Ағза, толық тірі жүйе

Автор: Пользователь скрыл имя, 18 Февраля 2013 в 07:05, реферат

Описание работы

«Тіршілік» ұғымының анықтамасы өте көп. Филологтар олардың саны орта есеппен бес жүзге жуық деп дәлелдейді. Бұл тек биологиялық термин емес. Философия немесе діни айқындама тұрғысынан да тіршілік анықтамасы әжептеуір көп. Ең дұрыс анықтаманың бірін Фридрих Энгельс былай деп ұсынған: «Тіршілік дегеніміз - нәруыздық денелердің өмір сүру жолы...». Ғылымда күні бүгінге дейін бірде-бір «бейнәруызды тіршілік» формасы табылған жоқ. Тек қиялшыл жазушылар шығармасынан ғана «плазмалы адамдар» немесе «кремнийлі құбыжық» кейпінде кездестіруге болады.

Содержание

Ағза, толық тірі жүйе ретінде.
Биологиялық ұйым деңгейі және экология.
Ағзаның толық тірі жүйе ретіндегі дамуы

Работа содержит 1 файл

экология дәрістері.doc

— 86.00 Кб (Скачать)

Абиотикалық факторлардың өзін эдафикалық, орографиялық, т.б. деп бөледі. Эдафикалық факторлар – топырақтың қасиеттеріне байланысты тірі организмдерге тікелей әсер ететін экологиялық факторлар тобы; орографиялық факторлар – жер бедерінің әсері.    

2. Биотикалық факторлар ағзалардың тіршілік әрекетіне байланысты бір-біріне тигізетін саналуан әсерлері жатады.    

3. Антропогенді факторлар биотикалық факторлар қатарына жатқызылып келген болатын. Бірақ соңғы кездегі адамның іс-әрекетінің табиғатқа қарқынды, әрі жан-жақты ықпал ететіне байланысты ол жеке қарастырылады.    

Сонымен антропогендік фокторлар дегеніміз  – айнала қоршаған ортаға тигізетін  адам баласы іс-әректінің тікелей  немесе жанама әсері. Адам баласы өзінің материалдық игілігі үшін табиғат  байлықтарын игеруге мәжбүр болады. Нәтижесінде, ірі кешендер, өнеркәсіп, зауыт, кен байыту, автокөліктер , ауыл шаруашылығы салалары дами түседі. Ал олардан зияны әр-түрлі газдар, қалдықтар, лас сулар, химиялық зиянды қосынды заттар айнала қоршаған ортаға түседі. Зиянды заттардың көпшілігі табиғатта айналымға түспей, жинақталып бүкіл тіршілікке кері әсерін тигізе бастайды. Яғни, атмосфера ауасының ластануы, су айналысының бұзылуы, жердің құнарсыздануы, қуаншылық, өзен-көлдердің тартылуы, өсімдіктер мен жануарлардың сиреп немесе құрып кетуі, адам баласының денсаулығының бұзылуы және жалпы биосфера шегіндегі бұрын-соңды болмаған климаттың өзгеру құбылыстары үдей түседі. Соңғы жылдары антропикалық факторлардың табиғи ортаға және жалпы биосфераға әсері айқын біліне бастады. Осыған орай, адам баласының іс-әрекеті бақылауға алынып табиғат тепе-теңдігінің бұзылмауына жол бермеу жолдары ғаламдық проблемалар деңгейінде қарастылуда.    

2. Ортаның факторлары  және ағзалардың  оған адаптациясы.    

Қоршаған  ортаға организмдердің бейімделуі адаптация деп аталады.    

Факторлар әсер ету маусымдылығы және бағыттылығы  бойынша 3 топқа бөлінеді.

        1. Қатаң маусымдылықпен әсер етуші факторлар: тәулік уақытының уақыты, жыл мезгілдері, келіп-кету құбылыстары т. б.
        2. Маусымдылықсыз әсер етуші факторлар – кейбір уақыттарда қайталанады: ауа-райы құбылыстары, су тасқыны, жер сілкіну, вулкан т. б.
        3. Бағыттылықпен әсер етуші факторлар. Олар әдетте бір бағытта ғана өзгереді (климаттық жылынуы немесе суып кетуі, бетпақдалада т. б.)
        4. Белгісіз әсер етуші факторлар – бұған антропогендік факторлар жатады, ағзалар мен олардың бірлестікреті үшін өте қауіпті.

 

    Жарық және мінез-құлық  бағдарлануы.    

Жануарлардың  мінез-құлығындағы бағдарлануы жарық  әсері өте маңызды.    

Жарыққа байланысты жануарларды күндізгі және түнгі деп бөлеміз. Күн сәулесі  осы жануарларға әсер ете отырып, олардың әрекетін басқарады және олардың тіршілік салтын, мінез құлығын, ұйқы мен демалу ритмдерін анықтайды. Мысалы: олардың әрекет сипаттары, тамақтану  тәсілдері, жыныстық белсенділіктері  т. б.

 


Информация о работе Ағза, толық тірі жүйе