Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту жолдары

Автор: Пользователь скрыл имя, 01 Ноября 2011 в 21:40, реферат

Описание работы

Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.

Содержание

Кіріспе............................................................................................................

1.тарау. Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі......................................................
1.1 Шағын және орта бизнес түсінігі........................................
1.2 Қазақстан экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі...............................................................................................
1.3 Шағын және орта бизнесті дамытудағы нарықтық экономикалы елдердің тәжірибесі....................................................................................
2. тарау. ҚР шағын және орта бизнесті несиелендіру және даму тенденциялары..............................................................................................
2.1.ҚР – дағы шағын және орта бизнестің жағдайы.............
2.2. «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі жағдайы (сандық талдау)............................................................................................
2.3. БТА Банкінің шағын және орта бизнесті несиелеуіне талдау.
3.тарау. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары................................................................................
3.1. «Сұлтан» ЖШС мысалдағы дағдарысқа қарсы басқару...........................................................................................
3.2. ҚР – дағы шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту проблемалары мен оларды шешу жолдары............................
Қорытынды....................................................................................
Қолданылған әдебиеттер.............................................................
Қосымша........................................................................................

Работа содержит 1 файл

шагын жане орта бизнес.doc

— 1.17 Мб (Скачать)

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ  МИНИСТРЛІГІ

ТҰРАР РЫСҚҰЛОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ 
 

«Қаржы  нарығы және банктік  бизнес» кафедрасы 
 
 

              
 
 

                                   РЕФЕРАТ 
 
 
 
 

Тақырыбы: Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту жолдары 
 
 
 
 
 

                                                                                 

                                                                                                              
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                   
 
 

                                              Алматы 2010ж. 
 

    Мазмұны 

Кіріспе............................................................................................................

 

1.тарау.  Өтпелі кезең жағдайында шағын және орта бизнесті дамытудың объективті қажеттілігі......................................................

1.1 Шағын және  орта бизнес түсінігі........................................

1.2 Қазақстан  экономикасындағы шағын және орта бизнестің рөлі...............................................................................................

1.3 Шағын және  орта бизнесті дамытудағы нарықтық  экономикалы елдердің тәжірибесі....................................................................................  

2. тарау. ҚР  шағын   және  орта  бизнесті несиелендіру және даму  тенденциялары..............................................................................................

2.1.ҚР – дағы  шағын  және  орта  бизнестің   жағдайы.............

2.2. «Сұлтан» ЖШС – тің қазіргі  жағдайы (сандық талдау)............................................................................................

2.3.  БТА Банкінің шағын және орта бизнесті несиелеуіне талдау. 

3.тарау.  ҚР – дағы шағын   және орта  кәсіпкерлікті   несиелендіру және дамыту  проблемалары................................................................................

3.1. «Сұлтан»  ЖШС мысалдағы  дағдарысқа  қарсы басқару...........................................................................................

3.2. ҚР – дағы  шағын  және  орта кәсіпкерлікті  несиелендіру және дамыту  проблемалары  мен  оларды  шешу  жолдары............................ 

Қорытынды....................................................................................

Қолданылған әдебиеттер.............................................................

Қосымша........................................................................................ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

                                           К і р і с п е 

        Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында банк аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн коммерциялық банктер, бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.

       Дағдарысты құбылыстардан өтумен байланысты Қазақстан экономикасының қазiргi несиелiк операциялар мәселелер тұрғысында банк жүйесiнiң алдыңғы уақыттағы дамуы мен жетiлдiрiлуi үлкен тәжiрибелiк мәндiлiкке ие.

       2005 жылдың 18 ақпанынан Қазақстан халқына Жолдауында  Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев отандық өнім өдіру мәселесін қозғау, «Ендігі бір өзекті міндет – шағын және орта бизнесті мәселесін шешу. Баспанаң болмайынша, түтін түтетіп, бала өсіру қиын...» деп баяндайды /3, 22б./. Сондай-ақ 2006 жылдың 1 наурызында «Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс жасау қарсаңында: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Қазақстан Республикасының Президенті  Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында  Қазақстанның әлемнің бәсекеге барынша қабілетті әрі серпінді дамып келе жатқан мемлекеттерінің қатарына қарай қадам басуы жолындағы негізгі басымдықтардың ішінде өндірісті және жылжымайтын мүлік нарығын дамыту мәселелері де қарастырылады. Осыған байланысты Президенттің Жолдауында «өнім өндіру салада табыстар мен кемшіліктерді тыңғылықты зерделеп және шағын және орта бизнес үшін жан-жақты жеңілдіктер жасалу керек» деп баяндалады.

      Біздің міндет- Қазақстанда нарықтық экономика үшін оңтайлы болатын мемлекеттік қызмет пен басқару құрылымының  осы заманғы, тиімді жүйесін жасау, басым мақсаттары іске асыруға қабілетті үкімет құру; ұлттық мүделердің сақшысы бола алатын мемлекет қалыптастыру.

