандыру мақсатында жүзеге асырады.

Ақша массасын шұғыл  түрде реттеудің басты құралына ақша агрегаттары бойынша мақсатты бағдардан шығатын, көлемі белгіленген Ұлттық банкінің ноталарының эмиссиясы жатады.[3]

 

2.2.  Ұлттық Банкінің  сыртқы экономикалық қызметі  және алтын валюталық резервтерді  басқару

 

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңға сәйкес Ұлттық банкінің құзырлығына сыртқы экономикалық қызметтерді жүзеге асыру жүктелген.

Қазақстанда және халықаралық  банктік тәжірибеде қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шетел валютасымен  кез келген операцияларды Ұлттық банкінің жүзеге асыруға құқығы бар.

Қазақстан аумағында  шетелдіктердің қатысуымен банктердің немесе еншілес банктердің, сондай – ақ шетел банктерінің өкілеттіктерінің ашылуына Ұлттық банк лицензия береді.

Шетел валютасына қатысты  ұлттық валютаның бағамын реттейді. Қазақстан Республикасында ұлттық валютаның және бағалы қағаздардың шетел валютасының айналым тәртібін анықтайды.

Валюталық операциялар  бойынша шетел валютасымен есеп айырысу банктік қызмет көрсету  және валюталық құндылықтармен жасалатын  банктік операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы ережелерді белгілейді, сондай – ақ олардың қызметін бақылайды. Осындай лицензияларды пайдаланатын өкілетті банктердің саны анықталады.

Мұндай жағдайда банктер  тарапынан заңдылықты бұзған фактілер анықталған уақытта Ұлттық банк берілген лицензияларын қайтарып алады.

Ұлттық банк алтын  валюта резервін құрып, олармен операциялар  жасайды.

Ол статистикалық валюталық  операцияларды және басқа да құжаттардың  біртұтас есебін және есеп беру нысандарын жасайды, сондай – оларды беру тәртібі мен мерзімін анықтайды әрі валюталық операциялар туралы мәліметті баспаға шығарады. Ұлттық банк валюталық құндылықтармен төмендегідей операцияларды жүзеге асыруға құқылы:

  • шетел валютасын сату және сатып алу
  • қазыналық вексельдер мен және т.б. шетел үкіметтерімен кепілдендірілген немесе халықаралық қаржы ұйымдар мен шығарылған бағалы қағаздар мен операциялар жүргізуге немесе оларды стау, сатып алуға
  • алтын және басқа да қымбат бағалы металдар мен халықаралық стандартқа сай келетін табиғи асыл тастарды қабылдауға, сақтауды, өңдеуді қамтамасыз етуге
  • алтынды және басқа да  қымбат бағалы металдардың құймасы формасында, табиғы асыл тастарды өңделген және өңделмеген түрде сату, сатып алу операцияларын Қазақстан Республикасы аумағында және сыртқы нарықта жүзеге асыруға

Информация о работе Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары