Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 13 Февраля 2013 в 17:11, реферат

Описание работы

Тәжірибе жүзінде кассалық резервтердің барлығы Ұлттық банкке шоғырланады және олардың шаруашылық айналымға түсуі Ұлттық банкінің мекемелері арқылы коммерциялық банктердің кассаларын толтыру негізінде жүреді. Барлық банктер қолма-қолсыз есеп айырысуларды Ұлттық банктердің мекемелері арқылы жүргізеді, ал қажет жағдайда Ұлттық банкіден несие алады. Осының нәтижесінде қолма-қол және қолма-қолсыз есеп айырысу айналысы Ұлттық банкіде және оның мекемелерінде шоғырланады.

Содержание

Кіріспе................................................................................................................. 3-5

І бөлім. Ұлттық банк, оның мақсаты мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы.
1.1. Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары............................................................................................................6-11
1.2. Қазақстан Республикасы Ұлттық банктің қызметтері мен операциялары...................................................................................................11-13

ІІ бөлім. Ұлттық банктің ақша айналысын басқару.
2.1. Ақша – несие саясаттарының құралдары....................................14-23
2.2. Ұлттық банкінің сыртқы экономикалық қызметі және алтын валюталық резервтерді басқару..................................................................... 24-27

ІІІ бөлім. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі – «банктердің банкі».
3.1. Банктердің жұмысын бақылау және қадағалау ...........................28-30
3.2 Коммерциялық банктердің резервтерін сақтандыру және несиелеу............................................................................................................30-32

Қорытынды...................................................................................................... 33-34

Қолданылған әдебиеттер................................................................................... 35

Работа содержит 1 файл

Аис.doc

— 198.50 Кб (Скачать)

Қазақстан Республикасы заңдарында көресетілген валюталық  реттеу және валюталық бақылау аясында  басқа да қызметті атқаруға Ұлттық банкінің құқығы бар.

Ұлттық банк мынадай  алтын валюталық резервтерді  құру мен басқаруға тікелей қатысады:

  • алтын және басқа да қымбат бағалы металдар
  • шетелде сақтандырылатын банкноталар, монета, банк қаражаттары түріндегі шетел валютасы
  • Ұлттық банкіде сақталатын валюталық құндылықтар
  • кез келген халықаралық деңгейдегі белгілі резервтік  активтер
  • аудармалы вексельдер, жай және қазыналық вексельдер, яғни оларды шетел үкіметтің немесе халықаралық қаржы мекемелерінің шығарғаны және кепілдендірілгені бойынша
  • басқа да активтер, егер ол активтердің өтімділігі мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда және ондай резервтердің төлем қабілеттілігі сақтандырылғанда

Алтын мен қымбат бағалы металдарды сатып алу қуатын қамтамасыз ету барысында және халықаралық  төлемдердің кепілі ретінде сақтандыру қоры пайдаланылады. Бұдан да басқа  Ұлттық банк валюталық нарықтағы  интервенция көмегімен өз валютамыздың сыртқы бағамын қолдау үшін шетел валюталық қорларды сақтайды.

Жалпы алғанда, Ұлттық банк алтын қорларын басқару бойынша  консервативті көзқарас ұстанады. Негізінен  Қазақстанда алтын қорының заттай көлемін ұлғайту процесі жүргізіледі, ал дүниежүзілік нарықта алтынмен жүргізілетін операциялар депозиттерге орналастырумен шектелген.[6] 

Қазақстан аумағында  шетелдіктердің қатысуымен банктердің немесе еншілес банктердің, сондай-ақ шетел банктерінің өкілеттіліктерінің ашылуына Ұлттық банк лицензия береді.

Шетел валютасына қатысты  ұлттық валютаның бағамын реттейді. Қазақстан Республикасында ұлттық валютаның және бағалы қағаздардың  шетел валютасындағы айналым  тәртібін анықтайды.

Валюталық операциялар  бойынша шетел валютасымен есеп айырысуға банктік қызмет көрсету және валюталық құндылықтармен жасалатын банктік операцияларды жүргізуге лицензия беру туралы ережелерді белгілейді, сондай-ақ олардың қызметін бақылайды. Осындай лицензияларды пайдаланатын өкілетті банктердің саны анықталады.

Мұндай жағдайда банктер тарапынан заңдылықты бұзған фактілер анықталған уақытта Ұлттық банк берілген лицензияларын қайтарып алады.

Ұлттық банк алтын  валюта резервін құрып, олармен операциялар  жасайды.

Ол статистикалық валюталық  операцияларды және басқа да құжаттардың біртұтас есебін және есеп беру нысандарын жасайды, сондай-ақ оларды беру тәртібі мен мерзімін анықтайды әрі валюталық операциялар туралы мәліметті баспаға шығарады.

Ұлттық банк валюталық  құндылықтармен төмендегідей операцияларды  жүзеге асыруға құқылы:

  • шетел валютасын сату және сатып алу;
  • қазыналық вексельдермен және т.б. шетел үкіметтерімен кепілдендірілген немесе халықаралық қаржы ұйымдар мен шығарылған бағалы қағаздар мен операциялар жүргізуге немесе оларды сату, сатып алуға;
  • алтын және басқа да қымбат бағалы металдар мен халықаралық стандартқа сай келетін табиғи асыл тастарды қабылдауға, сақтауға, өңдеуді қамтамасыз етуге;
  • алтын және басқа да қымбат металдардың құймасы формасында, сондай-ақ табиғи асыл тастарды өңделген және өңделмеген түрінде сату, сатып алу операцияларын Қазақстан Республикасы аумағында және сыртқы нарықта жүзеге асыруға;

Қазақстан Республикасы заңдарында көрсетілген валюталық  реттеу және валюталық бақылау аясында  басқа да қызметті атқаруға Ұлттық банкінің құқығы бар.

Ұлттық банк мынадай алтын валюталық резервтерді құру мен басқаруға тікелей қатысады:

  • алтын және басқа да қымбат бағалы метаклдар;
  • шетелде сақтандырылатын банкноталар, монета, банк қаражаттары түріндегі шетел валютасы;
  • Ұлттық банкіде сақталатын валюталық құндылықтар;
  • Кез келген халықаралық деңгейдегі белгілі резервтік активтер;
  • Аудармалы вексельдер, жай және қазыналық вексельдер, яғни оларды шетел үкіметінің немесе халықаралық қаржы мекемелерінің шығарғаны және кепілдендіргені бойынша;
  • Басқа да активтер, егер ол активтердің өтімділігі мен қауіпсіздігі қамтамасыз етілген жағдайда және ондай резервтердің төлем қабілеттілігі сақтандырылғанда;

Алтын мен қымбат бағалы металдарды сатып алу қуатын қамтамасыз ету барысында және халықаралық  төлемдердің кепілі ретінде сақтандыру қоры пайдаланылады. Бұдан да басқа Ұлттық банк валюталық нарықтағы интервенция көмегімен өз валютамыздың сыртқы бағамын қолдау үшін шетел валюталық қорларды сақтайды.

Ұлттық банк міндетті түрде активтердің өтімділігі мен  қаіпсіздігін және сыртқы валюта резервтерінің төлем қабілеттілігінің сақталуын ескереді. Ол сыртқы валюталық резервтерде қажетті деңгейде, Ұлттық валютаның тұрақтылығын қамтамасыз ету және айырбас бағамын қолдау үшін, сондай-ақ республиканың халықаралық келісім-шарттарды жасау тәртібін сақтауы қажет. 12 ай ішінде сыртқы валюталық резервтердің 15%-дан төмендемеуі үшін Ұлттық банк керекті шараларды үкіметпен келісіп жасайды.

 

 

 

      ІІІ бөлім . Қазақстан республикасынынң ұлттық Банкі «банктердің банкі»

 

3.1. Банкердің жұмысын бақылау және қадағалау

Қазақстан Республикасының  Ұлттық банк қызметтерінің біріне –  кінші деңгейдегі коммерциялық банктердің қызметтерін қадағалау және реттеу жатады. Екі деңгейлі банктік жүйе жағдайда Ұлттық банкінің негізгі мақсатының бірі – бұл банктік қызметі  макроэкономикалық деңгейде басқару процесін ұйымдастыру еліміздегі банктердің және басқада қаржы – несие институттарының қызметтерін реттеу, банктік және ақша жүйелерінің қызмет етуінің тұрақтылығын ұстап отыру болып табылады.

Ұлттық банк банктік  қызметтерді қадағалау және реттеу кезінде тікелей және жанама әдістерді қолданады.

Мұндай әдістердің қатарына жататындар:

  • пруденциалдық нормативтерді және басқа да банктердің орындауы міндетті нормалар мен лимиттерді қою, резервтік талаптар нормалары, оған қоса күмәнді мен үмітсіз активтерге қарсы провизиялардың нормалары
  • банктердің орыындалуы міндетті ережелер мен басқа да нормативті актілерді шығару
  • банк қызметтерін тексеру
  • банктің қаржылық жағдайын сауықтыру жөніндегі ұсыныстар беру
  • бар кемшіліктерді жою жөніндегі міндеттеме хатты талап ету, Ұлттық банкінің бұйрық хаты және т.б. шектеу шараларын банктерге қолдану
  • банкті ашудан бастап, рұқсатты қайтарып алуға дейінгі жазалау шараларын қолдану.

Ұлттық банкінің екінші деңгейдегі банктермен қарым – қатынастары  келесі қағидаларға сүйене отырып қалыптасады:

Ұлттық банк:

  • банктік тораптың қызмет етуіне жалпы жағдай жасауға және шынайы банктік бәсеке қағидаларын орнатуға өз септігін тигізеді
  • банк қызметтерін заңға сәйкес реттейді
  • ақша – несие жүйесінің тұрақтылығын ұстап тұру мақсатында банк қызметтерін қадағалайды
  • банктердің шұғыл қызметіне араласпайды

Коммерциялық банктер  өз қызметі барысында Ұлттық банкінің заңдары мен ережелеріне сүйенеді. Ұлттық банк және коммерциялық банктер  бір – бірінің міндеттемелері бойынша жауап бермейді.

Банк қызметтерін реттеу, сонымен қатар, коммерциялық банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету  және олардың несие берушілері мен  салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында Ұлттық банк банктер үшін келесі пруденциалдық  нормативтерді беогілейді:

  • жарғылық қордың ең төменгі мөлшері
  • меншікті қаражаттарының жеткіліктілік коэффициенті
  • баланстың өтімділік көрсеткіштері
  • Ұлттық банкіде орналастырылған міндетті резервтер мөлшері
  • бір қарыз алушыға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері
  • банктің құрылтайшыларына, акционерлеріне, жарғылық капиталында банк қатынасын заңды тұлғаларға келетін тәуекелдің ең жоғарғы мөлшері
  • ашық валюталық позиция лимиттері

Ұлттық банк бекітетін  пруденциалдық нормативтер еншілес  банктерге, банктік бірлестіктерге және өзінің күнделікті балансы бар олардың филиалдарына да қолданылады.

Қазақстан Республикасында  инфляция процестерін ақша – несиелік реттеу әдісімен тоқтату мүмкін емес жағдайда, Ұлттық банкіге коммерциялық банктердің несиелік салымдарына шек  қою және сол операциялар бойынша мөлшерлемені өзгертуге құқық беріледі.

Ұлттық банктің реттеу қызметі негізгі макроэкономикалық  көрсеткіштердің динамикасын талдау негіздемелеріне, сонымен қатар  нормативтік және бағалау көрсеткіштеріне, есеп пен есеп беру мәліметтеріне  сүйенеді.

Ұлттық банк банктердің есеп беру формаларының төмендегідей түрлерін белгілейді:

  • айдың бірінші күніне баланс
  • тоқсандық айналым ведомосы
  • «басқадай дебиторлар мен кредиторлар» шоттары бойынша тоқсан сайынғы ведомосы[2]

ҚР-ның Ұлттық банк қызметтерінің  біріне-екінші деңгейдегі коммерциялық банктердің қызметтерін қадағалау және реттеу жатады. Екі деңгейлі банктік жүйе жағдайында Ұлттық банкінің негізгі мақсатының бірі-бұл банктік қызметті макроэконмикалық деңгейде басқару процесін ұйымдастыру еліміздегі банктердің және басқа да қаржы-несие иеституттарының қызметтерін реттеу, банктік және ақша жүйелерінің қызмет етуінің тұрақтылығын ұстап отыру болып табылады.