      Үкімет пен жергілікті өкіметті түпкілікті қалыптастыруға мүмкіндік беретін жеті негізгі стратегия принциптері мынаған саяды:

1. Неғұрлым  маңызды бірнеше функцияларды  ғана орындауға жұмылған ықшам  әрі кәсіпқой Үкімет.

2. Стратегиялар  негізіндегі іс-қимыл бағдарламалары  бойынша атқарылатын жұмыс.

3. Нақтылы  жолға қойылған ведомство арқылы үйлестіру.

4. Министрлердің  өкілеттіктері мен жауапкершіліктерін, олардың есептілігін және олардың  қызметіне стратегиялық бақылауды  арттыру.

5. Министліктердің  ішінде, орталықтан аймақтарға және  мемлекеттен жекеше секторға  қарай орталыққа тәуелділікті жою.

6. Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы батыл да  ымырасыз күрес.

      Ел президентінің Қазақстан халқына Жолдауы. Жаңа ғасыр табалдырықтан аттайды, басқа дәуір туып келеді, әр дәуірдің өз міндеттері бар дері, Қазақстан халқына Жолдауында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсу» мемлекеттің белсенді рөл атқара отырып, экономикаға араласуының шектеулі болуы. Экономикалық реформалардың табысы мен олардың жекелеген учаскелерде тежелуі мемлекеттің рөлін қайта қарастыруды талап етеді. Осыған байланысты саналы салық төлеушілер  мен кәсіпорындардың адал иелері, сондай-ақ халықтың аз қорғалған жүктері үнемі зиян шегіп отырады. Ал кәсіпорындардың басшылары мен салық төлемейтіндер алшаң басуда.

        Кәсіпорындарды жекешелендіру негізінен аяқталады. Енді оны, ең алдымен аграрлық кешен мен әлеуметтік салада түпкілікті аяқтау және акциялардың  айналымы процесін дәл реттеу керек. Стратегиялық сипаттағы кәсіпорындардағы акциялардың мемлекеттік пакеттері орынды пайдаланылатын болады.

       Шетел инвестицияларын тиісінше қорғауды және пайданы кері қайтарып алу мүмкіндіктері бұрынғысынша назарда бірінші кезектегі мәселелер қатарында ұсталады. Экономиканың бірнеше секторы бар: табиғи ресурстарды игеру, инфрақұрылым, коммуникациялар және ақпарат, еліміз үшін бұлар тұрақты маңызға ие. Осы салаларды дамыту экономикалық өрлеуге ғана емес, әлеуметтік салаға да, сондай-ақ Қазақстанның халықаралық қауымдастыққа кіріуіне ықпал етеді. Бұлар капиталды қажет ететін салалар, оларды дамыту үшін шетел капиталымен қатар мемлекеттің қатаң стратегиялық бақылауы қажет. Бірақ тіпті Адам Смиттің де мойындағанындай, жекеше секторды қызықтырмайтын кейбір қоғамдық мұқтаждарды қамтамасыз етудегі соңғы шара ретінде мемлекет оны өз мойнына алады.

       Қазақстан үшін индустриялы технологиялық стратегияны қалыптастыру қажеттілігі дүниежүзілік тәжірибеден туындап отыр. Дамушы елдердің барлығы дерлік еңбекті қажет ететін өндірістен капиталды, технология  мен ғылымды қажет ететін өндірістерге дейінгі жолдан өтті. Өндірістің инерциялық және ауыр құрылымын құлашты бір сермеп түзетуге болмайды.

 Бірақ  әзірге тек рыноктың күшіне  ғана сенуге болмайды. Үкімет  диверсификацияның пәрменді индустриялық саясатына кірісіп, назарды макродеңгейден микродеңгейге аударуға тиіс. 2010 жылға дейінгі бастапқы кезеңде өз мүмкіндіктері  мен бәсекелестік қабілеті тұрғысынан келешегі бар еңбекті қажет ететін салаларға көңіл бөлу керек. Бұл, басымдық тәртібімен айтар болсақ – ауыл шаруашылығы, орман және ағаш өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, туризм, тұрғын үй құрылысы және инфрақұрылым жасау. Осы салаларды дамыту арқылы біз экономиканың құрылымдық мәселелерін ғана емес, жұмыспен қамту және кедейлік мәселелерін де шешеміз, бұл қазіргі уақытта ерекше маңызды нәрсе.

       Кадрларды жалдау, даярлау және жоғарлату жүйелерін жақсарту.

Қазiргi банктер клиенттерге қызметтердiң  кең, ауқымды, тиiстi жолдарын ұсынып, банкте несиелiк операцияларында жаңа технологиянын қолданып, қызмет көрсетудiң жоғарғы деңгейiмен қамтамасыз етiп отыр. Банктердiң ең басты қызметi – несиелiк операциялар болып табылады. Ол кәсiпорындардың, ұйымдардың және кәсiпкерлiк фирмалардың тұтынушылық және инвестициялық мақсаттары үшiн iске асырылады. Банктер өздерiнiң несиелік операцияларын қаншалықты тиiмдi жүзеге асырса, соншалықты клиенттердiң экономикалық жағдайына әсерiн тигiзедi. Себебi банктiк қарыз жаңа кәсiпорындардың пайда болуына, жұмыс орын санының өсуiне мүмкiндiк туғызады және олардың экономикалық өмiр икемдiлiгiн қамтамасыз етедi. Соның iшiнде әсiресе жеке және заңды тұлғалардың, яғни кәсiпорындардың экономикалық тәуекелдiлiгiн басшылыққа ала алады.

       Банктiк несиелеу жүйесi нарықтық қатынастарды қалыптастыру мен дамытуда, өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыруға, мемлекет экономикасын нығайтуға, айналыстағы негiзсiз ақша массасының өсуiн шектеуге, инфляциялық процестердiң алдын алуға және Ұлттық валютаны нығайтуға бағытталған.

       Кейiнгi жылдары қаржы секторының тез арада дамуы мен нығаюы бұрын болған несие ресурстарының тапшылығын қысқартты. Қазақстанның экономикалық өсуi мен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiсiнiң құрылымдық саясаты, қоғамдық сенiмдi арттырып, мемлекеттiң банк секторының динамикалық дамуына мүмкiншiлiк туғызды. Несие ресурстары мен несие операцияларының тиiмдiлiгi бәсеке жағдайында өсуiнiң нәтижесiнде Қазақстан банктерi пайыздық мөлшерлеме және мерзiмге байланысты банктiк қарыз беру бойынша аса ыңғайлы жағдай ұсынуға ұмтылыс жасауда.

      Бәрімізге мәлім  кәсіпкерлік  секторы  экономиканың  диверсификациялауға, тұрақты  қарқындармен  дамытуға  мүмкіндік  береді. Осы  тенденция біздің  елімізде  қалыптаса  қойған  жоқ.  Сондай – ақ жоғарыдағы  үлестік  көрсеткіштер дамыған  мемлекеттердің  экономикасымен салыстырғанда   мардымсыз  болып  табылады. Мұндай  жағдайдың  қалыптасуы  мемлекеттік  реттеу  мен қолдауға  және  шағын  бизнес  пен  орта  кәсіпкерліктің  ішкі  және  сыртқы  орталарына  қатысты  әралуан  аспектілі   қиындықтары  мен  проблемаларына  байланысты.

    Сонымен  қатар  шағын  жәнеи орта  бизнес  секторының  бүкіл  әлемдік  сауда  ұйымына (БСҰ) кіруіне  байланысты проблемаларды осы   жұмыстың  өзектілігін  анықтайды.

    Халықаралық  сыртқы  ортаға  қатысты  бүкіл  потенциялды қиындық  қазіргі  кезде  өте  белсенді  талқылануының  себебі, шағын  және  орта  бизнестің  тек  қана ішкі  рынокқа  бағдарлануына   байланысты  бәсекелік  қабілеттің  төмендігінде.  Сондықтан егер  біздің  еліміз БСҰ – ына кірсе, онда  осы  сектордың  елімізде  экономикамызды  әртараптандыруға  мүмкіндігі  болмай  қалады. Осыған орай осы әлемдік  ұйымға  кірер  алдында  осы сектордың  бәсекелік  қабілеттерін  жоғарлатуға  бағытталған.

    Бұл реферат міндеттері:

  1. Шағын  және орта  бизнестің  экономикалық  жүйедегі  дамытудың  варианттарын  зерттеу  арқылы рөлін  қарастыру;
  2. Шағын және  орта  бизнес  субъектілерінің  түрлі  аспектідегі  қиындықтары  мен  проблемаларын  терең  талдау  мен  сипаттамаларын  бітіріп  кету;
  3. Терең  талдау  негізіндегі  проблемаларды  шешу  жолдарын  зертеу  арқылы  ҚР –дағы  шағын  және  орта  бизнес субъектілерін  дамыту  жолдарын  әзірлеу.

    Сонымен  бірге  2.2. сұрағындағы «Сұлтан» серіктестігінің  қаржылық – экономикалық  жағдайын  талдауды  несиелік  ресурстарды  тартуға  қолданудың  мүмкіндігі де осы  жұмыстың маңыздылығын анықтайды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

    1. Тарау. Өтпелі  кезең жағдайында  шағын және орта  бизнсті дамытудың  объективті қажеттілігі.

Информация о работе Шағын және орта кәсіпкерлікті несиелендіру және дамыту жолдары