Ұлттық банк банктік  қызметтерді қадағалау және реттеу кезінде тікелей (әкімшілік) және жанама (экономикалық) әдістерді қолданады.

Мұндай әдістердің қатарына жататындар:

  • Пруденциалдық нормативтерді және басқа да банктердің міндетті нормалар мен лимиттерді қою, резервтік талаптар нормалары, оған қоса күмәнді және үмітсіз активтерге қарсы провизиялардың нормалары;
  • Банктердің орындалуы міндетті ережелер мен басқа да нормативті актілерді шығару;
  • Банк қызметтерін тексеру;
  • Банктің қаржылық жағдайын сауықтыру жөніндегі ұсыныстар беру;
  • Бар кемшіліктерді жою жөніндегі міндеттеме хатты талап ету, Ұлттық банкінің бұйрық хаты және т.б. шектеу шараларын банктерге қолдану;
  • Банкті ашудан бастап, рұқсатты қайтарып алуға дейінгі жазалау шараларын қолдану;

Банктік қызметтерді  реттеудің экономикалық әдістеріне Ұлттық банкінің айналыстағы ақша массасынбасқару  үшін қолданылатын қызметтері жатады (несие беру және бағалы қағаздармен жүргізілетін операциялар). Банктік қызметтерге әсер етудің мұндай жанама жолдары икемдірек және тезірек болып келеді.

Бір деңгейлі жоспарлы-орталықтандырылған банктік жүйе кезінде банктік  қызметті қадағалау және реттеудің әкімшілік әдістері басым болды. Ал екі деңгейлі нарықтық типтегі жүйелерге экономикалық әдістердің басым болуы тән.

 

3.2. Комерциялық банктердің резервтерін сақтандыру және несиелеу.

 

Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы – несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және де басқа несиелік мекемелер өз клиенттеріне – шаруашылық субъектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық банк соны жасады. Оның клиенттері – коммерциялық банктер және басқа да несиелік мекемелер болды. Осыдан келіп, Ұлттық банкіні «банктердің банкі» деп атайды. Коммерциялық банктер және жинақ мекемелері халықтан салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді, сол сияқты Ұлттық банкіде банктерден және жинақ мекемелерінен салымдарды қабылдап, оларға қарыздар береді.

Ұлттық банк «банктердің  банкі» қызметін атқару үшін:

  • коммерциялық банктердің резервтерін сақтайды.
  • коммерциялық банктерге қысқа мерзімді қажеттіліктеріне байланысты қысқа мерзімді қарыздар береді.
  • жалпы ұлттық ауқымда қолма – қолсыз есеп айырысуларды жүзеге асырады.
  • банктердің  қызметіне қадағалау және бақылау жүргізеді.

Ұлттық банкінің маңызды  қызметі – банктердің, жинақ және т.б. несиелік мекемелердің резервтер  деп аталатын салымдар сақтау болып  табылады. «Қазақстан Республикасының  Ұлттық банкі туралы» және «Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы» Заңдарына сәйкес барлық мекемелер өз резервтерін Ұлттық банкіде сақтаулары тиіс, өйткенң жоғарыда айтылғандай, олардың ақша айналысын реттеуде, коммерциялық банктердің несиелік қызметін реттеу және өтімділікті қамтамасыз ету үшін стратегиялық маңызы бар.

Ұлттық банк – коммерциялық банктерді және басқа да қыржылық – несиелік мекемелерді несиелеу қызметін атқарады. Шетелде орталық  банктерді «соңғы сатыдағы несие  беруші» деп атайды. Олар – коммерциялық банктерден есеп мөлшерлемесін ала отырып, уақытша жетіспеген өтімді құралдарының орнын толықтыру үшін несиелер береді. Әрине, бұл несиелер, сауда вексельдерімен, мемлекеттік бағалы қағаздармен немесе банктердің меншікті қарыздық міндеттемелерімен қамтамасыз етуі тиіс.

Информация о работе Ұлттық банктің құрылымы мен басқару органдары